"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Просмотров: 4356

«Абай дана-Абай дара қазақта» А.Құнанбайұлының мерейтойына 170 жыл.


    Инструкция

  1. Абай Құнанбаевтың туған жері?
    Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақ жайлау өңірі
    Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақ
    Ақмола облысындағы Қоскөл деген жер
    Ақмола облысы, әйгілі Бурабай көлі
    Қостанай облысы, Құсмұрын бекеті
     
  2. Құнанбай Абайды неше жасында Семейге оқуға жіберді?
    7 жас
    8 жас
    9 жас
    10 жас
    11 жас
     
  3. Медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді?
    Араб, парсы, түркі
    Араб, парсы, иран
    Араб, парсы, түркімен
    Араб, парсы, өзбек
    Араб, парсы, орыс
     
  4. Құнанбай Абайды оқудан шығарып, ел билеу ісіне баулығанда неше жаста еді?
    10 жаста
    11 жаста
    13 жаста
    14 жаста
    15 жаста
     
  5. Абай Е. Михаэлиспен қай жылы кездесті?
    1870 ж
    1871 ж
    1873 ж
    1875 ж
    1880 ж
     
  6. 1882 жылы жазылған Абайдың ақындығын өзіне де, өзгелерге де мойындатқан шын мәніндегі көркем туындысы?
    «Жаз», «Қыс»
    «Өлең - сөздің патшасы», «Күз»
    «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жазғытұры»
    «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр»
    «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Бородино»
     
  7. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты?
    1896ж. Қазан
    1898ж. Орынбор
    1904ж. Қазан
    1908ж. Петербург
    1909ж. Петербург
     
  8. Мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналған тұңғыш шығармасы?
    «Интернатта оқып жүр»
    «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
    «Ғылым таппай мақтанба»
    «Жазғытұры»
    «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»
     
  9. Қай өлеңнен?Кемді күн қызық дәурен тату өткіз, Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз. Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен, Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.
    «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»
    «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»
    «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
    «Болыс болдым, мінеки»
    «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?»
     
  10. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңі?
    «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»
    «Жаз»
    «Қыс»
    «Күз»
    «Жазғытұры»
     
  11. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының неше тіліне аударылды?
    101 тілге
    105 тілге
    110 тілге
    116 тілге
    120 тілге
     
  12. Абай өлеңді неше жастан бастап жазды?
    8 жас
    10 жас
    11 жас
    12 жас
    13 жас
     
  13. Ақын ел билеушілерінің типтік бейнесін қай өлеңдерінде бейнелеген?
    «Сегіз аяқ», «Жаз»
    «Көлеңке басын ұзартып», «Күз»
    «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың»
    «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Жазғытұры»
    «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Көлеңке басын ұзартып»
     
  14. Қай шығармадан? Тамағы тоқтық Жұмысы жоқтық Аздырар адам баласын.
    «Желсіз түнде жарық ай»
    «Адамның кейбір кездері»
    «Өзгеге көңілім тоярсың»
    «Сегіз аяқ»
    «Пайда ойлама, ар ойла»
     
  15. Абай Лермонтовтан жалпы саны қанша шығарма аударған?
    17
    21
    23
    25
    27
     
  16. Ойшыл адамның өмірде көргені мен басынан кешкен шерлі сырын танытатын шығармасы?
    «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»
    «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?»
    «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»
    «Малға достың мұңы жоқ»
    «Қалың елім, қазағым»
     
  17. Абайдың қанша поэмасы бар?
    2
    3
    4
    5
    7
     
  18. Абайдың қай поэмасының уақиғасы «Мың бір түн» ертегісінен алынған?
    «Ескендір»
    «Масғұт»
    «Әзім әңгімесі»
    «Еңлік - Кебек»
    «Ләйлі - Мәжнүн»
     
  19. Еуропаға Александр Македонский деген атпен белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде жазылған поэмасын көрсетіңіз?
    «Ескендір»
    «Масғұт»
    «Әзім әңгімесі»
    «Еңлік - Кебек»
    «Ләйлі - Мәжнүн»
     
  20. Абай Пушкиннің атақты «Евгений Онегин» романын қай жылы аударды?
    1880
    1883
    1885
    1886
    1889
     
  21. «Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деген сөздің иесі кім?
    А. Байтұрсынов
    Ш. Құдайбердіұлы
    С. Сейфуллин
    М. Әуезов
    З. Ахметов
     
  22. Абайдың халық арасына сіңіп кеткен мақалын белгілеңіз.
    «Атың шықпаса, жер өрте»
    «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»
    «Алтын көрсе, періште жолдан таяды»
    «Ата - анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті»
    «Қалауын тапса, қар жанар»
     
  23. Халық арасына ән болып тараған аудармалары?
    «Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты»
    «Сегіз аяқ»
    «Көзімнің қарасы»
    «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, қаламқас»
    «Қор болды жаным»
     
  24. Абай оқыған медресе?
    Ахмет - Риза медресесі
    Медресе Мухаммадия
    Медресе Рахманқұли
    Медресе Расуля
    «Ғалия» медресесі
     

    

 

Дайындаған: филиал № 3


Дата редактирования: 04 Қазан 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика