"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Жиров Василий Валерьевич

Просмотров: 1853

     Жиров  Василий  Валерьевич 1974 жылы Балқаш қаласында туған.  Василий бокспен 12 жасынан бастап, шұғылдана бастаған. Ол жаттықтырушысы Александр Иванович Апачинскийдің спорттағы шебер әдістерінен дәріс алды.

В.Жиров  жасөспірімдер арасында өткен облыстық, Республикалық және Кеңестер Одағының жеңімпазы атанды. Әуесқойлар  рингінде 271 сайысқа қатысып, оның 207-сінде жеңіске жетті. 1990 жылы В.Жировқа КСРО-ның спорт  шебері атағы берілді. В.Жиров сол жылы оқушы жастардың Бүкілодақтық бірінші  жазғы спартакиадасында жеңіске жетіп, чемпион атанды.

1991 жылы VI Халықаралық турнирге қатысып (Румыния, Италия, Польша, Греция, Түркістан, Өзбекстан) барлық жекпе-жекті жеңіспен аяқтады. 1992 жылы В.Жиров Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болады.

Сонымен бірге, 1992 жылы  сәуірде жасөспірімдер арасында өткен боксте  Европа чемпионы, Қазақстан Кубогы үшін ұйымдастырылған халықаралық турнирде үлкендер арасында бірінші орын алып, чемпион атағын алды.

1993 жылы әлем чемпионатының, 1994 жылы қараша айында Жапонияда өткен ХII-ші Азия ойындарының, 1995 жылы XIII әлем чемпионатының қола жүлдегері болып, Ташкентте өткен XVIII Азия чемпионатының чемпионы атағын алды. Сол жылы В.В.Жировқа Қазақстан Республикасының спорт  шебері атағы берілді.

Василий Жиров 1996 жылы Атлантада өткен  XXVI  Олимпиадалық ойындардың чемпионы атанып, ең үздік боксер ретінде Бэле Баркер кубогын иеленді.  Осы Олимпиадада қол жеткізген жеңістері жоғары бағаланып, ол Қазақстан Республикасының “Парасат” орденімен марапатталды.

1996 жылы 13 қарашада В.В.Жировқа  Балқаш қаласының мәслихат- депутаттар жиналысының шешімімен «Балқаш қаласының құрметті азаматы»  атағы берілді.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Валиулин, В. Василий Жиров жеңіс тұғырында // Балқаш өңірі. – 1993. – 7 желтоқсан.

2. Валиулин, В. Жеңіске жету оңай ма // Балқаш өңірі. – 1994. – 12 ақпан.

3. Жарайсың, Жиров // Балқаш өңірі. – 1996. – 10 тамыз(№48). – 1 б.

4. Айдарханов, Е. Атағымызды асырып, айбынымызды тасытқан // Балқаш өңірі. – 1996. – 17 тамыз.

5. Мұсаханов, С. Еңбегімді бағалайтын елім бар // Егемен Қазақстан. – 1996. – 24 қыркүйек.

6. Апачинский, А. Мен тамыры тереңге кеткен қазақстандықпын // Балқаш өңірі. – 1998. – 28 қаңтар.

7. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары / Мұстафин С. Балқаш, 2000. – 92-94 б.

8. Жиров Алматыда төбелеске шықты // Балқаш өңірі. – 2001. – 19 қаңтар.

9. Жармағамбетов, Б. Жеткен жеріміз Жиров болды ма // Балқаш өңірі. – 2001. – 30 қаңтар.

10. Аруақ жар болсын, Жировқа // Балқаш өңірі. – 2001. – 30 қаңтар.

11. Жиров – Кастро // Балқаш өңірі. – 2002. – 13 ақпан.

12. Тишмағамбетов, Е. Жиров жекпе-жегін кейінге қалдырды // Орталық Қазақстан. – 2003. – 25 қаңтар.

13. «Балқаш жолбарысы» аса ауыр салмаққа ауысты // Егемен Қазақстан. – 2014. – 16 қыркүйек.

14. Жүнісұлы, О. Алтын аймақтың адамдары / Жүнісұлы О. Қарағанды: «Қарағанды Полиграфиясы», 2006. – 83-87 б.

15. Балқаш. Тарих беттері. Қарағанды «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 199-200,201 б.

16. Әлем біріншілігінің жүлдегері Василий Жиров туралы сөз // Балқаш өңірі.

 

Дата редактирования: 28 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика