"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Сәденов Қуандық

Просмотров: 2751

    Сәденов Қуандық ақын, сазгер, журналист.  1961 жылы Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының «Бірлестік» колхозында (кейіннен «Жамшы» кеңшарының бөлімшесі) дүниеге келген. 1984 жылдан бастап Балқаш қаласында тұрады. 1985 жылдан 1990 жылға дейін «Балқаштүстімет» ӨБ-нің құрылыс-жөндеу цехында ағаш шебері болып жұмыс істеді.

     Содан кейін өмір жолы Қуандық Сәденовты журналистикаға алып келді. 1991-1999 жылдар аралығында «Балқаш өңірі», 2000-2002 жылдары «Сырлас» газеттерінің редакциясында еңбек еткен. Қазіргі уақытта «Пульс» газетінің редакциясында тілші болып жұмыс істейді.

   Қарағанды қаласындағы «Арко» баспасынан «Жырлайды жүрек» өлеңдер жинағы (2003ж.), «Құлық Жалаңтөс (Соқыр) батыр ұрпақтарының шежіресі» (2009ж.), «Ауылым Жалаңтөстің Қызылтасы» (2016ж.)   кітаптары жарық көрген. Жиырмаға тарта әндердің авторы. 2011 жылы Алматыдағы «Меломан» фирмасынан «Алтын анам» деп аталатын алғашқы аудиоальбомы жарыққа шықты.

   Қ.Сәденов 1987 жылы «Халық шығармашылығының бүкілодақтық II фестивалінің лауреаты" төсбелгісімен, 1989 жылы Жезқазған қаласында өткен облыстық «Байқоңыр даусы», 1990 жылы облыстық «Ұлытау үні» фестивальдерінің, 1989 жылы желтоқсан айында Шымкентте өткен Орта Азия мен Қазақстанның жанұялық ансамбльдері фестивалінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 1998 жылы Балқаш қаласында Тәуелсіздік күні мерекесіне орай ұйымдастырылған қалалық ақындар мүшайрасының Бас жүлдесіне ие болды. 

Әдебиеттер тізімі:

1. Жүнісұлы, О. Тіл-көзден аман бол, бауырым! / О.Жүнісұлы // Балқаш өңірі. – 1994. – 20 қыркүйек(№75). – 4б.

2. Сәденов, Қ. Бектібек әулие / Қ.Сәденов // Балқаш өңірі. – 1994. – 19 қараша(№92). – 4б.

3. Мақсұтұлы, Қ. Балқаш – саяси және әскери тұтқындар лагері / Қ.Мақсұтұлы // Балқаш өңірі. – 1999. – 27 мамыр (№42). – 2б.

4. Сәденов, Қ. Киелісің домбыра / Қ.Сәденов // Балқаш өңірі. – 2007. – 8 маусым(№47). – 4б.

5. Мақсұтұлы, Қ. Шашубайдағы «Ауыл күні» мерекесі / Қ.Мақсұтұлы // Пульс. – 2009. – 2 қазан(№40). – 6б.

6. Қажытай, А. Өзі де, сөзі де қарапайым / А.Қажытай // Балқаш өңірі. – 2011. – 24 маусым(№51). – 4б.

7. Кәрім, Н. Сазгер аға / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2011. – 22 шілде(№82-83). – 5б.

8. Ән қанатында // Балқаш өңірі. – 2011. – 18 тамыз(№91-92). – 6б.

9. Кәрім, Н. Тіл мәртебесі – ел мәртебесі / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2011. – 23 желтоқсан(№101). – 6б.

10. Қызылтас, Қ. «Қаламгер» - 10 жаста / Қ.Қызылтас // Пульс. – 2012. – 23 наурыз(№12). – 5б.

11. Сәденов, Қ. Театр – екінші үйіміздей еді / Қ.Сәденов // Пульс. – 2012. – 27 сәуір(№17). – 8б.

12. Кәрім, Н. Мешіт мереке иелерін марапаттады / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2012. – 27 маусым(№52). – 3б.

13. Ахметбекова, Т. Жүрегі өлең деп соққан аға / Т.Ахметбекова // Балқаш өңірі. – 2021. – 10 қараша (№86). – 5 б.

14. Кәрім, Н. Қуан аға / Н.Кәрім // Балқаш өңірі. – 2021. – 10 қараша (№86). – 1 – 4 б.

 


Дата редактирования: 29 Наурыз 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика