"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Түкбаев Бекболат

     Түкбаев Бекболат 1932 жылы 5 сәуірде Қостанай облысы, Затабольский ауданы, «Еңбек» колхозында шаруаның отбасында дүниеге келген. Бала кезінен колхозда бақташы болып қызмет атқарды.

1951 жылдан бастап Балқаш мыс зауытындағы электролиздеу цехында кран жүргізушінің көмекшісі болып жұмыс істеді. 34 жыл бойы 1985 жылға дейін, мосылы кран машинисі, катод телімінің шебері, тозаңды-газдарды сейілтетін қондырғылардың операторы болып жұмыс жасады. Б. Түкбаев Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген металлург, «Республика алдында сіңірген еңбегі үшін» Құрмет белгісімен марапатталған, сонымен бірге «Балқаш тау-металлургиялық комбинатының еңбек ардагері» атағы берілген, оның есімі комбинаттың кәсіподақ комитетінің Құрмет кітабына, Балқаш кен-металлургия комбинатының Құрмет кітабына енген.

Б. Түкбаев қаланың қоғамдық өміріне бесене қатысқан: ол қалалық сотта халық өкілі, қалалық соттың халық өкілдері Кеңесінің төрағасы, халық депуттары қалалық Кеңесінің депутаты, Жезқазған облыстық түрлі-түсті металлургия кәсіподақ комитетінің мүшесі, Балқаш қаласының халықтық бақылау төрағасының орынбасары, қалалық жұмысшылар бақылау комитетінің төрағасы болды. Сонымен бірге, Б. Түкбаев Ардагерлер Кеңесінің, «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі болған. Осы еңбектері үшін, Қызыл Ту Еңбек орденімен, «Жұмыстағы мүлтіксіз қызметтері үшін», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғары Кеңесі Президиумының, КСРО түсті металлургия Министрлігінің, КСРО металлургиялық өнеркәсіп жұмысшылары кәсіподағының ОК, ВЦСПС және басқа да көптеген Құрмет грамоталарымен марапатталған.

2007 жылдың 4 сәуірінде Бекболат Түкбаевқа Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Бекболат Түкбаев 2007 жылы қайтыс болды.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағатының Ф. 262. Оп.1.Д. 200.Л.92 құжаты.

2. «Балқаш қаласының Құрметті азаматы атағын» беру туралы // Балқаш өңірі. – 2007. – 11 сәуір.

3. Әбілқайырқызы, А. Мерейтойыңмен, Балқаш // Мысты өңір. – 2007. – 13 сәуір(№15).

 


Дата редактирования: 30 Қазан 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика