"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жүнісов Оралбек

Просмотров: 1392

     Оралбек Жүнісов 1954 жылы 10 қаңтарда Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Ақсоран шыңының етегінде Шабанбай би ауылында дүниеге келген.
   Еңбек жолын  1974 жылы Ақтоғай аудандық «Арқа еңбеккері» газетінің тілшісі болып бастады. Одан кейін  Қарағанды, Жезқазған облыстары бойынша республикалық «Ауыл» газетінің меншікті тілшісі, Приозерск ауданының «Ленинский путь» газетінің бөлім меңгерушісі, Балқаш қалалық «Балқаш өңірі», «Сырлас» газеттерінің бас редакторы лауазымдарында қызметін жалғастырды. О.Жүнісов 1997 жылы облыстық «Орталық Қазақстан»» газетінің Балқаш қаласы бойынша меншікті тілшісі болып тағайындалды. 2001 жылдан бастап «Орталық Қазақстан» газетінің Балқаш, Приозерск қалалары, Ақтоғай, Шет аудандары бойынша меншікті тілшісі, сонымен қатар,  Балқаш телестудиясында еңбек етті. Жалпы,  О.Жүнісов журналист мамандығына өмірінің 43 жылдан астам уақытын арнаған. Оның осы саладағы ерен еңбегі ескерусіз қалған жоқ. 1992 жылдан бастап О.Жүнісов - Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының лауреаты, «Ұлт мақтанышы» медалімен, жастарды тәрбиелеудегі тәлімгерлік қызметі үшін - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ,  О.Жүнісов Қазақстан Журналистер одағының арнайы дипломымен, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
     О.Жүнісов - әдеби сөздің танымал шебері. Оның «Сағынатын күн туар», «Бұғылы мен Тағылының текті ұлы», «Қыстың ұзаң таңы атты», «Мені есіңе ала жүр», «Шаңқай түс», «Алма ағашы гүлдегенде», «Алтын аймақтың адамдары», «Жұлдыздар із тастап ағады», «Ел мен жер» атты және басқа да шығармалары жарық көрді. Онда автор әртүрлі мамандық иелерінің қиын еңбек күндерін сипаттайды, Солтүстік Балқаш өңірінің, Ақтоғай және Шет аудандарының атақты адамдары туралы әңгімелейді. Құрметті демалыста болғанымен О.Жүнісов өңіріміздің рухани және мәдени дамуына көңіл бөліп, жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда.

Әдебиеттер тізімі:

 

 

Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика