"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Төлеутай Ерсін Серікболұлы

Просмотров: 556

Төлеутай Ерсін Серікболұлы 1998 жылы 29 желтоқсанда Қарағанды  облысы Балқаш қаласында дүниеге келген. 2004-2013 жылдар аралығында №9 орта мектебінде оқып, 2013 жылы Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлық-техникалық колледжінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша оқуға түседі. 2017 жылы оқуын аяқтағаннан кейін «Балқаш» қалалық спорт клубы» КМҚК спорт жаттықтырушысы болып жұмысқа орналасады. Ерсін Серікболұлы бозбала шағында қалалық, облыстық және республикалық турнирлерге дзюдо, қазақша күрес спорт түрлерінен үздіксіз қатысып жүріп және жаттықтырушы қызметін де қатар алып жүрді. Төлеутай Ерсін білімін шыңдау мақсатында Е.Букетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінде дене шынықтыру және спорт мамандығын иеленді. 2018 жылы «Балқаш» қалалық спорт клубында бірінші санатты жоғары білікті әдіскері, қыркүйек айынан бастап дзюдо жаттықтырушысы болып тағайындалып, қазіргі күнге дейін өз ісінің таптырмас маманы. Ерсін Серікболұлының жетістіктері: «Балқаш жекпе – жек» турнирінің жеңімпазы, 2021 жылы Қарағанды қаласында өткен «Сарыарқа барысы – 2021» облыстық чемпионаттың жүлдегері.

 


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика