"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жаңалықтар

14 Сәуір 2015

«Шертпе күй атасы – Тәттімбет» әдеби-музыкалық кеш


10 сәуір күні №4 кітапхана-филиалында Тәттімбет Қазанғапұлының 200-жылдығына орай «Шертпе күй атасы - Тәттімбет» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Аталмыш ісшараға Балқаш көпсалалы колледжінің бірінші курс студенттері шақырылды. Барлығы 23 адам қатысты. Кештің мақсаты: арқа күйшілерін танып білу, өнерді қадірлеп, мұра ретінде жастардың бойына дарыту, ой-толғамын кеңейту. 

Ісшара аясында  ХІХ ғасырда өмір сүрген күйшінің 40-тан астам туынды қалғаны, жастайынан сал-серілердің ән-жырларын, күйлерін тыңдап өскен Тәттімбет зеректігімен серілердің домбыра шертісін, перне басысын көкейіне түйіп өскені туралы дәйектер айтылды. Тәттімбеттің  асыл мұрасын жалғастырушылар - М.Хамзин, Сүгір, Бапыш, Төлеген Момбеков таныстырылды. Тәттімбет - шертпе күйдің негізін қалаған композитор, шығармаларын қағазға түсірген. Музыка әлеміне танытқан А.В.Затаевич нотаға түсіріп, «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақ халқының 500 ән-күйі» кітаптарында жарияланды.

Күйлерінде өмірдің қуанышы мен мұңын, ізгілік пен мәңгілік мұраттарды, табиғаттың таңғажайып сипатын өрнектеген. Тәттімбет күйлерін  өнер мектебінің оқушылары Шугаева Мария «Қосбасарын», Аксанов Азат «Сылқылдақ» күйін орындап берді. Кітапханашы Тәттімбет шығармашылығын зерделеген А.Сатаевтың «Дала күйлері», К.Салықовтың «Тәттімбет», У.Бекеновтың «Күй керуені», Т.Тоқтамысовтың кітаптарына шолу жасады. Көрермендер берген тапсырмаларға дұрыс жауап беріп, өнер адамдарын білетіндіктерін көрсете білді. Оқырмандар көп мағлұмат алып қайтты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

Вернуться назад

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика