"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Просмотров: 2662

Табиғат құбылысының атаулары


    Инструкция

  1. Түйе өркештенген ала бұлттар тізбегі.
    Ұшпа бұлт
    Өркеш бұлт
    Желең бұлт
    Шөкпе бұлт
     
  2. Аспан күмбезі көшпелі ала бұлттанып,тез жауып өтетін жаңбыр.
    Сылбыр жаңбыр
    Ақ жаңбыр
    Боз жаңбыр
    Өткінші жаңбыр
     
  3. Ауадағы су буынынан немесе салқын тұман тамшыларынан түрлі зат бетіне,ағаш бұтақтарына қонатын мұз қабаты.
    Қар
    Қылау
    Анжыр
    Боз қырау
     
  4. Түтілген шудадай жеңіл бұлт.
    Желең бұлт
    Кілегей бұлт
    Ұшпа бұлт
    Шөкпе бұлт
     
  5. Жаңбыр тамшыларынан жерге мұз болып түсуі.
    Қарлы жаңбыр
    Бұршақ жаңбыр
    Мұзақ
    Бұршақ жаңбыр
     
  6. Қысты күнгі ызғарлы суық.
    Қақаған аяз
    Аяз
    Қызыл шұнақ аяз
    Шытынаған аяз
     
  7. Үстін мұз торлаған,көкшіл түсті,беті жылтыр сырғанақ қар.
    Сүрі қар
    Сонар қар
    Омбы қар
    Мұздақ қар
     
  8. Күн көзі шығып тұрғанда жауатын ұсақ тамшылы өткінші жаңбыр.
    Сылбыр жауын
    Соқыр жауын
    Өткінші жаңбыр
    Қара жаңбыр
     
  9. Ашық күнде аспанда қалқып жүретін түйдек-түйдек ақ бұлт.
    Ақша бұлт
    Ала бұлт
    Қазбауыр бұлт
    Сұр бұлт
     
  10. Желсіз күнгі жай жаңбыр.
    Нөсер
    Сылбыр жаңбыр
    Соқыр жауын
    Ақ жаңбыр
     
  11. Будақ жаңбыр бұлттарынан не қатпарлы жаңбыр бұлттарынан дауыл кезінде пайда болатын аса күшті электр ұшқындары.
    Ошаған
    Найзағай
    Күркір
    Мұзақ
     
  12. Өте қатты ащы аяз.
    Қытымар аяз
    Тымырсық аяз
    Қақаған аяз
    Шытынаған аяз
     
  13. Ұзақ мезгіл мызғымай жатқан аяқ бастырмас,көлік жүрісіне бөгеу қатты қалың қар.
    Ұлпа қар
    Сіреу қар
    Омбы қар
    Сүрі қар
     
  14. Қар мен мұздың еруінен немесе қатты нөсердің салдарынан болатын су тасқыны.
    Нөсер
    Жаңбыр
    Сел
    Сіркіреме
     
  15. Адамның бетін қарыған аяз.
    Қақаған аяз
    Қызыл шұнақ аяз
    Шыңылтыр аяз
    Үскірік аяз
     
  16. Суық түндерде және таңертең топырақ бетіне не шөп басына тұрып қалатын мөлдіреген тамшы су,атмосфералық дымқыл.
    Шық
    Қырау
    Бұршақ
    Қылау
     
  17. Аспанды жаппай торлап,төрт-бес шақырым биіктікте жүретін тұнжыр бұлт.
    Ұшпа бұлт
    Сұр бұлт
    Шарбы бұлт
    Маса бұлты
     
  18. Бұлттан бөлініп,жерге түсетін атмосфералық су тамшылары,тосап.
    Бұршақ
    Нөсер
    Жаңбыр
    Сел
     
  19. Боранды аяз.
    Үскірік аяз
    Тымырсық аяз
    Қытымыр аяз
    Шытынаған аяз
     
  20. Жаңа жауған таза қар.
    Жапалақ қар
    Ақша қар
    Күпсек қар
    Ұлпа қар
     

    

Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика