"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Холецистит

Холецистит – шығу тегі инфекциялық (бактериялық, вирустық немесе паразиттік) өт қабының қабыну сырқаты, ас қорыту ағзаларының кең тараған ауруларының бірі.

Холецистит көбіне артық салмағы және өттас ауруы бар әйелдерде кездеседі. Алайда салмағы қалыпты не аз адамдарда да ұшырасады.

Бұл дерттің дамуына кейде шамадан артық жеп, тұрақсыз тамақтану, аз қозғалу, тұрақты іш қату, жүктілік, созылмалы инфекция көздері, иммундық мәртебенің бұзылуы әсер етеді. Ол көбіне өт қабына микробтар (ішек таяқшасы, стрептококктар, стафилококктар, энтерококктар) еніп, дамығанда байқалады. Жіті және аскынған холецистит кезінде антибиотиктер қолданылатындығы сондықтан. Өт қабына микробтар негізінен өт шығару жолдары арқылы ішектен жоғары бағытта қозғала отырып түседі. Өттің кері қайтуы бұзылғанда да холецистит дамиды. Өт қабында тастың болуы өттің кері ағуына кедергі болып кана қоймай, өт қабы қабырғасының тітіркенуіне алып келеді.Өтқабына инфекция ішектен ғана емес, қан және лимфа арқылы да түседі. Сондыктан ішек, жыныс-несеп жүйесі, т.б. сырқаттары бар адамдарда холецистит жиі. Сондай-ақ бұл дертті лямблиялар, аскаридалар секілді паразиттер, өт қабы мен бауыр жарақаттары, асқазан-ішек жолының басқа да аурулары тудырады. Демек, холециститті емдеу үшін оның себебін анықтау аса маңызды.

Сипаты бойынша холецистит жіті және созылмалы. Созылмалы түрі калькулезді және акалькулезді болып жіктеледі.

Белгілері:

Оң жақ қабырға астының аяқасты қатты ауырсынуы. Бұл ауырсыну арқаның оң жақ бөлігіне, оң жак жауырынға беріледі де тынысты терең ішке тартқанда күшейе түседі.

Жүректің айнуы және өт аралас құсық құсу;

Дене қызуының жоғарылауы;

Оң жаң қабырғаасты бұлшық еттерінің ширығуы. Терең күрсіну кезінде оң жақ қабырға астын алақанмен жеңіл басканда қатты ауырсыну пайда болады, алақан қырымен қабырға доғасын оң жақтан ақырын ұрғылағанда да дәл осылай.

Кей жағдайларда сарғаю байқалады.

Асқынулары: ұйқы безінің екіншілік қабынуы; бауырастылық сарғаю және одан әрі холестаздың дамуы; өт қабының шемені; өт қабының тесілуі.

Ем қағидалары: төсекте жату; ашығу; уытсыздандыру емі; ауырсынуды жоятын дәрілер, антибиотиктер, спазмолитиктер, асқазан сөлінің бөлінуін басатын дәрмектер колданылады.

Жіті холециститі бар науқастарды хирургиялық бөлімге жедел түрде жеткізу керек. Алдымен консервативті ем жүргізіледі, егер ол нәтиже бермесе оталанады. Өт қабы гангренасы, флегмонасы, оның тесілуі, перитонит бар деген күдік болса, наукас шұғыл түрде оталанады.

Дәрігер келгенше не істеу керек? Дәрігер келгенше грелка қолдануға, асқазанды жууға, іш жүргізетін дәрілер ішуге, клизма жасауға болмайды. Науқас төсекте жатып, өт қабы аумағына әр 45-50 минут сайын 10-15 минутқа мұз қойылуы тиіс. Тамақты аз мөлшерде, негізінен қышқыл сүт өнімдерін, қайнатылған не буға пісірілген көкөністер тұтынады.

Р.ДӘУРЕНБЕКОВА,

Терапевт

 

Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2012(№7). – 8 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика