"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Электрондық ресурстар

Просмотров: 3858

 

 ЭЛЕКТРОНДЫ КАТАЛОГТАР

 

ЭК "Кітаптар" - Электронды каталог кітаптардың библиографиялық жазбаларын қамтиды. 23.08.2017 жылы каталог көлемі - 15404 жазба.

 

Мақала - ОКЖ  жаздырып алатын мерзімді басылымдар мақалаларының библиографиялық жазбасын құрайды. Каталог көлемі - 10453 жазба.

 

ЭК "Өлкетану" - ОКЖ жаздырып алатын мерзімді басылымдардың өлкетанулық библиографиялық жазбаларын және өлкетану кітаптарын құрайды. Каталог көлемі - 10763 жазба.

 

ЭК "Экология" - ОКЖ жаздырып алатын мерзімді басылымдардың экологиялық  библиографиялық жазбасын құрайды. Каталог көлемі - 793 жазба.

 

ЭК "Мерзімді басылымдар"  - ОКЖ жаздырып алатын мерзімді басылымдардың библиографиялық жазбасын құрайды. Каталог көлемі - 264 жазба.

 

Маман - ОКЖ жаздырып алатын мерзімді басылымдардың мақалаларының кітапхана ісі туралы библиографиялық жазбасын құрайды. Каталог көлемі - 3233 жазба.

 

Сирек ҚорОКЖ қорындағы сирек кітаптардың библиографиялық жазбасын құрайды. Каталог көлемі – 143 жазба.

 

CD-ROM - ОКЖ қорындағы дискіге жазылған деректердің библиографиялық жазбасын құрайды. Каталог көлемі – 57 жазба.

 

Е - мақалалар  - Электронды мақалалардың библиографиялық жазбасын құрайды. Каталог көлемі – 326 жазба.

 

Е - кітаптар - Электронды кітаптардың библиографиялық жазбасын құрайды. Каталог көлемі – 135 жазба.

 

ЭЛЕКТРОНДЫҚ  МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ

 

"ЗАҢ" мәліметтер қоры - "Заң" мәліметтер қоры -1990 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі Қазақстанның қоғамдық-саяси,экономикалық және халықаралық қызметін реттейтін,ҚР заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілері ресми мәтіндерінің неғұрлым толық электронды жиынтығы.деректер базасы түсініктемелер,сөздіктермен жабдықталған,күші жойылған құжаттар мұрағаты қалыптастырылған,сондай-ақ нормативтік құқықтық актілердің алдыңғы редакциясы қалпына келтірілген.

 

"Гарант" ақпараттық-құқықтық портал - Гарант "Негізгі нормативтік актілер" жүйесінің интернет жобасы Ресейдің заңнамалық негізін құрайтын базалық құжаттардан құрылған.Бұл  дестеде заңнамалық мәтіндердің 29500 астамы сақталған.Жүйе тәулік бойы,демалыссыз жұмыс істейді.

 

"ПараграфАЖ - Керекті құқықты ақпаратты дер кезінде алу,қазіргі күнде тіршілік және ойдағыдай даму үшін қажетті жағдай."Параграф" анықтама беруші жүйесі сізге көмек көрсетеді. Оның құрамында: қазақстанның заңнамасы; халықаралық құқық құжаттары; Заңнаманы қолдану тәдірибесі;Құжаттар жобасы; Түсінік беру және түсініктеме; Құжаттар нысаны; Сөздіктер және басқа да анықтама беруші ақпарат.

 

Адам құқықтары бойынша цифрлы кітапхана - Цифрлы кітапхананың электрондық ресурстары қазақ және орыс тілінде  құрылған,бүкіл ақпарат жұмыста оңай және бәріне де қолайлы.Цифрлы кітапханада Қазақстандағы адам құқығын қамтамасыздандыруына байланысты 1500 аса құжат,олар үнемі жаңартылып және жаңа құқықтық құжаттармен толықтырылады. 

 

Public.Ru  БАҚ интернет-кітапханасы

«Көпшілік кітапханасы»  компаниясы масс-медиа материалдарымен: онлайн-қолжетімдіден Public.Ru БАҚ жарияланымдарының өзгеше коллекциясына баспасөз мониторингісіне және   ашық көздер базасында эксклюзитивті аналитикалық зерттеулерге дейін, жұмысқа арналған қызметтердің толық спектрін  пайдалануға береді.

БАҚ ақпараттарын тиімді іздестіру және кәсіби талдау.

«Көпшілік кітапханасы» компаниясы 2000 жылдан бастап БАҚ материалдарының жеке деректер базасын дамытады. Бүгінгі күндері орыс тілді Public.Ru БАҚ-тың интернет-кітапхана мұрағатында 85 млн астам жарияланымға қол жеткізуге болады. Күн сайын базаға 70000 жаңа құжаттар 10000 астам БАҚ: газеттер, журналдар, ақпараттық агенттіктер, телеарналар, радиостанциялар және интернет-басылымдар өңделіп, енгізіледі. БАҚ көздерінің географиясы Ресейдің барлық аймақтарын, сондай-ақ, жақын және алыс  шетелдерді қамтиды.

Public.Ru БАҚ материалдарының деректер базасындағы тиімді іздестіру ақпараттық-аналитикалық жүйенің күшімен ұйымдастырылған. Public.Ru  пайдаланушылары жарияланымдарды өз бетінше іздей алады, баспасөзге шолуды тиімді пайдаланып, кез-келген тапсырылған кезең үшін график және кестелер түріндегі есеп берумен деректердің медиастатистикалық талдауын жедел өткізе алады.

Public.Ru БАҚ интернет-кітапхана клиенттерінің арасында:  коммерциялық ұйымдар және мемлекеттік мекемелердің баспа қызметі мен аналитикалық бөлімшелері,   БАҚ мониторингісінің PR-компаиялары және топтары,  маркетингтік агенттіктер және консалтингілік компаниялар.  

 

Public.Ru  компаниясынан бейне

 

eLibrary.ru  Ғылыми электрондық кітапханасы.

eLibrary.ru  Ғылыми электрондық кітапханасы – бұл құрамында 12 млн астам ғылыми мақалалар және жариялымдардың рефераттары мен толық мәтіндері бар ғылым, технология, медицина және білім саласындағы аса ірі ресейлік ақпараттық портал. 

eLibrary.ru платформасында 1400 ресейлік ғылыми-техникалық журналдардың, оның ішінде ашық қол жеткізуде 500-ден астам электрондық нұсқасына қолжетімді. eLibrary.ru платформасында ресейлік ғылыми журналдар орын алғанына назар аударыңыз, бұл журналдардың бар адамдар үшін ашық толық мәтінді шығарымдары бар. Толық мәтіндерді қарап шығу үшін  eLibrary.ru  сайтында өз бетінше тіркелу қажет.

 

Polpred.com – маңызды жариялынымдар мұрағаты қолмен жиналады. Деректер базасы рубрикатормен: 26 сала /600 қайнар көз/ РФ-ның 8 федералды округі/ 235 ел және аумақ/ бас материалдар/ бірінші тұлғалардың 3000 баптары мен сұхбаттары. Күн сайынғы мыңдаған жаңалықтар, орыс тіліндегі толық мәтін, ақпарат агенттігі мен іскер баспасөздің 15 жыл ішіндегі миллиондаған үздік сюжеттері. Word-тағы экспорт, сұрыптау. Сюжеттерді жеке іріктеу және даярлау кез-келген пайдаланушы құрылғыдан қолжетімді.   

Салалар және елдер бойынша интернет-сервистер.

 

«Лань» баспасы

Электрондық-кітапхана жүйесі

«Лань» баспасы – жоғары оқу орындарына арналған оқу әдебиетін шығарумен  шұғылданатын петербургтік компания.

Біздің өнімнің жоғары сапасы және қызметкерлердің кәсіпқойлығы талай наградалармен дәлелденді. 2009 жылы «Лань» баспасы «Алтын Меркурий» конкурсының «Тұтынушылық өнімі өндірісі саласындағы озат кіші кәсіпорны» номинациясы бойынша аймақтық кезеңінің қатарынан екінші рет жеңімпазы болды. Осы жылы тауарлар және қызметтер сапасы бойынша «Петербургте шығарылған» конкурсында «Өнім» номинациясы бойынша жеңіске қол жеткіздік. Біздің компания үшін бұл жетістіктер біздің өз ісімізді дұрыс, адал және сапалы жасап жатқанымыздың дәлелі болып табылады. 


Дата редактирования: 16 Сәуір 2024

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика