"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

«Наурыз тойы - береке, Наурыз тойы – жыр – аңыз»

Просмотров: 2290

«Наурыз тойы - береке, Наурыз тойы – жыр – аңыз»


    Инструкция

  1. Наурыз мейрамын тәжіктер қалай атаған?
    гүл гардон
    су мейрамы
    навасарди
    нардуған

     
  2. Жаңа туған балаға, жас келінге, ботаға тағы басқа алғаш көрген сәтте жасалатын дәстүр
    базарлық
    көрімдік
    тоқымқағар
    сәлемдеме

     
  3. Сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен қайнатып әзірленетін сүт тағамы
    уыз
    сүзбе
    ірімшік
    іркіт

     
  4. Өң бойы көкіректі жауып тұратын тұтас матадан тігілетін әйел киімі
    сәукеле
    тақия
    кимешек
    қамзол

     
  5. Бұрымға тағылатын әшекей түрлері:
    алқа, бойтұмар
    шашбау, шолпы
    білезік, жүзік
    айшық, шекелік

     
  6. Мына ою – өрнекті атаңыз ?
    қошқармүйіз
    түйетабан
    гүл
    құсқанаты

     
  7. Оқушылар өзара келісіп біреуі сақасын алысқа тігіп,екіншісі атады. Асықты атқан қарсыласы сақаға тигізсе,сол аралыққа екіншісі арқалап барады. Сөйтіп ойын кезектесіп қайталана береді. Ойынның атауын атаңыз?
    көтеріспек
    жекпе –жек
    мерген
    омпы

     
  8. Музыкалық аспапты атаңыз?
    дауылпаз
    шаңқобыз
    жетіген
    домбыра

     
  9. Талмоншақ дегеніміз не?
    тақияға, сырт киімге бірнеше қатар етіп тағылатын моншақ
    асыл тасты әшекей
    көз тимесін деп жас балалардың бөркіне тағатын тас әшекей
    металл ілгекті баскиім әшекейі

     
  10. Бұл – жастардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып, қыздар, жігіттер болып айтысып, бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы
    сақина салу
    ақсүйек
    сиқырлы таяқ
    алтыбақан

     
  11. Жыл атауы - ұлу нешінші орында тұр ?
    тоғызыншы
    бесінші
    бірінші
    алтыншы

     
  12. Жыл басының алғашқы төлі?
    дүбір аяқ
    алтын күрек
    уыз
    наурызек

     
  13. Наурызкөк дегеніміз не?
    жыл басының алғашқы желі
    наурыз айында келетін торғай, жыл құсы
    жыл басының алғашқы сый тамағы
    наурыз айында өсетін жапырақты гүл

     
  14. Басқа жерден көшіп келген көршілерді сол жерде бұрыннан тұратындар қонаққа шақырып, ықылас-пейіл білдіру дәстүрі
    ерулік
    тоқым қағар
    тамыр болу
    сүйінші

     
  15. Қыздар өздерінің ұнатқан жігіттеріне ет, уыз сияқты дәмді тағамдардан дәм татыратын болған. Бұл қандай дәстүр?
    сарқыт
    селтеткізер
    тарақ
    ұйқыашар

     
  16. Мына жұмбақты шешіңіз “ Сәбиге сәнді үй- Әжеге ән мен күй”
    жастық
    киіз үй
    жайлау
    бесік

     
  17. Ата - ... , бала – жапырақ
    бәйтерек
    асқар тау
    тамыр
    тірек

     
  18. Балалардың, жастардың жаңа киімі үшін берілетін ақшалай, заттай сыйлық, ақша
    көрімдік
    жасау
    байғазы
    бастаңғы

     
  19. Шыртылдақ дегеніміз не?
    малдың ащы ішегі мен тоқ ішегінен өріп жасалынған тағам
    ыстап кептірілген ет
    айраннан немесе қайнаған іркіттен дайындалатын тағам
    жылқы етінің сорпасынан қалқып алатын, қатпайтын май

     
  20. Игі – тілекпен әндетіп үй –үйді аралау дәстүрі қалай аталады?
    жарапазан
    жар - жар
    сыңсу
    беташар

     

    

 

Дайындаған: филиал № 1


Дата редактирования: 16 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика