Зюзюкин Олег Анатольевич 1940 жылы Чита облысында туып,1947 жылы Талдықорған қаласынан көшіп келеді. 1948-57 жылдар аралығында орта мектепте білім алған соң комсомолдық тың көтеру қозғалысына үн қосып, Павлодар облысына барды. Онда Павлодар мен Омбы қалаларының арасына салынып жатқан жол құрылысыңда 1959 жылға дейін жұмыс істеп, “Тың жерді игергені үшін” медалімен марапатталды.Олег Анатольевичтің бұдан кейінгі өмір жолы Балқаш қаласымен тығыз байланысты. Ол осындағы тау-кен техникумына оқуға түседі. Құрылысшы мамандығы бойынша дайындайтын факультет Жезқазған қаласына ауысқандықтан, электромеханик факультетіне ауысады. 1961 жылы техникумды бітірген соң Қарағанды политехникалық институтына құрылысшы-инженер факультетіне сырттай оқуға түседі. 1961 жылдың мамыр айынан бастап 1962 жылдын қыркүйегіне дейін Балқаш мыс зауытының теміржол цехында электрик болып қызмет істеді. Онан кейін 3 жыл Кеңес Армиясы қатарында әскери міндетін атқарып келеді. 1966-67 жылдары БКМК құрылыс-жабдықтау басқармасында ағаш шебері, бригадир болған.1974 жылы комбинаттың күрделі құрылыс басқармасына шақырылып, онда түрлі инженерлік қызметтер атқарып, күрделі кұрылыс бөлімін басқарады. 1994 жылы О. А. Зюзюкин кұрылыс бірлестігінің директоры болып.Ал 1997 жылдан бастап комбинаттың жөндеу-құрылыс кешенінің директоры болып тағайындалды. О. Зюзюкин БКМК-ның, қаланың құрылысына, олардың өркендеуіне үлкен үлес қосты. Атқарған үлкен де сапалы еңбектері бағаланбай қалған жоқ. Ол “Қазақстанның Тәуелсіздік алғанына 10 жыл” медалімен, бірнеше Құрмет грамоталар және Алғыс хаттармен марапатталды.
2002 жылы 20 қарашада О.А.Зюзюкинге Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен “Балқаш қаласының Құрметті азаматы” атағы берілді.
Зюзюкин Олег Анатольевич 2021 жылы 9 ақпанда өмірден өтті.
Әдебиеттер тізімі: