"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Томпиев Қазкен

Просмотров: 559

 

Томпиев Қазкен Қалиұлы 1935 жылы Қарағанды облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. Ол тыл еңбеккері, Қазақ КСР еңбек сіңірген құрылысшысы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, жазушы. Қазкен Томпиев жасөспірім кезінен еңбекке араласты, Ұлы Отан соғысы кезінде Балқаш қаласының алғашқы құрылысшысы, әкесі Қали Томпиевке Балқаш металлургия зауытында жұмыс істеуге көмектесті.
  Орта мектепті тәмамдағаннан кейін Қазкен Томпиев өзінің еңбек жолын шахтада бастады, Қарағанды облысы Ақшатау кентінің Оңтүстік-Шығыс кенішінде жарушы болып жұмыс атқарды. 1958 жылы Қазкен Томпиев инженер-құрылысшы мамандығын алу үшін Қарағанды политехникалық институтына оқуға түседі. 1963 жылы оқуды бітіргеннен кейін Қарағанды политехникалық институтының Балқаш филиалына аға оқытушы болып тағайындалды. 1970 жылы Қазкен Томпиев «Карагандагорсельпроект» Қарағанды жобалау институтының Балқаш жобалау бөлімінде бас инженер болып еңбек етеді. 1975 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік құрылыс комитетінің бұйрығымен Талдықорған қаласындағы «Казгорстройпроект» Негізгі бас жобалау институтының жобалау цехының басшысы қызметіне ауыстырылды. 1980 жылы сәуірде Қазақ КСР Мемлекеттік құрылыс комитетінің бұйрығымен «Казгорстройпроект» мемлекеттік мекемесіне техникалық бөлімнің басшысы және бас инженердің орынбасары қызметтеріне ауыстырылды. 1981 жылдың қазан айында КСРО Сауда министрлігінің бұйрығымен Қ.Томпиев «Казгипроторг» Қазақстан және Орта Азияның одақтық Бас жобалау институтының директоры болып тағайындалды. Оның жеке қатысуымен Алматы қаласындағы әмбебап дүкендердің, мейрамханалардың және басқа да сауда және қоғамдық тамақтандыру ғимараттарының ірі жобалары әзірленді. 1985 жылы Қазкен Томпиев Қазақ КСР Мемлекеттік құрылыс басқармасына жұмысқа орналасты. КСРО ыдырағаннан кейін зейнеткерлікке шыққанша Қазақстан Жүргізушілер одағының орталық аппаратында жұмыс істеді.
1980 жылы Мемлекеттік құрылыс жүйесіндегі жобалау саласына сіңірген еңбегі үшін Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы Қ.Томпиевке «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген құрылысшысы» құрметті атағын берді. Оның еңбегі басқа да бірқатар үкіметтік марапаттармен бағаланды.
Қазкен Томпиев жан-жақты тұлға болды, ол өзінің негізгі еңбек қызметімен қатар өмір бойы туған елінің тарихын зерттеп, осы тақырыпта бірнеше кітаптар мен кітапшалар жазды.
Томпиев Қазкен Қалиұлы 2021 жылы өмірден озды.

 


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика