"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Перитонит

Перитонит – жергілікті және жалпы белгілермен қатар өтетін ішперде қабынуы. Біріншілік ішперде қабынулары сирек, екіншілік перитониттер – жіті хирургиялық аурулардың және кұрсақ куысы ағзалары жарақаттарының асқынуы жиірек кездеседі.

Іріңді перитониттің ауыр түрлерінен адамның қаза болу жағдайлары 25-30% құрайды, ал полиоргандық жеткіліксіздік дамығанда - 80-90%. Перитонит кезінде шұғыл хирургиялық әрекет жасалуы тиіс, яғни ота қаншалықгы ерте жасалса, ауру болжамы да соншалықты жақсы болмақ.

Перитонит дамуының негізгі себебі – инфекция. Сырқат микробты, асептикалық болып бөлінеді, сондай-ақ оның ерекше түрлері – канцероматоздық, паразиттік, ревматоидтық, гранулематоздық перитониттер де бар.

Клиникалық ағымы бойынша перитониттерді жіті және созылмалы деп бөледі. Соңғысы көбіне спецификалық сипатта болады: туберкулездік, паразиттік, канкрозды асцитперитонит, т.б. Практикалық хирургияда құрсақ қуысындағы іріңді үдерістің көрінісі ретінде жіті перитонит жиі кездеседі. Осыған байланысты ол : экссудат және сарысу сипаты бойынша серозды, фибринозды, серозды-фибринозды, іріңді, фибринозды-іріңді, шіріген, геморрагиялық, құрғақ болып бөлінеді. Осылардың ішінде іріңді перитониттер жиі.

Көбіне перитониттер жеке ауру ретінде емес, қабыну сырқаттарының немесе құрсақ қуысы жарақаттарының асқынуы ретінде білінеді. Әдебиет мәліметтері бойынша, құрсақ қуысы ағзалары жіті хиругиялық ауруларының 20 пайызға жуығы перитонитпен асқынады.

Перитонит көздері: құрт тәріздес өсінді – 30-60% - соқырішектер; асқазан және ұлтабар – 7-14%-тесілген ойықжара, обыр перфорациясы, асқазан флегмонасы, бөгде заттар, т.б.; әйел жыныс ағзалары – 3-12% - сальпингоофорит, эндометрит, пиосальпинкс, анабез жылауығының жыртылуы, соз, туберкулез; ішек – 3-5% - ішектің бітелуі, жарықтың қысылуы, т.б.; өт қалтасы – 10-12% - холециститтер, перфоративті, флегмоналы перфорациясыз перитониттер; ұйқы безі – 1 % - панкреатит, панкреотоз; отадан кейінгі перитониттер – 1 %.

Белгілері. Аурудың дамуы үш кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке, тіпті одан да ұзаққа созылуы мүмкін. Бұл кезеңде құрсақ қуысындағы қабыну үдерісі әлі дамымайды, жергілікті перитонит жайылған перитонитке ауысады. Әрине, перитониттің туындау себебіне қарай ауру әр адамда әрқалай дамиды. Яғни науқастың іші қатты ауыруы немесе ешқандай ауырсыну сезімі болмауы да мүмкін. Екінші кезеңде іштегі жел шықпайды, науқас үлкен дәретке отыра алмай қалады, зәрінің түсі қоюланады, кіші дәретке отыру ауырсыну әкелуі мүмкін. Тік ішек арқылы зерттеу ауырсыну әкеледі. Науқас бұл кезеңде акыл-есін сақтайды, бірақ оқтын-оқтын қозып, сандырақтауы мүмкін. Көбіне еңсесі түсіп, көңіл-күйі нашарлайды. Үшінші кезең – қайтымсыз кезең. Ауру басталған соң 3 тәуліктен немесе одан кештеу басталады, 3-5 тәулікке созылады. Науқастың жағдайы өте ауыр. Ақыл-есі шатысады, кейде эйфория байқалады. Терісі бозғылт, сарғайған, цианоз. Іші мүлде ауырмайды деуге болады. Тынысы терең емес, аритмиялы, тамыр соғысы жиі әрі әрең білінеді, қан қысымы төмен. Ауру адам біресе қимылсыз жатады, біресе аласұрады, селк етіп шошиды, көзі көмескіленеді. Іші торсиып, ұстап көргенде ауырсынбайды, тыңдағанда – тым-тырыс.

Перитониттің бір кезеңнен екіншісіне ауысуы біртіндеп өтеді. Араларында айқын шекара жоқ. Перитониттің жедел септикалық түрлерінде оның кезеңдерін ажырату мүмкін емес.

Емі. Хирургиялық емге лапаротомия, перитонит көзін ерте алып тастау немесе оқшаулау; құрсақ қуысын интра- және отадан кейін санациялау; аш ішекті жаншылудан босату, яғни декомпрессиялау жатады. Жалпы емге әсері бағытталған массивті антибактериялық ем; гемостаз бұзылыстарын дәрі-дәрмекпен жөндеу; экстракорпоральды гемокоррекция әдістерімен организмнің маңызды уытсыздандыру жүйелерін ынталандыру немесе уақытша орнын толтыру кіреді.

 

А.УВАЛЬХАНОВ,

Р.АЖИБИЕВ,

В.КИМ,

хирург дәрігерлер,

Қапшағай қаласы

 

Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2011(№4). – 8 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика