Болашақ: мобильдікте емес, мобильділікте
Жаңа және тез өзгеруші ұтқыр технологиялармен бірлесе қадам басып, әр жастағы оқырмандарда кітапхана қызметтерін пайдалану сезімін ояту үшін кітапханаларда оқырманға арналған қосымша ақпаратты ұсынудың тиімді тәсілі ретінде QR-кодтар белсенді пайдаланылады. Сондай-ақ, кітаптарды, авторларды және кітапхананың өзінің құзыретін дәріптеуге көмектесу үшін жаңартпа технология ретінде де қолданылады. Қолында смартфоны бар кітапхана оқырманы қосымша ақпаратты пайдалану үшін QR-кодты сканирлей алады, кітап авторының сайтына көшеді немесе кітапқа қатысы барларға және осы кітап қамтып көрсеткендердің сайтына көше алады.
QR-код деген не? Оны пайдалану
Құрметті оқырман! QR-кодты өз жұмыстарыңызда пайдаланыңыздар!
QR-кодты барлық жерде: кәдімгі плакат, кітапхана қызметінен бастап, құттықтау открыткасына дейін пайдалануға болады. Барлығы сіздің қиялыңызға байланысты. Кітапханаға келуді өзіңіз үшін қызықты да қарапайым етіңіз.
QR-код кез-келген ақпаратты сақтау үшін пайдаланылады (мысалы: сайт мекенжайы, байланыс ақпараты, картадағы орналасуы, суреттер және басқалар). Телефондағы бағдарлама кодтан ақпаратты оқиды және оны дайын түрде береді, яғни сіздің уақытыңызды үнемдейді (автоматты түрде сайтқа көшеді, байланыс деректерді, желінің wi-fi деректерін және т.б береді).