"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Бердібек

Бердібек (т.ж.б. - шамамен 1359/61 ж.) - Өзбек ханның немересі, Жәнібек ханның баласы. Бердібек - өзінің қаталдығымен аты шыққан Алтын Орда хандарының бірі. 1357 жылы Жәнібек хан Әзербайжанды басып алғанда Бердібекті Тебриздің билеушісі етіп тағайындаған. 1357 жылы Жәнібек өлгеннен кейін Бердібек оның мұрагері ретінде Алтын Орда тағына отырады. Бердібек Алтын Орданың беделді әмірлерінің бірі Тоғылуби мен бірігіп, Жәнібек ханды қастандық жасап өлтірген деген дерек те сақталған.

Бердібек Алтын Ордадағы билікке келгеннен кейін, Жошы әулетінен тараған адамдарды түгелдей қуғынға ұшыратады. Тіпті Тоғылубидің өзін де өлтірткен. Кейбір жазба мәліметтер бойынша, Бердібек 1359 жылға дейін хандық құрған. Ал монетадағы мәліметтерге қарайтын болсақ, 1361 жылға дейін билікте болған. Бердібектің өлімі жөнінде нақтылы дерек жоқ. Бердібектен кейін Алтын Ордада Батудың ұрпақтары билік жүргізбеген. Сондықтан да тарихта «Нар мойыны Бердібекте кесілді» деген сөз қалған.


Зұлмат. Суретші Д.Қастеев

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 42-43 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика