"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Құжаттарды электронды түрде жеткізу

     Құжаттарды электрондық  жолмен  жеткізу (ҚЭЖЖ) – оқырмандардың өзіне қажет құжатқа (мәтіндер, кітаптан үзінділерге)  сайт арқылы сұраныс беруіне мүмкіндік беріп, сұраныс бойынша құжаттың электронды көшірмесін дайындап, оқырмандарға  жеткізетін -  кітапхана технологияларының заманауи түрінің бірі.  

Балқаш  ОКЖ-сі:

  • абономенттердің  тапсырысын өзінен немесе пошта және электронды пошта бойынша  қабылдайды
  • қызмет түрі  ОКЖ-нің қорындағы  құжаттың түпнұсқасын уақытша пайдалануға  беру және тек  құжаттың көшірмесі қажет болған жағдайда кітапханаға  қайтарып бермеу негізінде ұсынылады 
  • тақырыптық тапсырыстарды қабылдайды (тақырыптық тізімдерді дайындау және құжаттарды реттеу).

Тапсырыс үшін мына материалдарды алуға болады:

  • журналдар мен газеттерге шыққан мәтіндер
  • кітаптан фрагменттер
  • тақырыптық кітапнамалық тізімдер
  • МБ-ғы  нормативті – құқықтық актілер

Орындалу мерзімі: тапсырыстың күрделілігіне қарай, 3 жұмыс күні ішінде орындалады.

Маңызды жағдайлар:

  • Қажетті құжаттың біздің қорда бар екендігін тексеру үшін, міндетті түрде виртуалды анықтама, cbss@list.ru электронды поштасы немесе 8(71036)43204 телефоны арқылы хабарласыңыз
  • Ұсынылатын құжат авторлық құқығы қорғалып,  кітаптың көлеміне қарай 10 беттен аспайтын көлемде құралып, ұсынылады
  • Төменде орналасқан, тапсырыстың электронды формасы толтырылады
  • Тапсырыс берілген құжаттың электронды көшірмесі, көрсетілген электронды  адрес бойынша ТЕГІН жіберіледі. Тапсырыс берілген құжаттың электронды көшірмесін алағаннан кейін, пайдаланушы сол құжатты алғандығын айтып, кітапханаға хабар береді.

Өте маңызды! Барлық көшірмелер тек қана ғылыми, мәдени және білім алу мақсатына пайдаланылады.  Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы №6-1 (2009 жыл 10 шілдедегі жағдай бойынша енгізілген өзгерістер мен қосымшалармен қоса) «Авторлық құқық және қосарлы құқық» туралы  Заңына сәйкес,  тек  заң арқылы рұқсат берілген (электронды құжатты бір рет көшіріп алудан басқа), алынған көшірмелерді тиражбен көбейтуге, басқа да түрлермен шығаруға, көшірмелерді кез келген негізде  басқа адамдарға немесе ұйымдарға беруге тыйым салады.

ҚЭЖЖ тапсырыс
Сіздің есіміңіз
Сіздің e-mail
Хабарлама

Дата редактирования: 07 Тамыз 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика