"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Төлендинов Жазбек Сатымбекұлы

Просмотров: 1548

     Жазбек Сатымбекұлы Төлендинов еңбек жолын соғыс жылдары Балқаш мыс зауытында мөлшерлеуші, содан кейін темір жол бойында бас мөлшерлеуші болып жұмыс істеуден бастаған.

Ж. Төлендинов өзінің журналистік қабілетін сол жылдары көрсетті.1949 жылдың аяғында Ж.Төлендиновті қалалық партия комитеті, “Балқаш жұмысшысы” газетінің редакциясына бөлім меңгерушісі етіп тағайындады.

Сол кезеңде Ж.Төлендинов Қазақ Мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, журналист мамандығын алады. Жазбек Сатымбекұлының өмірі Балқаш қаласымен тікелей байланысты.

1964 жылы Балқаш қаласында теледидар орталығы ашылысымен Ж.Төлендинов, осы орталықтың бас редакторы, ал 1966 жылы тамыз айында Қазақстан Республикасы мемлекеттік телерадио комитетінің ұсынысымен, Ж.Төлендинов Балқаш телестудиясының директоры болып тағайындалады.

Ж.Төлендиновтіңң басшылық етуімен телестудия ұжымы жақсы жетістіктерге қол жеткізіп, қаламыздьң қоғамдық-саяси өмірінде белсене қатысты.

Еңбектегі белсенді ұйымдастырушылық қабілеті үшін, Кеңес Одағының Коммунистік партиясы Орталық комитетінің ескерткіш белгісімен марапатталды. Көптеген жылдар бойы қалалық партия комитетінің мүшесі, 20 жылдан астам уақыт бойы халық депутаты болып сайланды.

Жазбек Төлендинов “1941- 45 жылғы Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін медалімен, “В.И.Лениннің 100 жылдығы мерейтойы”, “Жеңістің 30, 40, 50 жылдығы”, “Еңбек Ері” медальдарымен, бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталды.

1984 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен “Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері” деген құрметті атақ берілді.

Балқаш қалалық әкімдігінің 2010 жыл 21 қазандағы №35/02, Балқаш қалалық мәслихатының 2010 жыл 24 желтоқсандағы №39/306 бірлескен Қаулысы және шешімімен, Парковый тұйық көшесінің аты өзгертіліп, оған Ж.Төлендиновтің аты берілді.

2000 жылы 19 қаңтарда Ж.С.Төлендиновке Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен “Балқаш қаласының Құрметті азаматы” атағы берілді.

2005 жылы Жазбек Сатымбекұлы дүниеден озды.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Төлендинов, Ж. Келісіп пішкен тон келте болмас /Ж.Төлендинов // Балқаш өңірі. – 1991. – 7 мамыр. - №№54-55.

2. Сәденов, Қ. Біздерді де жоқтайтын жан болса егер /Қ.Сәденов // Балқаш өңірі. – 1995. – 14 қазан.

3. Мұстафин, С. Балқаш қаласының құрметті азаматтары: тарихи-өмірбаяндық очерк /С.Мұстафин.-Балқаш,2000. – 141-142 б.

4. Төлендинов,Ж. Қарышты қадам бастауы /Ж.Төлендинов // Балқаш өңірі. – 2004. – 2 сәуір. - №29.

5. Оразымбетов, М. Журналистердің ұстазы /М.Оразымбетов // Балқаш өңірі. – 2005. – 24 маусым.

6. Балқаш. Тарих беттері (1936-2007 ж.ж.): Құжаттар мен материалдар жинағы / Құраст.: Жексенова Н., Исабекова А., Сәкенова Р.- Қарағанды, 2007.-199-200,202 б.

7. Абдірбайқызы, К. Көре алмай кеткен 80 жас /К.Абдірбайқызы // Балқаш өңірі. – 2008. – 7 мамыр. – (№38).

8. Парковый тұйық көшесінің атын өзгерту және оған Ж.Төлендиновтің атын беру туралы Қаулы // Балқаш өңірі. – 2011. – 26 қаңтар. – (№10-11).

9. Башар, Ж. Төлендинов көшесі ашылды /Ж.Башар // Балқаш өңірі. – 2011. – 27 мамыр. – (№59-60).


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика