"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:


Қарағанды облысының жер-су аттары


    Инструкция
  1. Қарағанды облысындағы жал, жұмысшы кент аттары.
    Ақтау
    Ақтас
    Қаражал
    Ақжал

  2. Балқаш маңындағы жазық даланың аты.
    Андагүл
    Арысгүл
    Ақшагүл
    Ақгүл

  3. Балқаш көлінің солтүстік жағасындағы жер аты. Жері шилі, қалың шөпті болып келеді.
    Дересін
    Нарманбет
    Абай
    Қаратал

  4. Алабы 135 км², тереңдігі 5 метрге дейінгі Қарағанды облысындағы ащы-тұзды көл.
    Балқаш
    Қарасор
    Білеуті
    Қалмаққырған

  5. Балқаш көліндегі аралдың аты, темір жол стансасы.
    Кеңарал
    Өгізарал
    Мыңарал
    Тасарал

  6. Қарағанды және Қызылорда, Жамбыл облыстарындағы өзен. Ұзындығы 800 км, бассейн алыбы 83,6 мың км². Сары даланы бойлай ағады да, Бетпақдала шөлейтіне сіңіп кетеді.
    Ақсу
    Сарысу
    Қарасу Ақсу
    Қызылсу

  7. Балқаш көлінің солтүстік жағалауындағы мекен (сай, тау) аты. Осы аймақта өсетін өсімдікке байланысты қойылған атау.
    Сарыарқа
    Тарғыл
    Нұрақ
    Тектұрмас

  8. Үш Оқтан тараған қазақтардың бір тайпасының аты. Оның есімі өзенге және сол жердегі ауылға қойылған.
    Қызыларай
    Майлы
    Қараадыр
    Жәмші

  9. Ұзындығы - 79 км Ақтоғай ауданы арқылы басын Қиматас тауының оңтүстігіндегі бұлақтардан алып, Тоқырау өзеніне құятын өзен.
    Ащысу
    Аққора
    Қараменді
    Айнабұлақ

  10. ХІХ ғасырда өмір сүрген байдың есімімен аталған қыстау.
    Бекет
    Мырзабек
    Баймырза
    Қожағұл

  11. Нұраның оң жақ жағасындағы шоқы. Шоқының үсті бұжыр-бұжыр, кедір-бұдыр болғандықтан солай аталған.
    Қорған
    Шоқтау
    Қызылжар
    Қожар

  12. Жауыр тауының жағасындағы өңір, Свердлов атындағы ауылдың екінші бөлімшесінің орталығы. Бұл жерде 1902 жылы атақты жазушы Ғабиден Мұстафин туған.
    Сарыкөл
    Самарқан
    Сарытөбе
    Сарыадыр

  13. Нұра өзенінің саласындағы кішкентай өзен.
    Шақпақ
    Үштау
    Шешенқара
    Шилі

  14. Жаңаарқа ауданы Қарағанды облысында тау, биіктігі 780,8 м. Таудың аталу себебі «бұталы өсімдігі мен шалғын шөбі жұтаң, сұйық өсетін және ерте қурап кететін қуаң қыр, тау» болумен байланысты.
    Айыртас
    Толағай
    Қу
    Ұшпа

  15. Қарқаралы ауданындағы Егіндібұлақ селосының оңтүстігіндегі ұзындығы - 6,8 км, ені - 6 км көл. Бұрын бұл көл балыққа өте бай болып, онда балық аулау кәсібі өркендеген.
    Жарлы
    Балатүндік
    Әулиетас
    Балықтыкөл

  16. Бұл шыңның ертедегі аты «Жиренсақал». Бабалардың айтуынша бұл шыңды жер астының байлығының иесі Жиренсақал әулие тұрақ еткен. Қожайын мезгіл-мезгіл қазыналарын түгендеп, қайта жасырып отырған. Сол кезде таудан гуіл, қүлаған тастардың жаңғырығы естілетін болған. Бұл шыңның соңғы бесінші атауы?
    Көктөбе шыңы
    Комсомол шыңы
    Желтау шыңы
    Есенбай шыңы

  17. Сарыарқаның шығысындағы ең биік жері 1566 м, ұзындығы 35-40 км, ені 20-25 км., аласа тау жоталары. Түсті металл кендері бар тау.
    Сиректас
    Теректі
    Талдысай
    Қарқаралы

  18. Осыдан жүз жыл Бұрын Украинадан қоныс аударған халық, өз елдерінің астанасы Киев қаласының атауына байланысты атаған аудан орталығы.
    Майдан
    Киевское
    Киевка
    Киікті

  19. Осакаров ауданының ең атақты өзені. Ол Қазақстанның орталық, солтүстік облыстарын басып өтіп, Ертіс өзеніне қосылады да әрі қарай Объ өзеніне барып құяды.
    Есіл
    Құндызды
    Тұзды
    оскөл

  20. Сарыарқаның оңтүстік батысындағы ұсақ шоқылы, аласа таулы жер. Орташа биік. 400-600 м, орта бөлігі 800-1000 м, ең биік тұсы 1134 м. Гранит жыныстарынан пайда болған тау. Етегіндегі жазықта қарағай және басқа ағаштар қалың өседі.
    Қаратау
    Ұлытау
    Қаратал
    Тарақтас

    

Дата редактирования: 03 Сәуір 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика