"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Соз

Соз – ерекше  қоздырғыш – гонококктан туындайтын, көбінесе жыныстық жолмен берілетін жұқпалы ауру. Ол бірінші кезекте зәр жыныс мүшелерін (үрпіні, цервикалдық каналды, тік ішектің төменгі бөлігін, көз коньюнктивасын (шырышты кабығын) және т.б закымдайды.

Созды тудыратын Neisseria gonorrhoeae  микроорганизмі жоғары жұқпа түрлеріне жатады. Зәр жыныстық мүшелердің шырышты қабықтарын зақымдап жергілікті қабынуды дамытады.

Бұл ауруға шалдығуда жоғары қауіп-қатер тобын 16-31 жастағылар мен белсенді күсқұмар жасөспірімдер құрайды. Науқастардың тіркелген жағдайларының жалпы санына карағанда осы топтағылардың созға шалдығу көрсеткіші жыл сайын 80 пайызға өсіп отыр. Бұл топқа күйектерді қолданбайтын немесе бірнеше жыныстық ойынсеріктері бар адамдар жатады.

Созды жұктыру жағдайы, әдетте, жыныс жолдарымен қоса ауыз және көтен (анус) арқылы жыныстық қатынасқа баратын адамдарда кездеседі.

Әйелдер мен еркектерде соз жұқпасының орналасуында айырмашылықтар бар: әйелдерде гонококк жұқпасының «сүйікті» орыны жатыр мойыны болса, еркектерде ол ең алдымен үрпінің шырышты қабығын зақымдайды.

Гонококк жұкпасы сонымен қатар тік ішек пен ауыз қуысын да зақымдауы мүмкін. Мұндай жағдай ауыз-жыныстық немесе гомосексуалдық қатынастан кейін туындайды.

Соз негізінен жыныстық қатынас арқылы ғана жұғады, дегенмен кейбір жағдайларда созбен зақымдану жыныстық қатынастан тыс болуы да мүмкін, яғни төсек, ысқыш, орамал аркылы да жұғуы кәдік. Ал нәрестеге соз ауруы анасынан босану кезінде жұғады. Егер науқас создан емделмесе, онда ол ұзак уақыт жұғу көзіне айналады.

БЕЛГІЛЕРІ. Еркектерде соз ағымының инкубациялық (жасырын) кезеңі 2-15 тәулік. Алғашкы белгілері науқас ойынсерігімен жыныстық қатынасқа түскеннен кейін 2-5 күннен соң байқалады. Әдетте, соз белгілері жедел байқалады. Әуелі наукастың зәр жолында жайсыздық білінеді, ал бірнеше сағаттан кейін қышу, күйдіру сезімі және сары-көк түсті іріңді бөлінділер пайда болады.

Созылмалы создық уретрит симптомсыз өтеді.

Әйелдерде соз ағымының инкубациялық кезеңі 1-3 аптаға созылады да кейін соз белгілері, әдетте, жоғалып кетеді. Әйелдерде кіші жамбас мүшелерінің қабыну ауруларының асқынуларының жиі болуына қарамастан соз ағымының басым бөлігі (симптомсыз өтетіндіктен) ерте сатысында сирек анықталады.

АСҚЫНУЫ.

Создың асқынуы жиі кездеседі, әрі ол ауыр жағдайға әкеліп соғады. Еркектерде создың асқынулары: баланопостит, фимоз, парафимоз, кавернит, үрпінің бітелуі, орхит (еннің қабынуы), простатит (қуықасты безінің қабынуы), эпидидимит (ен қосалкыларының қабынуы) және т.б.

Простатит – куыкасты безінің қабынуы. Жедел создық простатит өте сирек кездеседі. Және де уретриттің ашық белгілерімен көрінеді; кіші дәретке шығу жиілеп, бұт арасы солқылдап ауырады, жалпы әлсіздік пайда болып, дене кызуы 39 градуска дейін көтеріледі. Простатитте еркектік жыныстық козуы нашарлап, шәуеттің уакытынан бұрын шығып кетуі, жыныстық ләззаттың жоғалуы байқалады. Осындай ауру белгілері белсіздіктің дамуына алып келеді.

Создык эпидидимит едәуір жиі байқалады. Ол кенеттен басталып, ен қосалқылары мен шап аймағында ауырсыну сезімін туындатады. Наукастың дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, денесі қалтырап, басы ауырады, тұла бойын әлсіздік билейді.

Әйелдердегі создың асқынулары: создық уретрит, бартолинит, эндоцервицит, проктит, эндометрит, сальпингит және пельвиоперитонит.

Дер кезінде емделмеген соз ауруы басқа мүшелердің асқынуларына, яғни сепсиске, артритке, менингитке, сондай-ақ бедеулікке алып келуі мүмкін.

АНЫҚТАЛУЫ. Созға байланысты кез келген күмәнді белгілері байқалған кезде дереу дәрігер-венерологқа көріну қажет. Мұндай жағдайда науқасқа бәлкім урологтың (ерлер үшін), гинекологтың (әйелдер үшін) кеңесі қажет болатын шығар.

ЕМІ. Создың негізгі емі — гонококктарға бактериостатикалық және бактерицидтік әсер етуші антибиотиктер. Бұл ауруға шалдыққан адамның өзін-өзі емдеуі – жарамсыз  әдет. Мұндай әдет создың созылмалы түріне өтуіне және қайтымсыз үрдістердің пайда болуына алып келуі мүмкін. Сондықтан создың емін тек дәрігер – венеролог, уролог, гинекологтар ғана жүргізуі тиіс.

АЛДЫНАЛУ. Жыныстық қатынаста тек күйеуі әйелімен, не әйелі күйеуімен ғана болуы керек. Ал кездейсоқ жағдайларда создан сақтану үшін оған тосқауыл қоятын әдістерді міндетті түрде қолдану қажет. Оларға күйектер, хлоргексидин, мирамистин және т.б жатады. Ойынсеріктер жиі ауыстырылған жағдайда жұқпаны талдауға тапсыру керек.

Нәрестелерде көздің созы болмауы үшін көздеріне екі рет 30 пайыздық сульфацил натрий ерітіндісін тамызады, ал қыз бала болса, оған қоса осы ерітіндімен жыныс мүшелерін де тазартады.

 

Х.Н. НҰРЖАНОВ,

профессор, акушер-гинеколог.

Г.М.АҚБАЕВА,

дәрігер, акушер-гинеколог.

А.М.МУХПУЛОВА,

 дәрігер, акушер-гинеколог.

 

 

Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2011(№5). – 11 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика