"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

«Бір ел – бір кітап» акциясы

Просмотров: 14296

Акция тарихы 

     Қазақстандық «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы АҚШ-та өте танымал болған «Бір кітап, бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» деген кітапханалық жобаларына негізделген. Шартқа сәйкес бүкіл қала тұрғындары бір мезгілде бір шығарманы оқуға тиіс.
    Бір кітапты жалпы қала болып оқу идеясы АҚШ-тың солтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатына қарасты – Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы тарапынан ұсынылған. 1998 жылы «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» тақырыбымен алғаш өткізілген акцияның мақсаты – Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оларға оқуды насихаттау. Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар Чикаго, Буффало, Рочестер қалаларында да ұйымдастырылды.
     «Бір кітап, бір Чикаго» (One book, one Chicago) бағдарламасы Чикаго жұртшылығына белсенді ықпал ету арқылы Чикаго көпшілік кітапханасында басталды. Оның негізгі мақсаты қаланың ересек тұрғындары мен жастарын бір кітапты бір уақытта оқуға және оны ұжым болып - отбасында, жұмыста жолдастары мен таныстары арасында, кітапханаларда, оқу мекемелерінде, кітап дүкендерінде, діни ұйымдарда, кафелерде және басқа да қоғамдық орындарда талқылауға ынталандыру болып табылады. Бұл - қаланың кенеттен кітапсүйерлер клубына тән өзгерістермен құбылатын күні.
     2000 жылдың қазан айында Чикаго қаласында «Чикагода кітаптар апталығы: Оқуға құмар қала» тақырыбымен тұңғыш рет қалалық фестиваль өтті. Осы фестиваль аясында қоғамдық талқылаумен және авторлар баяндамаларымен бірге кітап тұсаукесерлері, сондай-ақ семинар, экскурсия секілді басқа да шаралар ұйымдастырылды. 7 апта бойы Чикагоның он мыңдаған халқына ауқымды іс жүргізіліп болған соң, Пулитцеров сыйлығына лайық деп танылған американ жазушысы Харпер Лидің (1926 ж.) «Убить пересмешника» (1960 ж.) атты романы талқылауға түсті. Кітап авторы бүкіл әлем мен осы замандық Чикаго үшін өзекті болған толеранттық және нәсілшілдік сияқты маңызды мәселелерді алға тартады.
     Бүгінде «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы әлемдегі көптеген елдерге кең тараған (Испания, Латын Америкасы елдері және Корея т.б.). «Сто лет одиночества» романының авторы Габриэль Гарсиа Маркестің 80 жылдығына арнап Испанияда оқу марафоны өткен еді. Қалаушылар романды бірнеше күн бойы үздіксіз дауыстап оқыды. Осы марафонды Испания Үкіметі басшысының орынбасары Мария-Тереса Фернандес де ла Вега ашты. Бұдан дәл 40 жыл бұрын жарыққа шыққан романды 7 бетке сыйғызып айту үшін әрбір қатысушыға 15 минуттан уақыт бөлінді.
     2003 жылы Кореяда бірлесе оқуға негізінен балалар кітабы таңдалды. Бұл жоба одан кейін «Бір кітапхана – бір кітап», «Бір ауыл – бір кітап» деген жобалар түрінде көрініс тапты.
  
 

Қазақстан Республикасының «Бір ел – бір кітап» акциясы

      Елімізде республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ, жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.
 

   «Бір ел – бір кітап 2022» Акциясы
 

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА

 

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Фейсбук және Инстаграм парақшасында 2022 жылы «Бір ел – бір кітап – 2022» республикалық акциясы аясында оқуға ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын ұсыну бойынша сауалнама жарияланды.
Қорытындысында 2022 жылғы «Бір ел – бір кітап – 2022» республикалық акциясы аясында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын бүкіл ел болып оқу бір ауыздан қолдау тапты.
Ел тұрғындарына Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылығын келесі бағыттар бойынша оқу ұсынылады:

1.    «Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы»,

2.    «Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары»,

3.    «Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөздері»,

4.    «Қазіргі заманғы ахметтану ғылымы».

 

ЖЫЛ КІТАПТАРЫН БІРГЕ ОҚИЫҚ!

 

«Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ

«Бір ел – бір кітап 2022» акциясы бойынша өтетін іс-шаралар жоспары

 

Іс-шара атауы

Өтетін күні

Жауаптылар

  1.  

«Қазақтың рухани көсемі» «Ахмет кітап көрмесі

Жыл бойы

С.Сейфуллин атындағы ОҚК

  1.  

«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы» әдеби кітап вернисажы

Жыл бойы

А.Гайдар атындағы ОҚБК

  1.  

«Тіл - қазына, сөз маржан» интеллектуалдық ойыны

20.04.2022 ж.

А.Гайдар атындағы ОҚБК

  1.  

«Ұлтымыздың Ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлы» тарихи танымдық сағаты

18.05.2022 ж.

№4 кітапхана-филиалы

  1.  

«Ахмет Байтұрсынұлы – тіл туының тұғыры» әдеби оқулары

26.08.2022 ж.

№1 кітапхана-филиалы

  1.  

«Ұлттың ұлы көсемі» челлендж

01.09.2022 ж.

С.Сейфуллин атындағы ОҚК

  1.  

«Ұлт ұстазына тағзым» әдеби кеш

02.09.2022 ж.

№2 кітапхана-филиалы

  1.  

«Ахмет Байтұрсынұлы ұлт жанашыры» әдеби портрет

02.09.2022 ж.

№3 кітапхана-филиалы

  1.  

«Ғасыр саңлағы» әдеби вернисаж

06.09.2022 ж.

№5 кітапхана-филиалы

 

 

 


Дата редактирования: 04 Қазан 2022

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика