"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Тоқашева Жеңіс Тоқашқызы

Просмотров: 1564

     Жеңіс Тоқашқызы Тоқашева 1942 жылы 15 қарашада Алматы облысы, Балқаш ауданының Құйған ауылында дүниеге келген. Орта мектепті аяқтағаннан кейін, Алматы мемлекеттік медициналық институтына түсіп, оны 1964 жылы акушер-гинеколог мамандығы бойынша бітіріп шығады.

1966 жылы Балқаш қаласына келіп, өзінің еңбек жолын Балқаш қаласының перзентханасынан бастайды. Өзінің дәрігерлік қызметі кезінде перзентхананың барлық бөлімшелерінде жұмыс істеп, әртүрлі акушерлік және гинекологиялық оталарды жасаған. Қазақстанның акушер-гинекологтарының съездеріне делегат болып қатысып, дәрігерлер конференциясында әр түрлі тақырыптағы баяндамалар жасаған.

1996 жылы Қызылорда қаласында өткен акушер-гинекологтардың V съезінде "Гинекологиядағы лазеротерапия" атты тақырыптағы баяндамасымен, гинекологтардың алдына шығып, тәжірибе бөліскен.

1994 жылы Жеңіс Тоқашеваға жоғары дәрежелі акушер-гинеколог біліктілігі берілді.

Ж. Тоқашева 1995 – 1997 жылдар аралығында перзентхананың бас дәрігері болып қызмет атқарды. Қаладағы денсаулық сақтау жүйесін қайта құрудан кейін, перзентхана КСА-ның  құрамына кірді. Сол кезден бастап Ж. Тоқашева перзентхана бөлімшесін басқарды.

1998 жылдың тамыз айынан бастап перзентханада дәрігер-ординатор болып жұмыс атқарды.

1995 жылы ҚР денсаулық сақтау жүйесіндегі адал еңбегі үшін Ж.Тоқашева Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

1998 жылы «ҚР денсаулық сақтау ісінің үздігі» атағына ие болды.

2012 жылдың 15 тамызында Балқаш қалалық мәслихатының шешімімен Тоқашева Жеңіс Тоқашқызына «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» деген атақ берілді.

 

Әдебиеттер тізімі:

1. Алдажарова, Н. Ана мен бала денсаулығы / Н. Алдажарова // Балқаш өңірі. – 2006. – 21 маусым. – 2 б.

2. Бақтораз, Е. Лайықты құрмет иесі / Е. Бақтораз // Балқаш өңірі. – 2012. – 12 қыркүйек. – 3 б.

3. Мақсұтұлы, Қ. Мерейлі отбасылар ұлықталды / Қ. Мақсұтұлы // Пульс. – 2016. – 20 мая. – С. 1,14

4. Әсембекұлы, Е. Кіндік шеше /Е.Әсембекұлы //Орталық Қазақстан. – 2004. – 24 қыркүйек.

5. Башарұлы, Ж. Қалам менің Балқашым – мыс шаһары /Ж.Башарұлы //Балқаш өңірі. – 2007. – 11 сәуір.

6. Ақпарат айдынында. Қарағанды: Арко, 2007. – 52-53 б.

7. Башарұлы, Ж. Ата Заңға арналған жиын /Ж.Башарұлы // Балқаш өңірі. – 2012. – 5 қыркүйек.


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика