"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Bookdating

Просмотров: 5608

«Адамды қалыптастыратын екі нәрсе бар, –

бірі оның не оқитыны, екіншісі оның кіммен сөйлесетіні».

 

Н.Ә. Назарбаев

 

    Тұлға ретінде дамуымызға, біздің ойлау қабілетімізді жақсы қалыптастыратын бірден-бір зат - кітап.  Кітап бізді «Ақыл мәдениетіне» үйретеді, тереңірек ойлауды, есте сақтау қабілетімізді жақсартады, зейінімізді, ойымызды жаттықтырады.  Осыған байланысты ұмыт болған кітапқұмарлар клубтарын қайта жаппай жаңғырту жобалары іске асырылып, бүкіл ел бойынша заманауи жаңа форматы "Bookdating" деп аталып, өз жұмысын бастады.

Жоба аясында өмірлеріне әсер еткен кітаптар туралы оқырмандармен кездесулер өткізу көзделген. Осы жобаның авторы - атақты шоумэн, актер, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысының белсенді мүшесі Ануар Нұрпеисов болды.  

Кітап сүйер қауымның зияткерлер алаңы «Bookdating» өзін тиімді, қазіргі заманға сай, әр түрлі тақырыптағы және бағыттағы кітаптарды талқылауға арналған озық алаң ретінде танытты.

Жобаның мақсаттары: Қазақстанда оқу мәдениетін қайта жаңғыртып, дамыту, қалалардағы интеллектуалды қауымдастықты нығайту, отандық әдебиетшілерді қолдау, оқуға міндетті кітаптардың  жеке нұсқасын шығару, кітап әуесқойларының бірегей сұхбат алаңын жасау. 

Жоба міндеті – халық арасында кітап оқу мен өздігінен білім алуға дәріптеу.

     Жоба форматы:

Формат бойынша ісшара екі бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде әр қонаққа оның өмірін, көзқарасын өзгерткен сүйікті үш кітабымен таныстыруға 15 минут беріледі. 

Екінші бөлімде қонақтар бір-бірімен кітап алмасады. Осы бөлімде аудитория 10 адамнан құралған топтарға бөлінеді. Әрбір қатысушыға әкелген кітабын өз тобына таныстыру үшін 3 минут беріледі. Кім бірінші болып шартты қимыл жасаса, сол  кітапты алып кетеді. Осылайша, кітаппен келген әрбір қатысушы кездесуден кейін оқуға кеңес берілген басқа бір кітаппен қайтады. http://www.rumsdokz.org/

Осы бөлімнің негізгі шарты – қатысушы өз кітабымен келуі керек.

 

   «Bookdating» қатысушыларға жаңа туындыларды ашуға, қызықты адамдармен танысып, қарым-қатынас жасауға, яғни дамуға мүмкіндік береді.

 

BookDating 2016

     Алғаш рет біздің қаламызда, кітапхана қабырғасында BookDating (өзіңнің сүйікті кітабыңды ала кел) - тиімді, қазіргі заманға сай, әр түрлі тақырыптағы және бағыттағы кітаптарды талқылауға арналған озық алаңы ұйымдастырылды.  Әр түрлі жастағы және әр түрлі қызметтегі кітаптарды сүйіп оқитын оқырмандар жиналды. Букдатингтің форматы бойынша ісшара екі бөлімнен құралды. Бірінші бөлімде садақ атудан жаттықтырушы Ж.Мухаметжанов Ж.Турлыбаевтың "Райымбек батыр" және І.Есенберлиннің "Алмас қылыш" кітаптарымен, №4 кітапхана-филиалының меңгерушісі Р.Искакова өзінің сүйікті кітаптары Н.Островскийдің «Как закалялась сталь» және В.Дудинцевтың «Белые одежды» атты кітаптарымен  таныстырды,  ал кітапханамыздың ең жас спикері, А.Гайдар атындағы Орталық қалалық балалар кітапханасының оқырманы А.Тлеулиева Д.Роулингтің «Гарри Поттер и  Философский камень» және «Алаштың ардағы» атты туындылармен таныстырып өтті.  Кітаптар жайлы әңгіме слайдтар және буктрейлердің көрсетілуімен жалғасты. Екінші бөлімде кітапқұмар оқырмандарымыз А.Құнанбаевтың «Қара сөздерін»,  М.Әуезовтің  «Абай жолы»  романын, Ә.Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар" атты туындысын, М.Мақатаев пен Қ.Мырзалиевтің  және т.б. ақын-жазушылардың өлеңдер жинақтарын талқылады, содан соң олардың өмірлерінде оң әсерін тигізген кітаптарымен алмасты.  Қазіргі таңда жастар кітап оқи ма?  Иә, әрине, оқиды, біз бұған толықтай көзімізді жеткіздік. 

 

          


Дата редактирования: 15 Желтоқсан 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика