20 Қыркүйек 2024
«KitapTime-2024» фестивалі аясында кітапханамызда «Жұмсақ ойыншықтар» шеберлік сағаты өткізілді. Қатысушылардың түрлі-түсті қалдық жіптерден жасаған помпондары әп-сәтте жұмсақ ойыншыққа айнала кетті. Жас қолөнершілеріміздің қиялынан шыққан балапан, қоян, қарға, торғай, қой сияқты ойыншықтар «Қолдан жасалған ғажайыптар» көрмесін әдемі, қызықты ойыншықтармен толықтырды.