"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Шиқан

Шиқан, сыздауық – бұл өте аурулы, тері қуысы іріңге толған ауру. Шиқанның үлкендігі кіші бұршақтан басталады, грек жаңғағының пішінімен бірдей болады, дененің кез келген жеріне шыға береді, көбінесе олар түгі бар және дене үйкелетін жерлерде кездеседі. Мысалы: мойын, қолтық, бұт, бет, кеуде, жамбас және т.б.

Карбункул – өте үлкен сыздауық және бірнеше сыздауық бір жерге шыққанда болады, бұл өте терең және ауыр келеді. Бұл ауруға шалдыққан жағдайда дәрігермен кеңесу керек, әйтпесе қанға араласып асқынып кетеді. Тек антибиотикпен ғана емделеді.

Сыздауықтың пайда болу себептері: аурудың қоздырғышы – алтын стафилококк, қылтықты фолликулдерге бактериялар кіретін жағдайда пайда болады. Тері кездемесі іріңге толып, қызыл түсті кішкентай ісік білеуленіп көрініп тұрады.

Шиқан ашылып, өзегі шықпайынша қол тигізбей қақсай береді. Бұған алып келетін себептер: жеке тазалықты сақтамау, кішкене жарақаттар, иммунитеттің төмендеуі, созылмалы аурулар: сусамыр, өкпе, ішек-қарын, жүрек және қан тамыр аурулары, авитаминоз, тұмау аурулары, артық және жеткіліксіз дене салмағы.

Белгілері. Тұңғыш рет пайда болған қызарған ісікті алдын ала емдеуге болады.

Шиқанның өзегі қалыптаспаса, не болмаса үш күннің ішінде жазылмаса, ауру өршиді: қызарғаны, ісік, ауыру өршиді. Дене қызуы көтеріледі. Адамның жалпы жағдайы нашарлайды, әлсірейді, тамаққа тәбеті шаппайды.

Шиқан шыққан жерде лимфалық бездер қабынады. Бұндай жағдайда дәрігерге міндетті түрде қаралу керек. Қаралмаған жағдайда шиқан бүкіл денеге тарап кетеді; яғни септицемияға (бүкіл қанға жайылу) алып келеді.

Әсіресе, бетке шыққан шиқандар өте қауіпті. Өйткені беттің қан тамырлары мидың қан тамырларымен байланысқан, яғни шиқанның іріңдері ми қабығының ауруына (менингит) алып келуі мүмкін.

Ірі лимфа бездерінің қасында пайда болған шиқандардың іріңі бауырға, бүйрекке, миға және басқа да дене мүшелеріне тарап кетеді, демек сепсиске (ағзаға жұқпалы аурудың тұтас жайылып кетуі) алып келеді.

Шиқан 4-5 күннен кейін өзі ашылса, байқап іріңін алып, орнын сутегінің асқын тотығымен тазалау керек. Одан кейін құрғақ таңғыш саламыз. Оны жазылғанша күнде ауыстырып түру керек.

Қанды іріңді өзегі шыққаннан кейін дене қызуы басылады, жалпы жағдайы жақсарады. Шиқанның орны ағарып жазыла бастайды, кейін білінер-білінбес тыртық қалады. Қайталана берген жағдайда сусамырға тексерілу қажет.

Шиқанды сығуға, қасуға, өздігінен кесуге болмайды!

Бекбол ӘКІМХАНОВ,

Алматы қалалық №9 емхананың тері аурулары дәрігері.

 

Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2012(№10). – 24 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика