Өтен Ахмет. Шығармалары. - Астана: Фолиант, 2017. Т.1: Ғашық жүрек. Роман-эссе. - 400 бет.
Автор бұл жаңа романында өмір мен өнер мәселесін қозғайды. Темір жолдың қос табанындай ешқашан бір-бірінен ажырамай қатар жүретін ащылы-тұщылы өмір мен оның өнер атты айнасының қоғамдағы сан қилы шарпысулары мен табысулары бар ғүмырын қалам еңбегіне арнаған басты кейіпкер Төтемнің ой-толғамдары арқылы суреттеледі. Қоғамдағы кейбір адами қайшылықтардың ұлтымызға тән еместігіне, сырттан күштеп таңылған бұрынғы қиын тағдырымыздан қалған сарқыншақ екендігіне назар аудартып, оқырманды кемелді азаматтың тірліктегі басты миссиясы - бірлік пен татулық, өзара сыйластық және шынайы махаббат пен отбасының тұтастығы үшін күресе білуі деген ұлағатты ойға жетелейді.
Сыдықов Е., Артықбаев Ж. Әнет баба: ғұмыры мен заманы. - Астана: «Фолиант» баспасы, 2017.- 256 бет.
Бұл кітап хандық дәуірінде жасаған, қазақтың әрі би, әрі ғұламасы, Орта жүздің ел ағасы болған атақты Әнет баба туралы. Мұндағы деректер мен мағлұматтар өте көне кезеңдерден бастау алып, XVIII ғасырдың басындағы күрделі саяси жағдайларды сипаттаумен аяқталады. Кітапқа Ұлы дала тарихында айрықша із қалдырған, шиеленісті дәуірдің қиын да қызықты саяси мөселелерінің басы-қасында көрінетін, көп жағдайда үлкен жауапкершілік көтерген ірі тұлғалар арқау болды.
Еңбек соңы өшпес мұра мен аңыз қалдырған Әнет бабаның ғұмыр- баянына ықыласты үлт тарихының шын жанашырларына арналған.
Құрманбайұлы Ш. Көркем аудармадағы жаңа атаулар: жасалуы мен қолданысы.
Ш. Құрманбайұлы. - Астана: Фолиант, 2017. - 560 бет. Бұл еңбекте әлем өдебиеті жауһарларын қазақ тіліне аудару кезінде жасалып, қалыптасқан және көркем аудармаға ғылым тілі мен БАҚ тілінен енген жаңа атаулар мен қолданыстар арнайы жиналып, тілдік тұрғыдан зерттеліп отыр. Көркем аударманың жаңа атаулар мен қолданыстардың әдеби тілге енуіне, нормалануына ықпалы, белгілі қаламгерлер мен көсіби аудармашылардың сөз жасау, балама табу, сөз қолдану төжірибесі жан- жақты талданады. Сондай-ақ кітаптың үшінші бөлімінде жаңа атаулар мен қолданыстардың орысша-қазақша, қазақша-орысша сөздігі мен лексикалық варианттардың жарыса жұмсалып жүрген нұсқаларының салыстырмалы кестесі берілді.
Еңбекте профессор, доктор Қаржаубай Сартқожаұлының көшпелілер мәдени құндылықтарына соңғы жылдары жасалған ғылыми мақалалары жинақталған. Оның ішінде: көшпелілер тарихы, дүниетанымы, идеологиялық кұндылыктары, ру-тайпалық жүйе зерттелуімен қатар, тас бетіндегі ежелгі хунну жазулары және археологиялық қазба мұралардан табылған көне түркі мәтіндері. Еңбек археолог, түркітанушы, тарихшы, әдебиетші, этнографтармен қатар жалпы көшпелілер тарихын қызықтаушы оқырмандарға арналған.
Кітапқа Ахмет Байтұрсынұлының әр жылдары түзетіліп, өңделіп, толықтырылып отырған «Тіл - құрал» атты тіл танытқыш кітаптары, «Әдебиет танытқыш», қазақ тіліне қатысты жарық көрген мақалалары, мұрағаттан табылған құжаттар, пікірлер т.с.с. енгізіліп отыр. Еңбекте қазақ тіл білімінің қалыптасып, дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның тілтанымдық мұрасы түпнұсқамен салыстырыла отырып, өзгерістері бары сараланып, жинақталып беріліп отыр. Кітап тіл білімі мәселелерімен айналысып жүрген мамандарға, филология факультеттерінің студенттеріне, докторанттар мен магистранттарға, жалпы көпшілік қауымға арналған.
Көшімова Б.Ә. Үстірттегі көненің іздері. Кітап-альбом. Б. Көшімова. — Алматы: «Аспантау» 2017. - 536 бет.
Қазақ жерінің батысында орналасқан ежелгі Маңғыстау өңірінің қойнауы тұңған тарих десе де болғандай. Бұл өлкеден есімдері халық жадында сақталған би-шешендер, қол бастаған батырлар, от ауызды орақ тілді ақын-жыраулар шыққан. Еңбектен осынау киелі де шежірелі өңірдің көне тарихы, сол өлкеден шыққан Пір Бекет ата бастаған әулиелер жайлы, осы маңда орын тепкен көне ескерткіштер туралы ғалым-зерттеуші Бибатпа Көшімованың кұнды да қызғылықты ғылыми-зерттеу мақалалары орын алған.
Қытайша-қазақша үлкен сөздік. Құраст.: Д. Мәсімханұлы, А. Әбиденқызы / - Алматы: «Эксклюзив КА», 2017. - 1032 бет. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті қытайтанушы-ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Д.Мәсімханұлы мен шетел филологиясы магистрі, доцент А.Әбиденқызы кұрастырған «Қытайша- қазақша үлкен сездік» деп аталатын бұл сөздікке қазіргі қытай тілінің колданысындағы 70 мыңға жуық сөздері мен сөз тіркестері (тұрақты тіркестері) қамтылған. Сөздік ЖОО мен мектептерде қытай тілі бойынша білім берушілер мен білім алушыларға, қазақ-қытай тілдері бойынша тәржіме жұмысымен айналысатын аудармашыларға, Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы саласында қызмет атқаратын дипломатиялық мекемелер мен олардың қызметкерлеріне, қытай тілі, қытайтану ғылымы, жалпы тіл білімі саласында ізденіп жүрген ғылыми қызметкерлерге, сондай-ак қытай тілін өз бетімен үйренгісі келетін жалпы көпшілікке арналған.
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: ТОО «Алем Даму Интеграция», 2017 - 856 бет. (иллюстрацияланған). Энциклопедия дәстүрлі қазақы (көшпелі) ортадағы қоғам, адам және қоршаған табиғи ортаның арасындағы сан-салалы қатынастардың субъектілерін, объектілерін, сондай-ақ, осы қатынастардың жүзеге асырылу жолдары мен механизмін (ілкімді принциптері мен нормаларын) бейнелейтін этнографиялық категориялар, үғымдар мен атауларды қамтиды. Тиістісінше олардың этнографиялық мән-мағынасы сипатталады. Энциклопедия ғалымдарға, жоғарғы және арнайы орта білім саласының мамандарына, қалың көпшілікке арналып отыр.
Қытайша-орысша-қазақша, қазақша-орысша-қытайша ТІЛДЕСКІШ - Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2017. - 208 бет.
Қазақ халық композиторларының әндері. Құраст.: М. Құлкенов. - Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, Меreke baspasy, 2017. - 224 бет.
Бұл жинақка ел арасына кең тараған халық композиторларының әндері кірді. Кітап қазақ әндерін сүйетін жалпы жұртшылыққа арналады.
Қазақ халық әндері / Құраст.: М.Құлкенов. - Алматы: «Мерекенің баспалар үйі» ЖШС, Меrеке baspasy, 2017. - 160 бет.
Бұл жинаққа қазақ халқының сүйіп шырқайтын, жұртшылықка кең тараған халық әндері кіріп отыр. Кітап ән сүйер барша қауымға арналады.
Көпіш Ә. Мәңгілік майдан: роман-дилогия. 1- кт. Ұланғайыр. - Алматы: “Өнер”, 2017. – 336 бет.
Күні кеше ғана Уақыт қойнауына кеткен - XX ғасырда, бүкіл адамзаттың тағдырымен бірге, қазақ халқының өзегін жойқын тарихи-әлеуметтік сіл- кіністер тілгілеп өтті. Ен далада бейбіт, бейтарап өмір сүріп жатқан халық империялық күштердің отаршылдығын, әкімшіл-әміршіл кеңестік жүйе ұлт- тық ой-санамызды ұдайы күшпен тойтарып отырған небір әділетсіздіктер мен қанды оқиғаларды бастан кешірді.
Романда қазақ әдебиетінде бұрын-соңды мүлде қолданылмаған жаңа көркемдік әдістер мол. Шығарманың тілі эпикалық тұрғыда - кең, көркем, әрі шебер қиюласқан.
Бозоқ аруы: танымдық-көпшілік басылым /Құраст.: Ш. Бейсенова, Ж. Әскербекқызы. - Астана: Фолиант, 2017. - 208 бет. «Ұлы Дала Арулары» топтамасымен шығып отырған екінші кітап - «Бозоқ аруы» аталады. Жинақ екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде археологиялық қазбадан табылған айымдар, сондай-ақ әйел-ана балбал мүсіндері туралы мәліметтер фольклорлық мұрамен сабақтастырыла қаралып, танымдық, ақпараттық баян түрінде ұсынылған. Екінші бөлім ұлт тарихынан ерекше орын алып, ел жадында сақталған әулие аналар өмірінен сыр шертеді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.
Халиди Қ. «Тауарих-и хамса-и шарқи»- Шығыстың бес тарихы: бірінші кітап.-Алматы: “Қазақ энциклопедиясы”, 2017. - 328 бет.
Қазақ тарихына катысты аса құнды жәдігердің бірі - Құрбанғали Халидидің «Тауарих-и хамса-и шарқи» - «Шығыстың бес тарихы» (1910) исі түрік қауымының зиялылары мен оқымыстылары орнықтыруға ұмтылған шағатай жазба мұраларының негізіндегі «ортақ тілде» жазылған және араб пен парсының ғылыми терминдері барынша еркін қолданылғандықтан да, бұрынғы басылымдары кысқартылып не баяндалып қана берілген. Қолжазба мәтіні - Қазан, Алматы басылымдарының мәтіндерімен салыстырылды. Айырмашылықтар мен түзетулер, автордың өзі, не аудармашылар тарапынан жасалған қысқартулар ажыратылды. Қолжазба мен Қазан басылымының көшірмесі, колжазбаның транскрипциясы мен қазақша аудармасы қатарластырыла ұсынылды.
Уық шаншылған Ұлытау: кітап-альбом./ Құраст.: Ғ. Ештанаев, Б. Мырзабеков, С. Смағұл / Алматы: «Аспантау», 2017, - 312 бет.
Бұл кітапқа казақ елі мен жерінің біртұтас мемлекет болып қалыптасуында аса зор маңызға ие Орталық Қазақстан, оның ішінде қасиетті ¥лытау өңірінің ежелгі тарихы жөнінде, сол өлкеден орын тепкен Алаша хан, Жошы хан т.б. тарихи ескерткіштер, кесенелер, касиетті орындар жайлы зерттеу мақалалар жинағы еніп отыр. Ежелгі Орталық Қазақстан өңірі тарихи ескерткіштер көп кездесетін өлке. Бұл өлке - ежелгі дала өркениетінің, шаруашылығының мәдениетінің алтын бесігі іспетті. Еңбектің қазақ елінің өткен тарихын танып білудегі, жас ұрпақты отансүйгіштік рухта тәрбиелеудегі мәні зор.
Халиди Қ. «Тауарих-и хамса-и шарқи»- Шығыстың бес тарихы: бірінші кітап.-Алматы: “Қазақ энциклопедиясы”, 2017. - 328 бет.
Қазақ тарихына катысты аса құнды жәдігердің бірі - Құрбанғали Халидидің «Тауарих-и хамса-и шарқи» - «Шығыстың бес тарихы» (1910) исі түрік қауымының зиялылары мен оқымыстылары орнықтыруға ұмтылған шағатай жазба мұраларының негізіндегі «ортақ тілде» жазылған және араб пен парсының ғылыми терминдері барынша еркін қолданылғандықтан да, бұрынғы басылымдары кысқартылып не баяндалып қана берілген. Қолжазба мәтіні - Қазан, Алматы басылымдарының мәтіндерімен салыстырылды. Айырмашылықтар мен түзетулер, автордың өзі, не аудармашылар тарапынан жасалған қысқартулар ажыратылды. Қолжазба мен Қазан басылымының көшірмесі, колжазбаның транскрипциясы мен қазақша аудармасы қатарластырыла ұсынылды.
Құламанова 3. Тастағы Тараз тарихы. Кітап-альбом. - / 3. Құламанова -Алматы: «Аспантау», 2017. - 480 бет.
Бұл кітапқа екі мың жылдан астам тарихы бар, көне түркі жұртының шаруашылығы мен мәдениетінің үлкен ошағы болған, тарихи ескерткіштер көп орын тепкен Тараз өңірінің киелі, қасиетті орындары жайлы ғалым Зиба Құламанованың зерттеу мақалалары еніп отыр.
Әсіресе түркі жұрты тарихында айрықша орны бар Қарахан, Айша бибі, Бабаджа хатун т.б. көне ескерткіштер жайлы мәліметтер мен мағлұматтардың құндылығы өте жоғары.
Бүл өңірден ел бастаған би-шешендер, қазақ жерінің азаттығы жолында жан аямай күрескен талай-талай батырлар шыққан. Еңбектің жас ұрпақтың ел тарихын танып - білудегі маңызы өте үлкен болмақ.
Нұрпеис Әбді-Жамил. ҚАН МЕН ТЕР: Трилогия. “ҚАЗақпарат” баспасы, - Алматы: 2015. - 960 б.
Жазушы «...тағы қарасам, тағы да өзгерістер енгізетін тәріздімін» дегенді осыдан он бір жыл бұрын айтқан екен. Міне, сол күн, күн емес-ау, айлар мен жылдарға созылған ұзақ уақыттан кейін.
Кәрібаев Б. Қазақ хандары. - Алматы: Сардар, 2015. - 128 б. Қазақша, орысша, ағылшынша.
Қазақ хандығы дәуірінде бірнеше ғасыр бойы ел басқарған, ел тарихында өзіндік орны мен маңызы бар тұлғалар - хандар. Хандар тарихы арқылы сол дәуірдегі мемлекетіміздің тарихын терең білуге болады. Осы кітапта хандық дәуірдің біртұтас кезеңінде таққа отырып, ел билеген он жеті ханды калың жұртшылыққа таныстыру мақсатында олардың билік кұрған жылдары мен жүргізген саясаты, қазақ тарихында алатын орны туралы баяндалады. Кітап жалпы оқырманға арналған.
2016 жылдың I жартыжылдығындағы жаңа кітаптар
Пайғамбарлар тарихы
Сейітұлы Қ. Пайғамбарлар тарихы / Қ.Сейітұлы. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» баспасы, 2015. - 320 б.
Қолыңыздағы кітап адамзатқа жіберілген пайғамбарлардың өмірін танытуды көздейді. Адам атадан (а.с.) бастап, соңғы елші Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) дейінгі (Құранда есімі аталған) пайғамбарлардың ортақ жіберілу мақсаты түсіндіріледі. Бұл қасиетті міндеттің өзіндік қиындықтары, әр қауымның өмір тарихы, тағдыр-талайы, наным-сенімдері мен ерекшеліктері кеңінен сөз болады. Еңбек жалпы оқырман қауымға арналған.
2016 жылдың желтоқсан - қаңтар айында келіп түскен әдебиеттер тізімі
Энциклопедиялар
Жануарлар әлемі. Энциклопедия / Қазақ тіліне аударған Д. Алипбаева. - Астана: «Фолиант» баспасы, 2014. - 160 б. - «Балалар энциклопедиясы» сериясы.
«Жануарлар әлемі» энциклопедиясы жасөспірімдер үшін өте қызықты жөне танымдық жағынан пайдалы басылымдардың бірі болмақ. Мұнда жан-жануарлар мен құстардың сан түрі, мекендейтін ортасы, тіршілік әрекеті туралы жан-жақты мәліметтер берілген. Олардың жойылып кету себептері де баяндалған. Кітап оқырмандарды қызықтырып қана қоймай, қоршаған табиғатты, жануарлар мен құстарды қорғаудың қажеттігін түсіндіреді.
Кітап орта буын жөне жоғары сынып оқушыларына, ата-аналарға, мұғалімдерге және жануарлар әлеміне қызығушылығы бар оқырмандарға арналған.
2015 жылдың қыркүйек - қараша айында келіп түскен әдебиеттер тізімі
Егемен Қазақстан тарихы: Тәуелсіздікке 20 жыл: Тарихи-құжаттық зерттеу / Құраст.: Б.Ғ. Аяған, Х.М. Әбжанов, Г.Р. Нұрымбетова / Б.Ғ. Аяғанның ред. - Алматы: Раритет, 2011. - 400б.
Тарихи жинақта тәуелсіз Қазақстанның саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік салалардағы жетістіктері, сыртқы саясаттағы табыстарына қатысты кұжаттар мен деректер, өзекті ғылыми мақалалар жинақталып берілген.Кітап тарихшыларға, саясаттанушыларға, сонымен қатар тәуелсіз Қазақстанның саяси тарихына, қоғамның барлық саласын қамтыған өзгерістерге қызығушылық танытатын оқырманға арналған.
2013 жылдың қаңтар-наурыз айында келіп түскен әдебиеттер тізімі
Әбдірахманов Е. Жалпы хирургия: Оқулық. 2-басылым. - Астана: Фолиант, 2011. - 288 бет.
Оқулықта хирургиялық инфекцияның алдын алу, хирургиялық жұмысты ұйымдастыру, хирургиялық операция, жансыздандыру, операция алдындағы және операциядан кейінгі кезеңдер, қан кетуі және оны тоқтату, жарақаттанудың жалпы мәселелері және басқа да мәселелер баяндалған. Оқулық медицина колледждерінің оқушыларына, сондай-ақ медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған.
2013 жылдың сәуір-маусым айында келіп түскен әдебиеттер тізімі
Елубаев, Ескен. Таңдамалы: өлеңдер, тақпақтар, жұмбақтар, жанылтпаштар. Т.1.- Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2013. - 384 б.
Қазактың көрнекті ақыны, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, жетпістің жемісті белесіне шыққан Ескен Елубаевтың бірінші томына балаларға арналған ең таңдаулы шығармалары іріктеліп берілді.
Қазіргі балалар әдебиеті мен өнеріне сіңіріп жүрген еңбегі зор ақынның шығармалары қазақ, орыс мектептеріне арналған оқулықтарға да енген. Кітап көпшілік оқырмандарға арналған.
2013 жылдың шілде - қыркүйек айында келіп түскен әдебиеттер тізімі
Балқаш аймақтық ақындар антологиясы /Құраст.: Ж.Башар. -Алматы: «Исламнұр» баспасы, 2013. - 344 бет.
Бұл кітапқа 33 ақынның жырлары еніп отыр. Олардың ішінде жырлары казак поэзиясының алтын корына қосылған аркалы акындар да, жыр сэйгүліктің жалына енді жармаскан жас дарындар да бар. Бэріне окырман төреші дей отырып, Балкаш аймағында тұңгыш рет жарық көріп отырған аймактык акындар антологиясы жыр сүйер қауымның қастерлеп ұстар рухани казынасы болады деген ойдамыз.
2013 жылдың қазан - желтоқсан айында келіп түскен әдебиеттер тізімі