"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Приветствуем Вас на нашем сайте. Мы надеемся, что материалы, размещенные на сайте помогут найти ответы на все интересующие Вас вопросы.

Афиша

Архив

Виртуальная справка

Задать вопрос

Имя:
Email:
Вопрос:
Код:

История вопросов

Сәлеметсіздер ме! Сұрайын дегенім сіздерде 2010 жылы шыққан Балқаш өңірі газетінде Шашубайдың 145 жылдағына арналған Даланың дауылпаз жыршысы мақаланы тауып берсеңіздер және жеке эл. почтама жібере аласыздарма?

О кого: Салтанат

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Балқаш өңіріне 2010 жылы шыққан Шашубай Қошқарбайұлының 145 жылдағына арналған «Дала дауылпаз жыршысы» мақаласының электронды нұсқасын почтаңызға жібердік.

1. Даланың дауылпаз жыршысы // Балқаш өңірі. – 2010. – 17 қыркүйек (№112). – 4-5 б.

Сәлеметсіздер ме, маған Мекемтас Мырзахметұлының Абайдың толық адам ілімі деген кітаптан 7, 11 беттерді сканерлеп жібере аласыздар ма?

О кого: Ербулан

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Мекемтас Мырзахметұлының Абайдың «толық адам ілімі» кітабынан сіз сұраған беттердің көшірме нұсқасын почтаңызға жібердік.

1. Мырзахметұлы, М. Абайдың «толық адам» ілімі / М.Мырзахметұлы. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2020. – 240 б.

Сәлеметсіздер ме. Маған Сәуле Досжанның қасірет пен тағдыр деген кітабындағы Бір кезде деген бөлімін сканерлеп жібере аласыздар ма?

О кого: Елнұр

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» кітабындағы сіз сұраған бөлімнің электронды нұсқасын почтаңызға жібердік.

1. Досжан, С. Қасірет пен тағдыр / С.Досжан. – Алматы: «Нұрлы Әлем» баспасы, 2021. – 360 б.

Сәлеметсіздер ме! сіздерде 2006 жылы шыққан балқаш өңірі газетінде Құнанбайдың соңғы ұрпағы деген мақала барма болса жеке почтама жібересіздерме.

О кого: Аизере

Сәлеметсіз бе! Сіздің сұранысыңыз бойынша Қ.Кәкімұлының «Құнанбайдың соңғы ұрпағы» атты мақаласының электронды нұсқасын почтаңызға жібердік.

1. Кәкімұлы, Қ. Құнанбайдың соңғы ұрпағы / Қ.Кәкімұлы // Балқаш өңірі. – 2006. – 1 желтоқсан (№99). – 5 б.

Сәлеметсіздер ме! Балхаш өңірі газетінде 2012 жылы Жаухар жырдың зергері деген мақаланы сканерлеп жеке почтама жібересіздерме.

О кого: Дидар

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша 2012 жылы Балқаш өңірі газетіне шыққан Н.Нұрмұханұлының «Жауһар жырдың зергері» атты мақаласының электронды нұсқасын эл.почтаңызға жібердік.

1. Нұрмұханұлы, Н. Жауһар жырдың зергері / Н.Нұрмұханұлы // Балқаш өңірі. – 2012. – 27 қаңтар (№10 - 11). - 8 б.

Сәлеметсіздерма 2010 жылы балқаш газетіне шыққан қамқоршылар мақаласын тауып бере аласыздар ма?

О кого: Жанар

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Балқаш өңірі газетіне 2010 жылы Ұлы Жеңістің 65 жылдығына орай шыққан «Қамқоршылар немесе майданға танк аттандырғандар» мақаласының көшірме нұсқасын почтаңызға жібердік.

1. Орынтаев, О. Қамқоршылар немесе майданға танк аттандырғандар / О.Орынтаев // Балқаш өңірі. – 2010. – 7 мамыр (№33). – 9 б.

Қайырлы таң маған Адамбекова Қамар жайлы шыққан балқаш өңіріне шатыспасам 1999-2000 жылғы газетте халық жанашыры мақаласы болған соны тауып бере алсаңыздар. Рахмет

О кого: Элнара

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Ж.Бегдарының жазған Балқаш өңірі газетіне шыққан ұстаз, Қазақ ССР-нің білім беру саласының үздігі, тәлімгер – мұғалім, мектеп директоры болған, директорлық қызметімен қоса, мемлекеттік міндетті де бірге жүктеп алып, облыстық мәслихаттың депутаттық жұмысын да адал атқара білген Адамбекова Хамар Ықласқызы жайлы «Халық жанашыры» мақаласы бар. Көшірме нұсқасын почтаңызға жібердік.

1.Бегдары, Ж. Халық жанашыры / Ж.Бегдары // Балқаш өңірі. – 1999. – 9 қыркүйек (№52). – 3 б.

Қайырлы таң, Ұлықбек Есдәулет осы кісінің Ғұмыр жас атты кіттабы бар ма екен?

О кого: Сауле

Сәлеметсіз бе, сіздің сұранысыңыз бойынша Ұ.Есдәулеттің «Ғұмыр жас» кітабы бар.

1.Есдәулет, Д. Ғұмыр жас / Д.Есдәулет. – Алматы: «Раритет» баспасы, 2012 . – 376 б.

Сәлеметсіздер ме, маған жазушы Жеңіс Қашқыновтың Ақсораңдай тұрасың тұлғаланып деген Балқаш өңіріне шыққан мақаласы керек болып тұр еді атақты шопан Зәрубек Ұйқасбаев жайында жазылған тауып берсеңіздер?

О кого: Нұрбек

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Жеңіс Қашқыновтың «Ақсораңдай тұрасың тұлғаланып» мақаланың көшірме нұсқасын почтаңызға жібердік.

1. Қашқынов, Ж. Ақсораңдай тұрасың тұлғаланып / Ж.Қашқынов // Балқаш өңірі. – 2003. – 6 тамыз (№64). – 4 б.

Сәлеметсіздер ме, сұрайын дегенім Ақселеу Сейдімбектің Шығармалар деген кітабындағы күйші Аққыз туралы жазылған бетін сканерлеп жібере аласыздар ма жекеме?

О кого: Сабира

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша А.Сейдімбектің «Шығармалар» кітабындағы сіз сұраған беттерің электронды нұсқасын эл.почтаңызға жібердік.

1. Сейдімбек, А. Шығармалар / А.Сейдімбек. – Алматы: «Қаламгер» баспасы, 2017 . – 1116 б.

Қайырлы күн! Маған Әубәкір Әлімжановтың туғанына 100 жыл толуына байланысты Балқаш өңірі газетіне шыққан мақала керек болып тұр еді, тауып берсеңіздер?

О кого: Гүлім

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Әубәкір Әлімжановтың туғанына 100 жыл толуына орай, Ә.Жәңгірұлы және Ж.Башар жазған Балқаш өңіріне шыққан мақалалардың электронды нұсқасын эл.почтаңызға жібердік.

1. Жәңгірұлы, Ә. Қайран алдыңғы толқын ағалар-ай! / Ә.Жәңгірұлы // Балқаш өңірі. – 2003. – 10 қазан (№83). – 1- 2 б. 2. Башар, Ж. Еңбек еді – оның ұлы мұраты / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2003. – 15 қараша (№84). – 3 б.

Сәлеметсіздер ме! Сұрайын дегенім сіздерде Балхаш өңірі газетінде 1997 жылы шыққан Келер күнен күдер үзбейік деген материял жарық көрген бірақ қай санында екені есімде жоқ, осы материялды тауып бере аласыздар ма екен, болса жеке эл. почтама жіберсеңіздер?

О кого: Анар

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Балқаш өңіріне шыққан М.Оразымбетовтың «Келер күннен күдер үзбейік» атты мақаланың электронды нұсқасын эл.почтаңызға жібердік.

1.Оразымбетов, М. Келер күннен күдер үзбейік / М.Оразымбетов // Балқаш өңірі. – 1997. – 27 қыркүйек (№39). - 6 б.

Добрый день. Хочу выразить благодарность за отзывчивое и внимательное отношение библиотекарям отдела обслуживания Исиной С.М. и Аширбековой Ж.М.

О кого: Наталья

Здравствуйте. Спасибо за добрые слова в адрес наших сотрудников, обязательно им их передадим.

Сәлеметсіз бе, кітапханашы ханым маған 1998 жылы шыққан Балқаш өңірі газетінде Мұхтар Көкеевжайлы жазылған төрт кезеңнің куәсі мақаланы эл.почтанма жібере аласыздарма.

О кого: Алма

Сәлеметсіз бе, қымбатты Алма! Сіздің сұранысыңыз бойынша Мұхтар Көкеев туралы Жаппарұлы жазған «Төрт кезеңнің куәсі» мақаласының электронды нұсқасын почтаңызға жібердік.

1.Жаппарұлы, Н. Төрт кезеңнің куәсі / М. Жаппарұлы // Балқаш өңірі. – 1998. – 25 қараша (№91). – 4 б.

Сәлеметсиз ба кітапханашылар маган Күляш Сардарбекованың 58 статья кітабындағы 52мен 53 бетті почтама жібере алсаңдар. Алдын ала рахмет.

О кого: Эльмира

Сәлеметсіз бе, қымбатты Эльмира! Сіздің сұранысыңыз бойынша Сардарбек Күляш Ыбыжанқызының «58-статья зарзаман» кітабындағы 52-53 беттердің электронды нұсқасын сіздің почтаңызға жібердік.

1.Сардарбек, К. 58-статья зарзаман / К.Сардарбек. – Алматы: Дайк-Пресс, 2007. – 200 бет.

Салеметсиздер, Сіздерде Сағынтайдың жазған жазу кітабы бар ма?

О кого: Шұға

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша кітапхана қорында Серік Сағынтайдың «Жазу» кітабы бар.

1. Сағынтай, С. Жазу / С.Сағынтай. – Астана, 2007. – 90 бет.

Қайырлы күн, сәлеметсіздерме? Сіздерде Балхаш қаласының 60 жылдығына қарсы жазылған Есімде сол жылдар деген мақаланы тауып бере аласыздарма шатыспасам авторы Төлеуғазы ғой деймін, бар болса почтама жібере аласыздарма.

О кого: Макпал

Қайырлы күн, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Төлеуғазы Әбдуақасұлының «Есімде сол жылдар» атты мақаланың электронды нұсқасын эл.почтаңызға жібердік.

1. Әбдуақасұлы, Т. Есімде сол жылдар / Т.Әбдуақасұлы // Балқаш өңірі. – 1996. – 14 қыркүйек (№57-58). – 3 б.

Сәлеметсіздер ме, сіздерде Мен де ғашық болғанмын деген кітап бар ма екен?

О кого: Сара

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Қомшабай Сүйеніштің «Мен де ғашық болғанмын» атты кітабы бар.

1.Қомшабай, С. Мен де ғашық болғанмын / С.Қомшабай. – Алматы: «Қайнар» баспасы, 2010. – 320 б.

Қайырлы күн маған Балқаштың бірінші академигі деген мақала керек боп тұр. Күмісбек Сванкулов жайында шыққан мақала тауып берсеңіздер Балқаш өңірі газетінен.

О кого: Әли

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Күмісбек Сванкулов жайында Балқаш өңіріне шыққан «Балқаштың бірінші академигі» атты мақаланың электронды нұсқасын эл.почтаңызға жібердік.

1.Григорьева, Т. Балқаштың бірінші академигі / Т.Григорьева // Балқаш өңірі. – 1996. – 7 мамыр (№36). – 2 б.

Сәлеметсіздер ме! сіздерде Балхаш өңірі газетінде Ақжолтай Ағыбай батырдың 200 жылдық мерейтойына арналып шыққан Кененің жауға шапқан хас батыры деген материял жарық көрген осы материялды тауып бере аласыздар ма екен, болса жеке почтама жіберсеңіздер?

О кого: Ainur

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Балқаш өңіріне шыққан «Кененің жауға шапқан хас батыры» атты мақаланың электронды нұсқасын сіздің эл.почтаңызға жібердік.

1.Шөженов, Ж. Кененің жауға шапқан хас батыры / Ж.Шөженов // Балқаш өңірі. – 2000. – 29 ақпан (№17). - 4-5 б.

Қайырлы күн! сіздерде ғасырдың құрдас сырласы кітабі барма

О кого: Айбек

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Біздің кітапхана қорында Оңғарова Шолпан құрастырған "Ғасырдың құрдас сырласы" атты кітабы бар.

1. Ғасырдың құрдас сырласы: Сұртай Абылқасымұлының әдеби мұрасы / құраст.: Ш.С. Оңғарова. - Алматы, 2003. - 376 б.

Қайырлы күн! Сіздердің кітапханаларыңызда Қасқырдың беймәлім құпиялары атты кітап бар ма екен?

О кого: Айнагуль

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Ілесхан Смановтың «Қасқырдың беймәлім құпиялары» атты кітабы бар.

1. Қасқырдың беймәлім құпиялары: Әңгімелер мен хикаяттар / Құраст.: Ілесхан Сманов. – Астана: Фолиант, 2014. – 269 б.

Cәлеметсіздерма сіздерде балхаш өңірі газетінде Нәби Әбуғалиев жайында материялдары бар ма екен, болса почтама жібере аласыздарма?

О кого: Серікбай

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Балқаш өңіріне шыққан Нәби Әбуғалиев жайлы мақалаларды сіздің эл.почтаңызға жібердік.

Сәлеметсіздерме, Әмен Әзиевтің Қазыналы сарыарқа деген кітабы керек болып тұр еді сіздерде барма?

О кого: Қөке

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Біздің кітапхана қорында Ә.Әзиевтің «Қазыналы Сарыарқа» атты кітабы бар.

1.Әзиев, Ә. Қазыналы Сарыарқа / Ә.Әзиев. - Алматы: «Қазақстан», 1978. – 119 б.

Қайырлы күн! Маған Сақатай Аманжолов жайында Балқаш өңірі газетінен материялдар керек болып тұр, осы кісі жайында мақалалар жинап жекеме жібере аласыздарма екен?

О кого: Мұрат

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Сақатай Аманжолов жайында Балқаш өңіріне шыққан материялдарды жинақтап эл.почтаңызға жібердік.

Сәлеметсіздер ме! Сұрайын дегенім сіздерде Балхаш өңірі газетінде Ұстаздардың ұстазы деген мақала жарық көрген Сәбит Бекенов жайында 2006 жылы осы мақаланы тауып берсеңіздер және жеке эл. почтама жібере аласыздарма?

О кого: Зинагүл

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Балқаш өңіріне 2006 жылы шыққан Сәбит Бекенов жайлы мақаланы сіздің эл.почтаңызға жібердік.

1.Саяжанқызы, М. Ұстаздардың Ұстазы / М.Саяжанқызы // Балқаш өңірі. – 2006. - 8 желтоқсан (№101). - 4 б.

Қайырлы күн! Маған Махмет Нұртазаұлының аманат атты өлеңдер жинағы керек болып тұр еді бар ма екен сіздерде?

О кого: Дания

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Махмет Нұртазаұлының «Аманат» атты өлеңдер жинағы бар келіп оқуыңызға болады. .

1.Нұртазаұлы, М. Аманат: өлеңдер жинағы / М.Нұртазаұлы. – Алматы: «Palitra-Press», 2019. – 248 б.

Сәлеметсіздер ме, сіздерде Балхаш өңірі газетінде Орынбек Жәутеков физик-математик осы кісінің туғанына 100 жыл болуына байланысты мақала шыққан, 2011 жылы осы мақаланы тауып берсеңіздер және жеке эл. почтама жібере аласыздар ма?

О кого: Аян

Сәлеметсіз бе, қымбаты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Балқаш өңіріне 2011 жылы шыққан Орынбек Жәутеков жайлы мақаланы сіздің жеке эл. почтаңызға жібердік.

1.Кәрім, Н. Отандық математиктер мектебін қалыптастырушы / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2011. - 21 қыркүйек (№107). - 8 б.

Сәлеметсізбе. Маған 2005 әлде 2006 жылғы газетте Ақжолтай Ағыбай батырға қойылған ескерткіш туралы мақала бер еді соны почтама жібересіздерме.

О кого: Нұржан

Қайырлы күн, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Ақжолтай Ағыбай батырға арнап қойылған ескерткіш жайлы мақала 2006 жылы Балқаш өңірі газетіне шыққан болатын. Электронды нұсқасын почтаңызға жібердік.

1. Оразымбетов, М. Ақжолтай Ағыбай батырға арналып ескерткіш құлыптас орнатылды / М.Оразымбетов // Балқаш өңірі. - 2006. - 15 қыркүйек (№76). - 3 б.

Сәлеметсіздерме, сіздерден сұрайын дегенім Башардың 2011 жылы шыққан газетте Қасым Аманжолвтың 100 жылдығында жазған мақаласы керек еді электронды түрін жібере аласыздарма?

О кого: Самат

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша 2011 жылы Балқаш өңірі газетіне Жанболат Башардың, Қасым Аманжоловтың туғанына 100 жылдық мерейтойына арнап жазған мақаласын сіздің эл.почтаңызға жібердік.

1.Башар, Ж. Ұлтымыздың рухы асқақтап, мерейі тасыды / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2011. – 14 қыркүйек (№104). – 4-5 б.

Сәлеметсіздерме, сіздердің кітапханларыңызда Жанболатұлының Тобықты Қараменді би туралы кітабы барма екен.

О кого: Гүлназ

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша біздің кітапхана қорында Молдабек Жанболатұлының құрастырған «Тобықты Қараменде баба» кітабы бар.

1.Тобықты Қараменде баба/ құраст.: М.Жанболатұлы. – Алматы: «Информ - Арна» баспасы, 2019. – 456 бет.

Сәлеметсіздерме, сіздердің кітапханаларыңызда Фариза Онғарсынваның Шілде деген кітабы барма.

О кого: Назира

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша біздің кітапхана қорында Фариза Оңғарсынованың «Шілде» кітабы бар.

1.Оңғарсынова, Ф. Шілде / Ф.Оңғарсынова. – Алматы: «Сардар» баспа үйі, 2019. – 480 бет.

Здравствуйте! Я, Аханова Асем Кемелбековна постоянный пользователь библиотеки-филиала№2. Хотела узнать ,есть ли у вас в библиотеке поэма "Крысолов" авторов М.Цветаевой и А.Грина Заранее спасибо за ответ

О кого: bibliotekafilial2@inbox.ru

Добрый день, Асем! В фонде центральной городской библиотеки им. С.Сейфуллина, имеются интересующие Вас произведения:

1. Грин, А.С. Блистающий мир / А.С.Грин. – Москва: Мол.гвардия, 1980. – 400 с. (Рассказ «Крысолов» 106 с.)
2. Цветаева, М. Стихотворения. Поэмы / М.Цветаева. – Москва: Правда, 1991. – 688 с. (Поэма «Крысолов» 542 с.)

Сәлеметсіз бе, кітапханашы ханым сіздер де Сәрсенованың мәденеттану оқу кұралы кітабы болса маған 67-78 бет аралығын эл.почтанма жібере аласыздарма

О кого: Akmaral

Сәлеметсіз бе, Ақмарал! Сіздің сұранысыңыз бойынша Сәрсенова Ж.Н. "Мәденеттану" кітабындағы 67-78 бет аралығын электронды почтаңызға жібердік.

1. Сәрсенова, Ж.Н. Мәдениеттану / Ж.Н.Сәрсенова. - Астана: Дәнекер, 2005. - 262 б.

Salemetsizderme, sizderde Esengali Rauwanovtyn periwteler men kustar aty kitap bar ma?

О кого: Арман

Қайырлы күн, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша кітапхана қорында Есенғали Раушановтың "Періштелер мен құстар" кітабы бар.

1. Раушанов, Е. Періштелер мен құстар/ Е.Раушанов. - Алматы: Көркем, 2005. - 264 б.

сіздерде тоғыз таңбалы найман кітабы барма?

О кого: Жанара

Қайырлы күн, қымбатты оқырман! Сізге қажет әдебиет өкінішке орай кітапхана қорында жоқ.

Сәлеметсіздер ма, маған Саяқ кенті жайлы қандай бір ақпарат болса почтама жіберсеңіздер. Алдын ала рахмет

О кого: Кулия

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Саяқ кенті жайлы ақпараттарды электронды почтаңызға жібердік.

Сәлеметсіздер! Сіздерде осы жақында жарыққа шыққан Берік Әрінұлы жайлы жазылған алтын сақа кітабы бар ма?

О кого: Бауыржан

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Кітапхана қорында қазақ руханиятында өзіндік ізін қалдырған Арқаның атпал азаматы Берік Әрінұлы Сейсембеков туралы жазылған «Алтын сақа» кітабы бар.

1. Майбас, Т. Алтын сақа / Т.Майбас. – Алматы: «Palitra-Press», 2021. – 312 б.

сәлеметсіздер, маған 2021 жыл балқаш өңірінің номері 7 газетінің барлық бетін электронды нұсқасы сіздерде болса жібересіздер ма?

О кого: Айсұлу

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Балқаш өңірінің 2021 жылдың 22 қаңтарында №7 – ші газетті электронды почтаңызға жібердік.

здравствуйте если у вас книга миленький ты мой М.Метлицкая

О кого: Вадим

Здравствуйте, уважаемый читатель! В Центральной городской библиотеке им. С.Сейфуллина есть книга Марии Метлицкой «Миленький ты мой».

1.Метлицкая, М. Миленький ты мой / М.Метлицкая. – Москва:Издательство «Эксмо», 2017. – 416 с.

Қайырлы күн! Сіздерде «Ақжолтай Ағыбай батыр» осы кісі жайында жазылған кітабы бар осы кітаптың ішіндегі Қара кесек шежіресі деген тарауын сканерлеп почтама жібере аласыздар ма?

О кого: Фархат

Сәлеметсізбе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Ж.Шөженовтың «Ақжолтай Ағыбай батыр» кітабының ішіндегі «Қара кесек шежіресі» жайында жазылған 23-29 бет аралығын эл.почтаңызға жібердік.

Сәлеметсіздер ме! Сұрайын дегенім сіздерде Балхаш өңірі газетінде Төрехан Майбас осы кісі Аққыз күйші туралы мақаласы бар қай жылы жазылғаны нақты билмеймін. сол мақаланы тауып бере аласыздар ма?

О кого: Asel

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Балқаш өңірі газетіне шыққан Жазушылар одағының мүшесі, өлке тарихын зерттеуші Төрехан Майбастың «Қызқосбасар» деген Аққыз күйші туралы жазған мақаласын сіздің эл.почтаңызға жібердік.

1. Майбас, Т. «Қызқосбасар» / Т.Майбас // Балқаш өңірі. – 2017. – 1 қараша (№123). – 5 б.

Сәлеметсіздер ме, құрметті кітапханашылар! Сіздерден сұрайын дегенім 2018 жылы А.Муссиннің туғанына 110 болғанына орай газет беттеріне шыққан мақалалар болса эл. почтама жібере аласыздар ма?

О кого: Елдар

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Әлихан Мусиннің 110 жыл толуына орай шыққан мақалалар тізімін сіздің эл.почтаңызға жібердік.

Сәлеметсіздер! Маған Жүнісұлының сағынатын күн туар кітабының ішіндегі 47-49 бет аралығын почтама жібере аласыздар ма?

О кого: Айжан

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Оралбек Жүнісұлының «Сағынатын күн туар» кітабының ішіндегі сіз сұраған беттерін эл.почтаңызға жібердік.

1.Жүнісұлы, О. Сағынатын күн туар / О.Жүнісұлы. – Қарағанды: Қарағанды Полиграфиясы ААҚ, 2002. – 168 б.

Сәлеметсіздерме, Сұрайын дегенім сіздерде Балхаш өңірі газетінде Батыр туралы аңыз бен ақиқат деген мақала шыққан бірақ қай санында шыққаны есімде жоқ осы мақаланы тауып бере аласыздар ма?

О кого: Мейрамкул

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Балқаш өңіріне шыққан «Батыр туралы аңыз бен ақиқат» мақаласы бар. Сіздің жеке эл. почтаңызға жібердік.

1.Ахметбек, Ә. «Батыр туралы аңыз бен ақиқат» / Ә.Ахметбек // Балқаш өңірі. – 2000. – 21 қараша (№91). – 4 б.

"Көшпелі алтын" Талап Сұлтанбековтың әңгімесі толық нұсқасын менің эл.п жібере аласыздар ма?

О кого: сымбат

Қайырлы күн, Сіз сұраған кітап өкінішке орай кітапхана қорында жоқ екен.

Сәлеметсіз бе! Сіздерде Ермек Тұрсыновтың Мәмлүк романы барма

О кого: Бекзат

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша біздің кітапхана қорында Ермек Тұрсыновтың «Мәмлүк» романы бар. Кітапханаға келіп жазылып үйге алып оқуыңызға болады.

1.Тұрсынов, Е. Мәмлүк / Е.Тұрсынов. – Өскемен: MELOMAN Publishing, 2017. – 253 б.

Сәлеметсіз бе! Сіздерде Қазақтың Камалы деген кітабы бар ма? Бар болса соның ішінде фотоуреттерді жібере аласыздар ма почтама?

О кого: Жасұлан

Сәлеметсізбе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша кітапхана қорында «Қазақтың Камалы. Камал Кәдіржанов туралы естеліктер» атты кітабы бар. Кітаптың ішіндегі фотосуреттерді электронды почтаңызға жібердік.

1.Қазақтың Камалы. Камал Кәдіржанов туралы естеліктер / құраст.: Е.Кәдіржанов. – Алматы: «Көркем» баспасы, 2006. – 200 бет.

Қайырлы таң. Сіздерде қахарман Нұрғиса кітабы барма. Болса маған мазмұның почтама жібересіздер ма?

О кого: Жандос

Қайырлы күн, құрметті оқырман! C.Әбдірайымұлы құрастырған «Қаһарман-Нұрғиса» кітабы бар. Кітаптың мазмұнын электронды почтаңызға жібердік.

1. Қаһарман-Нұрғиса / құраст.: С.Әбдірайымұлы. – Алматы: «Санат», 1999. – 352 бет.

Сәлеметсіздер ме! Сіздерде Алихан Ермеков жайлы жазылған Дүйсенбиев Тоқтасынның кітабы бар ма? Егер болса сол кітапта Нұрмақов жайлы жазылған ақпаратты почтама жібере аласыздар ма?

О кого: Айгерим

Сәлеметсізбе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша кітапхана қорында Дүйсенбаев Тоқтасынның «Әлімхан Ермеков-тарихи тұлға» атты кітабы бар. Нұрмақов Нығмет Нұрмақұлы жайлы жазылған бет аралықтарын электронды почтаңызға жібердік.

Сәлеметсіздерме!Маған Талап Сұлтанбековтың "Көшпелі алтын" кітабының толық нұсқасын жібере аласыздарма?)!

О кого: Айман

Айман сәлеметсіз бе? Сіз сұраған кітап өкінішке орай кітапхана қорында жоқ екен.

салеметсиздер ма, маған Поповтың Хасен Бижанов кітабының 61-66 бет аралығын электронды почтама жібере аласыздар ма?

О кого: Серік

Сәлеметсізбе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Юрий Поповтың «Хасен Бижанов: окружение, дела и встречи» кітабындағы 61-66 бет аралығын көшірме нұсқасын электронды почтаңызға жібердік.

1.Попов, Ю. Хасен Бижанов: окружение, дела и встречи / Ю.Попов. – Караганда: Издательство КарГу, 2008. – 198 с.

Здравствуйте" Скажите, пожалуйста, есть ли в библиотеке книга Мэй Маск Женщина, у которой есть план?

О кого: Наталья

Уважаемая Наталья, к сожалению, в фондах ЦБС книги Мэй Маск «Женщина, у который есть план. Правила счастливой жизни» нет. Оставьте на нужные Вам книги Мы включим ее в список книг для закупки, если она есть в продаже у книготорговых организаций, то обязательно приобретем и вы сможете ее прочесть в бумажном виде. Но она также имеется в свободным доступе в электронном виде в Интернет. Если нужно, то вот ссылка: http://loveread.me/view_global.php?id=87481

Қайырлы күн сіздерде Мөлдір Бөлекованың Балқаш туралы аңыз өлеңдері барма?

О кого: Ермек

Сәлеметсізбе, құрметті оқырман! Өлкеміздің белгілі ақыны, сазгер Мөлдір Иманғалиқызы Бөлекованың «Балқаш туралы аңыз» өлеңдерін электронды почтаңызға жібердік.

Сәлеметсіз бе сіздерде Өз дәуірінің перзенті кітабының 30-46 бет аралығын жібересіздерма?

О кого: Эльмира

Сәлеметсізбе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша «Өз дәуірінің перзенті. Сын своей эпохи» кітабының 30-46 бет аралығын көшірме нұсқасын электронды почтаңызға жібердік.

1.Өз дәуірінің перзенті. Сын своей эпохи. Құжаттар және материалдар жинағы / құраст.: С.Ж.Жақсылықова, А.Б.Исабекова, Б.С.Бейсенбаева. – Қарағанды: Экожан, 2011. – 250 б.

Сәлеметсіз бе! Сіздерде Жадында жүрсін мақаласы барма Балқаш өңірі газетінде шыққан

О кого: Айбек

Сәлеметсізбе, құрметті оқырман! Балқаш өңіріне 2002 жылы шыққан «Жадында жүрсін» мақаласын сіздің электронды почтаңызға жібердік.

1.Тұрсынқызы, Г. Жадында жүрсін / Г.Тұрсынқызы // Балқаш өңірі. – 2002. – 14 тамыз (№51). – 2 б.

Сәлеметсіздер ме, құрметті кітапханашылар! Сіздерде Мағауия Хамзин туралы жазылған естеліктер кітабы бар ма екен?

О кого: Айжан

Сәлеметсізбе! Мағауия Хамзин Қазақстан Республикасының халық артисі, шертпе күйдің шебері, қаламыздың құрметті азаматы. Біздің кітапхана қорында «Мағауия мақамы» кітабы бар.

1.Мағауия Хамзин. Мағауия мақымы: Естеліктер, пікірлер, арнаулар / құраст.: Ж.Башар. – Қарағанды: «Типография Арко», 2017. - 118 б.

Қайырлы күн! Сіздерден сұрайын дегенім Тоқтамысов Төлеуқадыр осы кісіге Балқаш қаласында көшенің аты берілгенде шыққан газеттегі мақала керек болып тұр еді тауып берсеңіздер?

О кого: Айзере

Сәлеметсізбе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша 2007 жылы Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен, қаламыздың ежелгі көшелерінің бірі – Октябрьский көшесіне біздің қаламыздың экономикалық және әлеуметтік даму тарихына өшпестей із қалдырған, Төлеуқадыр Тоқтамысовтың аты берілді. Балқаш өңіріне шыққан мақаланың көшірме нұсқасын электронды почтаңызға жібердік.

1.Октябрьский көшесінің атын өзгертіп, Т.Тоқтамысовтың атын беру туралы // Балқаш өңірі. – 2007. – 10 тамыз (№66). – 1 б.

Сәлеметсіздер ме! Сұрайын дегенім сіздерде Балхаш өңірі газетінде Махмұт Нұртазаұлы туралы шыққан мақалалар немесе ол кісінің осы газет беттеріне жарияланған өлеңдері болса тауып почтама жібересіздер ма?

О кого: Арсен

Сәлеметсізбе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша ақын Махмұт Нұртазаұлы туралы Балқаш өңіріне жарияланған мақалаларын сіздің электронды почтаңызға жібердік.

Сәлеметсіздер ме, құрметті кітапханашылар! Маған Есболов Төлеу жайында жазылған «Болат жолдың тарланы» атты Балқаш өңіріне шыққан мақала керек болып тұр еді сіздерде болса тауып бере аласыздар ма?

О кого: Диар

Сәлеметсізбе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Есболов Төлеу жайында жазылған Балқаш өңіріне шыққан «Болат жолдың тарланы» атты мақаланы төменде ұсынамыз және көшірме нұсқасын электронды почтаңызға жібердік.

1.Сембекұлы, Т. Болат жолдың тарланы / Т.Сембекұлы // Балқаш өңірі. – 2000. – 28 қаңтар (№16) – 2 б.

Сәламатсыздар ма! Сұрайын дегенім сіздерде Балхаш өңірі газетінде Дінмұхамед Қонаевтің өмірі жайлы жазылған мақалалар бар ма екен керек болып тұр сіздерде болса менің электронды почтама жібере аласыздар ма?

О кого: Бекарыс

Сәлеметсізбе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Балқаш өңіріне шыққан, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев жайлы мақалаларды электронды почтаңызға жібердік.

Сәлеметсіздер ме! Сіздерде сайтта тұрған Тынышбаевтың есімде қалған аралым деген кітабының 7-10 бет аралығын жібере аласыздар ма почтама?

О кого: Бакыт

Сәлеметсізбе, құрметті оқырма! Сіздің сұранысыңыз бойынша Тынышбаев Қамзаның «Есімде қалған аралым» кітабының 7-10 бет аралығын электронды почтаңызға жібердік.

1.Тынышбаев, Қ. «Есімде қалған аралым» / Қ.Тынышбаев. - Қарағанды: «Типография Арко» ЖШС, 2019. - 102 б.

Сәлеметсиздер ма, маған Тоқырауын шертпе күйлері деген кітап болса 15-5 бет аралығын почтама жібере аласыздар ма? керек болып тұр еді

О кого: Ернұр

Сәлеметсізбе, құрметті оқырма! Анықбеков Манаптың «Тоқырауын шертпе күйлері» кітабының сіз сұрап отырған 15-5 бет аралығынын электронды почтаңызға жібердік.

1.Анықбеков, М. Тоқырауын шертпе күйлері / М.Анықбеков. - Қарағанды: «Арко» баспаханасы, 2015. – 50 б.

Қайырлы таң, сіздердің кітапханада Балқаш қаласының ақындар антологиясы кітабы бар ма екен?

О кого: Айдар

Сәлеметсізбе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша кітапхана қорында 33 ақынның жырлары енген, Балқаш аймағында тұңғыш рет жарық көрген, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі Жанболат Башар құрастырған «Балқаш аймақтық ақындар антологиясы» кітабы бар.

1.Балқаш аймақтық антологиясы / құраст.: Ж.Башар. – Алматы: «Исламнұр» баспасы, 2013. – 344 б.

Сәлеметсіздерме! Қуандық Сәденовтың «Жырлайды жүрек» деген өлеңдер кітабы бар ма?

О кого: Данияр

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша кітапхана қорында Қуандық Сәденовтің «Жырлайды жүрек» жыр жинағы бар.

1.Сәденов, Қ. Жырлайды жүрек / Қ.Сәденов. - Қарағанды, 2003. - 60 б.

Сәлеметсіздер ме! Сіздерде «Шашақты найза» кітабы бар ма, бар болса, қай батыр туралы жазылғанын жазыңыздаршы өтініш

О кого: Жанар

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Аманжол Әлтайдың «Шашақты найза» кітабында қазақ ұлт-азаттық қозғалысы қаһармандарының бірі – Ақжолтай Ағыбай батырдың бейнесі суреттелген.

1.Әлтай, А. Шашақты найза / А.Әлтай. – Астана: «Фолиант», 2002. – 154 б.

Қайырлы күн! Сіздерде «Ислам және қожалар» кітабы бар ма және кітаптың авторын айтып жібересіздер ме?

О кого: Салтанат

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Айтбай Кәріпбековтің «Ислам және қожалар» атты шежіре кітабы бар.

1. Кәріпбеков, А. Ислам және қожалар / А.Кәріпбеков. - Алматы: «Айдана», 2009. – 270 б.

Қайырлы күн! Жанболат Башарұлының «Пешене» кітабының аннотациясын эл.почтама жібересіздер ме?

О кого: Талғат

Қайырлы күн! Жанболат Башарұлының «Пешене» атты кітабының аннотациясын электронды поштаңызға жібердік.

1.Башар, Ж. Пешене: Әңгімелер мен хикаяттар / Ж.Башар. – Алматы: «Исламнұр», 2012. – 238 б.

Сәлеметсіздер ме, құрметті кітапханашылар! Мен Совет Каукербекұлының бір кітабынан туыстық атауларды оқығам, бірақ кітаптың атауы есімде жоқ. Сол тарауды маған жіберсеңіздер бола ма, керек боп тұр

О кого: Зере

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Совет Каукербекұлының «Ойдан ой. Раздумья» атты кітабы бар. Туыстық атаулары туралы жазылған «Ойдан ой туады» тарауын электронды поштаңызға жібердік.

1.Каукербекұлы, С. Ойдан ой. Раздумья / С.Каукербекұлы. – Қарағанды: «Арко», 2014. – 350 б.

Сәламатсыздар ма! Сұрайын дегенім сіздерде Балқаштың 80 жылдығында шыққан кітаптар бар ма?

О кого: Айсұлу

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Балқаш қаласының 80-жылдық мерейтойына арналған кітаптар тізімін төменде ұсынамыз.

1. Балқаш қаласының келбеті, Портрет города Балхаш, Portrait of Balkhash town - Алматы: «Балалар әдебиеті», 2017. - 216 б.
2. Балқаш қаласының жылнамасы. 1928-2016 жылдар / құраст.: А.Б.Исабекова. - Тараз: «Сенім», 2017. – 352 б.

Қайырлы күн, әріптестер! Халық ақыны, әнші, сазгер КазССР – ның еңбегі сіңген өнер қайраткері-Шашубай Қошқарбайұлы туралы мәліметтер мен дереккөздері болса. Сіздердің іскерліктеріңізді жоғары бағалаймын және алдын-ала рахметімді білдіремін!

О кого: Шара

Сәлеметсіз бе! Халық ақыны, әнші, сазгер КазССР еңбегі сіңген өнер қайраткері Шашубай Қошқарбайұлы туралы дереккөздер тізімін ұсынамыз

1. Шашубай Қошқарбайұлы / Құрас.: Башаров, Ж. – Балқаш, Балқаш баспаханасы, 1990. – 46 б.
2. Қашқынов, Ж. Атыңнан айналайын ата мекен / Ж.Қашқынов. – Алматы: Жібек жолы, 2002. – 47-55 б.
3. Балқаш. Тарих беттері / Құрас.: Жаксенова,Н., Исабекова., Сәкенова,Р. – Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 54-55,206 б.
4. Ауыл күні // Балқаш өңірі. – 2010. – 15 қыркүйек(№110). – 1 б.
5. Даланың дауылпаз жыршысы // Балқаш өңірі. – 2010. – 17 қыркүйек(№112). – 4 б.
6. Жүнісұлы, О. Арқада кім тумаған өнер кернеп / О.Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. – 2010. – 18 қыркүйек(№151-152). – 4 б.
7. Кәрім, Н. Арқада бір той өтті / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2010. – 1 қазан(№117-118). – 8 б.
8. Жүнісұлы, О. Ақ қайың жалған-ау, кештім сайран-ау / О.Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. – 2010. – 7 қазан(№162). – 6 б.
9. Башар, Ж. Шандоз / Ж.Башар. – Алматы: ҚАЗақпарат,2011. – 102 б.
10. Ақ қайың, жалған-ау. – Балқаш, «Нұрсая» баспаханасы, 2011. – 147 б.
11. Кәріпбеков, А. Халықтың ортасында жүрген жайнап / А.Кәріпбеков // Балқаш өңірі. – 2012. – 11 қаңтар(№3). – 6 б.
12. Башар, Ж. Тоты / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2012. – 4 шілде(№72). – 4б.
13. Қошқарбайұлы, Ш. Шашубай / Ш.Қошқарбайұлы. – Алматы: «Ана тілі», 2012. – 168 б.
14. Башар, Ж. Дәуір үні / Ж.Башар // Айлапат. – 2014. – 17 қазан. - №3. – 51-56 б.
15. Негимов, С. Шашубай Қошқарбайұлы / С.Негимов // Балқаш өңірі. – 2015. – 22 шілде(№59). – 4б.
16. Башар, Ж. Шашубайдың тойы – қазақ елінің тойы / Ж.Башар // Пульс. – 2015. – 24 шілде(№30). – 7 б.
17. Башар, Ж. Жыр арқауы – Шашубай / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2015. – 31 шілде(№82-83). – 5 б.
18. Башар, Ж. Жыр арқауы – Шашубай / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2015. – 31 шілде(№61). – 5 б.
19. Маратұлы, Н. Ақынның тойына әзірлік / Н.Маратұлы // Балқаш өңірі. – 2015. – 3 тамыз(№83). – 1 б.
20. Башар, Ж. Осы жұрт Шашубайды білеме екен? / Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2015. – 7 тамыз(№85-86). – 8 б.
21. Байсеркин, Қ. Шашекең халық ақындары ортасында – төрде / Қ.Байсеркин // Балқаш өңірі. – 2015. – 9 қыркүйек(№73). – 5 б.
22. Жүнісұлы, О. Сан қырлы өнердің ақтеңгері / О.Жүнісұлы // Орталық Қазақстан. – 2015. – 29 қыркүйек(№152). – 6 б.
23. Науанбаев, С. Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында өткен танымдық сапар / С.Науанбаев // Балқаш өңірі. – 2015. – 28 қазан(№118). – 4 б.
24. Кәріпбайтегі, Ә. Шашубай Қошқарбайұлына / Ә.Кәріпбайтегі // Айлапат. – 2015. - №3. – 5-8 б.
25. Сейітов, С. Сөйле, Шашеке! / С.Сейітов // Айлапат. – 2015. - №3. – 9-13 б.
26. Қашқынов, Ж. Ақ қайыңды жырлаған қазақ / Ж.Қашқынов // Айлапат. – 2015. - №3 .- 13 б.
27. Сәдуақасов, Қ. Шашубай / Қ.Сәдуақасов // Айлапат. – 2015. - №3. – 14 б.
28. Қошқарбайұлы, Ш. Толғау / Ш.Қошқарбайұлы // Айлапат. – 2015. - №3. – 14-16 б.
29. Бөкен, А. Шашубай / А.Бөкен // Айлапат. – 2015. - №3. – 21 б.
30. Жәңгіров, Ә. Шашекеңді сағындық / Ә.Жәңгіров // Айлапат. – 2015. - №3. – 23 б.
31. Башар, Ж. Ел жүрегінде / Ж.Башар // Айлапат. – 2015. - №3. – 25-26 б.
32. Башар, Ж. Жоғалған ескерткіш / Ж.Башар // Айлапат. - №3. – 27-28 б.
33. Шашубай мен Жамбылдың айтысы // Айлапат. – 2015. - №3. – 29-32 б.
34. Кенен мен Шашубайдың соңғы кездесуі // Айлапат. – 2015. - №3. – 33 б.
35. Тәжібаев, Ә. Шашубай ақынды бұрын мен сырттай білетінмін / Ә.Тәжібаев // Айлапат. - №3. – 34-39 б.
36. Башар, Ж. Тоты / Ж.Башар // Айлапат. – 2015. - №3. – 40-42 б.
37. Шашубай мен Мақсұттың айтысы // Айлапат. – 2015. - №3. – 43 б.
38. Башар, Ж. Дәуір үні / Ж.Башар // Айлапат. – 2015. - №3. – 51-56 б.

Сәлеметсіздер, сіздерден 2019-2020 местный назеттердің толық подшифкасын барып көре аламын ба?

О кого: Алишер

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! Әрине жергілікті басылымдардың өзіңізге керек жылдарды толық подшивкасын келіп көруіңізге болады.

Қайырлы күн, Ақжолтай Ағыбай батырдың Тасаралы атты мақала қай газетке және номерін тауып бере аласыздар ма?

О кого: Маржан

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! «Ақжолтай Ағыбай батырдың Тасаралы – құт қонған мекен» атты мақаласын төмендегі тізімде ұсынамыз.

1.Шөженов, Ж. Ақжолтай Ағыбай батырдың Тасаралы – құт қонған мекен / Ж.Шөженов // Пульс. – 2019. – 12 июль (№28). – С. 4

Сәлеметсіздер ма, пульска шыққан Абай мектебі абайтану орталығы атты мақаланы тауып бере аласыздар ма?

О кого: сагдат

Сәлеметсіз бе, құрметті оқырман! «Абай мектебін абайтану орталығына айналдырдық» атты мақаланы почтаңызға жібердік.

1)Сәденов, Қ. «Абай мектебін абайтану орталығына айналдырдық» / Қ.Сәденов // Пульс. – 2016. – 5 августь (№32). – С. 4

Қайырлы тан, маған балқаш өңіріне басқа да газеттерге шыққан Әлихан Бөкейхановтың туғанына 140 жыл 150 жыл дығына шыққан мақалар керек еді. Болса жібере аласыздар ма?

О кого: Аскар

Қайырлы күн, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Әлихан Бөкейхановтың туғанына 140-150 жылдығына арналған төмендегі мақалаларды ұсынамыз. Электронды түрін почтаңызға жібердік.

1. Бекеева, А. Ә.Бөкейханның есімі ұрпаққа үлгі, ұлтқа мақтаныш: Әлихан Бөкейхановтың туғанына – 150 жыл / А.Бекеева // Балқаш өңірі. – 2016. – 26 ақпан (№22-23). – 8 б. 2. Бөкейханов, Ә. Бауырым Ахмет!: Әлихан Бөкейхановтың туғанына – 150 жылдығына / Ә.Бөкейханов // Орталық Қазақстан. – 2016. – 28 қаңтар (№21). – 3 б. 3. Жәрімбетова, Н. Арыстар тағылымы: Әлихан Бөкейхановтың туғанына – 150 жыл / Н.Жәрімбетова // Егемен Қазақстан. – 2016. – 6 мамыр (№86). – 11 б. 4. Қадашұлы, Е. Әлихан Бөкейханов және қазақ зиялылары: Әлихан Бөкейхановтың туғанына – 150 жылдығына / Е.Қадашұлы // Орталық Қазақстан. – 2016. – 19 қаңтар (№11). – 4 б. 5. Тұңғышбай, М. Ақтоғай-Алаш арыстарының атамекені: Әлихан Бөкейханов – 150 жыл / М.Тұңғышбай // Егемен Қазақстан. – 2016. – 15 сәуір (№71). – 8 б. 6. Смаханұлы, Б. Ақ арманға асықтырған тұлғалар: Әлихан Бөкейхановтың туғанына – 140 жыл / Б.Смаханұлы // Балқаш өңірі. – 2006. – 27 қаңтар (№11). – 1 б.

Сәлеметсіздерма, Бауыржан Момышұлының 9 том айтылмаған ақиқат кітабы болса 191-210 бет аралығын почтама жіберсеңіздер. Алдын ала рахмет.

О кого: Жания

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Бауыржан Момышұлының «Айтылмаған ақиқат» кітабының 9 томның 191-210 бет аралығын электронды почтаңызға жібердік.

1.Момышұлы, Б. Айтылмаған ақиқат / Б.Момышұлы. – Алматы: «Өнер», 2009. – 288 б.

Сәлеметсиздерма сиздерге қазақ тили мен адебиет журнплы келеді ма

О кого: Ермек

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша біздің кітапхана қорында «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы айына бір рет келіп тұрады.

Сіздерде берденованың қазақстан тарихы лекциялар кітабы бар ма

О кого: Балауса

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша К.Берденованың «Қазақстан тарихы» кітабы біздің кітапхана қорында бар.

1.Берденова, К. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы / К.Берденова. – Алматы: Экономика, 2008. – 348 б.

Қайырлы күн. Сіздерде Абай өмірі мен шығармаларының хронологиясы мақаласы жайлы мақала шыққан болатын шатыспасам тамыз айында сол мақала болса жібересіздер ма электрондық почтама?

О кого: мира

Қайырлы күн, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша М.Мұхамедованың «Абай өмірі мен шығармаларының хронологиясы» атты мақаласы «Балқаш өңірі» газетіне 2020 жылы, тамыз айында жарыққа шыққан. Мақаланы сіздің электрондық почтаңызға жібердік.

1.Мұхамедова, М. Абай өмірі мен шығармаларының хронологиясы / М.Мұхамедова // Балқаш өңірі. – 2020. – 7 тамыз (№57). – 8 б.

Қайырлы таң, кітапханашылар! Сіздерде мектептен тыс жұмыстар журналының осы жылы шыққан номер 3 басылымы бар ма?

О кого: Салтанат

Қайырлы күн, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» атты журналының осы жылы шыққан №3 басылымы бар.

Сәлеметсіздер ма? Колбай Адырбекұлының репрессия жайлы жазылған кітабы болу керек сол сіздерде бар ма?

О кого: Елжас

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Көлбай Адырбекұлының «ХХ ғасыр: Соңғы репрессия» атты кітабы бар.

1. Адырбекұлы, К. ХХ ғасыр: Соңғы репрессия / К.Адырбекұлы. – Алматы: «Алаш», 2006. – 287 б.

Сәлеметсіздер ме! Нарманбет Орманбетұлының туғанына 160 жыл деген мақала шыққан еді, шатаспасам Балқаштық газеттерінде. Электронды түрін жібересіздер ме?

О кого: Саягул

Сәлеметсіз бе! «Нарманбет Орманбетұлының туғанына 160 жыл» деген мақала 2019 жылы Балқаш өңірі газетіне шыққан. Почтаңызға электронды нұсқасын жібердік.

1. Туғанбай, А. Нарманбет Орманбетұлының туғанына 160 жыл / А.Туғанбай // Балқаш өңірі. – 2019. – 25 қазан (№81). – 5 б.

Сәламатсыздар ма құрметті кітапхана ұжымы! Менің бір сұрағым бар еді. «Өз дәуірінің перзенті» деген кітап іздеп жүрмін. Ондай кітап бар ма?

О кого: Каскен

Сәлеметсіз бе! «Өз дәуірінің перзенті. Сын своей эпохи» Балқаш қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы Ж.Ә.Әбуғалиевтің туғанына 85 жыл толуына орай шығарылған жинақ бар.

1. Өз дәуірінің перзенті. Сын своей эпохи: Құжаттар және материалдар жинағы / құраст.: С.Ж.Жақсылықова, А.Б.Исабекова, Б.С.Бейсенбаева. – Қарағанды: Экожан, 2011. – 250 б.

Маған Григорьеваның Балқаштың академигі жайлы жазған мақала болу керек сол керек еді сіздерде болса кай және нешінші жылы шыққаны белгісіз аллдын ала рахмет

О кого: Индира

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Т.Григорьеваның «Балқаштың бірінші академигі» атты мақаласы бар. «Балқаш өңірі» газетіне 1996 жылы жарық көрген.

1.Григорьева, Т. Балқаштың бірінші академигі / Т.Григорьева // Балқаш өңірі. – 1996. – 7 мамыр (№36). – 2 б.

Қайырлы күн кітапхана ұжымы. Балқаш өңірі газетінің 2009 жылғы жазылымы бар ма? Ұлы Отан соғысының ардагері Жағыпар Ақбергенов туралы мақала шыққан сол керек еді. келіп көшірмесін алсам болама?

О кого: Сағат

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! «Балқаш өңірі» газетінің 2009 жылғы жазылымы бар. Ұлы Отан соғысының ардагері Жағыпар Ақбергенов жайлы мақала шыққан. Келіп алуыңызға болады.

1.Балқаш қалалық ардагерлер кеңесі Жағыпар Ақбергенов // Балқаш өңірі. – 2009. – 8 мамыр (№53-54). – 10 б.

Сәлеметсіз бе! Сіздерде Тынышбаев Қамзаның кітаптары барма. Маған pdf туринде бересіз ба?

О кого: Айгерім

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Тынышбаев Қамза Серікбайұлының кітаптары біздің кітапхана қорында бар және сіздің почтанызға pdf материалын жібердік.

Қайырлы күн, сіздерде ақын Жанболат Башардың «Қабір үстіндегі зұлмат» атты кітабы барма? Болса электронды нұсқасын жібере аласыздар ма?

О кого: Динара

Құрметті оқырман, сіздің сұранысыңыз бойынша жергілікті ақын Жанболат Башардың «Қабір үстіндегі зұлмат» атты кітабын толық нұсқасын біздің кітапхана сайтына кіріп balkhashlib.kz «Өлкетану» айдарынан көріп оқи аласыз. Кітапты тікелей осы сілтемемен ашасыз.

https://ru.calameo.com/read/0017988445357637566d1
1.Башар, Ж. Қабір үстіндегі зұлмат: повесть, әңгімелер жинағы / Ж.Башар. – Астана: Профи Медиа, 2016. – 256 б.

Сәлеметсіз бе. Сіздерде қаламыздың бас мәдениет орталығы хамзин сарайы жайлы газет беттеріне шыққан мақала болама? Болса электронды түрін жібересіздер ме.

О кого: Алибек

Қайырлы күн, құрметті оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Балқаш қаласының Хамзин атындағы мәдениет сарайы жайлы мақалалардың электронды нұсқасын сіздің почтаңызға жібердік.

Сәлеметсіздер! Ыбрайым Ынтықбаевқа қай жылы балқаш қаласының құрметті азаматы атағы берілді және сол жайлы материал берсеңіз.

О кого: Жансая

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Ыбрайым Әбдіхалықұлы Ынтықбаевқа адал еңбегі мен қоғамдық өмірге белсенді араласқан үшін 1994 жылы «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. Сіздің электронды почтаңызға қосымша ақпарат жібердік.

Сәлеметсіз бе. Сіздерде Балқаш қаласының экологиясы жайлы қазақ тілінде газет бетіне шыққан статьялар бар ма? Болса электронды түрде жібере аласыздар ма?

О кого: Асылзат

Қайырлы күн, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Балқаш қаласының экологиясына байланысты мақалалардың электрондық үлгісін почтаңызға жібердік.

Сәлеметсіздерме, Ауған соғысының ардагері Мұрат Аязбаев жайлы «Басымыздан талай қиындықтар өтті» атты мақала шыққан болатын. Электронды нұсқасын почтама жібере аласыздарма? Алдын ала рахмет.

О кого: Айгуль

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша Гүлзат Каукербекованың «Басымыздан талай қиындықтар өтті» атты мақаласын мына газет номерінен оқи аласыз.

1. Кәукербекова, Г. Басымыздан талай қиындықтар өтті / Г.Кәукербекова // Балқаш өңірі. – 2019. – 15 ақпан (№14). – 5 б.

Сәлеметсіздер! Сіздерде Қалиева Құралай ханымның «Бақыттың кілті – әйелде» кітабы бар ма?

О кого: Илигай

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша біздің кітапхана қорында Қалиева Құралай ханымның «Бақыттың кілті – әйелде» кітабы бар.

1. Қалиева, Қ. Бақыттың кілті – әйелде / Қ.Қалиев. – Алматы: ЖШС «Дәуір» РПБК, 2018. – 208 б.

Сәлеметсіздер! Сіздерде қаламыздың танымал журналисті Ж.Башардың жаңа туындысы «Жалғанның жүзі» кітабын электронды түрде жібере аласыздар ма?

О кого: Дарина

Сәлеметсіз бе, қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша өлкеміздің танымал ақыны, жазушысы Жанболат Баршардың «Жалғанның жүзі» кітабын электронды нұсқасын сіздің почтаңызға жібердік.

1. Башар, Ж. Жалғанның жүзі: роман және хикаяттар мен әңгімелер / Ж.Башар. – Қарағанды: «Tengri ltd», 2019. – 345 б.

Салеметсиздерме, Актогайдын акиык аксакалы китабы болса Дала академииги жазган макаланы почта а жибере аласыздарма?

О кого: Динара

Қайырлы күн, құрметті оқырман! Сіздін сұранысыңыз бойынша кітапхана қорында Жұматова Зада Садыққызының «Ақтоғайдың ақиық ақсақалы» атты кітабы бар «Дала академигі» атты мақаланы электронды түрін сіздің почтаңызға жібердік.

1. Жұматова, З. Ақтоғайдың ақиық ақсақалы: очерк - әңгімелер, естеліктер / З.Жұматова. - Балқаш: «Гортипография», 2001. – 150 бет.

Добрый день. Скажите пожалуйста, появилась ли у Вас Ника Набокова?

О кого: Ольга Бунчужная

Добрый день, Ольга! В центральной городской библиотеке им.С.Сейфуллина появилась запрошенная вами книга Ники Набоковой "В постели с твоим мужем. Записки любовницы".

Салеметсиздерме, Кенді өлкенің тынысы китабы болса Шежіре сыр шертеді жазган макаланы почтама жибере аласыздарма?

О кого: Динара

Қайырлы күн, құрметті оқырман! Сіздін сұранысыңыз бойынша кітапхана қорында Асыл Әбілқайырқызының «Кенді өлкенің тынысы» атты кітабы бар және Асыл Әбілқайырқызының «Шежіре сыр шертеді» атты мақаланы сіздің почтаңызға жібердік.

1. Әбілқайырқызы, А. Кенді өлкенің тынысы / А.Әбілқайырқызы. – Алматы: Нұр-Принт-75, 2011. – 248 б.

Салеметсиздер ме, сиздерде Ж.Шәкенулы жане Н.Түсипханулы курастырган ел ураны ер Жәнибек атты китап болса сол китапта ер Жанибек өлени болу керек соны маган жиберсениздер алдын ала рахмет.

О кого: Нурхан

Сәлеметсіз бе, Қымбатты оқырман! Сіздің сұранысыңыз бойынша біздің кітапхана қорында «Ел ұраны – Ер Жәнібек» кітабы бар және сол кітаптың ішіндегі «Ер Жәнібек» өлеңін электронды нұсқасын почтаңызға жібердік.

1. Ел ұраны – Ер Жәнібек: зерттеулер, мақалалар / құраст.: Ж.Шәкенұлы, Н.Түсіпханұлы. – Алматы: «Ер Жәнібек халықаралық қоғамдық қоры», 2014. – 284 б.

Здравствуйте. У вас есть подписка журнала "За рулем"?

О кого: Александр

Здравствуйте, уважаемый читатель! В Центральной городской библиотеке им. С.Сейфуллина журнал «За рулём» имеется.

Передайте большой привет бывшим коллегам Власовой Лидии и Жоржик Елене, а также поздравления с наступающим 75-летним праздником Победы в Великой Отечественной войне. Желаю дальнейшего процветания любимой библиотеке и её сотрудникам. С уважением , библиограф ЦГБ города Нижний Тагил, бывшая сотрудница ЦБС города Балхаша.

О кого: Стаканчикова Ольга Анатольевна

Здравствуйте, уважаемая Ольга Анатольевна! Огромное спасибо за приветы и теплые пожелания. Мы часто вспоминаем Вас и нашу совместную работу. Вас также с наступающим праздником Великой Победы! Мира, счастья, добра и благополучия Вам и Вашей семье!

Қайырлы күн. Сіздерде Стамбекұлының Жұмағым мен тамұғым кітабы бар ма?

О кого: Айдархан

Құрметті Айдархан! Сіздің сұранысыңыз бойынша біздің кітапхана қорында Стамбекұлының «Жұмағым мен тамұғым» кітабы бар.

1.Стамбекұлы, Д. Жұмағым мен тамұғым / Д.Стамбекұлы. – Алматы: Сөздік-Словарь, 1999. – 304 б.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика