"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Кітап сіздің өміріңізде:

Сванқұлов Күмісбек Төлепбекұлы

   Сванқұлов Күмісбек Төлепбекұлы  1948 жылы 15  маусым күні Балқаш қаласында жұмысшының отбасында дүниеге келген. Абай атындағы № 2 орта мектепті алтын медальмен бітіріп, Қазақ мемлекеттік университетінің физика-оптика-спектроскопия факультетін бітіріп, физик мамандығын алып шығады. Қазақ политехникалық институтының қолданбалы физика кафедрасында инженер болып істейді.
      1972 - 1976 жылдары Балқаш қаласының № 4 орта мектебінде және 1976 жылдан бастап Қарағанды политехникалық  институтының Балқаш жалпы техникалық  факультетінде  физика пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарды.  Металлургия және  кен байыту институтындағы  Қазақ КСР Ғылым Академиясының  аспирантурасының күндізгі бөлімін оқып бітіріп, Қарағанды политехникалық институтының Балқаш жалпы техникалық факультетінде аға оқытушы болып істеді.
      1984  жылы диссертация қорғап, техникалық ғылымдар кандидаты лауазымын алды. 1987 жылы – Балқаш жалпы техникалық факультетінің доценті, содан кейін «Балқашмыс»  ӨБ-нің ТТМӨЗ-ның мемлекеттік қабылдау өкілі болып жұмыс істеді.Мемлекеттік қабылдау өкілдігі жабылғаннан кейін, қалалық мектеп гимназияның директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары, 1994 жылдан бастап  АКТУ-нің директорының жаңа технология және ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.
      К.Сванқұлов өзінің ғылыми жұмыстарын орындау кезінде 40-тан астам ғылыми мақалалар  жазып, олар Қазақстан Республикасында және ТМД елдерінде шыққан ғылыми еңбектер жинағында жарияланды.
      1995 жылы оның бастамасы бойынша Кіші ғылыми Академияның Балқаш қаласы оқушыларына арнаған филиалы ашылды. КҒА-ға қатысушы оқушылар екі жыл қатарынан халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың жүлдегерлері болды. 1996 жылы ақпан айында К.Сванқұловқа  дарынды жастарды тәрбиелегені және ғылыми еңбектері үшін  «Экология» Халықтық Академиясының академигі деген Құрметті атақ берілді. 
   Балқаш қаласы маслихатының 1998 жыл 16 қыркүйектегі №22/254 шешімімен 32-орамға Күмісбек Төлепбекұлы Сванқұловтың аты берілді.
       Сванқұлов Кумісбек Төлепбекұлы 1996 жылы қайтыс болды.

Әдебиеттер  тізімі:

1. Дәрібекова, Г. Арманы асқақ жан еді // Балқаш өңірі.
2. Григорьева, Т. Балқаштың бірінші академигі / Т.Григорьева // 1996. – 24 сәуір(№33). – 4б.
3. Қамбарова, Б. Өнеге болары сөзсіз / Б.Қамбарова // Балқаш өңірі. – 1998. – 30 мамыр(№43). – 5б.
4. Еске алу // Балқаш өңірі. – 1998. – 10 маусым(№47). – 4б.
5. Мақсұтұлы, Қ. Халық академигі К.Т.Сыбанқұловқа арналған ескерткіш мемориалдық тақталар / Қ.Мақсұтұлы // Балқаш өңірі. – 1998. – 20 маусым(№52). – 3б.
6. Айтжанұлы, Қ. Көше атауын өзгертті / Қ.Айтжанұлы // Балқаш өңірі. – 2001. – 27 мамыр(№25). – 4б.
7. Балқаш. Тарих беттері; құжаттар мен материалдар жинағы / Құрас: Жаксенова Н.Т., Исабекова А.Б., Сәкенова Р.Д., Қарағанды: «Арқа және К» ЖШС, 2007. – 209б.
8. Жұматова, З. Балқаштық академик - Күмісбек Сванқұлов / З.Жұматова // Балқаш өңірі. -2018. -15 маусым (№57).- 3 б.


Дата редактирования: 06 Шілде 2020

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика