"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Соболев Борис Иванович

Просмотров: 1318

     Соболев Борис Иванович  1937 жылы 6 қараша күні Воронеж облысында дүниеге келген.
    Б.Соболевтың еңбек өтілі 55 жыл, оның ішінде 12,5 жылы «Қазақмыс» Корпорациясы ЖШС-де өткен. Б.Соболев – тәжірибелі өндіріс маманы, ол электроэнергетика саласында әр түрлі басшылық лауазымдарда қызмет етті. 1963 жылы Балқаш тау-кен металлургиялық комбинатына энергетик болып қабылданады. Өзінің өндірісте қызмет жасаған жылдарында, Б.Соболев БКМК-ның бас энергетигі, «Балқаштүстімет» ӨБ-нің энергетигі,энергетика Басқармасының директорының орынбасары - БМҚЗ-ның бас энергетигі, есеп және режим жөніндегі жетекші инженер қызметтерін атқарған.
   Металлургиялық өндірістегі адал еңбегі үшін Б.Соболев «Еңбек ардагері» атағын алып, Қазақ КСР-ның Жоғары Кеңесінің (1988 жыл 7 мамырдағы Жарлық), БКМК, БМҚЗ, «Балқаштүстімет» ӨБ, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған.
     Балқаш қалалық мәслихатының 2017 жыл 28 тамыздағы № 13/106 шешімімен Соболев Борис Ивановичке «Балқаш қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Әдебиеттер тізімі:
1.  Балқаш қаласының «Құрметті азаматы» атағын беру туралы //Балқаш  өңірі. – 2017. – 30 тамыз(№97-98). – 1 б.


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика