"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

ОКЖ тарихы

Просмотров: 4341

 

БАЛҚАШ ҚАЛАСЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІНІҢ

ТАРИХЫНДАҒЫ БАСТЫ ОҚИҒАЛАР

 

1934 жыл

«Балқаш жұмысшысы» газетінің 1934 жылғы 16 қарашадағы №100 баспасында, Балқаш құрылысшы аумағында Кеңес есеп беру-сайлау жиналыстарының  жоспары жарияланды, онда жоспар бойынша кітапхана ұжымының жиналысы өтетіндігі туралы жазылды. «Балқаш жұмысшысы» газетінің 1934 жылы 1 желтоқсанда басылған нөмірінде штаттан тыс тілшісі Райымқұлдың ескертулері жарық көрді. Ол кітапхананың меңгерушісі Бедманды, кітапхананың орналасқан жері Набережный кентінің клубында екендігін атап өтіп, кітапханада қазақ әдебиеттерінің, картотекалардың  жоқтығын және қызмет көрсетуінің нашарлығын сынға алды. Осылайша, кітапхана 1937 жылы 11 сәуірде Балқаш құрылысшы ауылы Балқаш қаласы мәртебесін алғанға дейін өз ісін бастаған.

 

1935 жыл

Орталық клубта орналасқан кітапхана кеңейді. Кейбір құрылыс бөлімшелерінде, жылжымалы кітапханалар ашыла бастады, олар бірте-бірте жаңа кітаптармен толықтырылды. Жұмысшылардың көркем әдебиеттерді оқуына үлкен көңіл бөлінді. «Прибалхашская правда» газетінде «Оқырмандардың оқыған кітаптары жайлы пікірлер» айдары ашылды.

 

Маусым айында Бейімбет Майлин бастаған жазушылар делегациясы Балқаш қаласының кітапханасына келді.

Қазан айында Ілияс Жансүгіров қазақ тіліндегі 100 дана кітапты Қоңырат кентінің кітапхана қорына сыйға берді.

 

1938 жыл

 

Қалалық кітапхананың кітап қоры 22000 данаға жетті.

1939жыл

Балқаш қалалық жұмысшылар, шаруа және қызыл армия депутаттарының кеңес прездиумының есебіне сәйкес қалада 4 кітапхана жұмыс жасады, оның ішінде  қалалық - 2, техникалық - 2.  

 

1940 жыл

800 дана кітап қоры бар қалалық балалар кітапханасы құрылды, оның меңгерушісі Балмышева З.С. болды.

 

1944 жыл

Қалалық кітапханада оқырмандар залы ашылды.

 

1947 жыл

Алғаш рет Кітапханалық Кеңес құрылды, ол 3 адамнан құралды - Рачковская М., Августинов Б., Буйвилло Ю. Олар кітапхана қызметкерлеріне көмектесті.

 

1948 жыл

Қалалық жоспарлау комиссиясының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебіне сәйкес қалада 12 кітапхана және 1 оқу үйі жұмыс жасады. Қалалық кітапхананы Мендель Г.И. басқарды.

 

1949 жыл

Балқаш қалалық еңбекшілер депутаттары Кеңесінің мәдени-ағарту жұмысын атқару комитеті бөлімінің есеп беруіне сәйкес БМЗ және балық сақтау комбинатында, Рыбтрест кентінде және қолөнер училищесінде кәсіподақ кітапханалары ашылды.

 

1951 жыл

Тамыз айында кітапхана жаңа ғимаратқа көшті, оның мекен-жайы Бейбітшілік көшесі, 28. Бір жылда кітапханаға 1256 оқырман келген. Бұл жылы кітапхана 3661 кітап, 58 журнал және 22 газет алды.  Кітап қоры – 18223 дананы құрады. Кітапханада келесі қызметкерлер жұмыс жасады: Миндель Г. (кітапхана меңгерушсі), Плотинская Н., Капитонова М.

 

1952 жыл

Қызметтік каталогтарды қалыптастыру басталды. 41 кітап көрмесі, 9 фотомонтаж,  5 кітапханалық плакаттар ұйымдастырылды, 7 әдеби іс-шаралар өткізілді. Кітапханаға күн сайын 100-ден аса оқырман келіп отырды.

Бұл жылы кітапхана 4621 кітап, 22 журнал және 21 газет алды. Кітапхана қоры – 2684 дананы құрады.

Кітапханада келесі қызметкерлер жұмыс жасады: Миндель Г. (кітапхана меңгерушісі), Капитонова М., Гагарина В.

Кітапханалық Кеңес жұмыс жасады, оның құрамында Гришинцкая А., Меньшикова Н., Бродско И., Рачковская М., Августинов Б., Буйвилло Ю. болды.

 

1953 жыл

Қалалық кітапхананың оқырмандар саны  2500 дейін жетті (кітапхана меңгерушісі Миндель Г.). Сол уақытта әр типтегі 24 кітапхана жұмыс жасады, жалпы кітап қорлары – 215091 дана. Кітапхана 300-ге жуық журналдарға және 30 газеттерге жазылды.

Қалалық кітапханада «Өмір жаңалықтары және атаулы күндер» және әдеби үйірмелер жұмыс жасады.

Кітапхана Кеңесі жұмыс істеді, олар кітапхана жазуымен жазуды үйреніп, кітапханашыларға каталогтар жасауға көмектесті.

Қалада алғаш рет кітапхана қызметкерлерінің екі күндік семинары өтті.

Қалалық кітапханада бірінші рет жасалған әдеби іс-шара Н.Некрасовтың 75 жылдығына орай өткізілді.

 

1954 жыл

Қалалық кітапханада каталогтарды қалыптастыру жұмысы аяқталып, оқырмандар пайдалана бастады.  Кітап қоры – 34086 дана, оқырмандар саны – 3254 адам, кітап берілімі – 52569 дананы құрады. 71 кітап көрмесі, 2 библиографиялық шолу, 18 фотомонтаж және плакаттар, 14 атышулы әңгімелер ұйымдастырылды.

10 сәуірде өте жақсы іс-шаралар өткізгені үшін Балқаш қалалық еңбекшілер депутаттары Кеңесінің мақтау қағазымен қалалық балалар кітапханасы марапатталды (меңгеруші - Балмышева З.С.).

 

1955жыл

Бір жыл ішінде оқырмадар саны  2341, кітап беру – 27693, жылжымалы кітапхана – 9 құрады.

 

1956жыл

Қалалық кітапхана барлық қала кітапханаларының әдістемелік орталығына айналды. Миндель Г. басшылық жасаған уақытта кітапхана қызметкерлері кітапты адамның сенімді досы және көмекшісі ете білді. 9 адамнан тұратын кітапхана Кеңесі құрылды, олардың қатарына  білікті кітапхана қызметкерлері мен белсенді оқырмандары кірді. Оның мүшелері: Рогожкина, Салтанов, Липовка, Гец, Усатенко, Цапко.

Бір жылдың ішінде кітапхананың оқырмандар саны – 3605 жетті. Кітап беру саны – 41560 дананы құрады. Жылжымалы кітапхана саны – 14.

 

1957жыл

Алғаш рет оқырмандар қордан ұнаған кітаптарды өздері таңдауға мүмкіндік алды. Бұл шара аптасына бір рет (бейсенбі күні) жүргізілді.

Қалалық кітапханада хаттар, оқырмандардың оқыған кітаптары жайлы пікірлері, кітапхана жұмысы және мәселелері туралы жазылатын «Кітап дос» қабырға газеті шығарылды.

Кезекті семинар өткізілді. Қатысқандар: қалалық атқару комитетінің мәдени бөлім инспекторы Чудимова Л., қалалық кітапхана меңгерушісі Светлова З., қалалық балалар кітапхана қызметкері Гриценко В.

Оқырмандар саны – 4664, жылжымалы кітапханада – 1945. Жалпы кітап берілімі – 73431 дана, Кітапханалық Кеңес құрамында 30-дан аса адам болды.

 

1958 жыл

Қалалық балалар кітапханасында кітапхана меңгерушісі Балмышева З.С., кітапханашылар - Утюж Б.А., Гриценко В.Е., Поликарпова В.П. жұмыс жасады. Қалалық балалар кітапханасының кітап қоры 33 мың дананы құрады. Кітапханада №4 орта мектебінің әдебиет мұғалімі Девятко Ф.В. басқаруымен әдеби үйірме жұмыс жасады.

 

1959 жыл

Кітапханада кітапханааралық абонемент белсенді жұмыс жасады. Мәскеу, Киев, Нобосибирск, Алматы қалалары кітапханаларынан оқырмандар сұранысы бойынша  қажетті әдебиеттер жіберілді.

Қалалық ктапханада оқырмандар саны 5000 адамды, кітап қоры – 50000 дананы құрады.

 

1960 жыл

Қалалық балалар кітапханасына 20 жыл толды, ол уақытта кітапхана қоры 47828 дана басылымды  құрады және 2119 жас оқырмандарға қызмет көрсетті.

Қалада барлығы 46 кітапхана жұмыс істейді. Кітапхана қоры  - 509459 дана, оқырмандар  саны – 37953 адам, оқулықтармен қамтамасыз ету – 5,9 дананы құрады. Қалалық кітапхана өте маңызды жұмыстар атқарды (меңгеруші Д.И.Фавинская). Қалалық балалар кітапханасы қала мектептерімен тығыз байланыста болды (кітапхана меңгерушісі ҚазССР Еңбек сіңірген кітапханашысы Зоя Сергеевна Балмышева, кітапханашылар Б.Утюж, В.Гриценко).

1960 жылдың 3 тамыздағы еңбекшілер депутаттары Кеңесінің Балқаш қалалық атқару комитетінің №306  шешімімен қалалық балалар кітапханасына А.Гайдар есімі берілді.

Алматы қаласында алғаш рет кітапханашылар съезі болып өтті. Съезге қаламыздан  4 кітапханашы қатысты, олардың бірі қалалық кітапхана меңгерушісі Мартыненко Н.

 

1961 жыл

Қалалық  кітапханада «Горизонты знаний» атты үйірме ашылды. Үйірмеде ғылым, техника, өнер және әдебиет салаларына арналған лекциялар оқылды. 

 

1962 жыл

Республикалық қоғамдық, мемлекеттік және ведомствалық мәдени-ағарту мекемелерінің қызметтерін сәтті орындағандары үшін ҚазССР Мәдениет Министрлігі және ҚазССР ОЛКЖО Орталық комитеті Балқаш қалалық кітапханасына «Үлгілі кітапхана» атағын берді. Кітапхана басшысы Мартыненко Н.

 

1965 жыл

Балқаш қалалық атқару комитетінің №35 – 129 - 8 шешімі бойынша 31 наурызда кітапханаға жазушы Н.Островскийдің есімі берілді.

1964 – 1967 жылдар аралығында кітапхана басшысы Хасенова Т. болды.

 

1966 жыл

«Горизонты знаний» үйірмесінің құрылғанына 5 жыл толды. Үйірменің белсенді мүшелері: зейнеткер Б.И.Миренский, Қарағанды политехникалық институтының  оқытушысы И.И.Рупперт, қалалық кітапхананың меңгерушісі Т.Хасенова, кітапханашы А.Устюгова. Лекторлар: дәрігер Е.И.Ройтман, ихтиология институтының жұмыскері В.Некрашевич, БГМК басты энергетигі Я.И.Пессин, БГМК басты инженері Ю.Победоносцев және тағы басқалары.

 

1970жыл

Қалалық мәдениет бөлімінің баянхатына сәйкес 1966-1970 жылдар аралығында барлығы 65 кітапхана жұмыс жасады.

 

1972 жыл

Н.Островский атындағы Орталық қалалық кітапхана жыл бойы 6071 оқырманға қызмет көрсетті. «Горизонты знаний» үйірмесі 36 лекция өткізіп, оған 683 адам қатысты.

 

1975 жыл

Қалалық кітапхана бір жылда 7184 оқырмандарға қызмет көрсетті, кітап берілімі – 206500 дана.

 

1976 жыл

Н.Островский атындағы кітапханада келесі қызметкерлер жұмыс жасады: Н.В.Корост (меңг.), В.Захарова, Т.Хан, З.Тащанова, А.Фишер, Б.Ахметова, Р.Мессмер, О.Дерновая, Е.Корниенко, Г.Сағындықова, И.Ябс.

Мысшылар мәдениет сарайында атеизм бойынша кітапхана қызметкерлерінің жалпы қалалық конференциясы өтті. Кітапхана активінің мүшесі және №9 орта мектебінің директоры Р.Дергунова, кітапханашылар Н.Корост пен О.Дернованың дайындауымен журналдар ұсынылды.

Н.Островский атындағы ОҚК  ұйымдастырған 6 күндік практикумға Гүлшат, Техснаб, Тасарал кентінен және Ақжайдақ станциясынан кітапханашылар қатысты.

Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің қаулысы негізінде облыстық Мәдени басқармасының бұйрығымен, 1976 жылы 22 қыркүйекте Балқаш қаласының атқару комитетінің шешімімен, 26 көпшілік кітапханаларды біріктіріп орталықтандырылған кітапхана жүйесін құру туралы шешім қабылдады.

Осыған орай мамандардың кәсіби аттестациясы өтті.

 

1977 жыл

Мемлекеттік кітапханаларды  орталықтандыру 1977 жылдың ақпан айында жүзеге асырылды. 1977 жылы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры болып Т.О.Айнекова тағайындалды. Кітапханада әкімшілік-шаруашылық, әдебиеттерді өңдеу және толықтыру, бірыңғай кітап қорын пайдалану, абонемент, оқу залы, ұйымдық-әдістемелік, ақпараттық-библиографиялық бөлімдер құрылды.

Н.Островский атындағы қалалық кітапхана Орталық қалалық кітапхана ретінде өз статусын алды.

Бір жылда ОКЖ 25555 оқырманға қызмет көрсетті, кітап беру 670819 дананы құрады. Кітап қоры – 377923 дана болды.

ОКЖ-де Л.Кудасова, К.Абишева, Н.Кирсанова, Н.Черкашина, В.Захарова, Д.Темиргазиева, Е.Корниенко, Т.Хан, Г.Ногаева, И.Ябс, А.Фишер, Л.Фелькер, В.Тимофеева, А.Манаева, А.Табылдиева, О.Дерновая, Т.Балюк, С.Крупина, Б.Ахметова, Л.Шопанаева, Г.Сагиндыкова, Н.Цепелева, Ж.Сатбекова, И.Осокина, Е.Михалева, Е.Линяева, А.Ховаева, М.Экман, Р.Ибышева, С.Кузовенко, Н.Гальцова, Р.Пак, Н.Мачаева, А.Таргинова, Н.Жумагалиева, А.Бабанова, С.Малахова, Л.Ворошкевич, В.Денисова, Н.Бельская, Ж.Шалтаева, Н.Гуляева, Т.Буглова, Н.Ганченко, Т.Ктумгельдинова, С.Анитова, У.Жензакова, В.Шичкина, Л.Соломяная, А.Карлова жұмыс жасады.

 

1978 жыл

ОКЖ бойынша кітап қоры – 395116 дана, оқырмандар – 26344 адамды құрады.  60 кітап беру және жылжымалы кітапхана жұмыс істеді. Оқырмандарға сәуір айында «Неделя политической литературы», қараша айында «Неделя молодежной литературы» атты іс-шаралар ұйымдастырылды.

28 желтоқсанда «Үздік кітапханашы» байқауы өтті, кітапхана үздігі болып №10 кітапхана-филиалының аға кітапханашысы Роза Булдакова жеңіске жетті.

 

1979 жыл

Осы уақытта ОКЖ 20 кітапхана, кітап қоры – 412769 дана, оқырмандар саны – 26731 адам болды.

ОКЖ әдіскері бір аптаға Ақтоғай ауданына іссапарға барды.

20-30 қараша аралығында ОКЖ директоры Т. Айнекова Ульяновск қаласында өткен «Пути совершенствования работы комсомольских организаций библиотек по воспитанию молодежи на примере жизни и деятельности В.И.Ленина» атты бүкілодақтық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.

Жылдың аяғында кітапхана Спортивный тұйық көшесі, 3  мекен-жайына көшірілді.

Кітапхана жүйесіндегі орталық біріккен әліпбилік каталогтарын ұйымдастыру жұмысы да осы жылы аяқталды.

Н. Островский атындағы ОҚК өзінің мерейтойын тойлады.

ОКЖ келесі қызметкерлер жұмыс жасады: Л.Кудасова, К.Абишева, М.Лутц, Н.Карасева,  Э.Гертер, Т.Гребенникова, Е.Цолина, А.Ибрагимова, В.Захарова, Н.Жумагалиева, Г.Нурпеисова, Ж.Сатбекова,  А.Фишер,   В.Тимофеева, Н.Син, З.Мажманова, З.Арыстамбекова, Р.Булдакова, Л.Шопанаева, Г.Сагиндыкова, О.Пьянова, Шилова, Мамонтова, Б.Тлеутаева, М.Садых-Заде, Р.Ибышева, Р.Сыздыкова, Р.Пак, А.Таргинова, И.Вологжанина, С.Малахова, А.Нуралинова,  Л.Ворошкевич, Ж.Шалтаева, Т.Буглова, Н.Гуляева, В.Зарубина, Н.Ганченко, Е.Михалева, У.Жензакова, В.Шичкина, Н.Ким, Т.Кобдикова, О.Стаканчикова, А.Азимбекова, Н.Сенченко, Л.Иванец.

 

1980 жыл

Н. Островский атындағы ОҚК техникалық әдебиет және өнер әдебиеттері секторлары құрылды.

ҚазКСР 60 жылдық мерейтойына орай  «Книжный праздник» атты іс-шара өткізілді.

 

1981 жыл

ОКЖ кітап қоры – 466771 дана, оқырмандар – 28282, кітапхана қызметкерлері – 59 адамды құрады.

Н. Островский атындағы ОҚК әдебиеттер секторында әуесқойлар клубы ашылды.  Клуб төрағасы аға кітапханашы -А.Карамач, клубтың белсенді мүшелері: театртанушы П.Кушниров, балалар музыка мектебінің оқытушысы Матафанов, ұстаз Т.Кабелова болды.

Приозерск ауданының кітапханаларына көмек көрсетілді.

 

1982 жыл

ОКЖ бойынша кітап қоры – 489763 дана, оқырмандар саны – 28420 адамды құрады. ОКЖ құрамына 20 кітапхана кіреді.

Кітапханада «КПСС Партиясының  XXIV съезінің, Қазақстан  компартиясының XV съезінің бағыттары  бойынша  кітапхана жұмысын жүзеге асыру» тақырыбына республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға Москваның Ленин атындағы кітапхананың бас маманы Ю.Попов пен Республикалық ұлттық кітапхананың директоры Н.Қожахметова, 7 облыстан мамандар қатысты.

Н. Островский атындағы ОҚК КСРО білімінің 60 жылдық мерейтойына орай социалистік міндеттемелерді орындағандары үшін облыстық партия комитетінің қорытындысы бойынша дипломмен марапатталды.

ОКЖ-де Т.Койчуманова (директор),  Р.Булдакова, Л.Шопанаева, А.Карамач, Н.Пак, Р.Амирбекова, Л.Кудасова, М.Лутц, Н.Михайленко, Н.Мельникова, Н.Карасева, Э.Гертер, Н.Горовая, Г.Сагиндыкова, А.Руденко, А.Ибрагимова, К.Абишева,  Ж.Сатбекова, В.Тимофеева, З.Мажманова, З.Арыстамбекова, Н.Син, А.Таргинова, Д.Соболева, Н.Жумагалиева, Б.Бакирова, Л.Ворошкевич, О.Стаканчикова, Э.Кениг, Ж.Шалтаева, Т.Буглова, Н.Гуляева, В.Зарубина, Л.Овсянникова, Н.Куприянчик, Г.Шилова, О.Пьянова, В.Соломатина, М.Жаксылыкбаева, М.Садых-Заде, Н.Мамонтова, Т.Батрудинова, Н.Тупоногова, И.Домбровская, А.Фишер, Т.Макляк, Л.Мендибаева, С.Анитова, У,Айымбетова, Т.Рудая, Л.Чудимова, Р.Ибышева, В.Шичкина, В.Литау, Т.Кобдикова, Н.Садыкова, К.Кенбавина, З.Чистенко, Е.Анохина және т.б. қызмет жасады.

 

1983 жыл

ОКЖ бойынша кітап қоры – 504053 дана, оқырмандар саны – 28642 адам. ОКЖ құрамына 21 кітапхана кірді.

Н. Островский ат. ОҚК Озық тәжірбиелі мектептің республикалық базасы атанды.

Кітап қорын түгендеу басталды.

Н. Островский ат. ОҚК алғаш балқаш мысының шығарылғанына 45 жыл толуына орай, Социалистік Еңбек Ері  Ю.К.Победоносцевпен бірге «Живые голоса истории»  атты кездесу кеші ұйымдастырылды.

Н. Островский ат. ОҚК Қазақстанның белгілі жазушысы С.Санбаевпен кездесу ұйымдастырды.

 

1984 жыл

 

1984 жылы Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры болып Т. Хасенова тағайындалды.

ОКЖ бойынша кітап қоры – 510343 дана, оқырман саны – 27878 адам.

Қыркүйек айында Мысшылар сарайында танымал қазақстандық соғыс қайраткерлері Қ. Қайсенов, Р. Қошқарбаев, Л. Скалковскиймен кездесу өтті, онда кітапхана қызметкерлері белсенді қатысып, кітап-иллюстарциялық бейнені рәсімдеді.

 

1985 жыл

ОКЖ бойынша кітап қоры 530239 дана, оқырмандар 28185 адам.

Н.Островский ат. ОҚК библиография сұрақтары бойынша кітапхана жұмыскерлерінің облыстық семинарын өткізді.

Т. Хасенова басшылық еткен ОКЖ қызметкерлері «Ұлы Жеңіске 40 жыл» қалалық байқауына қатысып, 1-ші орынды жеңіп алды.

 

1987 жыл

ОКЖ бойынша кітап қоры – 537781  дана, оқырмандар -28389  адам.

25 сәуірде Әдеби қонақжай ашылып, поэзия әуесқойларымен жазушылардың шығармашылығына арналған кештер, кездесулер, диспуттар мен бенефистер өткізіледі.

«Наука и религия» журналының оқырмандары үшін клуб ашылды. Клубтың меңгерушісі кітапхана әдіскері З.Еськова. Мүшелері: тілші Т.Григорьева, ұстаз Р.Дергунова, «Білім» қоғамының лекторы Е.Иваницкая, ғылыми коммунизм университетінің тыңдаушысы А.Реннар.

 

1988 жыл

ОКЖ 20 кітапханадан құралды, кітапхана қызметкерлері -60 адам. Жалпы кітап қоры – 565802, жалпы оқырмандар саны – 28699.

Оқырмандарға ақылы қызмет көрсету жұмысы басталды.

 

1989 жыл

 

ОКЖ 20 кітапханадан құралды. Жалпы кітап қоры – 574503 дана, жалпы оқырмандар саны –27401 адам.

Н. Островский ат. ОҚК мерейтойын мерекелеуге  облыстық мәдени басқарма  мамандары  мен қала басшылығы келді.

 

1990 жыл

ОКЖ қала күніне және атақты жерлес ақын Ш.Қошқарбаевтың туғанына 125 жыл толу мерекелеріне қатысты.

Кітап қоры қазақ тілінде қалыптасқан  «Сырлас» әдеби қонақ-жайы  ашылды.

Кітапхана жүйесінде барлығы 20 кітапхана. Оқырмандар саны жүйе бойынша – 26650,  кітап қоры – 605042 дана, жыл бойы 643265 дана кітап оқуға берілді.

 

1991 жыл

Кітапхана жүйесінде барлығы 20 кітапхана, оқырмандар саны – 29456 адам, кітап қоры – 588612 дана, жыл бойы 673126 дана кітап оқуға берілді.

Н. Островский атындағы ОҚК  ҚР Президентін бірінші сайлау қарсаңында Н.Ә.Назарбаевтың «Без правых и левых» атты кітабының тұсаукесері өткізілді.

Н. Островский атындағы ОҚК өнер секторында В. Высоцкийдің «Нерв» шығармашылығын жақсы көретіндерге  арналған үйірме жұмыс жасады.

«Сырлас» әдеби қонақжайында араб тілін үйрену клубы жұмыс жасады. Араб графикасымен 7 адам оқытылды, олар кейін араб тілінде еркін оқыды. Клуб жетекшісі Хамитов Т. сабақты тегін өткізді.

ОКЖ-де Т.Хасенова (директор), Л.Шопанаева, З.Еськова, А.Ибрагимова, К.Абишева, З.Мажманова, Т.Кобдикова, Н.Садыкова,  М.Найденкова, Ж.Алиева, Ж.Сопина, Е.Жоржик, А.Абеуова, К.Дуйсенбекова, Н.Чувакова, Л.Калкеева, Р.Жумагулова, Н.Син, Б.Сагиндыкова, Т.Машинец, З.Блялова, Н.Гуляева, Н.Омарбекова және т.б. жұмыс істеді.

 

1992жыл

Іс қағаздар мемлекеттік тілде жүргізілді.

Н. Островский атындағы ОҚК әйгілі ақындар Ғафу Қайырбеков, Жеңіс Қашқыновпен кездесу өтті.

«Қазақ әдебиеті» газетінде кітапхана жайлы «Жақсылық жайлы сөз» атты мақала жарық көрді.

Кітапхананы толықтыруға қалалық бюджеттен 95 мың рубль ақша бөлінді. Оған 31932 дана кітап сатып алынды.

 

1993 жыл

Н. Островский атындағы ОҚК кітапханашылардың өлкетану бойынша облыстық семинары өткізілді.

Кітапхана жүйесінде барлығы 16 кітапхана, оқырмандар саны – 26381 адам, кітап қоры – 553924 дана, бір жылда 592072 дана баспа берілді.

 

1994 жыл

Жылдың басында ОКЖ директоры болып Шопанаева Л. тағайындалды.

Кітапхана жүйесінде барлығы 13 кітапхана, оқырмандар саны – 25255 адам, кітап қоры – 527378 дана, бір жылда 573608 дана баспа берілді.

Қала тұрғындарының өтінішімен Балқаш қаласы әкімінің  1994 жылғы 11 қарашадағы №459/11 шешімімен Н.Островский атындағы ОҚК , жазушы және қоғам қайраткері С.Сейфуллиннің  құрметіне  С.Сейфуллин  атындағы ОҚК болып өзгертілді.

Кітапхана жанынан жастарға арналған «Өзіңді таны және көрсет» деген айдармен лекторий жұмыс жасады.

Кітапханашылар мен жасөспірімдер инспекциясы бірлесіп кәмелетке толмаған балаларға арналған «Общение» атты клубын ұйымдастырды.

1994 жылдан бастап С. Сейфуллин оқуларын өткізу дәстүрге айналды.

 

1995 жыл

Кітапхана жүйесінде барлығы 13 кітапхана, оқырмандар саны – 25409 адам, кітап қоры – 517733 дана, бір жылда 549864  дана баспа берілді.

Кітапхана ұжымы алғаш рет Наурыз мейрамында Абай Құнанбаевтың 150 жылдығына арналған киіз үй көркемдеу сайысына қатысып, 1-ші орынды жеңіп алды. Сыйлыққа түрлі-түсті теледидар және бейнемагнитафон табыс етілді.

ОКЖ-де З.Еськова, А.Тлеугулова, М.Найденкова, Ж.Алиева, Ж.Сопина, Е.Жоржик, А.Ильичева, А.Плахотин, Д.Оганезов, А.Абеуова, Н.Слободянюк, Н.Син, З.Блялова, Н.Гуляева, Т.Утегенова, А.Ибрагимова, К.Абишева, З.Мажманова, Т.Кобдикова, Н.Садыкова, Н.Омарбекова, Л.Калкеева, Г.Башарова, О.Стаканчикова, В.Зарубина, И.Киляхина, Л.Кудасова, М.Сагиндыкова, А.Пак, О.Анурьева, М.Ахметова, Б.Курманова, Л.Ким, Л.Хан, Л.Власова, Г.Самигуллина, Г.Кусманова, Т.Подзорова, Б.Акимова, К.Калиханова, Ш.Садирова, К.Касымова, М.Абдыгалакова, Л.Куликовская, Г.Клейвене, И.Богомолова, О.Юнг, Е.Володькова  және т.б. жұмыс жасады.

 

1996 жыл

Кітапхана жүйесінде барлығы 12  кітапхана, оқырмандар саны – 20565  адам, кітап қоры – 506751  дана, бір жылда 458596  дана баспа берілді.

ОКЖ Наурыз мерекесінде халық ақыны Ж.Жабаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған киіз үй байқауына қатысып, екінші орынды жеңіп алды.

 

1997 жыл

Орталықтандырылған кітапхана жүйесін оңтайландырудан кейін 8 кітапхана қалды.

«Сорос-Қазақстан» мейірімділік қорының «Кітапханаларды қолдау» бағдарламасы бойынша ОКЖ байқауға қатысып, Алматы қаласында өтетін семинарға қатысуға кітапхана директоры Шопанаева Л. жолдама алды.

Жыл бойы кітапхана ұлы қазақ классигі М.Әуезовтың 100 жылдығына арналған іс-шараларды өткізді.

 

1998 жыл

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан - 2030» Қазақстан халқына Жолдауы негізінде «Жаңа ғасырды қарсы алайық» атты экспозиция-көрменің ашылу салтанаты болды.

Алматы қаласында Республикалық кітапханашылар съезі болып өтті. Облыстық кітапхана қауымдастығының шешімімен Шопанаева Л.А. делегаттардың бірі ретінде қатысып, Қазақстан Республикасы мәдениет комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

1999 жыл

ОКЖ «Сорос-Қазақстан» қорының «Аударма жобасы», «Пушкин жобасы», «Құқықтық  реформа жобасы» бағдарламалары гранттарының аясында кітаптар алды.

С.Сейфуллин атындағы ОҚК 65 жылдық мерейтойын тойлады. «Жас кітапханашы» байқауы ұйымдастырылып, оған.Жоржик Е, Касенова Ф., Власова Л., Сопина Ж., Жолдина А. қатысты.

 

2000 жыл

А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасының «Қысқа шалбарлы абитуриент» жобасы, №2 кітапхана-филиалының «Экология: «ХХІ ғасырға көзқарас» жобасы,  С.Сейфуллин атындағы ОҚК-ның «Білімге көмекке мерзімдік басылымдар», «Қамқоршылық кеңесі» жобалары жүзеге асырылды. 

А. Гайдар атындағы ОҚБК 60 жылдығын тойлады.

ОКЖ-нің  алғашқы компьютері алынды.

2001жыл

Қарағанды қаласының Мәдениет департаменті және Н. Гоголь атындағы ОӘҒК ұйымдастыруымен Қарағанды қаласында  өткен «Шығармашылық ой-пікірлер жәрмеңкесі» іс-шарасында  Балқаш қаласы ОКЖ-нің  «Қамқоршылық кеңесі» жобасы «Кітапханалық Оскар» жүлдесіне ие болды.

Ксерокс сатып алынды.

ОКЖ-де ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай кітапханашылар арасында  байқау ұйымдастырылды.

№ 2 кітапхана-филиалы экологиялық бағытта жұмыс жасай бастады.

Шопанаева Л., Алиева Ж., Садықова А., Құрманова Б., Власова Л., Сопина Ж., Жолдина А. қараша айында Қарағанды қаласындағы Республикалық кітапханалық конференцияға қатысты («Кітапханалар астанасы»).

ҚР Тәуелсіздігінің 10 жылдық мерейтойына орай № 4 кітапхана-филиалының меңгерушісі қала әкімінің сыйлығымен марапатталды.

 

2002 жыл

Балқаш қаласы әкімінің шешімімен ақпан айында Гүлшат ауылында № 7 кітапхана-филиалы ашылды.  Балқаш қаласының ОКЖ 9 кітапхана болды.

2 компьютер сатып алынды, барлығы 3.

19 қараша – Интернетке кіру, электронды поштаны ашу жүзеге асырылды.

Компьютерлік техниканы игеру барысында «Компьютер-Арт», «Радиотехника» фирмаларының басшылары А.Тисс, В.Шарипов және Рим-католик приходының ә.Мирослав Разумович техникалық және практикалық көмек көрсетті.

6 қыркүйек – Ағыбай батырдың 200 жылдығын тойлауға қатысты (республикалық көлемде) ОКЖ батырдың өміріне арналған «Ерлік толы даламыз, біздің батыр бабамыз» атты кітапты-иллюстрациялық көрмені ұсынып, әдістемелік-библиографиялық құрал шығарды.

10 қазанда «Кітапхана - 4.02» бағдарламасы орнатылды.

«Қаламгер», «Ақжүніс» жаңа клубтары ашылды.

 

2003 жыл

Қаңтар айынан бастап ОКЖ-де Алиева Ж. басшылығымен кітапханалық үдерістерді автоматтандыру секторы өз жұмысын бастады.

Мамыр айынан бастап Интернет жүйесін төлеу үшін қаражат бөлінді.

ОКЖ барлық кітапханашылары 4-7 шілде күндері Жаздық Интернет-Лагерьге (Сорос-Қазақстан, IREX Қоры, тренер - Мақсат Кикбаев) қатысты.

«Ана тіліне әнұран» қалалық фестивалінде ОКЖ бас жүлде – бейнетаспаны жеңіп алды.

Кітапхана қызметкерлері «Балқаш қаласының мәдени күндері» аясында Ақтоғай ауданына кітап көрмелерімен және мәдени бағдарламалармен жолға шығып отырды.

С. Сейфуллин атындағы ОҚК-ның 8 компьютері 8 локальді желіге қосылды.

Жылдың соңында электрондық каталог – 3169 жазбаға жетті.

Кітаптар мен мерзімді басылымдарға жазылу үшін бюджеттік қаражаттан 2 млн.теңге бөлінді.

Балқаш өңірі кенін алғаш ашқан М.П.Русаковтың мерейтойы.

С. Сейфуллин атындағы ОҚК-да өткен М.П.Русаковтың «Қоңыратқа жол» кітабының тұсаукесеріне геологтың келіні мен немересі құрметті қонақ ретінде шақырылды.

Облыс бойынша алғаш ОКЖ сайты ашылды www.balhashlibrary.narod.ru

Тәуелсіздік күніне орай № 5 кітапхана-филиалының меңгерушісі Кобдикова Т. Балқаш қаласы әкімінің сыйақысымен марапатталды.

 

2004 жыл

«Балхаш: портреты на фоне эпохи» сайты «Казахстанская   Интернет – премия  AWARD – 2004» байқауына қатысты. Онда «Халық сайты» номинациясы бойынша 3 орын алып, электронды медальға ие болды. Сондай-ақ, мемлекеттік тілдегі озық сайттардың бестігіне кірді.

 

2005 жыл

ОКЖ директоры Л.Шопанаева ҚР Мәдениет,  ақпарат және спорт министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.

Мажманова З., Ибрагимова А., Син Н., Калкеева Л., Власова Л. Қарағанды облысы Мәдениет департаментінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

№ 2 кітапхана-филиалының экологиялық клубқа жасаған презентациялары Ж. Бектұров атындағы ОЖК жариялаған «Кәсіби шеберлік палитрасы» атты сценарийлер байқауында 1 орынға ие болды. Байқаудың дипломы  және бағалы сыйлығымен марапатталды. 

Қараша айында С. Сейфуллин атындағы ОҚК интернет зал ашылды.

«Бағдарламаларды автоматтандыру» жобасын іске асыру аясында 12 компьютер, 3 ксерокс сатып алынды.

Кітапханаға жаңа жиһаз сатып алынды.

Электрондық каталогта 10000-нан астам жазба бар.

Кітаптар мен мерзімді басылымдарды сатып алу үшін бюджеттік қаражаттан 3,5 млн. теңге бөлінді.

 

2006 жыл

25 қаңтарда №2 кітапхана-филиалы облыс кітапханалар арасында «Жастармен жұмыс істеу бойынша үздік кітапхана» атағына ие болды. Облыстық мәдениет департаментінің грамотасымен және 15000 теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлықпен марапатталды.

28 ақпан - Ж.Бектұров атындағы ОЖК, Қостанай облысы ОБЖК, Қарағанды облысы ОКЖ және басқа да кітапханалар арасындағы «Біз – бұл сен және мен» чат-форумына алғаш қатысты.

Н. Гоголь атындағы ОӘҒК өткен ғылыми-практикалық конференцияда Балқаш қаласының ОКЖ-сі сайттағы өлкетану жұмыстарының жақсы мазмұны үшін ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Н. Гоголь атындағы ОӘҒК «Мен қазақ тілінде оқимын» науқанының қорытындысы бойынша С. Сейфуллин атындағы ОҚК оқырманы Ж. Бөлеген «Менің сүйікті кітабым» атты шығармасы үшін марапатталды.

Қараша айынан бастап АҚШ Бейбітшілік  Корпусының волонтеры Пелстер Филипп ОКЖ-де 2 жыл  жұмыс істеді.

ОКЖ бойынша – 14 компьютер, 4 ксерокс, 2 сканер бар.

ОКЖ өлкетану құжаттарын сандық түрге көшіруге кірісті.

Электрондық каталогта 13000 астам жазбалар бар.

2007 жыл

2007 жылдың 1 наурызынан бастап ОКЖ директоры лауазымына Л. Власова тағайындалды.

«Іскерлік табысқа жету жолы» кітапханалық жобаны іске асырып, мультимедиялық проекторды сатып алу үшін «USAID» қайырымдылық қоры 145000 теңге сомасында грант бөлді.

РАБИС бағдарламасы сатып алынды. Қыркүйек айында «Кітапхана.4.02» бағдарламасынан РАБИС  бағдарламасына көшірілді, электрондық каталог жазбалары айырбасталды. Электрондық каталогта жыл соңына дейін 13656 жазба бар.

«Бағдарламаларды ақпараттандыру» жұмысын жүзеге асыру барысында 10 компьютер сатып алынды. ОКЖ жыл соңында 29 компьютер, 4 ксерокс, 2 сканер бар.

С. Сейфуллин атындағы ОҚК жылу жүйесін, су құбырларын, кітап сақтайтын орындарын жөндеу жұмыстары жүзеге асырылды.

ОКЖ директоры Л.Власова «Қалалық үздік кітапханашы» номинациясы бойынша облыс әкімінің сыйлығына ие болды.

А. Гайдар атындағы ОҚБК кітапханашысы Е. Жоржик Тәуелсіздік күніне орай Балқаш қаласы әкімінің сыйақысымен марапатталды.

 

2008 жыл

«Бағдарламаларды ақпараттау» жобасы аясында сервер, мультимедиалық проектор, 9 МФУ, 9 сканер, үлкен ксерокс сатып алынды. ОКЖ-де жыл соңында 29 компьютер, 11 сканер, 9 МФУ, 5 ксерокс болды.

С. Сейфуллин атындағы ОҚК Megaline жүйесіне қосылды.

Кітаптар мен мерзімді басылымдарды сатып алуға 13 млн.теңге мөлшерінде бюджеттік қаражат бөлінді.

«Материалдық-техникалық базасын дамыту» жобасы аясында С. Сейфуллин атындағы ОҚК және № 1 кітапхана-филиалында кіреберісті жөндеу жұмыстары жүргізілді, барлық кітапханаларда жиһаздар, жалюзилер, радиотелефондар, компьютерлер, креслолар және т. б. сатып алынды; кітапханаларда автоматтық өрт сигнализациялары орнатылды.

№ 2 кітапхана-филиалының меңгерушісі Мария Анатольевна Абилкасова облыстық қазақ тілі байқауында  Гран при жүлдесін жеңіп алды.

Ж. Бектұров атындағы ОЖК ұйымдастырған «Субъектив: мир глазами молодых» атты фотолар байқауында С. Сейфуллин атындағы ОҚК оқырманы, мектеп-гимназияның оқушысы  С. Касенова байқауға қатысып, диломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Жыл соңында электрондық каталогта 14431 мыңнан астам жазбалар бар.

2008 жылғы 27 қарашадағы Балқаш қаласы әкімдігінің № 40/02 қаулысымен «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі болып құрылды.

Ақпараттық-библиография бөлімінің меңгерушісі А. Ибрагимова Тәуелсіздік күніне орай Балқаш қаласы әкімінің сыйақысымен марапатталды.

 

2009 жыл

7 млн. 033 мың теңгенің  «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және А.Гайдар атындағы  ОҚБК, №2, 3, 4 кітапхана-филиалдарында жөндеу жұмыстары.

Кітаптар мен мерзімдік басылымдарға жазылу үшін бюджет қаражатынан 6,350 мың.теңге бөлінді.

Лицензиялық бағдарламаларды сатып алу.

«Заң» Деректі Базасын жаңарту.

Megaline қызметіне ОҚБК, №1, 2, 3, 4 кітапхана-филиалдарын қосылды.

Кітапхана сайтының дизайны, мекен-жайы өзгерді www.library.balkhash-online.kz

 

2010 жыл

18 мамырда  Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен online режимде өткен «Жастармен жұмыстың заманауи технологиялары» тақырыбындағы конференцияға қатысу.

27-28 мамыр - ОКЖ директоры Л.Власова Ақтау қаласында өткен «Социальное партнерство в контексте деятельности библиотек» республикалық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

28-29 маусымда С.Сейфуллин атындағы ОҚК-да Н.Гоголь атындағы ОӘҒК мамандарының қатысуымен «Корпоративтік желіні құру – алғашқы қадам» облыстық көшпелі тәжірибе-семинары болып өтті.

Кітаптар мен мерзімдік басылымдарға жазылу үшін бюджет қаражатынан 5,532 мың теңге бөлінді.

Жыл соңында электрондық каталогта 20104 астам жазбалар бар.

Кітапхана сайтына Creatida интернет компаниясы техникалық қызмет көрсете бастады.

ОКЖ-де Б.Құрманова, Ж.Сопина, Ф.Касенова, А.Арзымбетова, Ж.Алиева, Л.Зыбалова, Н.Дубекова, А.Сүлейменова, З.Блялова, Е.Жоржик, А.Ибрагимова, И.Киляхина, С.Шуиншинова, П.Байболатова, Н.Омарбекова, Р.Искакова, Г.Саденова, М.Абилкасова, К.Бекмурзина, Б.Мұхаметжанова, Н.Кабызова, Д.Мұхаева, Л.Кудасова, Т.Утегенова, М.Бимолдина, Б.Камбарова, З.Узалина, Ш.Кожамұратова, Н.Гуляева, К.Амирханова, Ш.Шабанбаева, Д.Жарқымбекова, Т.Жакыпбекова, Т.Кобдикова, Р.Джортбасова, К.Шахарова, А.Сарсекеева, Ж.Абеуова, П.Бұхарбекова, Т.Радионова, З.Абеуова және т.б. қызмет жасады.

 

2011 жыл

Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қасым Аманжоловтың 100 жылдық мерейтойына орай «Күніне жүз ойланып, мың толғанам, Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп» атты  облыстық мәнерлеп оқу байқауы өтті. Балқаш қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесін Әлихан Сымбат таныстырып,  50 қатысушының арасынан 2-ші жүлделі орынды иеленді.

Абай атындағы ОБК жариялаған «Отан. Тәуелсіздік. Біз» атты ең үздік әдістемелік құрал байқауында А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасының меңгерушісі Құрманова Б. жүлделі 1-ші орынды иеленді.

27 шілде күні А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасының сайты ашылды  http://www.cbs-balkhash.kz

Кітаптар мен мерзімді басылымдарды сатып алуға бюджет қаражатынан 11,060 мың теңге бөлінді.

20 компьютер, 4 ноутбук, 8 үлкен көлемді ксерокс, 12 сканер және т.б. техникалық құралдар сатып алынды.

 

2012 жыл

ОКЖ кітапханашылары Байболатова П. мен Шуиншинова С. «Жас кітапханашылар форумы» атты республикалық іс-шараға қатысты.

А.Гайдар атындағы ОҚБК сайты өзгерді http://www.balkhashkidslib.kz

Кітаптар мен мерзімді басылымдарды сатып алуға бюджет қаражатынан 1,500 мың теңге бөлінді.

С. Сейфуллин атындағы ОҚК «Қаламгер» әдеби бірлестігі өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті.

Қыркүйек айынан ОКЖ директоры лауазымына Г.Ногаева тағайындалды.

Балқаш қаласы әкімінің 2012 жылғы 1 қарашадағы №39/03 қаулысымен «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып өзгертілді және 22 қарашада 288-1930-25-ММ мемлекеттік қайта тіркеу туралы заңды тұлға куәлігін алды.

 

2013 жыл

Балқаш қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі  алғаш рет «Кітапханадағы түн-2013» халықаралық акциясын өткізуге қосылды.

№5 кітапхана-филиалында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Күншуақ» клубы ашылды.

Кітапты насихаттаудың «Живая книга» жаңа түрі қолданылды.

Қала күніне орай «Балхаш - ты один мой земной уголок» атты науқан өткізілді.

Кітаптар мен мерзімді басылымдарды сатып алуға бюджет қаражатынан 7,708 мың теңге бөлінді.

10 компьютер, 2 проектор, А-3 форматындағы сканер сатып алынды.

Штат кестесіне  заң кеңесшісі, мұрағатшы, электронды каталогтар редакторы,  электронды ресурстар бойынша жұмыс жасайтын кітапханашылар бірліктері енгізілді.

 

2014 жыл

4 ақпанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай «Соғыс жайлы 70 кітап оқы» науқаны бастау алды.

20 наурызда С. Сейфуллин атындағы ОҚК «Достық» этноклубының салтанатты ашылуы өтті.

Сәуір айында С. Сейфуллин атындағы ОҚК «Сәкенді оқимыз!» атты науқан жариялады.

QR-кодтары арқылы кітаптарды ұялы телефонға жүктеуге арналған «Мобильді кітапхана» сервисі іске қосылды.

21 мамырда №4 кітапхана-филиалының кітапханашысы Ж.Алиева Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қаламыздың үздік кітапханашысы» сыйлығының лауреаты атанды.

29 мамыр күні «Жарқын бейне» атты жас кітапханашылар байқауы өтті. Бұл іс-шара 1994-2007 жылдар арасында ОКЖ директоры лауазымын атқарған, өзінің сүйікті ісінде 30 жылдан астам уақыт еңбек еткен Шопанаева Л.А.еске алуға арналды.

16-17 маусым күндері А.Гайдар атындағы ОҚБК «Современные идеи продвижения детской книги и чтения» атты облыстық көшпелі семинар ұйымдастырылды. Семинарға Қарағанды, Жезқазған, Қарқаралы, Сатпаев, Ұлытау, Приозерск, Шет және Ақтоғайдан көптеген кітапханашылар қатысты.

Орталықтандырылған кітапхана жүйесі 2014 жылдың 1 маусымынан 1 қыркүйек аралығында «Ашық кітапхана» науқанын жариялады.

Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Ж. Бектұров атындағы ОЖК ұйымдастырған «Сырлы Сәкен, жырлы Сәкен» атты Республикалық кітапханалық конференциясына қатысып, конференцияның бағытына үлес қосқаны үшін кітапханаларды дамыту және әдістеме бөлімінің меңгерушісі Мұхаметжанова Б.К. алғыс хатпен марапатталды.

С.Сейфуллин атындағы ОҚК өзінің 80 жылдық мерейтойын атап өтті.

 

2015 жыл

Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерейтойына арналған «Соғыс жайлы 70 кітап оқы» науқанының қорытындысы жарияланды, науқанда барлығы – 2720 оқырман қатысқан, берілген кітаптар саны – 3880, көрмелерде қойылған кітаптар саны – 1448 құрады. Кітапхананың ең көп оқыған белсенді оқырмандары марапатталды, олар: Джалдасбаев Калидулла (зейнеткер), Төлеубекова Айханым (Абай ат. №2 лицейдің оқушысы), Камышанская Наталья (зейнеткер), Нұржанова Сауле (№10 ОМ мұғалімі), Кикымов Рахат (№16 ОМ оқушысы),  Тәңірберген Азат (№25 ОМ оқушысы).

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Өр үмітті жастар» жинағының тұсаукесері өтті. Бұл жинаққа С. Сейфуллин атындағы ОҚК «Кәусар» әдеби  жастар клубының мүшелері Асылханова  Айзада  (Абай ат. №2 лицей оқушысы), Өмірбаев Абылайхан (№15 мектеп-лицей оқушысы),  Сағынтай Шырын және Еркін Нұрсаяның  (Ә. Мусин ат. БГТК студенттері) өлеңдері кірді.

Біздің оқырмандар Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және Ж. Бектұров атындағы ОЖК ұйымдастырған 1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысының 70 жылдық мерейтойына орай «Семейная реликвия – солдатское письмо» атты Халықаралық виртуалды жастар байқауына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша қаламыздағы № 1 орта мектептің оқушысы Алманова Мадина 2-ші орынды және № 10 орта мектептің түлегі Ермилова Кристина 3-ші орынды  жеңіп алды.

С. Сейфуллин атындағы ОҚК және А. Гайдар атындағы ОҚБК өз оқырмандарына «Wi-Fi қиылысын» ашты. Нетбук, ноутбук, ұялы телефондарында Wi-Fi интернет қызметі бар оқырмандар «Wi-Fi қиылысын»  тегін пайдаланады.

2015 жылдың 10 тамызынан бастап ОКЖ директоры лауазымына Л. Власова тағайындалды.

Қоңырат мөлтек ауданында орналасқан № 5 балалар кітапхана-филиалы бұрынғы әкімдік ғимаратына көшірілді.

Саяқ кентінде орналасқан №6 кітапхана-филиалы №6 орта мектеп ғимаратына көшірілді.

С. Сейфуллин атындағы ОҚК «Компьютерлік әліппе» атты тегін компьютерлік сабақтар ашылды.

Электронды каталогта жыл соңында 36411 жазба бар.

ОКЖ директоры Л.Власова, кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторының меңгерушісі Б. Мұхаметжанова қыркүйек айында Өскемен қаласындағы А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында өткен «Жоба – кітапхананы дамыту стратегиясы» атты республикалық конференцияға қатысты.

ҚР мәдениет қызметкерлері күніне орай Балқаш қаласы әкімдігінің «Үздік кітапханашы - 2015» номинациясы бойынша А. Гайдар атындағы ОҚБК меңгерушісі Б. Құрманова марапатталды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Үздік мәдениет қызметкері»  номинациясы бойынша қала әкімінің құрмет грамотасы және  бағалы сыйлығымен № 1 кітапхана-филиалының меңгерушісі Н. Гуляева марапатталды.

ОКЖ-де Б.Құрманова, Ж.Сопина, Ф.Қасенова, А.Арзымбетова, Ж.Алиева, А.Сүлейменова, З.Блялова, Е.Жоржик, П.Байболатова, Н.Омарбекова, Р.Искакова, Г.Саденова, М.Абилкасова, Б.Мұхаметжанова, М.Қарсыбекова, Д.Мұхаева, Т.Утегенова, М.Бимолдина, З.Узалина, Ш.Қожамұратова, К.Жолнерова, Б.Жұмаш, А.Мұстафина, С.Мулкеманова, А.Ргабаева, А.Өмірзақ, Н.Гуляева, Д.Жарқымбекова, Т.Жақыпбекова, Р.Джортбасова, К.Шахарова, А.Сарсекеева, Н.Хамиева, Г.Атыбекова, Н.Мұсылманбекова, Г.Тылеубекова, Б.Бозова, А.Тлеуберлина, А.Ештанаева, Қ.Туғанбаева, М.Түскеева, Л.Ыбышева, П.Бұхарбекова, Л.Зыбалова, Ж.Алимбаева, Г.Шаухарбаева, Г.Махметова, Т.Ғазиз, А.Тасова, Қ.Рыспекова  және т.б. жұмыс жасайды.

 

2016 жыл

29 сәуір күні Орталық қалалық кітапханада «Кітапханадағы көңілді түн» атты мереке ұйымдастырылды, бұл мереке осымен 3-ші рет өткізілді.

С.Сейфуллин атындағы ОҚК алғаш рет BookDating өткізілді (өзіңмен бірге сүйікті кітабыңды ала кел). Тиімді, қазіргі заманға сай, әр түрлі тақырыптағы және бағыттағы кітаптарды талқылауға арналған прогрессивті интелектуалды жоба, мұнда әр оқырман  өзінің сүйіп оқитын кітабын аудиторияға таныстыра алады.

Маусым айында ОКЖ сайтында  электронды каталог www.balkhashlib.kz  қойылды.

Интернет қолданушылармен қарым-қатынас жасайтын кітапханалық блог ашылды. ОКЖ «Кітап. Уақыт. Біз» блогында кітапхана сұрақтарын ғана емес, сонымен қатар, қоғамдық және мәдени жаңалықтарды талқылауға болады.

ОКЖ директоры Л.Власова № 5 сайлау округі бойынша қалалық мәслихат депутаты болып сайланды.

ҚР мәдениет қызметкерлері күніне орай «Үздік кітапханашы - 2016» номинациясы бойынша қала әкімінің құрмет грамотасымен №4 кітапхана-филиалының меңгерушісі Искакова Роза марапатталды.

2016 жылдың қараша айының 18 жұлдызында Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен «Қарағанды облысы кітапханалары Тәуелсіздік жылдарында» атты облыстық семинарда «Кітапхана сайты – ақпараттық және білім беретін әлемге ашылған терезе» байқауының «Қалалық ОКЖ арасындағы ең үздік кітапханалық сайт», «Аудандық ОКЖ арасындағы ең үздік кітапханалық сайт» номинациялары бойынша қорытындысы жарияланды. «Қалалық ОКЖ арасындағы ең үздік кітапханалық сайт» номинациясы бойынша Балқаш қаласының  орталықтандырылған кітапхана жүйесінің http://www.balkhashlib.kz. сайты жеңіске жетті. ОКЖ Қарағанды облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының Дипломымен және бағалы сыйлығымен марапатталды. 

24 қараша күні өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін және ұлттық мәдениетті білу мақсатында өткізілген «Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл» атты қалалық байқауда құрамында М.Абилкасова, Е.Жоржик, К.Жолнерова, А.Порохова, А.Чабанюк бар ОКЖ тобы жүлделі 2-ші орынды жеңіп алды.

ОКЖ жүйесі «Мен - Қазақстандықпын, Қазақстан - менің мақтанышым! Я – казахстанец, Казахстан – моя гордость!» атты Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы жариялаған облыстық фотобайқауға қатысты. Балқаштықтар Рожкова Ирина Викторовнаның «Родная улица моя» және Жолнерова Ксения Анатольевнаның «Мы едины навек» атты фотожұмыстары облыстың түкпір-түкпірінен жіберілген 20 ең үздік суреттер қатарына кірді. Бұл фотожұмыстар Н.Гоголь атындағы ОӘҒК  экспозициясына орналастырылды.

https://www.facebook.com/pg/Отдел-Развития-Библиотек-ОУНБ-г-Караганды-1148258605217598/posts/

С. Сейфуллин атындағы ОҚК «Кәусар» әдеби жастар клубының мүшелері Советалы Ш., Бөкен Д., Бегимова Г., Бакиров А., Ахметжанов К., Айтжан А., Байыс А. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы, Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жастар кітапханасы ұйымдастырған Интернет-фестивальге қатысып, «Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған авторлық өлеңдер» номинациясы бойынша  алғыс хаттармен марапатталды.

Саяқ кентіндегі №6 кітапхана-филиалы мектеп ғимаратынан «Горняк» клубының ғимаратына көшірілді.

 

2017 жыл

2017 жылы жүйенің 9 кітапханасына жергілікті бюджеттен кітап және электронды басылымдарға 9243,0 мың теңге, мерзімді басылымдарға 5000,0 мың теңге бөлінді.

Саяқ кентіндегі №6 кітапхана-филиалы  жөндеу жұмыстарынан кейін клуб ғимаратына көшірілді.

Қаламызда 17 қаңтардан 16 наурыз аралығында «Көк сандықтың саяхаты» Халықаралық акциясы бастау алды. Көк сандық А.Гайдар ат. ОҚБК, №1,2,3,4,5  кітапхана-филиалдарында саяхатта болды.  Акция аясындағы іс-шараларға «Балдырған», «Жұлдыз», «Алпамыс», «Айгөлек» балабақшаларының, «Таңшуақ», «Айсұлу» мини-орталықтарының бүлдіршіндері,  Абай ат. №2 лицей, ЖББ №1, №3, №4, №5, №8, №9, №16, №17, №25 мектептерінің, С.Сейфуллин ат. №7 мектеп-гимназиясының, №15 мектеп-лицейінің, №2, №3 мектеп-интернаттарының және балалар үйінің оқушылары қатысты.

ОКЖ сайтында қаланың мерейтойына орай «Балқаш 80 жыл» баннері қойылған. Онда «Балқаш қаласы – достық пен татулық мекені»

Балқаш қаласының  80 жылдық мерейтойын өткізу Тұжырымдамасы, «Балқаш - бір тағдырмен тоғысқан ғұмырымыз»  бейнебаяндары және жергілікті газеттердің мақалалар тізімі берілген.

ОКЖ сайтында   Балқаш қаласының Құрметті азаматтары галереясы, қаланың ескерткіштері 3D галереясы қойылды.

Наурыз айында IPRbooks электронды – кітапхана жүйесіне (ЭКЖ) қосылды.

Наурыз мейрамын мерекелеу және қаламыздың 80 жылдық мерейтойы аясында  «Бұрымды қыз», «Салтыма тән думаным - алтыбақан» және әжелер арасында дәстүрлі «Отбасылық салт-дәстүр» байқаулары  ұйымдастырылды.

27 сәуірде  ОКЖ директоры Власова Л.В. Курск облысының мәдениет комитеті және Н.Н.Асеев атындағы Курск облыстық ғылыми кітапханасының (Ресей Федерациясы) ұйымдастыруымен «Роль библиотек в решении актуальных задач экологического просвещения населения» атты экологиялық оқуларына қатысты http://kurskonb.ru/xronika/20170427.html.

С. Сейфуллин атындағы ОҚК Дүниежүзілік кітап күніне орай «Кітап сыйлау күні» науқанын өткізді.

20 мамыр күні  кітапхана ардагері, ҚР «Мәдениет қайраткері», 1994-2007 жылдары Балқаш қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесін басқарған Шопанаева Л.Ә. еске алуға арналған  «Жадымыздан өшпейтін жарқын бейне» атты жас кітапханашылар байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені А. Гайдар ат. ОҚБК кітапханашысы Чабанюк Анна, І орынды Тлеуберлина Ақнұр (№1кітапхана-филиалы), ІІ орынды Жұмаш Болғанай (С. Сейфуллин ат. ОҚК), ІІІ орынды Балғынбаева Айнұр және Өмірзақ Айгүл (С.Сейфуллин ат. ОҚК) иеленді. Байқауға Шопанаева Лаззаттың жары  Мамырбеков Ермек демеушілік жасады.

Мамыр айында КД және ӘЖ секторының басшысы Мұхаметжанова Б.К. «Кәсіби құзыреттілік: мақсатқа жетудің құралдары» (Ж.Бектұров ат. ОЖК)  атты семинарға қатысты. Семинар қорытындысы бойынша Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы және «EDTECH» Халықаралық білім беру орталығының  сертификаты берілді.

20 маусым - 20 шілде аралығында С.Сейфуллин ат. ОҚК «Туған жер» Бағдарламасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла» науқанын ұйымдастырды.

Жаз айларында әр жастағы қала тұрғындарына жаздық оқу залдары, кітапханалық орындықтар ұйымдастырылды. «33 ойлар», «Сиқырлы ілгек», «Түйменің шеберханасы» үйірмелері, шебер-класстар, таза ауада ойындар, акциялар, көңілді спорттық жарыстар және т.б. іс-шаралар өткізілді.

1 тамыз күні Google Play Market  жүктеуге болатын  «Балқаш. Кітапхана жаныңда» ресми мобильді қосымша іске қосылды.

21-22 қыркүйек күндері Бурабай кентінде Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының (Астана қ.) ұйымдастыруымен өткен «Рухани жаңғыру: ұлт келбеті – жастарға бағыт» тақырыбындағы республикалық Жас кітапханашылар форумына Кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторы басшысының м.а. Г.А.Бегимова қатысты.

27 қыркүйекте Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұйымдастырған "Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ..." атты дәстүрлі VII Қасым Аманжолов оқуларында оқырмандарымыз жеңімпаз атанды. http://www.karlib.kz/index.php/kz/zha-aly-tar/2622-kasym С.Сейфуллин атындағы ОҚК оқырмандары Аяжан Амангелдінова "Қазақ аспанында – Қасым рухы" номинациясы бойынша Бас жүлде иегері атанса, "Дүниеге келер әлі талай Қасым" номинациясы бойынша Елдос Советов ІІІ орын иеленді.

С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы жалпыұлттық патриотизм ұғымын кеңейтуге және рухани құндылықтарды жаңғыртуға  бағытталған «Туған жер» бағдарламасы аясында «Әлемді кітап арқылы танимын» атты орталықтандырылған кітапхана жүйесі оқырмандары арасында байқау болып өтті. Байқаудың мақсаты: Жастардың бойындағы патриоттық жігерді шыңдау, кітап оқуға қызығушылығын арттыру; Оқырмандардың қызығушылығын ояту мен кітапханаға жаңа пайдаланушыларды тарту.

«Кітапхана – мәдениет пен қатыснас орталығы: жаңашылдыққа бағыттылық» атты облыстық семинарда (Н.Гоголь атындағы ОӘҒК) кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторы басшысының м.а. Г.Бегимоваға кітапханалық істі дамытудағы адал еңбегі мен қызметтік міндеттерді мінсіз орындайтыны үшін Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама  басқармасының Құрмет грамотасы табысталды.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне орай ұйымдастырылған қалалық мерекелік жиында оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.Арзымбетоваға Балқаш қаласының әкімі А.Аглиулин «Мәдениет мәртебесі» номинациясы мен естелік сыйлығын табыстады.

 

     2018 жыл

 

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Сталинград түбіндегі ерлік Жеңісіне арналады» облыстық Еске алу күні акциясына белсене қатысқан Балқаш қаласы ОКЖ кітапхана-филиалдары мен А.Гайдар атындағы ОҚБК дипломмен марапатталды.

«Рухани жаңғыру» Бағдарламасын жүзеге асыру аясында және Қонырат кенішінің 90 жылдығына орай Қоңырат шағын ауданындағы №5 кітапхана-филалында «Бір шаңырақ астында» Қазақстан халықтары Ассамблеясы бұрышының салтанатты түрді ашылуы өтті.  «Сары қазына» ЖШС директоры П.Т.Семенченко және «Қоңырат» Корпоративті қорының төрағасы Ник Ширли мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Күншуақ» үйірмесіне жиһаздар мен қажетті заттарды сыйға тартты.

Халықаралық әйелдер күніне орай С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және «Кәусар» әдеби жастар клубы мүшелерінің қатысуымен №2 автобус маршруты бойынша «Әдеби автобус» атты ерекше акция өткізді.

С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Сүйікті кітабыммен селфи» акциясын  қорытындылауға арналған «Менің сүйікті кітабым» атты Bookdating өтті. Акция шарты бойынша Instagram әлеуметтік желісіне қатысушылар сүйікті кітабымен түскен суретін салып, мейлінше көп «лайк» жинау керек болатын. Акция жеңімпаздары: 1 орын – Русланова Дильназ (№4 ЖББОМ), 2 орын – Ильясова Әсемгүл (ҚарМУ), 3 орын – Ғани Аруна. Аталмыш акцияға Сагиндикова Әйгерім, Нұржанова Шолпан, Искакова Динара, Қасенхан Расул, Муралиева Әмина,  Бончужная Ольга, Ықласбеков Ілияс, Ғазиз Толғанай, Амантаев Жанғали, Бирюров Роман және  Мұхаметжан Райымбек сияқты жас оқырмандар қатысты.

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне  орай №1 кітапхана-филиалы «Астана» аллеясында «Кітап – сарқылмас қазына» флешмоб-акциясын өткізді. №4 ЖББ орта мектеп, Абай атындағы №2 лицей және №15  мектеп-лицейі оқушылары  алаңда кітап бейнесін жасады. Дәл осы алаңда «Буккроссинг» өтті. Қала тұрғындарының игілігіне қазақ дәне орыс классикасы, тарихи және балалар әдебиеті, қазіргі заманғы проза мен детектив жанрындағы кітаптармен толықтырылған үлкен кітап сөресі қойылды. Сөредегі ұнаған кітап қызығушыларға сыйға берілді.

Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясында С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Елімнің бақ ордасы – Астана» авторлық шығармашылық байқауы өтті. Аталмыш бауқаудың «Біз – Қазақстанның патриотымыз!» Эссе аталымы бойынша: 1 орын – Көпбаева Г (№7 мектеп-гимназия), 2 орын – Умутчакова К (№17 ЖББ мектеп-лицейі), 3 орын – Дүйсенбекова А (№24 ЖББОМ) және «Астананың 20 жылдығына авторлық арнау» аталымы бойынша: 1 орын – Ізбасар А (№16 ЖББОМ), 2 орын – Бөкен Д (Ә.Мусин атындағы БГТК), 3 орын -  Канафин Қ (Ә.Мусин атындағы БГТК) бұйырды. Қалған қатысушылар: Павлик О (№15 мектеп-лицей), Қали Н (№15 мектеп-лицей),   Қуантай А (№16 ЖББОМ), Будаева Я (№17 ЖББ мектеп-лицей), Лезарева Э (№17 ЖББ мектеп-лицей), Қайыржанов Д (Абай атындағы №2 лицей), Аханов Н (Абай атындағы №2 лицей), Мейрам М (Абай атындағы №2 лицей), Сәкен Е (№24 ЖББОМ) алғыс хаттармен марапатталды.

 «Көкжиек» мемлекетаралық жобасы аясында Ж.Бектұров атындағы ОЖК өткен «Кітапханалар жұмысы жаңа қоғамдық шындық тоғысында»  тақырыбындағы облыстық семинарда қорытындыланған «Отанымды сүйемін» жас кітапханашылар арасындағы виртуалды көрме байқауының «Менің Елорадам – менің мақтанышым» аталымы бойынша Балқаш қаласының ОКЖ қызметкерлері Бозова Бибінұр мен Мұстафина Алина қатысты. Бозова Бибінұр аталым бойынша І дәрежелі дипломмен және естелік сыйлықпен марапатталды.

Қыркүйек айның 13-14 жұлдызында Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасында (Алматы қаласы) өткен «Кітапхана – қоғамның көпфункционалды, көпдеңгейлі әлеуметтік институты» тақырыбындағы Бүкілқазақстандық кітапшаналылар съезіне делегат ретінде қатысқан Балқаш қаласы ОКЖ директоры Власова Л.В. «Кітапхана ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

2018 жылғы 15 қыркүйекте  кітапхана жүйесінің жас мамандары ҚР Бірінші Президенті сынамаларына қатысты. Жарыс көрсеткіші бойынша 24-39 жас аралығындағы қатысушылар ішінен Сақтағанова Несібелі оза шауып, ІІІ орынды қанжығалады. ОКЖ атынан бақтарын сынаған кітапханашылар Иешова Гүлнұр, Мұстафина Алина және Мағауова Аялар тест сынамаларын үздік орындағаны үшін арнайы төсбелгіге ие болды.

2018 жылғы 26-27 қыркүйекте Балқаш қаласы «Жібек жолындағы сұхбат-2018» халықаралық мәдени жобасы аясында қаламызға ат басын тіреген мәдениеттанушы-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Әуезов М.М. мен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Прокопенко Л.А.  бастаған жоба жетекшілері мен Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Қытай елдерінен жиналған қатысушыларды құшақ жая қарсы алды. Аталмыш жоба аясында қала белсенділерін жинаған келелі кездесулер, дөңгелек үстел, акциялар өтті.

Аталған шаралардың бірі – «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысы мен Балқаш қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі ұйымдастырған қала мәдениеті мен тарихына арналған «Город рожденный в степях Прибалхашья» брейн-ринг интеллектуалды сайысы. Дәл сол күні ашылған «Рухани жаңғыру» мәдени-танымдық орталығында өткен шараға 3 топтан құралған жастар білімі мен біліктілігін сынауға жиналды. Өлкетану мен логикалық сұрақтарды қамтыған қызықты сайысқа Қазақстанның түрлі аймағынан құралған жастар лидерлері құрамын қамтыған «Бірлік» тобынан Джумурбаев Т, Карагеур Н, Тимощенко-Боровикова А, Салыков Б, Урмашов А,  Грейчуте В, Жорабеков А, Паули Э; қаламыздан құралған «Барыс» тобынан Қасенхан Р, Бейімбетова А, Шокаева С, Аманкелді Б, Косуева Л,  Садуақасова А, Науамбаев С. және қала құрамасы «Алаш» тобынан Елшібеков С,  Жүзбай Б, Советалы Ш, Остапенко А, Мағауова А, Канафин Қ, Кенішбай А, Исатаева А. тамаша ойын көрсетті. Талаптыларды анықтаған әділ сайыста «Алаш» тобы жеңімпаз атанды. 

 4-5  қазан аралығында Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының демеушілігімен Абай  атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы  кітапхананың 60 жылдық мерейтойына орай «Детское чтение как интеллектуальный потенциал страны: проблемы и пути решения» Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясын ұйымдастырды. Аталмыш конференцияға Балқаш қаласы ОКЖ директоры Власова Л.В. А.Гайдар атындағы ОҚБК меңгерушісі Құрманова Б.Д. қатысты.

Қарағанды облысы мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының демеушілігімен Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында XII Абай оқулары аясында «Абай тағылымы – халық даналығы» облыстық жастар арасындағы сайыс ұйымдастырылған болатын. Аталмыш сайысқа өңірдің орталықтандырылған және аудандық кітапханалары атсалысты. Сайыс «Арнау» (қатысушының Абайға арнау өлеңі) және «Абай – ұлы даланың дара данышпаны» - «Эссе» (әдеби шығармашылық) номинациялары бойынша өтті. Мұсабекова Б.М., Смағұлов С., Қабидоллин Р., Мұқай І., Мақсұтов Қ., Баймұрынов  Ж. секілді мәдениет қайраткерлері, журналистер және белгілі ақындардан құралған әділқазылар алқасы қабылданған жұмыстарды сарапқа салып бағалады. 20 қыркүйекте шешімін тапқан сайыс қоыртындысы бойынша кітапханамыздың оқырманы Мұхаметжанов Жанәли «Арнау» номинациясынан ГРАН-ПРИ жүлдесін жеңіп, сүйіншілетті.

Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Моңғолия елдерінен 14-20 жас аралығында  жас оқырмандар қатысқан «Мұхтар Әуезовты оқимыз!» халықаралық интернет-сайысы ұйымдастырылды. Қатысушыларға М.Әуезовтың кез келген шығармасынан 3 минуттан аспайтын видео-монолог оқу талап етілген болатын. Жеңімпаздар Халықаралық әділқазылар алқасының бағалауымен және халықтық дауыс беру арқылы анықталды.

Ә.Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжінің студенті, С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана жанынан құрылған «Кәусар» әдеби-жастар клубының мүшесі Канафин Қанаттың аталмыш сайысқа қатысуына Балқаш қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі мұрындық болды. Қанат жазушының «Сөніп-жану» әңгімесінен монолог оқыды.   5 қазанда «М.Әуезовты оқимыз!» интернет-сайысының қорытындысы жарияланып, Канафин Қанат I орынды қанжығалап, диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

2018 жылы С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада 3192,0 мың.т. соманы қамтыған сыртқы электржабдықтауды ауыстыру бойынша және 2999,9 мың.т. қамтыған ішкі электржабдықтау мен электржарықтандыру бойынша ағымдық жөндеу жұмыстары, сонымен қатар №1 кітапхана-филиалында 2069,5 мың.т. қамтыған мекемені жөндеу жұмыстары өтті.

Желтоқсан айының 20-жұлдызында «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары - заманауи білім орталықтары» жобасы аясында С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада COWORKING – орталығы ашылды.

 

2019 жыл
С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Bookdating –кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасы бастау алды. Жоба бойынша «Кітап - табысқа апарар дара жол» іскерлік алаңында қаланың табысты адамдарымен кездесулер өткізу жоспарланған. Бұл жоба арқылы жастар, өзінің еңбегімен белгілі бір жетістіктерге жеткен адамның «табыс формуласын» білуге мүмкіндік алады. Алғашқы кездесуіміздің басты спикері жас кәсіпкер, «Мейірім» дене оңалту орталығының негізін қалаушы, Балқаш қаласы әкімінің грантының иегері - Мейірім Орынбаев, екінші қонағымыз облыстық, аймақтық жыр мүшайраларының жеңімпазы, «Қаламгер» әдеби бірлестігінің мүшесі, «Балқаш өңірі» газетінің бас редакторы Қуаныш Сағынтайұлы Аманқұлов болды.
Халықаралық әйелдер күніне орай қаланың қоғамдық – саяси өміріне белсене қатысқаны және еңбектегі жоғары жетістіктері үшін Балқаш қаласы әкімінің м.а. С.Әбеудің Алғыс хатымен директордың орынбасары Б.К.Мұхаметжанова мен кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторының басшысы Ж.Қ.Сопина марапатталды. 
 
26 сәуір күні С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхана аумағында әртүрлі мамандық, түрлі ұлт өкілдерін біріктірген, әр жастағы 200-ден аса балқаштықтардың қатысуымен «KITAPFEST» кітап фестивалі ұйымдастырылды. Фестиваль қонақтарының назарына келесі алаңдар ұсынылды: «Өнер қиылысы» - «Перекресток искусств» сазды-әуен алаңы; «33 ойлар» шеберханасы - мастерская «33 идеи»; «Көңіл толқыны» - «Литературный серфинг» жыр алаңы; «Кітап пен спорт жеңіске жетелейді» - «Книга и спорт – движение вперед» спорт алаңы; «Өзің оқы, өзгелерге ұсын!» - «Прочитай, передай другому!» буккроссингі; «Ғажайып елі» - «Страна чудес» балалар алаңы; «Жарқын әлем» - «Яркий мир» би алаңы; фотоаймақ – фотозона; «Сиқырлы сандық» - «Волшебный сундучок» кітап лотереясы; «Ұлы даланың жеті қыры» - «Семь граней Великой степи» этноалаңы.
Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Әлеуметтік серіктестік кітапханаларды дамытудың өзекті бағыты ретінде» облыстық семинарға кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторының басшысы Ж.Сопина мен С.Сейфуллин ат. ОҚК оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жас кітапханашысы Т.Әлімжан қатысып, «БАҚ, кітап басып шығару және кітап сауда фирмаларымен, ақпараттық ұйымдармен әріптестік» тақырыбында «Печа-куча» форматында баяндама жасады.
 
Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Батылдық- Мужество» жобасы аясында Кеңес Одағының Батырлары Нұркен Әбдіров пен Қазбек Нұржановтың 100 жылдығына арналған «Сол жылдардағы батырлар…» атты республикалық жастар байқауы өтті. Байқауға Атырау, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарынан 15-24 жас аралығындағы 71 қатысушы қатысты. Мамырдың 24 күні байқаудың қорытындысы шығып, ОКЖ №4 кітапхана-филиалының жас оқырманы Қайырхан Нұрым «Буктрейлер» номинациясында І-ші дәрежелі Дипломның иегері атанды.
 
Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне Балқаш қаласының әкімі А.М.Аглиулиннің Алғыс хатымен қорды пайдалану және ұйымдастыру секторының басшысы Т.Н.Утегенова, «Үздік кітапханашы» номинациясының Дипломымен кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторының әдіскері Ф.М.Касенова марапатталды, Балқаш қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хаттары кітапханалық үдерістерді автоматтандыру бөлімінің кітапханашысы - Б.Е. Бозоваға, құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің кітапханашысы К.Б.Шахароваға, А.Гайдар ат.ОҚБК кітапханашысы Д.Д.Мухаеваға, А.Гайдар ат.ОҚБК кітапханашысы А.Е.Чабанюкке, №1 кітапхана-филиалының меңгерушісі М.К.Утеповаға, №2 кітапхана-филиалының меңгерушісі М.А.Абилкасоваға, №2 кітапхана-филиалының кітапханашысы Г.Р.Саденоваға, №5 кітапхана-филиалының кітапханашысы Н.Г.Хамиеваға табысталды.
 

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгеру жағдайындағы қалалық кітапхана» облыстық байқауына қатысушы ретінде 4 шілде күні С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхана ұжымы Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының әдістемелік орталығының сараптама комиссиясының мүшелері: кітапхана басшысы Д.Б.Аманжолова, кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы Г.Н.Умбединова, кітапханаларды дамыту бөлімінің инновациялық-әдістемелік жұмыс секторының басшысы А.Қ.Карашова, ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы И.С.Иссык, кітапхана үрдістерін автоматтандыру бөлімінің басшысы А.А.Чен, өлкетану бөлімінің басшысы С.О.Телпекбаеваны қарсы алды. Байқаудың ережесі бойынша жобаларды қорғау және талқылау, кітапхана қызметімен таныстыру шаралары өткізілді.
 

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының өңірдің балалар кітапханасының қызметін әдістемелік қамтамасыз ету (инновациялық қызметінің талдауы мен болжамы, мониторингі) жөніндегі 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 27-28 тамызда біздің ОКЖ-не инновациялық және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Жусупова С.Ж., негізгі қорды сақтау, құжаттарды өңдеу және толықтыру бөлімінің басшысы Мусина О.М., әдіскерТиыштық И.Е. келді. Олар А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасы мен Қоңырат ықшам ауданындағы №5 балалар кітапхана-филиалының кітапхана қызметімен танысты. Мақсаты - балалармен кітапхана жұмысының жағдайын зерттеу және қорыту, кітапхана қызметінің түрлі аспектілері бойынша кеңес беру және практикалық көмек көрсету.

2019 жылдың 9-10 қазаны күндері Л.Н.Толстой ат. Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханада өткен Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жүзеге асыру аясында «Қазақстандық қоғамның рухани дамуындағы кітапханалардың жеті қыры» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияға «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры Л.Власова қатысты.

23 қазанда М.Хамзин атындағы мәдениет сарайының «Ақ Отау» залында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен жастарға өнеге болған және рухани бағдар берген жазушы, ақиық ақын, көрнекті мемлекет қайраткері, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдық мерейтойына орай «Сыр сандықты ашып қара, сырласым» атты қалалық байқауы өтті

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында 14 қараша күні Қарағанды қаласында С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрының кіші залының сахнасында Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған «Қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгеру жағдайындағы қалалық кітапхана» атты облыстық байқауының қорытындысы бойынша С.Сейфуллин ат. орталық қалалық кітапханасы арнайы жүлде, диплом және бағалы сыйлықпен марапатталды

21 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ, «Балқаш қаласының Тілдер орталығы» ММ ұйымдастыруымен М.Хамзин атындағы Мәдениет сарайының үлкен залында қазақтың қайсар үш арысы, ұлттық әдебиеттің қалыптасуына және елдің қоғамдық өміріне елеулі үлес қосқан, аса көрнекті әдебиет өкілдері Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров және Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған «Ұлт руханиятының үш бәйтерегі» атты қалалық әдеби – сазды кеші өтті.

Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті күніне орай ұйымдастырылған «Рухы биік Ұлы Елдің Елбасы» қалалық патриоттық форумда еліміздің өркендеуіне және қаланың экономикалық – әлеуметтік дамуына қосқан елеулі еңбегі үшін Балқаш қаласының әкімі О.Таурбековтың Құрмет грамотасымен кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторының әдіскері Ф.Касенова марапатталды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне орай еліміздің өркендеуіне атсалысып, қаланың әлеуметтік - экономикалық дамуына зор үлес қосқаны үшін Балқаш қаласының әкімі О.Таурбековтың Құрмет грамотасымен құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің басшысы Е.Жоржик марапатталды.

С.Сейфуллин ат. орталық қалалық кітапханада 15068,4 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай кітапхана ісін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры Б.Оспанованың Алғыс хатымен кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторының басшысы Ж.К.Сопина марапатталды.


2020 жыл

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жыл қорытындысы бойынша қаламызда мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесі үшін «Балқаш қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Ж.С.Балапанованың «Үздік кітапханашы» номинациясы Дипломдарымен ОКЖ құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің кітапханашысы З.Н.Блялова, кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторының әдіскері Н.К.Кабызова, ақпараттық-библиографиялық бөлімінің библиографы А.Б.Мустафина, №3 кітапхана-филиалының кітапханашысы Қ.Н.Туғанбаева, Алғыс хаттарымен - қорды пайдалану және ұйымдастыру секторының кітапханашысы М.Ө.Бимолдина, шаруашылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Қ.С.Рыспекова, қызметтік жайларды жинап-тазалаушы Г.С.Алменова, көлік жүргізуші Б.Н.Бекмурзин марапатталды.

С.Сейфуллин атындағы ОҚК-ның коворкинг-орталығында «Bookdating - кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасы аясында, «Кітап – табысқа апарар дара жол» іскерлік алаңында табысты адамдармен кездесулер жалғасуда. Балқаш қаласы әкімінің «Өркен» сыйлығының «Жастар лидері - 2019» номинациясының иегері, «Creative Art» клубының және «ONE POWER» еріктілер клубының жетекшісі Маржан Темірғалимен кездесу өтті.

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ОКЖ-да «Ұлы даланың Ұлы ақыны» атты Кітапханалық бульвар акциясы бастау алды, аталмыш шара жыл бойы қаланың әр ықшам аудандарында, аллеялар, саябақ пен аулалар бойынша жүреді.

Халықаралық әйелдер күніне орай қаланың қоғамдық – саяси өміріне белсене қатысқаны және еңбектегі жоғары жетістіктері үшін Балқаш қаласының әкімі О.Таурбековтың Құрмет грамотасымен А.Гайдар ат. орталық қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Д.Д.Мухаева, Алғыс хатымен – ОКЖ құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің кітапханашысы К.Б.Шахарова марапатталды.

Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілуіне байланысты және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылдың 14 наурыздағы № 63 бұйрығына сәйкес ОКЖ-ның барлық кітапханалары 18 наурыздан карантинге жабылып, кітапханашылар қашықтағы жұмысқа көшті. Осы кезеңде:

  • Әлеуметтік желіде Балқаш өңірінің өркендеуіне атсалысқан адамдардың тағдыры және жерлес ақын-жазушылардың әдеби шығармалары жайлы қызықты ақпаратпен танысуға арналған «Алтын аймақтың адамдары» атты әдеби-өлкетану альманахы бастау алды.
  • Әлеуметтік желілерде Ұлы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай «Абай дана, Абай дара қазақта» челленджі (ОҚБК), «Абай менің жүрегімде» мәнерлеп оқу онлайн-марафоны (№1ф.), «Ұлылардың ұлысы - Абай» челлендж-марафоны (№4 ф.) ұйымдастырылды.
  • Қала күніне орай әлеуметтік желілерде «Мен Балқашты сүйемін» атты онлайн-фотобайқауы ұйымдастырылды. Байқау шарты бойынша әр қатысушыдан өзі түсірген бір ғана фотосурет қабылданды. Барлық жіберілген жұмыстар Фейсбук пен Инстаграмдағы біздің беттерде орналастырылып, қашықтағы пайдаланушылар 15 сәуірге дейін дауыс берді. Екі әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда ең көп дауыс жинаған үш фотосуреттің авторлары: Бедная Юлия Павловна «Хорошо весною на озере Балхаш»- 271 дауыс, Рябов Кирилл Денисович «Люблю рыбалку на озере Балхаш» - 179 дауыс және Мағаз Адай Мадьярұлы «Менің балалық кезім» - 171 дауыс жинап,  бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.
  • «Отбасылық альбомға қарап, еске алайық» атты сирек кездесетін фотосуреттердің онлайн – фотокөрмесі 2020 жылдың 01 сәуірінен бастап 01 мамырына дейін әлеуметтік желілердегі біздің парақшаларымызда ұйымдастырылып, оған барлық ниет білдірушілер қатысты.
  • ОКЖ-ның Инстаграмм парақшасында 3 кезеңнен тұратын «Детектив BOOK» эрудиттер рингі ұйымдастырылды. Оған барлық тілек білдірушілер қатысты.
  • С.Сейфуллин ат. ОҚК қызметкерлері  тікелей эфирде «Жемчужины фонда – миниатюрные издания» атты кітап қорындағы кішкентай басылымдарға шолу жасады.
  • А.Гайдар атындағы ОҚБК қызметкерлері өздері оқып беретін қашықтықтан өткізілетін «Ертегі оқып берейін» жобасын ұйымдастырды.
  • Ұлы Отан соғысының 75 жылдығына орай әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда «Соғыс жылдарынан естелік кітаптар» атты әдеби онлайн-ауысым беттері бастау алды.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының демеушілігімен, Н.В.Гоголь ат. ОӘҒК ұйымдастыруымен кітапхана және кітапхана мамандығының беделін арттыру мақсатында Мемлекеттік және қоғам қайраткері Нығмет Нұрмақовтың 125 жылдығына арналған «Туған халқының қайтпас қаһарманы» атты буктрейлер құру байқауы өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша кітапханалық үдерістерді автоматтандыру бөлімінің қызметкерлері Бақыт Әлия, Бозова Бибінұр, Хабалхан Лаззат ынталандыру ақшалай сыйлығына ие болды.

«Bookdating - кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасы аясында «Кітап – табысқа апарар дара жол» іскерлік алаңында танымал адамдармен: мәдениет саласының ардагері Роза Ғылымжанқызы Искаковамен және жергілікті ақын, тілші, «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері Нұрдос Кәріммен, Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта» ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Ұлт мақтанышы» медалінің иегері, Қазақстанның Құрметті журналисі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері Оралбек Жүнісұлының отбасымен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай «Мәдениет –ұлттың бет-бейнесі» атты өнерлерімен өңірге танымал жас әншілер, Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығының қызметкерлері Игембеков Асхат және Балкеева Индирамен, 31 мамыр Саяси қуғын – сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты онлайн – кездесу Балқаш қалалық тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері Даулет Асанханұлы Қожақовпен тікелей эфирде кездесулер ұйымдастырылды

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының демеушілігімен Н.В.Гоголь ат. ОӘҒК Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңістің өшпес шырағы» атты облыстық байқауының «Соғыс. Жеңіс. Естелік» номинациясы бойынша оқырманымыз Қайырханова Алуа ынталандыру ақшалай сыйлығына ие болды. 

С.Сейфуллин атындағы ОҚК халықаралық есірткі заттарының заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай Балқаш қаласының наркологиялық қызметінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер-нарколог Г.Джармалиновамен тікелей эфир өтті.

30 қыркүйек күні С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Bookdating - кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасы аясында ұстаздар күніне орай «Ұстаз мәртебесі – ұлт беделі» атты өңірге танымал ұстаз Ә.З.Елеубековамен тікелей эфирде кездесу ұйымдастырылды.

С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ақиық ақынның туған күніне орай «Сұлу жырдың сұңқары» онлайн-байқауын ұйымдастырды. Ақынның шығармаларын көркем шеберлікпен оқыған қатысушы жастардың бейнероликтері әлеуметтік желілердегі ОКЖ-ның парақшаларында #онлайнбайқау #Сұлужырдыңсұңқары #СәкенСейфуллин #БалқашОКЖ #ЦБСБалхаш хэштэгтерімен жарияланып, тіркелушілеріміздің назарына ұсынылды. Биылғы байқаудың ерекшелігі балқаштық жастардан ғана емес, Батыс Қазақстан облысынан да жұмыстар келіп түсті. Бейнероликтерді қазылар мүшелері, құрамында облысымызға белгілі ақын, сазгер, журналист Қ.М.Сәденов, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, талантты ақын Н.М.Кәрім және «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директорының орынбасары Б.К.Мұхаметжанова қарап шығып, әділ бағасын берді. Қазылар алқасының шешімі бойынша, жүлделі I-ші дәрежелі дипломмен Кранов Б., II-ші дәрежелі дипломдармен Қайыржанов Д. және Емельянова В., III-ші дәрежелі дипломдармен Хабалхан Л., Попова Д., Атығұл Ә. марапатталды. Әбілғазы Ә. - «Мен келем тау ішінде түнделетіп...», Қабдыбек Ә. - «Сыр сандықты ашып қара», Сәрсенбай Н. - «Әлеуметтік желіде ең көп дауыс жинаған», Мұздыбаева А. - «Көрермендер көзайымы», Советалы А. - «Үздік бейнеролик», Құрақбаева А. - «Белсене қатысқаны үшін» оминацияларына және басқа қатысушылар Алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды. Онлайн-байқаудың қорытындысы Zoom платформасында жарияланды.

ТЖ кезінде кітап пен оқуды ілгерілету бойынша жемісті және белсенді қызметі үшін С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Марина Ахмедовна Узбаева Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Қазақстан Кітапханалық Альянсы атынан «Халық құрметі» төсбелгісіне ие болды.

28 қазанда С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Bookdating - кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасы аясында «Өлеңім – менің өмірім» мөлдір бұлақтай жырларымен халықты сүйсіндірген Балқаш қаласына танымал ақын М.И.Бөлековамен тікелей эфирде кездесу ұйымдастырылды.
 

29 қазанда №1 кітапхана –филиалында «Мен бақыттымын» тақырыбында Балқаш қаласы әкімінің «Жомарт жүрек» сыйлығының «Ерен еріктілік» номинациясының лауреаты, заңгер, волонтер А.Д.Адамбековамен тікелей эфирде кездесу өтті.

Карантин кезінде А.Гайдар ат. ОҚБК қызметкерлері есту қабілеті бойынша мүмкіндігі шектеулі балалардың жан-жақты рухани-адамгершілік және шығармашылық дамуын қамтамасыз ету мақсатында «Сурдоаудармалы ертегілер» инклюзивті онлайн-жоба әзірледі. Жоба аясында «Лиса и серый волк», А.Бартоның «Медвежонок - невежа», «Түлкі мен тырна», «Снегурочка», «Лисичка сестричка и серый волк», М.Пляцковскийдің «Однажды утром» ертегілері жазылды.

Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК әлеуметтік желілерде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «БІЛІМДІДЕН ШЫҚҚАН СӨЗ...» атты облыстық бейнецитата акциясын ұйымдастырды. Шараға Қарағанды облысы кітапханаларының оқырмандары және басқа да мекемелер қатысты. Шығармашылық шеберлігімен ерекшеленгені үшін С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхандағы «Кәусар» әдеби жастар клубының мүшесі, біздің жас оқырманымыз Әбдіғали Қалымбетов Алғыс хатпен және ұлы Абайдың кітабымен марапатталды.

ОКЖ қызметкерлері «Книга против карантина: библиотеки нового формата» онлайн трансляцияда өткен халықаралық форумға; «Дәстүрден жаңашылдыққа: Креативті кітапханашы» онлайн-лекцияға, «PR әлеміндегі кітапхана қызметі» онлайн-speaking, «Сандық кеңістіктегі библиография қызметі» халықаралық онлайн-семинарға, «Бүгінгі әдебиеттің дамуы, Жаңа көзқарас» онлайн-лекцияға, «Базовые навыки и поведенческая культура при работе с дистанционными сервисами» шеберлік сағатқа, «Онлайн сервисы современных библиотек» халықаралық онлайн-семинарға, «Сандық ақпараттық ресурстар кітапханаларды дамыту трендтерінің бірі: Қарағанды облысы кітапханаларының тәжірибесінен» онлайн-семинарға, «Библиотечные процессы в меняющемся мире» халықаралық онлайн-семинарға, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен «Рухани қазына – 2020» онлайн-форматтағы мәдениет және өнер мекемелерінің фестивалі. «Библиотека как пространство для обучения, развития, отдыха и общения» областық семинарға, Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК ұйымдастырған «Библиотеки в год 75-летия Победы новое прочтение» онлайн-форматтағы халықаралық тәжірибелік онлайн-семинарға, «Читающие нации в эпоху Digital и глобальных перемен» ZOOM платформада видеоконференция форматында өткен V Халықаралық онлайн оқу Конгресіне қатысты.

Қызметкерлердің кәсіби шеберліктерін, біліктілікті арттырудың жаңа формаларын енгізу, ақпараттық технологияларды алға жылжыту және дамыту, пайдаланушыларды тарту үшін заманауи технологияларды қолдану бойынша тәжірибе алмасу мақсатында, Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облысының жасөспірімдер кітапханасы «Современные технологии привлечения молодежи в библиотеку» облыстық онлайн семинарын және «Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» «Трансформация показателей деятельности библиотеки в век цифровых технологий» атты кітапханашылардың V кеңейтілген кеңесін өткізіп, онда ОҚК оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі А.Арзымбетова «Новые и эффективные формы работы в офлайн-онлайн режиме» тақырыбымен сөз сөйлеп, ОКЖ барлық қызметкерлері онлайн-семинарға қатысты.

ОКЖ қызметкерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 28 қазандағы №166 Бұйрығы Мәдениет мекемелері әрекет етуде! Біз денсаулық пен көтеріңкі көңіл-күй үшін!!! Н.Гоголь атындағы Қарағанды ОӘҒК челленджін қабылдап, эстафетаны Балқаш саңыраулар клубына жолдады.

Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығына арналған «Мен - Қазақпын» жастар арасындағы облыстық мүшәйраға қатысқаны үшін, кітапханамыздың оқырмандары М.Мұхиын, Д.Балтабаев, А.Советалы Алғыс хаттармен марапатталды.

А.Гайдар атындағы орталық қалалық балалар кітапханасында 9294,534 мың теңге сомасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

А.Гайдар атындағы ОҚБК қызметкерлері Абай атындағы ОБК «Спорт - денсаулық кепілі» челленджін қабылдап, Ұлытау балалар кітапханасының әріптестеріне жолдады.

Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі, жазушы С.Бегалиннің туғанына 125 жыл толуына орай Қазақстандағы Россотрудничество өкілдігі және С.Бегалин атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы Алматы қаласында «Бегалинді оқимыз» республикалық онлайн байқауын өткізді. Жарыс балалар арасында «Россотрудничество в Казахстане» YouTube каналында өтті. А.Гайдар атындағы ОҚБК оқырмандары байқауға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Танымдық роликтері үшін бас сыйлық М.Есімхан, Н.Ахановтың кітабымен ең жақсы селфи жасағаны үшін М.Мадиярға, Б.Артықбаевқа берілді.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Балқаш қаласының әкімі О.Таурбековтың Құрмет грамотасымен шаруашылық бөлімінің бастығы К.С.Рыспекова, алғыс хатымен - С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Д.Қ.Жарқымбекова марапатталды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Балқаш қаласы әкімінің Алғыс хаттарымен №1 кітапхана-филиалы меңгерушісінің м.а. М.К.Утепова, №2 кітапхана-филиалының кітапханашысы Г.Р.Саденова марапатталды.

2021 жыл

С.Сейфуллин атындағы ОҚК 2020 жылғы кітап оқудың көшбасшысы Ләззат Тоқтарқызы Есембекованың оқырман бенефисі ұйымдастырылды.
 
«Кәсіби шеберліктің сатылары» атты жоба аясында Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері үшін ZOOM платформасында «Әріптестерге пайдалы кеңестер» атты семинар өткізілді.
 
С.Сейфуллин атындағы ОҚК оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.К.Арзымбетова 18 қаңтар мен 12 ақпан аралығында американдық бұрыштар қауымдастығының бастамасымен ZOOM конференц-платформасында өткен «Кітапхана қызметкерлері үшін Медиа және цифрлық сауаттылық» республикалық тренингінде оқуын сәтті аяқтады. Бұл білім беру жобасының жаттықтырушысы «Таңдау. Астана. Қарағанды», «ВыбирайPRO» білім беру консалтингтік орталығының жетекшісі Голубцова Татьяна Александровна. Интерактивті дәрістер, мастер-класстар, менторлармен консультациялар, жобалық сессиялар, шағын топтардағы жұмыстар кіретін тренинг бағдарламасы өте мазмұнды, танымдық және қызықты болды. Қорытынды кезең кітапхана қызметкерлерінің медиасауаттылық бойынша өздерінің білім беру микро-жобаларын әзірлеуі және қорғауы болды. Курс аяқталғаннан кейін АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі Уильям Х.Мозер республикалық білім беру тренингіне қатысушылардың алдында сөз сөйлеп, сертификаттарды салтанатты түрде табыс етті. Оқу қорытындысы бойынша комиссия А.Арзымбетова қорғаған «Фактчекинг: жоғары сынып оқушылары үшін маңызды ақпарат» жобасын өз тобындағы үздіктердің бірі ретінде атап өтті.
 
2021 жылдың 12-19 ақпан аралығында Халықаралық Кітап сыйлау күніне орай С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхана «Кітап – баға жетпес сый» акциясын ұйымдастырды.
 
23 ақпан күні №4 «Сырлас» кітапхана-филиалында «Кітапқұмар балалар» атты әдеби үйірме ашылды.
 
26 ақпан күні Саяқ кентіндегі №6 кітапхана-филиалында «Алтын сандық» сәндік-қолдаңбалы өнер үйірмесі ашылды.
 
Алғыс айту күніне орай С.Сейфуллин атындағы ОҚК этно-мәдени орталықтардың өкілдерімен «Рахмет саған, Қазақстан жері!» тікелей эфирде кездесу өтті.
 
«Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Алғыс айту күніне арналған «Туған елге мың алғыс!» челленджін «Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығы» КМҚК қабылдап, «Балқаш қалалық тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚК жолдады.
 
Халықаралық әйелдер күніне орай қаланың қоғамдық – саяси өміріне белсенді атсалысып және еліміздің өркендеуіне зор үлес қосқаны үшін «Көшбасшы ару – бірегей тұлға» номинациясымен Балқаш қалалық мәслихатының депутаты, Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы, «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директоры Л.В.Власова, қаланың қоғамдық - саяси өміріне белсене қатысқаны және еңбектегі жоғары жетістіктері үшін Балқаш қаласы әкімінің м.а. А.Б.Капашевтың Құрмет грамотасымен №4 «Сырлас» кітапхана-филиалының кітапханашысы Ж.Т.Алиева марапатталды.
 
10 наурызда Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханаларында «Парасат жолы» орталығы және бұрыштары өз жұмысын бастады. С.Сейфуллин атындағы ОҚК «Парасат жолы» орталығының ашылуына «Балқаш қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Балапанова Ж.С., Ардагерлер кеңесінің төрағасы, денсаулық сақтау саласының ардагері Жұманов Т.А., Аналар кеңесінің төрайымы, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі, білім беру саласының ардагері Сыздықова Ш.Р., ақын, денсаулық сақтау саласының ардагері Бекмағамбетов К.М., мемлекеттік қызмет ардагері, Ә.Бөкейханов қорының төрағасы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, жазушы Жарылғап М.С., ақын, жазушы, журналист Сәденов Қ.М., ақын Бөлекова М.И., ақын, тілші Кәрім Н.М., қалалық мешіттің наиб-имамы Естай А., қалалық БАҚ өкілдері қатысып, әдебиет арқылы парасаттылықты дәріптеу туралы өз ойларымен бөлісті. «Парасат жолы» орталығының іскерлік алаңындағы сұхбат барысында қатысушылар жастардың бойында парасаттылық, адалдық, әділдік қасиеттерін тәрбиелеу, қоғамдық ортадағы сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру туралы өз пікірлерімен бөлісті. 
 

18 наурызда С.Сейфуллин атындағы ОҚК «Бір ел – бір кітап» акциясы және «Парасат жолы» жобасы аясында ақын, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері, Қазақстан Жазушылар одағының, Журналистер одағының және Халықаралық жазушы әйелдер гильдиясының мүшесі Досжан Сәуле Мағазбекқызымен «Сырға толы нұрлы бейне» атты тікелей эфирде кездесу өтті.  
 

 «Bookdating – кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасы аясында  С.Сейфуллин атындағы ОҚК қаланың табысты адамдарымен кездесулер ұйымдастырылуда. Наурыз мейрамы қарсаңында «Парасат жолы» орталығының қызметі негізінде ОКЖ инстаграм парақшасында «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, «Садақ, арбалет және дартс тарту Федерациясы» қоғамдық бірлестігінің Балқаш қалалық филиалының директоры, садақ атудан Қазақстан Республикасының спорт шебері, ЖББ №9 қазақ орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Мұхаметжанов Жұмағазы Тұрсынұлымен «Салт-дәстүрді дәріптеген ұстаз» атты тікелей эфир өтті.

Қала күніне орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Парасат жолы» орталығы аясында жергілікті ақын, композитор, журналист Қуандық Мақсұтұлы Саденовпен «Туған өлке – тұнған шежіре» атты тікелей эфир өтті.

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ОКЖ-де онлайн режимде «KITAP FEST» кітап фестивалі өтті. ОКЖ әлеуметтік желі парақшаларында оқырмандарымыз және жазылушыларымыздың назарына келесі іс-шаралар ұсынылды:

  • «KITAP FEST» кітап фестивалінің бейне презентациясы;
  • «Балқаш өңірінің әдеби - мәдени мұрасы» бейнеролик;
  • «Ойлан, тап!» интеллектуалды викторинасы;
  • «Қазақтың дарқан дастарханы» кітап асүйі;
  • «Өз қолымнан шыққан кітапшалар» шеберлік сағаты;
  • «Үміт үзбе» қайырымдылық қорының төрағасы, «Billionaire» бизнес клубының басшысы, ILC халықаралық тілдер мектебінің директоры Оралхан Дәулетұлымен «Кітап - уақыт пен кеңестіктің тынысы» атты тікелей эфир;
  • «Бір үзім нан» саунд-оқу (әуен тыңдап оқу);
  • «Кітап арқылы экологияны тану» медиа-саяхат;
  • «Кітап - өмір ұстазы» бейнеролик

Әлеуметтік желі пайдаланушылары мен оқырмандары арасында «Мен оқыған бір кітап...» атты онлайн-эссе жазу байқауы жарияланған болатын. Қазылар алқасы мүшелері (ақын, тілші, көптеген әдеби байқаулардың жеңімпазы Н.Кәрім, «Балқаш қаласының тілдер орталығы» КММ директоры Қ.Мәулетова, «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ директорының орынбасары Б.Мұхаметжанова) байқау қатысушыларының 24 жұмысымен танысты. Байқау қорытындысы: Олжас Павлик (Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицей) және Ксения Овчинникова (№17 мектеп-лицей) байқау жеңімпаздары және І дәрежелі диплом иегерлері атанды. ІІ дәрежелі дипломға Тоғжан Енырбаева (№17 мектеп-лицей) және Аяна Тілек (С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия) ие болды. ІІІ дәрежелі дипломдарды Анарбай Аққожа (зейнеткер), Сұлтан Өмірсерік (С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия), Аяжан Каркунова (№2 мектеп-лицей) бөлісті. Байқаудың ең жас қатысушылары Айару Басқар (С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназия) мен Арайлым Мұздыбаева (№5 орта мектеп) «Ең жас дарын» номинациясымен марапатталды. Қалған сайыскерлерге қатысқандары үшін алғыс хаттар табысталды. Марапаттау рәсімі барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өткізілді.

«KITAP FEST» фестивалі аясында №1 кітапхана-филиалында Қазақстан Республикасы Жастарының Алтын төсбелгісінің иегері Қанат Қанафинмен тікелей эфирде «Ой маржаны – кітап» атты кездесу өтті.

Жеңіс күніне орай  ОКЖ әлеуметтік желілердегі өз парақшаларында «Ұлы Жеңіс ұрпақ есінде» - «Великая Победа в памяти поколений» естелік-акциясын, «Жеңістің жаңғырығы – ерліктің мәңгілігі» - «Этих дней не смолкнет слава» онлайн марафон (А.Гайдар атындағы ОҚБК) ұйымдастырды.

Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы ұйымдастырған «Супер әке. Супер папа» атты шығармашылық бейнежұмыстарының облыстық онлайн байқауының «Әкеммен бірге» номинациясы бойынша (12-15 жас) А.Гайдар атындағы ОҚБК жас оқырманы Мұхаметжан Райымбек жеңімпаз атанды.

15 мамыр Халықаралық отбасы күніне орай №1 кітапхана-филиалында көпбалалы ана, ұстаз Т.Мейраммен «Отбасы бақыт аясы» атты библио-кездесу өтті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапхананың «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапхана басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ү.Мұңалбаеваның Алғыс хатымен «Ертегі әлемінде» атты жобаның «Үздік ертегіші» республикалық on-line байқауына белсене қатысып, ертегіні көркем әңгімелеп беруде өнерпаздық таныта білген біздің оқырмандарымыз Бахыт Қамбарова (А.Гайдар атындағы ОҚБК), Аружан Болат, Аяулым Болат, Дария Третьякова (Ф№1), Жанболат Қозыбаева, Меруерт Утенова, Арайлым Мұздыбаева (Ф№4) марапатталды.

15 мамырда А.Гайдар атындағы ОҚБК «Сиқырлы аспалы сөмке» атты жазғы оқулар акциясы бастау алды.

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні аясында қаламыздың өнері мен мәдениетін дамытуға қосқан зор үлесі үшін Балқаш қаласының әкімі О.К.Таурбековтың Алғыс хатымен анықтама-библиография бөлімінің басшысы Л.Кенжебекова, С.Сейфуллин атындағы ОҚК оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы П.Бұхарбекова, Балқаш қаласы әкімінің орынбасары С.Ж.Жақсылықованың Алғыс хатымен №4 кітапхана-филиалының меңгерушісі Н.Мұсұлманбекова марапатталды.

27 мамырда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жылдың үздік кітапханашысы - 2021» Қарағанды облысының жас кітапханашылары арасында кәсіби шеберлік байқауының II кезеңі және қорытындысы шығарылды, ұйымдастырушы - Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы, ал құрылтайшысы - Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы. Бірінші кезеңде қатысушылар конкурстық құжаттар пакетін - кітапханашы кәсібінің әлеуметтік маңыздылығын көрсететін портфолио, «Тәуелсіз Қазақстанның кітапханашысы» тақырыбындағы эссе және қатысушының өзі өткізген патриоттық іс-шараның электронды презентациясын ұсынуы тиіс болды. Екінші қорытынды кезеңінде құжаттарды қарау нәтижелері бойынша кәсіби құзыреттілігі, коммуникативтік қабілеттері және кәсіби терминологияны меңгеруі бағаланды. Облыс бойынша 26 қатысушыдан 8 жас кітапханашы екінші кезеңге өтті, олардың ішінде біздің қызметкерлер - С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Марина Ахмедовна Узбаева және А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы Анна Евгеньевна Чабанюк болды. М.А.Узбаева байқау жеңімпаздарының бірі атанып, ІІІ дәрежелі Диплом мен ақшалай сертификаттың иегері атанды, байқауға қатысқандары үшін А.Е.Чабанюк Грамотамен, А.Б.Мұстафина Сертификатымен марапатталды

31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай ОКЖ-де Шашубай кенті мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Махмұтова Айзада Амангелдіқызымен «Азалы тарихқа – айрықша тағзым» (С.Сейфуллин ат.ОҚК), «Зобалаң жылдың зардабы» (А.Гайдар ат.ОҚБК) «Зияткер» мамандандырылған мектеп-интернатының тарих пәнінің мұғалімі Спатаева Шырақ Сағындыққызымен тікелей эфирлері өтті.

7 маусым «Парасат жолы» орталығының жұмысы аясында С.Сейфуллин атындағы ОҚК Балқаш қаласының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығының теолог маманы Әбдіқадыр Давидұлы Сейтқалимен «Имандылық, парасаттылық - тәрбие негізі» атты тікелей эфирде кездесу ұйымдастырылды.

16 шілде күні С.Сейфуллин атындағы ОҚК Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, «Парасат жолы» орталығының жұмысы және «Bookdating – кітап оқу арқылы өз болашағыңды жаса» жобасын жүзеге асыру аясында «Казахмыс Смэлтинг» ЖШС мыс балқыту цехының балқыту бөлімінің ауысым шебері Сатбеков Исағалы Сабырғалыұлымен тікелей эфирде кездесу өтті.

Ұлттық домбыра күніне орай Н.Гоголь ат. ОӘҒК ұйымдастыруымен өткен «Сал домбыра, Сарыарқа» атты облыстық челленджіне ОКЖ қатысты.


Әлеуметтік желідегі ОКЖ парақшасында жергілікті ақындардың өлеңдерін насихаттау мақсатында «Жыры бар елдің жүрегінде нұры бар» атты поэзия оқуларының циклы бастау алды.

 
Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Парасат жолы» орталығы аясында кітапханада «Ата Заң – нұрлы өмір шырағы» Балқаш қаласы ЖББ №9 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Әбдіғаппар Үміт Сейтжанқызымен (ОҚК), «Жастар мен заң» (ф№1) Балқаш қаласының ПБ ТБ тергеушісі, полиция лейтенанты Саматова Рауана Қайратқызымен тікелей эфирде кездесулер ұйымдастырылды.
 
Еңбек күніне орай С.Сейфуллин атындағы ОҚК «Парасат жолы» орталығы аясында Балқаш қаласындағы «Балқашстоматология» тіс емханасының директоры Искаков Қаныш Мәдениетұлымен «Еңбек –ырыстың бұлағы, еңбек – бақыттың шырағы» тікелей эфирінде кездесу ұйымдастырылды.
 
Қыркүйек айында Гүлшат кентіндегі №7 кітапхана-филиалы клуб ғимаратына көшірілді.
 
 
Ұстаздар мерекесі қарсаңында «Парасат жолы» орталығы аясында «С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Аханова Айдана Кынаровнамен «Ұстазым менің, ұстазым» атты тікелей эфирде кездесу өтті.
 
Қасым Аманжоловтың 110 жылдығына орай С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада «Күніне жүз ойланып, мың толғанам, өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп...» онлайн-байқауы ұйымдастырылды. Ақынның шығармаларын көркем шеберлікпен оқыған қатысушы жастардың бейнероликтері әлеуметтік желілердегі ОКЖ-ның парақшаларында #онлайнбайқау2021, #қасымаманжолов110жыл, #БалқашОКЖ хэштэгтерімен жарияланып, тіркелушілеріміздің назарына ұсынылды. Бейнероликтерді қазылар мүшелері құрамында облысымызға белгілі ақын, сазгер, журналист Қ.М.Сәденов, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, талантты ақын Н.М.Кәрім және «Балқаш өңірі» газетінің бас редакторы Қ.С.Аманқұлов қарап шығып, әділ бағасын берді. Қазылар мүшелері ең бастысы, байқаудың ережесінде көрсетілген талаптарға сай Қ.Аманжоловтың өлеңдерін қатысушылардың мәнерлеп, жатқа айтуларына баса назар аударды. Қазылар алқасының шешімі бойынша Бас жүлдеге С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Мағжан Сағынтай ие болды. Жүлделі I-ші дәрежелі Дипломмен С.Сейфуллин атындағы ОҚК кітапханашысы Гүлбағым Сапар, II-ші дәрежелі Дипломмен ҚарМУ студенті Балнұр Хожагельдиева, III-ші дәрежелі Дипломмен С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Төле Райс марапатталды. «Әлеуметтік желіде ең көп дауыс жинаған» номинациясы бойынша Тәттімбет атындағы өнер колледжінің студенті Аида Сайранова, «Үздік бейнеролик» номинациясы бойынша №16 ЖББ мектебінің ұстазы Асхат Игембеков, «Белсене қатысқаны үшін» номинациясы бойынша Ә.Мусин атындағы БГТК студенті Айсұлу Маратқызы танылып, басқа қатысушылар Алғыс хаттарға ие болды. Онлайн-байқаудың қорытындысы @balqashokj Instagram парақшасында тікелей эфирде жарияланды. Барлық санитарлық ережелерді сақтай отырып, кітапханада марапаттау рәсімі өтіп, қатысушыларға өз жүлделері табысталды.
 
С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхана қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақиық ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туған күніне орай, ақынның шығармашылығын насихаттау, көркемсөз оқу шеберлігін дамыту, талантты жастарды қолдау мақсатында «Сұлу жырдың сұңқары» дәстүрлі онлайн-байқауы ұйымдастырылды. Байқауға Сәкен өмірінен, шығармашылығынан сахналық көрініс көрсету және Сәкеннің бір кітабына буктрейлер жасау секілді 2 түрлі аталым бойынша қатысушылардан жұмыстар келіп түсті. Қазылар мүшелерінің құрамына кірген облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, талантты ақын Н.М.Кәрім, Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығының «Қуыршақ» театрының жетекшісі М.Н.Утенова, Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Б.К.Мухаметжанова үміткерлерден келген жұмыстарды қарастырып, байқаудың қорытындысын шығарды. І-ші дәрежелі Дипломмен С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Зере Бағдат, ІІ-ші дәрежелі Дипломмен Балқаш гуманитралы-техникалық колледжінің студенттері Айнұр Қонысбай, Толғанай Сулембекова және ІІІ-ші дәрежелі Дипломдармен «Казақмыс Смэлтинг» ЖШС жұмыскері Ринат Рақыжан, С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының оқушысы Мадина Байсеркина, кітапханашы Мақпал Мұхамеджанова марапатталды. Барлық қатысушыларға дипломдар, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
 
С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өлке халқының ыстық ықыласына бөленіп жүрген ақын, ҚР Журналистер және Жазушылар одақтарының мүшесі, Балқаш қалалық «Қаламгер» әдеби қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жазушы Жанболат Башарұлының «Абыз бен аңыз» кітабының тұсаукесері ұйымдастырылды.
 
2021 жылдың 6 қазанынан бастап ОКЖ директоры лауазымына Б.Мухаметжанова тағайындалды.
 
Жалынды журналист, шежіреші, ақын, сазы мен назы бөлек әндерді тудырған сазгер, өңірге танымал Қуандық Мақсұтұлының 60 жылдық мерейтойына арналған С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Жыр арнадым, ән арнадым еліме» атты жыр сүйер қауыммен әдеби кездесу болып өтті. Мерейгерді Балқаш қаласы әкімінің орынбасары С.Жаксылыкова құттықтап, әкім О.Таурбеков және мәслихат хатшысы Қ.Тейляновтың атынан құттықтау хат, сый-сияпатын табыстады. Іс-шараға келген қонақтар: Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі, Балқаш қалалық «Қаламгер» әдеби қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жазушы Ж.Башарұлы, «Құлық Жалаңтөс - Таңат баба» қоғамдық қоры басқарма алқасы және төрағасы М.Татибеков, «Северное прибалхашье» газетінің тілшісі С.Науанбаев, өнерімен танымал азамат Б.Аринов, ақын М.Бөлекова, талантты ақындар Н.Кәрім, М.Күземханов,  А.Байыс, «Балқаш өңірі» газетінің бас редакторы Қ.Аманқұлов, тілші Е.Бақтораз және т.б.
 
А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы Қарағанды ​​облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының, Абай атындағы ОБК ұйымдастырған Балалар әдебиеті жылына арналған «ҚАРАҒАНДЫ БИБЛИОДАЙВИНГІ» Қарағанды облысы балалар кітапханаларының фестиваліне қатысты.

29 қараша күні «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ мемлекеттік қызметкерлері жоспар бойынша аттестаттау сынағынан өтті.

С.Сейфуллин ат.ОҚК ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында «Кітап оқып, 30 жылдықты атап өт» онлайн-байқауын жариялаған болатын. Байқау шартына сәйкес қатысушылар «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына - 30 кітаптың» тізімінен оқыған әдеби туындының мазмұнын барынша ашып, өз қалаулары бойынша ерекше, креативті пост жасауы шарт болды. Байқауға 13 үміткер қатысты. Қазылар алқасының мүшелері: кітапхана ісінің ардагері Р.Искакова, «Балқаш өңірі» газетінің бас редакторы Қ.Аманқұлов, №25 орта мектебінің мұғалімі, бейнеоператор Ж.Бөлеген үміткерлердің жұмыстарын бағалап, байқау қорытындысын шығарды. «Кітап оқып, 30 жылдықты атап өт» байқауының Бас Жүлдесіне Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің студенті Назерке Төлеубаева, І дәрежелі Дипломға №8 орта мектебінің оқушысы Назерке Омарова, ІІ дәрежелі Дипломға М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенті Жаннұр Наурызғали, ІІІ дәрежелі Дипломға Бұқар жырау ауданы Ботақара кентіндегі Аудандық орталық модельді кітапхананың кітапханашысы Индира Аскарова ие болды. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталып, басқа қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, байқау Ережесінің шарты бойынша әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда қойылған бейнероликтерге жазылған пікірлер де есептелінді. Ең көп пікір және лүпіл жинаған бейнероликтің авторы Саяқ кентінің электр желілері мен қосалқы станциялар цехының электромонтері Айгерим Науханбековаға «Көрермендер көзайымы» номинациясы берілді.

2021 жылғы 10 желтоқсанда Қарағанды қаласында Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған VI облыстық «Ақпараттық кеңістіктегі кітапханалардың даму үрдісі» атты кеңейтілген семинары өтті. Семинарға Қарағанды облысы бойынша кітапханалар мен ОКЖ басшылары қатысты. Кітапханалық – митап, яғни, бейресми түрде өзара тәжірибе алмасу барысында №5 балалар кітапхана-филиалының мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Күншуақ» клубының атқарылып жатқан жұмысы таныстырылды. Жыл қорытындысы бойынша Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінің «Күншуақ» клубы үздік деп танылып, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Жұмакеновтың атынан Алғыс хат және сыйлық табыс етілді.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «2022 жылға арналған атаулы күндер күнтізбесі» ақпараттық-әдістемелік материалын жасаудағы үлесі үшін Алғыс хатымен кітапханаларды дамыту және әдістемелік секторының басшысы  Ж.К.Сопина марапатталды.

Қазақстан РеспубликасыТәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Балқаш қаласының әкімі О.К.Таурбековтың Құрмет грамотасымен №2 кітапхана-филиалының меңгерушісі М.А.Абилкасова, кітапханалық үдерістерді автоматтандыру бөлімінің кітапханашы-бағдарламашысы Б.Е.Бозова, Балқаш қаласының әкімі О.Таурбековтың Алғыс хатымен ОКЖ мұрағатшысы А.А.Тасова, күзетші М.С.Алгамжанов марапатталды.

«Тілдер орталығы» КММ ұйымдастырған «Тәуелсіздік тірегі – мемлекеттік тіл» онлайн викторинада С.Сейфуллин атындағы ОҚК кітапханалық үдерістерді автоматтандыру бөлімінің басшысы К.А.Жолнерова жүлделі ІІІ дәрежелі Дипломмен, белсенді қатысқандары үшін оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы М.А.Узбаева, А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасының кітапханашысы А.Е.Чабанюк Алғыс хаттармен марапатталды.


2022 жыл

 

Күміскөмей әнші, Халық қаһарманы Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толуына орай А.Гайдар ат. ОҚБК «Ақмаңдайлымды әуелеткен қазақтың бұлбұлы» атты әншінің шырқаған әндерінен челлендж ұйымдастырды.

Әлеуметтік желідегі ОКЖ парақшасында қаламыздың 85 жылдығына орай «Балқаш қаласының жылнамасы» онлайн-шежіресі мен «Балқаш қаласының Құрметті азаматтары» өлкетану онлайн-көрме галереясы бастау алды.

Халықаралық кітап сыйлау күні аясында ОҚК-да 10-17 ақпан аралығында «Книга – бесценный дар» акциясы өтті.

Кітапханаларды дамыту және әдістемелік секторы ұйымдастырған «Кәсіби шеберліктің сатылары» жобасы аясында ОКЖ қызметкерлері арасында «Мен не туралы айтқым келеді: мәселелер, тәжірибе, көмек» кейс-стади форматында диалог-семинары өтті.

Алғыс айту күніне орай А.Гайдар ат. ОҚБК «Балалық шақтың жарқын бояуы» атты балалар суреттер челленджін ұйымдастырды.

С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхана «Жақсылыққа тағзым» мейірімділік марафонын «Балқаш саңыраулар клубы» КМҚК-дан қабыл алып @bkgbalkhash, «Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығы» КМҚК-ға @kdtsbalkhash жолдады.

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында дарынды және шығармашыл кітапханашыларды анықтау, олардың кәсіби дәрежелерін дамыту, кітапханашы мамандығының беделін арттыру мақсатында С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Үздік кітапханашы» кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқауға кітапханаларымыздың мамандары арасынан 4 топ құрылып, аруларымыз 5 кезең шарттары бойынша сынға түсті. Алғашқы кезеңнен-ақ барлық топтың ерекше дайындықпен келгендігі аңғарылды. Бірінші болып сахнаға шыққан «Librarian girls» командасы көпшіліктің көңілінен шықты. Топтың таныстыруы бойынша, бұл ағылшын тілінен аударғанда «Кітапханашы қыздар» деген мағына береді екен. Келесі әріптестеріміз топтарын «ББК» атапты. Олар креативті  жастар ретінде ерекшеленді. «Қызғалдақ» тобы ерекше көрме ұсынып, байқаудың сәнін келтірді. Әзілді музыкалық қойылым кезеңінде «Кербез» тобының пародия өнеріне жиналғандар тәнті болып, керемет көңіл-күй сыйлағандары үшін қошеметке бөледі. Барлық топ үлкен дайындықпен келген, әрқайсысы өнерлерін тек биіктен көрсете білді әрі тамаша мерекелік атмосфера сыйлады. Сайыс соңында барлық команда түрлі номинациялармен марапатталып, Дипломдар мен сыйлықтар иеленді: «Қызғалдақ» тобы – «Креативті» номинациясымен, «ББК» тобы «Шығармашыл», Кербез тобы «Ерекше» және «Librarian girls» тобы «Позитивті» номинацияларымен марапатталды.

Қарағанды облыстық «SARYARQA» телеарнасында мемлекеттік қызметкерлер арасында мемлекеттік тіл саясаты мен төл тарихты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Oiöris» зияткерлік телеойынында Балқаш қаласының намысын қорғаған С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері Кенжебекова Лаура Талғатқызы, Шахарова Камшат Бейсембайқызы және Бөкен Дина Әбішқызы жеңіспен оралды.

С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Темір жолы - өмір жолы» атты туындының тұсаукесер рәсімі өтті. Кітаптың құрастырушылары, ағайынды Алмас және Ғазиз Ариновтар - теміржол саласында біраз жылдар бойы қызмет етіп келе жатқан жас талапкер жандар, тепловоз машинисінің көмекшілері.
 

Әсем  қаламыздың мерейтойы аясында С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапхана қаламыздың ескерткіштері бойынша «Туған жер - тұнған тарих» атты квест-ойынын ұйымдастырды. Ойынға студент жастардан «Алау», «Жерұйық», «Өлкетанушылар» атты 3 команда құрылды. Ойын шарты бойынша команда мүшелері қаламызда орналасқан тарихи ескерткіштер мен мәдени орындарды сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы табу керек болды. Олар Өнер мектебінің жанындағы «Шашубай Қошқарбайұлы», «Балқаштың алғашқы құрылысшыларына арналған монумент», №15 мектеп-лицейінің жанындағы «Әлихан Бөкейхан», «Алғашқы паровоз ЭМ-4880», «Чернобыль АЭС зардаптарын жоюшы-балқаштықтарға арналған» тарихи ескерткіштерінде болып, жасырылған түрлі сұрақтарға белсенді жауап берді. Ойын нәтижесінде белгіленген маршруттың барлығында тапқырлық пен шапшаңдық танытқан Балқаш көпсалалы колледжінің «Жерұйық» командасының жастары соңғы нүктеден Балқаш қаласының логотипі жасырынған қорабшаны тауып, жеңімпаз атанды.
 

Қаламыздың мерейтойы аясында А.Гайдар атындағы ОҚБК пайдаланушыларды қаланың қызықты, ерекше және аз танымал жерлерімен таныстыру мақсатында «Туған жер - тұнған тарих» селфи - жолсілтеме жобасын іске асырды.
 

С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада қоғамдағы кітап мәртебесінің маңыздылығын арттырып, түрлі санаттағы қала тұрғындарын кітап оқуға тарту барысында «KITAPFEST» кітап фестивалі ұйымдастырылды. Кітапхана қонақтарына әр түрлі залдар ұсынылды, онда қатысушылар өз білімдерін сынап, шығармашылық қабілеттерін ашып, өз тәжірибелерімен бөлісті. «Қаттырақ сөйле, сен кітапханадасың!» атты библиосейшнде формуляр толтыру, пайдаланушыларға кітап беру, кітап көрмесін ұйымдастыру және т.б. шараларда жастар өздерін кітапханашы ретінде сезінуге мүмкіндік алды. «Әр өлеңі – бір әлем» атты поэзия алаңында поэзия сүйер қауым өлең оқып, сүйікті авторлары туралы білімдерін ортаға салды. Балқаштықтардың білімі мен білгірліктерін сынау мақсатында өлкетану залында «Қазыналы Балқаш» викторинасы, қала көшелерінде «Жүйрік кітап» акциясы өтті. Кітапханамыздың оқу залында ең жас оқырмандарға арналып «Қуыршақ» театрының Ы.Алтынсарин шығармасы бойынша «Қарға мен түлкі» қойылымы көрсетілді. Кіреберісте ұйымдастырылған «Жақсы кітап – жан азығы» буккроссингі көпшіліктің көңілінен шықты. Сондай-ақ, «Мен оқыған бір кітап» коворкинг орталығында пікірталас өтіп, шақырылған қонақтар – кикбоксингтен республикалық жарыстардың жеңімпазы Р.Лукьянчук, қала әкімі грантының иегері, болашақ кәсіпкер А.Сатенов, ЖББ №16 мектебінің оқушысы, корей тілін жетік меңгерген А.Амирова өздері оқыған кітаптар туралы өз пікірлерімен бөлісті. Селфиді жаны сүйетін жандар үшін фотоаймақтар ұйымдастырылды. Соңында барлық қатысушылар караоке алаңына жиналып, барлығына ұнайтын танымал әндерді шырқады.
 

«Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ қаладағы ескерткіштердің маңын қоқыстан тазалау бойынша қала мекемелері арасында «Монументалды өнердің тазалығы» байқауын ұйымдастырған болатын. С.Сейфуллин атындағы ОҚК қызметкерлері қаламыздың Ә.Бөкейханов көшесінде орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішіне тазалау жұмыстарын жүргізіп, байқау-акциясына белсене қатысқаны үшін «Үздік ұжым» атауымен Дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.
 

Балқаш ОКЖ Қарағанды қаласының Н.В.Гоголь атындағы ОӘҒК ұйымдастырған екі мәрте Кеңес Одағының батыры, авиация генерал-майоры Талғат Бигелдиновтың туғанына 100 жыл толуына орай «Қазақтың қайсар қыраны» атты әдеби челленджге қатысты.
 

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен Әлжаппар Әбішевтің 115 жылдығына және Ғабиден Мұстафиннің 120 жылдығына арналған «Әдебиеттегі дара тұлғалар» атты облыстық өлкетану байқауына біздің оқырмандар қатысып, Төлеубаева Назерке «Үздік буктрейлер» номинациясының Мадақтамасымен, Адалбекқызы Кәусар, Әбубәкір Диана, Манатаева Әлия Алғыс хатымен марапатталды.
 

С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада 25 сәуірден 4 мамыр аралығында Ұлы Жеңіс күніне орай «Оқимыз! Білеміз! Есте сақтаймыз!» айдарымен онлайн-фотобайқауы ұйымдастырылды. Байқауға әр түрлі жас аралығындағы 17 оқырман қатысты. Олар байқаудың шарты бойынша соғыс тақырыбында өздеріне ұнайтын кез келген кітаппен суретке түсіп, сол кітап жайлы кішігірім ақпарат беруі тиіс болатын. Барлық ұсынылған жұмыстар ОКЖ-ның Facebook, Instаgram парақшаларында жарияланып, оқырманның назарына ұсынылды. Халықтың көңілінен шыққан жұмыстар ең көп пікір мен лүпіл санына қарап анықталды. Фотобайқауға қатысушылар өз жұмыстарымен соғыс тақырыбындағы әдебиеттерді оқуға деген қызығушылықтарын көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша Қалиев Тимур жеңімпаз атанды (180 лүпіл). 2-орынды Шынат Күнсәуле (110 лүпіл), ал 3-орынды Битусупова Алина (104 лүпіл) иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломмен және сыйлық сертификаттарымен марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.
 

14 мамыр күні «Біз - таза қала үшін!» ұранымен Балқаш қаласының Орталықтандырылған кітапхана ұжымы «Самолет - «Миг» монументі алаңын қоқыстан тазартуға бағытталған сенбілікке жиналды. Сенбілік жұмыстары жылдам әрі сапалы өтуі үшін жұмысты бастамас бұрын алаңға көңілді әуен қойылып, денені шынықтыру жаттығулары жасалды. Артынша кітапхана ұжымы жиналғандарға «Bookcrossing» акциясын өткізіп, тазалық, сенбілік туралы сұрақ - жауап ойынын ұйымдастырды.
 

Халықаралық отбасы күніне орай С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Отбасы - бақыт мекені» атты Молдахметовтар отбасымен кездесу өтті.
 

Балқаш қаласының 85 жылдығы аясында мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай қаламыздың мәдениеті мен өнер саласын дамытудағы еңбегі үшін Балқаш қаласының әкімі О.Таурбековтың Құрмет грамотасымен кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторының әдіскері Н.Қабызова, №4 кітапхана-филиалының кітапханашысы Н.Хамиева. Балқаш қаласының әкімі О.Таурбековтың Алғыс хатымен С.Сейфуллин ат. ОҚК оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары Ы.Үмбетова, А.Мағауова, А.Гайдар ат. ОҚБК кітапханашысы А.Чабанюк, Гүлшат кентінің №7 кітапхана-филиалының кітапханашысы К.Мугманова, қорды пайдалану және ұйымдастыру секторының кітапханашысы М.Бимолдина, А.Гайдар ат. ОҚБК кітапханашысы Л.Кадирова «Мәдениетті дамытушы тұлға» номинациясымен марапатталды.
 

«Балқаш қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ қазақтың рухани көсемі атанған Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ұлт ұстазымен үндесу» челленджін ұйымдастырды.

25 мамыр күні Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Көкжиек» мемлекетаралық кәсіби жобасы шеңберінде «Кітапхана және жастар: алға қадам. Кітапханалардың жұмыс тәжірибесі, жаңа идеялар, әдістер, құралдар мен жұмыс тәсілдерін іздестіру» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға Ақпараттық-библиографиялық бөлімі басшысының м.а. М.Тускеева қатысып «Креативті идеялар, инновациялық тәжірибелер банкі» байқауына белсене қатысқаны үшін және жасөспірімдер арасында оқуды насихаттаудағы шығармашылық көзқарасы үшін Алғыс хаты мен сертификатына ие болды.

 

26 мамыр күні Ақжолтай Ағыбай батырдың туғанына 220 жыл толуына орай №4 «Сырлас» кітапхана-филиалында «Тәуелсіздікті ту еткен Ағыбай батыр» атты тарихи-танымдық кездесу өтті. Шараға Ағыбай батырдың ұрпағы Татиева Қанағат Тарғынқызы тарихи деректерімен бөлісті. Шара соңында «Ақжолтай Ағыбай батыр» қоғамдық қорының төрағасы Мұсабеков Ғабит Айтжанұлы кітапханаға «Арғын шұбыртпалы шежіресі» кітабын сыйға тартты.
 

23-24 маусым күндері С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен және Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітапхана және аймақтың мәдени кеңістігі» атты облыстық әдістемелік практикум өтті.


С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада Балқаш қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы білім саласының Құрметті қызметкері, мемлекеттік қызметтің ардагері Л.Тукбаеваның «Дорогами славы отцов» кітабының тұсаукесер рәсімі ұйымдастырылды.

С.Сейфуллин ат. ОҚК Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Талғат Егізбайұлы Ерімбетовпен «Ақиқатқа айналған ата-баба арманы» онлайн тарихи-тағылымдық сағаты өтті.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, тарихшы, өлкетанушы, журналист Күләш Ыбыжанқызының мерейлі 85 жасқа толуына орай С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Өлкемен өскен өнегелі өмір иесі» атты кездесу ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай А.Гайдар атындағы ОҚБК флешмоб ұйымдастырды.

21 маусым күні Балқаш қаласының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері Орталық қалалық саябақта «Open-air» форматында «Жаз, кітап, мен – достар!» жазғы оқулар маусымының ашылуын өткізді. Шараға мектеп жанындағы лагерьлердің балалары мен мүмкіндігі шектеулі балалар шақырылды. Мәнді демалысты қамту, олардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылыққа, қарым-қатынасқа, табиғатты құрметтеуге үйрету, балалардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында – кітапхана салоны, буккроссинг, театрландырылған қойылым, викториналар мен спорттық-ойын-би алаңдары ұйымдастырылды.

№4 «Сырлас» кітапхана-филиалында Балқаш қаласының әкімшілік полиция бөлімінің әкімшілік тәжірибе тобының аға инспекторы Айжан Шнарбекқызы Медеубаевамен «Нашақорлық - қоғам дерті» атты кездесу-сұхбат өтті.

Маусым, шілде, тамыз айларында С.Сейфуллин ат. ОҚК «Open-air» форматында жазғы оқу залын М.Хамзин ат. Мәдениет сарайының алдыңғы алаңында жұмыс ұйымдастырды.

С.Сейфуллин ат.ОҚК «Біз есірткіге қарсымыз!» акциясын өткізіп, есірткінің зияны және бұл мәселені шешу жолдары бойынша сауалнама жүргізді. Әңгімелесу барысында қатысушыларға есірткіге қарсы үндеулер жазылған буклеттер таратылды.

6-9 қыркүйек аралығында С.Сейфуллин атындағы Орталық қалалық кітапханада «Кітапхана - үміт пен білім аралы» атты ашық есік күндері өтті.

С.Сейфуллин ат.ОҚК ҚР Конституциясы күні қарсаңында Балқаш қалалық сотының судьясы Бахтияр Рымханұлы Акановпен «Елдіктің асыл тірегі – Ата заң» атты кездесу ұйымдастырылды.

Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, халқын алға жетелеуге ұмтылып, санасын оятқан Алаштың рухани көсемі – Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай С.Сейфуллин ат. Орталық қалалық кітапханада «Ұлтым деп өткен ұлы тұлға» атты оқырмандар конференциясы ұйымдастырылды.

С.Сейфуллин ат.ОҚК Балқаш қаласының конфессияаралық қатынастар мәселелерін зерттеу және талдау орталығының теологы Тұрлыбек Қыдыр Сәкенұлымен «Жастардың діни сауаттылығы және қоғам» атты кездесу өтті.

С.Сейфуллин ат.ОҚК Балқаш қаласының Құрметті азаматы, аналар кеңесінің төрайымы, қалалық білім саласы ардагерлерінің төрағасы, ардагер-ұстаз Сыздыкова Шайзада Рыскуловнамен «Ана – өмірдің ажары» атты кездесу ұйымдастырылды.

17 қыркүйек күні ОКЖ Балқаш қаласының 85 жылдығына арналған «Алтын күз-2022» фестивалі аясында «Күз дәмі» нан-тоқаш өнімдері көрме-байқауын өткізді.

15 қазан - қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ақиық ақын, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туған күні. Атаулы күнге орай С.Сейфуллин атындағы Орталық қалық кітапханада «Сұлу жырдың сұңқары» атты дәстүрлі Сәкен оқулары өтті. Байқаудың талаптарына сәйкес С.Сейфуллиннің прозалық шығармаларынан үзіндіні мәнерлеп жатқа оқу және ақынның кез келген өлеңін немесе поэмаларынан үзінді мәнерлеп жатқа оқу секілді 2 түрлі аталым бойынша қатысушылар өз кезегімен дауыстап оқу өнерлерін ортаға салды. Қазылар алқасының мүшелері - мәдениет саласының ардагері Р.Искакова, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі, талантты ақын Н.Кәрім, Балқаш қаласының мәдени-сауық орталығының «Қуыршақ» театрының жетекшісі М.Утенова үміткерлерді бағалап, байқаудың қорытындысын келесідей шығарды: «Біртуар дарынның әдеби әлемі» номинациясы бойынша: І орын– Қайдар Айтолқын, ІІ орын– Қошқаров Али, ІІІ орын– Алтымбекова Айнұр, «Сәкен - жырдың сарқылмас дариясы» номинациясы бойынша: І орын– Көрпетай Ертай, ІІ орын– Маратқызы Айсұлу, ІІІ орын – Түсенов Нұрдос және Оралбекова Толғанай, Құрмаш Аружан, Асқар Дарын «Сыр сандықты ашып қара» арнайы номинациясымен марапатталды. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар, ал барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.

Қазақстан кітапханашылары күніне арналып Астана қаласының «Qazaqstan» орталық Қазақконцерт залында салтанатты кеш өтті. Осы шарада Балқаш қаласының ОКЖ директоры Б.Мухаметжанова ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

24 қазан кітапханашылар күніне орай Қарағанды облысының әкімі Ж.Қасымбектің Алғыс хатымен №1 кітапхана-филиалының меңгерушісі м.а. М.Утепова, қала әкімі Қ.Камзиннің Құрмет грамоталарымен ОКЖ-ның бас есепшісі А.Умирзахова, А.Гайдар ат. ОҚБК меңгерушісі Б.Курманова, «Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы А.Булекованың Алғыс хаттарымен кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторының әдіскері М.Карсыбекова, ақпараттық-библиографиялық бөлімі басшысының м.а. М.Тускеева, кітапханалық үдерістерді автоматтандыру бөлімінің басшысы К.Жолнерова марапатталды.

 Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының ұйымдастыруымен Қазақ әдебиетінің классигі, ғалым және қоғам қайраткері М.О.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына және 2022 жылдың – ТМД елдері халық шығармашылығы және мәдени мұра жылы болып жариялануына арналған «Мұхтар Әуезовті оқимыз» Халықаралық акция-байқауына Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі қатысып, сертификатқа ие болды. Сонымен қатар дәл осындай сертификат А.Гайдар ат.ОҚБК және №1 кітапхана-филиалына белсенді қатысқаны үшін табысталды.

2022 жылғы 13 желтоқсан күні С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында​ Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ ұйымдастыруымен Балалар жылын корытындылаудың салтанатты рәсімі өтті. Мерекелік шара барысында Қарағанды облысы бойынша балалар оқуын насихаттауға қосқан үлесі үшін «Үздік қалалық балалар кітапханасы» номинациясымен және 200 мың теңге сертификатпен «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы марапатталды.


2023 жыл

Халықаралық әйелдер күніне орай қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысқаны және жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін Балқаш қаласының әкімі Қ.Қамзиннің Алғыс хатымен қызметтік үй-жайларды тазалаушы М.М.Кутжанова, Н.Б.Ваняшкина марапатталды.

Қарағанды облыстық «SARYARQA» телеарнасында мемлекеттік қызметкерлер арасында мемлекеттік тіл саясаты мен төл тарихты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған «Oiöris» зияткерлік телеойынында Балқаш қаласының намысын қорғаған С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері Л.Кенжебекова, К.Шахарова және М.Тускеева жеңіспен оралды.

7 сәуірде Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасының 70 жылдық мерейтойы аясында облыс кітапханалары арасында «Балаларға арналған Үздік жоба» облыстық байқауының қорытынды кезеңі өтті. Осы байқауда А.Гайдар ат.ОҚБК кітапханашысы А.Кәрібек өлкетану бойынша «Memory» (еске алу) жобасын сәтті қорғап, алғыс хатқа ие болды.

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапханада КІТАП шоу фестивалі өтті. Биылғы кітап мерекесі «Түркі өркениетінің даму жылы» тақырыбында жарияланып, түркі өркениетін жаңғыртуға және насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға келген зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, бұқаралық ақпарат құралдары, мектеп оқушылары, колледж студенттері мен белсенді оқырмандарымыздың назарына әр түрлі бағыттағы алаңдар ұсынылды.

Сол кездің әлем тарихын өзгерткен тұлғалар – ойшыл, философ ғалым әл-Фараби, терең ойлы философ, медицина ғылымының данышпаны Әбу Әли ибн Сина, сақ патшайымы Томирис, ең танымал археологиялық қазына Алтын адам, береке-молшылық тәңірісі Ұмай ана қонақтарымызды қарсы алды. «Түркі өркениеті» көрмесінде Орхон, Селенга, Тоғыл дарияларының бойында қалдырған көне ескерткіштер, Еуропа мен Азияны, Шығыс пен Батысты ұштастырған Ұлы Жібек жолы, саусағынан өнер тамған қолөнер шеберлерінің таңғажайып туындылары, сауда-саттық тауарлары көрсетілді.

Бабаларымыздан қалған бай мұраларымызды ары қарай зерттеп, зерделеп, жас буынға таныту, оның ұмыт қалмауына үлесімізді қосу мақсатында «Түркілерден бастау алған дала өркениеті» тейбл-ток алаңында тарихтың өткеніне көз жүгіртіп, қызу талқылау өтті.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қаламгер» әдеби коғамдық бірлестігінің мүшесі, байқаулардың жеңімпазы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, сазгер Төкен Әлжантегінің 70 жас мерейтойына арналған «Қаламгер – руханият шырақшысы» айдарымен кездесу ұйымдастырылды. Балқаш қаласына деген ықыласын әнмен жеткізген Төкен Әлжантегінің қаламынан туған «Балқаш вальсі» әнінің тұсауы кесілді.

«Жүзден - жүйрік, мыңнан - тұлпар» зияткерлік сайысына түскен №9 ЖББ мектебінің «Қыран» және әл-Фараби атындағы ЖББ «Ойшылдар» топтары түркі халықтарының тарихы, тілі, әдебиеті мен мәдениеті туралы сұрақтарға жауап беріп, сайыс қорытындысы бойынша «Қыран» құрамасы жеңімпаз атанды.

Туған өлкенің өткені мен бүгінгісіне көз жүгіртіп, тарихынан сыр шертуге, қосымша мәліметтерді білуге, тануға ықпал еткен «Өңір тынысы» спринт ойыны балалардың зейінін ашты.

Шығармашылық пен қиял әлемі «33 ойлар» шеберханасында балалар эбру - суда сурет салу және декупаж - ажур кескінді кесу техникаларын үйреніп, қолөнер туындыларын аса қызығушылықпен жасап шықты.

Спорттық алаңда жастар таза ауада дене шынықтырып, садақ ату, асық және т.б. ұлттық, түркі халықтарына ортақ ойындар ойнады.

«Өзің оқы, өзгелерге ұсын!» буккроссинг алаңында қонақтар өздері сүйіп оқыған кітаптарын басқа да оқырмандармен бөлісіп, түрлі жанрдағы кітаптармен алмасты.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ж.Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Мен туған өлкем туралы кітап оқимын» облыстық өлкетану интернет-байқауын ұйымдастырды. Оған облыстың аудандары мен қалаларынан 15 жастан 24 жасқа дейінгі 100-ден аса жастар қатысты. Интернет-байқаудың қорытындысы бойынша біздің оқырмандарымыз «Прозалық шығармалар» номинациясындағы І - дәрежелі дипломмен А.Мусин ат.БГТК колледжінің 4-курс студенті Мейрам Мадияр, «Поэтикалық шығармалар» номинациясы бойынша ІІІ - дәрежелі дипломмен  ҚарМУ-дің 2-курс студенті Махмет Жанерке марапатталды, Ж.Түсеновке, Д.Турутинаға белсене қатысқандары үшін алғыс хаттар табысталды.

18 мамырда қаланың Орталық саябағында С.Сейфуллин ат. ОҚК қызметкерлері халқымыздың ыстық ықыласына бөленіп жүрген танымал қаламгерлердің өрнегі мол жырларын насихаттауға арналған «Ақын - елдің ардағы» open air ашық микрофонын өткізді. «Қаламгер» және «Кәусар» әдеби клубтарының мүшелері – аға және жас буын ақындарымыздың жүрегінен шыққан өлең-жырлары оқылды. Саябақта серуендеп жүрген балқаштықтар да шараға белсенді атсалысып, еркін тақырыпта өлеңдер оқыды.

19 мамыр күні Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының қолдауымен Астана қаласында «Мәдениет. Кітап. Білім. Тіл» Оpen Air - 2023 фестивалі өтті. Бұл шараға ОКЖ директоры Б.Мухаметжанова қатысып, «Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрі А.Ораловтың Алғыс хатымен марапатталды.

24 мамыр күні Қарағанды ​​облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Ж.Бектұров атындағы Қарағанды ​​облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Көкжиек» – «Горизонты» мемлекетаралық кәсіби жобасын жүзеге асыру аясында «Мәдениетаралық және ұлтаралық өзара іс-қимыл және тәрбие жүйесіндегі кітапханалардың рөлі» Халықаралық онлайн кітапхана зертханасы өтті, оған С.Сейфуллин атындағы ОҚК кітапханашысы М.Узбаева қатысып, «Обслуживание  юношества, молодежи в поликультурной среде» тақырыбы бойынша баяндама жасап,  Ж.Бектұров ат. ҚОЖК жетекшісі Н.Каленованың атынан Алғыс хатқа ие болды.

24-26 мамыр аралығында А.Гайдар ат.ОҚБК кітапханашысы А.Иксанова «Абай атындағы Қарағанды облыстық балалар кітапханасы» КММ-де кәсіби оқыту және біліктілікті арттыру бойынша тағылымдамадан өтті.

29-30 маусым Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Нұра ауданының ОКЖ базасында «Кітапхана және аймақтың мәдени кеңістігі» II Аймақтық әдістемелік практикум өткізді. Оған Кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс секторының басшысы Ж.Сопина қатысып, «Жастармен шығармашылықпен жұмыс жасаймыз: Балқаш қаласының ОКЖ тәжірибесі» тақырыбы бойынша баяндама жасап, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Е.Жұмакеновтың атынан Алғыс хатқа және «Медиа сауаттылық» және «Әлеуметтік желідегі жеке брендті қалыптастыру» атты семинар-тренингі сертификатына ие болды.

03 тамызда облыстық кәсіби шеберлік байқауы кәсіптің беделін арттыру және кітапхана кәсібінің дамуын ынталандыру мақсатында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Н.В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Жылдың үздік жас кітапханашысы - 2023» облыстық байқау ұйымдастырды. Осы байқауға С.Сейфуллин ат.ОҚК жас маманы ақпараттық-библиографиялық бөлімінің м.а. Тускеева Мадина Қанатқызы қатысып, сертификатқа ие болды.

13-14 қыркүйек күндері Абай ат. Қарағанды облыстық балалар кітапханасының 70 жылдығына орай «Балалар кітапханасы: идеялар кеңістігі» халықаралық форумы өтті. Форумға ОКЖ директоры Б.Мухаметжанова мен А.Гайдар ат.ОҚБК кітапханашысы А.Рамазанова делегат болып қатысты.

Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Ж.Бектұров ат. Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Абай мұрасы – халық қазынасы» ХVІІ Абай оқуларын ұйымдастырды. Байқау қорытындысы бойынша кітапхана оқырмандары Зульфия Ақылбекова «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша 1-дәрежелі диплом және ақшалай сыйлықпен марапатталып, Айзада Асылхановаға алғыс хат табысталды.

24 қазан күні С.Сейфуллин ат. орталық қалалық кітапханада Республика күніне орай «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Ұлы Дала өркениеті» КІТАПTIME фестивалі өтті. Ауқымды шарада «Балқаш қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің басшысы І.Ө.Шәкенов жиналған қауымды мерекемен құттықтап, біздің тұрақты оқырмандарымызға «Алтын формуляр» және «Ең жас оқырман» аталымдарын табыс етті. Фестиваль аясында «Қала қаламгерлері өркениет көшінде» тейбл-толк; «Қолөнер сырлары» шеберлік сағаты; «Өркениет қайсысы: Кітап немесе Iphone» дебат; «Шеберлік пен шынайы талант иесі» Балқаш қаласының Құрметті азаматы, суретші М.Абеуовтың өнер көрмесі, «Қазақстанға саяхат» 3D кітаптар, макеттер; «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойыны; Ұлттық спорт ойындар; «Туған Қазақстанымды мақтан тұтамын» караоке (патриоттық әндерді орындау); Буккроссинг алаңдары өтіп, оған қатысқан мектеп оқушылары мен студенттер жаңа, қызықты әрі пайдалы ақпарат алып, ой-өрістерін кеңейтіп, зейіндерін ашты.

27 қазан күні Қарағанды қаласындағы «Шалқыма» концерттік залында Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Кітапханашылар күніне орай қоғамда кітап және оқуды насихаттауға қосқан үлесі үшін Қарағанды облысы әкімі Е.Қ.Бөлекпаевтың Құрмет грамотасымен С.Сейфуллин ат. ОҚК құжаттарды жинақтау және өңдеу бөлімінің басшысы Е. О.Жоржик, Қарағанды облысы әкімі Е.Қ.Бөлекпаевтың Алғыс хатымен С.Сейфуллин ат.ОҚК оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы А.К.Арзымбетова және Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Е.Жұмекеновтың Құрмет грамотасымен №3 кітапхана-филиалының кітапханашысы Г.Р.Саденова, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысы Е.Жұмекеновтың Алғыс хатымен Қоңырат ш/а №5 балалар кітапхана-филиалының кітапханашысы Н.Г.Хамиева марапатталды.

Абай ат. Қарағанды облыстық балалар кітапханасының 70 жылдық мерейтойы аясында Қарағанды облысының белгілі балалар ақыны, жазушысы Жеңіс Қашқыновтың облыстық өлең оқушылар байқауын өткізді. Ақынның шығармашылығын насихаттау, жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға 100-ге жуық үміткер қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша А.Гайдар ат.ОҚБК кішкентай оқырмандары №7 С.Сейфуллин ат. мектеп-гимназияның 2 «Е» сынып оқушылары Ернұр Жаннұр, Қабдырахман Бағлан және 2 «А» сынып оқушысы Қаригүл Әзімжан «Үздік образ» номинациясымен жүлделі оралды.

 

2024 жыл

Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесінде оқу мәдениетін қолдау және дамыту, ұжымда қызметкерлердің шығармашылық дамуы үшін белсенді орта құру, білім мен ақпарат алу, рухани-адамгершілік тұрғысынан тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ету мақсатында қала ұйымдары мен мекемелері арасында «Оқитын ұжым» жобасы бастау алды. Жобаның шарты: ұжым болып оқитын кітапты әр ұжым өздері таңдайды. Ұжымда талқылау (іс-шара түрінде) өткеннен кейін келесі ұжымға эстафета түрінде жолданады. ОКЖ-да ұжым болып оқуға Н.Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» кітабы таңдалды. «Оқитын ұжым» жобасына атсалысып, кітап оқуға қала мекемелерінің ұжымдарын жолданды!

 

№4 «Сырлас» кітапхана-филиалы жергілікті ақын, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстанның құрметті журналисі, жазушы Жанболат Башардың шығармашылығына арналған әдеби өлкетану челленджін ұйымдастырды. Әдеби өлкетану челленджінің мақсаты: өлке халқының ыстық ықыласына бөленіп жүрген жергілікті қаламгер Жанболат Башардың шығармашылығын өскелең ұрпақ арасында кеңінен насихаттау, шығармаларын оқу арқылы ақын шығармашылығына деген қызығушылықты арттыру.

 

 


Дата редактирования: 19 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика