"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Даната құрбақасы

 

Даната құрбақасы – құйрықсыз қосмекенділер. Құрғақ шөлде де, ылғалды биік тауда да тіршілік етеді. Кең таралған жасыл құрбақаға ұқсайтын болғандықтан және біздің елімізде қосмекенділер толық зерттелмегендіктен, оның таралуы туралы мәліметтер өте аз. Оның Талас, Іле, Жоңғар Алатауы мен Зайсан шұңқырынан кездескені белгілі. Күндіз белсенді. Негізінен құрғақ жерде тіршілік етеді. Суға тек уылдырық шашу үшін барады. 3 күннен кейін итбалықтары пайда болады. Даната құрбақасы жәндіктермен қоректенеді. Қазақстан Қызыл кітабына енгізілген.

 

Дереккөзі: Қазақстандағы жануарлар әлемі. Ғылыми көпшілік басылым. – Алматы: «Алматыкітап» ААҚ, 2003. – 128 бет, суретті.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика