Сырласқа 25 жыл: 1990-2015 [Электрондық ресурс] / Құраст.: Ж. Т. Әлиева. - Балқаш: №4 «Сырлас» кітапхана-филиалы, 2015.
«Сырлас» әдеби қонақ-жайы үлкенді-кішілі қауымның көп келетін, сағынышпен бас қосатын, сырласатын, сырлы рухани ордаға айналды. Мемлекеттік тілдің дамуына, дін мен ділдің, ата-дәстүр, ұлттық салт-сананың ұмытылмай, өркендеп дамуына үлкен септігін тигізіп келе жатқан мәдени орынның 25 жылдық мерейтойына арналған құрал.
Алмас тілді Шашубай [Электрондық ресурс] / Құраст.: Ж. Т. Әлиева.-Балқаш: 2015.
Халық ақыны, әнші, композитор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Еңбекке Шашубай Қошқарбайұлының өмірбаяны, айтыстары, толғаулары, естеліктер, өнегелі адамдар естеліктері еніп отыр.
Есімі елге елеулі [Электрондық ресурс] / Балқаш: №2 кітапхана-филиалы, 2015.
Парасатты ұстаз, техника ғылымының кандидаты, доцент, ҚР «Экология» Халық Академиясының академигі Кұмісбек Төлепбекұлы Сыбанқұловқа арналған еңбек.
Жарқын бейне [Электрондық ресурс] / Құраст.: Ж.Сопина,- Балқаш: 2014.
Бүкіл ғұмырын кітапхана ісіне арнаған кітапхана ардагері, ҚР «Мәдениет қайраткері», қаламызға белгілі азаматша, 1994 – 2005 жылдары Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесін басқарған Ләззат Әменқызы Шопанаеваға арналған жас кітапханашылар сайысы (бейнефильмдер мен сценарийлер).
ҚР «Мәдениет қайраткері», қаламызға белгілі азаматша, 1994-2005 жылдары Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесін басқарған Ләззат Әменқызы Шопанаеваға арналды.
Ақын Серік Сағынтайдың «Қарға» кітабы бойынша буктрейлер. С. Сағынтай бұған дейін оқырмандарға өлеңдер жинағы арқылы танылған болатын. Диск жалпы оқырман қауымға арналған.
Өркениетке бет алған Қазақстан [Электрондық ресурс] / Құраст.: Ж.Қ. Сопина. - Балқаш: С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана, әдістеме бөлімі, 2012.
Тәуелсіз Қазақстанның 20-жылдығына арналып өткізілген мәдени шаралар марафоны. Тәуелсіздіктің 20 жылдығының 2011 жылмен қатар еліміздің барлық тәуелсіздік жылдарындағы басты оқиғалардың бірі. Тарихсыз мемлекет болмайды. Оның сабақтары бұрынғыларға емес, жаңа мемлекет құрып жатқан бізге, болашақ ұрпаққа қажет. Біз – байтақ тарихты мұра еткен елміз. Тәуелсіз еліміздің тарихын жас ұрпақтар санасына отбасында, балабақшада, мектепте, кітапханада оқытып, үйретуіміз керек.
Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик, әдеби қазына, ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Бұл құралда ертегінің барлық түрі ашып жазылған.
Қазақ халқының эпосы мен фольклоры [Электрондық ресурс] / Балқаш: №1 кітапхана-филиалы, 2012.
Халық поэзиясының шағын түрлері: үйлену-салт жырлары (жар-жар, беташар, сыңсу), мұң-шер елеңдері (жоқтау, коштасу, естірту).Ертегі-аңыздар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ертегілер (қиял-ғажайып ертегілер, хайуанат жайындағы ертегілер, салт ертегілері, балаларға арналған ертегілер, аңыз ертегілер, күй аңызы). Батырлар жыры («Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын»), Ғашықтық жырлары («Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман - Шолпан»), Тарихи жырлар. Айтыс өлеңдері. Еңбекте қазақ халқының ақындық, айтқыштық өнерге ежелден ерекше ден қойғаны, «замана толқыны тарих теңізінің жағалауына көркем өнердің баға жетпес меруерт-маржандарын» қалдырғаны айтылады; соларда халықтың еткен істерге бағасы берілгені көрсетіледі.
Өлеңім – барым, өмірім (Қуандық Сәденов) [Электрондық ресурс]: Балқаш: С.Сейфуллин атындағы орталық қалалық кітапхана, автоматтандыру секторы, 2012.
Бұл еңбекке Қуандық Сәденовтың алғашқы жарық көрген «Жырлайды жүрек» атты жыр жинағы еніп отыр. Жинаққа әр жылдары жазылған өлеңдері мен әндері кірген. Сонымен қатар, ақын, сазгер, журналист Қуандық Мақсұтұлының жалпы шығармашылығы туралы жазылған құрал жалпы оқырман қауымға арналады.
Балқаш қаласының тарихи-мәдени ескерткіштері - өткен күннің сырлы да мұнды, асқақ та айбынды шежіресіне жетелеп,осы жерді мекендеген халықтың талай-талай ұрпағының өмірі мен тұрмысынан сыр шертеді.
Туған өлкемiздегi жер-су атауларының шығу тарихына тереңiрек үңiлсек, онда үлкен сыр жатқанын бiлемiз.Жер-су атаулары –халық тарихы. Қазақтың жер-су атауларын қоюы да қызық, өзіндік тарихтары да тереңде болады. Соның бір мысалы: Балқаш өңіріне арналған аңыз -өлеңдер.
Туған өлкемiзге арналған бұл басылымда Балқаштық Кеңес Одағының батырлары, Балқаш көлі, жоғалып бара жатқан балықтар мен құстар,Бектауата,Балқаш қаласына арналған ақындар жырлары жинақталған.
Ілияс Мұқаев - Республикалық Бұқар жырау, Т.Айбергенов, Н.Мәукенұлы атындағы сыйлықтардың иегері. 2011 жылы мемлекеттік тапсырыспен «Ғұмырымның көктемі» атты жыр жинағы жарық көрген. Жас ақын Ілияс Мұқаевтың тұңғыш жыр жинағына арналған бұл басылым сезім мөлдірлігі,сағыныш сазы мен ой айқындығына толы.
Бұл басылымда жан дүниесінде мың бұлбұлдың құдіреті бар, артына өзіндік қол-таңба, із қалдырған сегіз қырлы, бір сырлы қайталанбас тума талант Манарбек Ержановтың өмір жолы, өнері, азаматтық қадір-қасиеттері туралы Қайрат Байбосыновтың, Хабиба Елебекованың естеліктері, Манарбек Ержановтың ұрпақтары туралы,әндері, суреттері топтастырылған.Халқымыздың ешқашан ескірмейтін, тот басып, тасада қалмайтын лағыл-маржан іспетті асыл байлығының бірі—Манарбек Ержановтың ән-күйлері.
Құнарлы жерге ғана құрақ өсетіні секілді нағыз дарын бойында туа біткен табиғи қабілеті бар адамнан ғана шықса керек. Ендеше, Шашубай бойындағы өнердің дәні қанында, тегінде жатса, оның тамырын туған топырағынан табамыз.Басылымда халық ақыны,әнші,композитор Шашубай Қошқарбаевқа арналған өлеңдері,отты жылдарда оққа айналған жырлары,ақынның айтыстары жинақталған.
Балқашта ел тарихын, мәдениетін, өнерін бір кісідей ұлықтап келе жатқан Күләш Ыбыжанқызы Сардарбек- қаланың құрдасы.Туған өлке тарихын зерттеп, мысты аймақтың шежіресін жазуда айтарлықтай еңбек сіңіріп келеді. Белгілі өлкетанушының қала мәдениетін дамытуда да өзінің қолтаңбасын қалдырды.