19 Мамыр 2015
Судың табиғатқа, адам өміріне деген өте үлкен пайдасын көрсету, адамдардың оларды қалай пайдалануы туралы, балаларға суды қорғау қажеттігін түсіндіру мақсатында 15 мамыр күні №2 кітапхана-филиалы 3-4 сынып оқушыларына «Речки, реки и моря на Земле живут не зря!» атты ақпарат сағатын өткізді. Балалар судың қасиеттері туралы көптеген мәліметтер алды, «Загадочная стихия» атты викториналық сұрақтарға жауап беріп, су туралы мақал-мәтелдер еске түсірді. Тамшымен сапар шеге отырып, балалар жұмбақтар шешті, судың "жұмыстық" кәсіптерін атады, біздің тәулігіне қанша су жұмсайтынымызды есептеді және не үшін жұмсайтынымызды қарастырды. Ісшара соңында балалар: табиғатта су болмаса, біз осындай тамаша өмір сүре алмас едік деген тұжырымға келді. Хабарландыру сағатын «Суды босқа жұмсама. Суды бағалай біл!» деген мақал сөзімен аяқтады. Балаларға үйге «Суды қорғайық!» атты тақырыбында сурет салу тапсырмасы берілді.