12 Ақпан 2015
11 ақпанда №5 балалар кітапхана-филиалында «Мир казахской литературы» атты ақпараттық көрме болып өтті. Кітап көрмесін тамашалауға №3, №25 мектептерінен 7-9 сынып оқушылары келді. Көрмеге А.Құнанбаев, М.Өтемісұлы, М.Жұмабаев, І.Есенберлин, М.Мағауин, Д.Исабеков, О.Бөкеев, Ә.Әлімжанов, Б.Момышұлы, Р.Сейсенбаев, О.Сүлейменов, С.Муратбеков, М.Қабанбаев, т.б қазақ ақын-жазушыларының орыс тіліндегі кітаптары қойылды. Кітапханашы кітап көрмесіне шолу жасап, олардың авторлары туралы қысқаша деректемелер айтып берді. Балалар ақын-жазушылардың шығармашылығы жайында сұрақтар қойып, көптеген мәліметтер алып қайтты. Көрме соңынан өздеріне ұнаған кітаптарын оқуға жаздыртып алды.