Өкпенің қатерлі ісігінің клиникалық көріністері.Өкпенің қатерлі ісігінің ағымында клиникаға дейінгі және клиникалық сатылары болады. Біріншісі, бір ісік жасушасы пайда болғаннан, клиникалык белгілердің пайда болуына дейін 6-9 жылға созылады. Екіншісі (емделмеген наукастың өмір ұзақтығы) 2-3 жылға созылады. Өкпенің орталық және шеткі қатерлі ісігінің клиникалық көріністері әр түрлі. Тамыралды ісіктің клиникалық симптомдарын 3 топқа бөледі, олардың пайда болуы патогенетикалык түрде түсіндіріледі. Бірінші топ ісіктің бронхита өсуі, сезімтал нерв ұштарына өсіп, жөтелу рефлексін шақырады. Жөтел қатты, кұрғақ, жеңілдік әкелмейді, ісік бронх қабырғасына өседі, жөтелу арқылы ісікті итеріп жылжыту мүмкін емес. Сол кезде ісіктің орталық бөлігі ыдыраңды, содан ол жара сияқты қисайып өзгереді. Бұл кезде майда тамырлар зақымданады және кішкене қан түкірік немесе дән тәрізді қақырық тасталады. Қақырықтағы қанды микроскопиялық зерттеу кезінде жаңа эритроциттер кездеседі. Кеудеде ауырсыну сезімі пайда болады, себебі ісік үдерісіне нерв талшықтары қосылады. Ол ауырсыну тұрақты, тұйық болады. Жөтел қан түкіру, кеудедегі ауру сезімі тамыр алдындағы өкпенің қатерлі ісігінің бірінші белгілерінің триадасын кұрайды. Бронхтардағы ісіктің өсуі оның жолдарының жабылуына әкеледі, одан ателектаз пайда болады. Ірі бронхтың ісікпен жабылуы, ентігуге әкеледі. Ателектазға ұшыраған жерде қабыну үдерісінің дамуына жағдай туады.
Екінші топтың симптомдары асқынулармен байланысты, ісіктің өсуінен және метаста беруінен пайда болады. Бронхтағы ісіктің өсуі, оның жолдарының жабылуына әкеледі, ісіктің кай бронхта орналасуына байланысты сегментте, бөлікте немесе тұтас өкпеде ателектаз болуы мүмкін. Ентігу де осы ателектаздарға байланысты. Ателектазға ұшыраған жерде қабыну үдерісінің дамуына жағдай жасалады (өкпенің тыныс алу кызметінің нашарлауы, бронх заттарының іркілуі, термостатикалық жағдай, инфекцияның болуы, ойық жараға айналған ісік). Пневмонияда науқас дене қызуынын жоғарылауына байланысты дәрігерге көрінеді. Пневмония физикалық әдіспен (аускультация, перкуссия) анықталады, емі тез әсер береді, науқасты ауруханадан шығарады. Бірақ пневмонияның даму жағдайы жалғасып, қайталанып, ал кайталанған пневмония кейде өкпе іріңдігіне айналуы мүмкін. Бұны пневмонияға ұқсас немесе абсцеске ұқсас өкпенің қатерлі ісігі деп атайды, оны ісіктің атипиялык түріне жатқызады.
Жергілікті өсумен бірге лимфа және қан тасымалдау жолдарына метастаз береді, лимфогенді метастаз кезеңмен өтетін өкпе ішіндегі лимфа түйіндеріне, бронхопульмоналды, паратрвхеальды, бифуракция. медиастинальды лимфа түйіндеріне, қолқаның, жұтқыншақтың, бұғанаүсті лимфа түйіндеріне метастаз береді. Жоғары қуысты көк тамырдың бойында орналасқан лимфа түйіндеріне метастаз береді. Бұл көктамырлық қысымынын жоғарылауына және беттің ісінуі мен көгеруіне алып келеді.
Гематогенді метастаз кез келген мүшеге, көбіне бас мида неврологиялык ошақтың симптомдарымен (мишық түрі) көрінеді, бауырда сүйекте, бүйректе, бүйрекүсті безінде, өкпеде кездеседі. Бұл өкпе қатерлі ісігінің анапластикалык түріне тән, бұл кезде ісіктің алғашқы ошағын анықтау киынға соғады. Қатерлі ісік кезінде науқастың жалпы жағдайы өзгереді: әлсіздік, селқостык, жұмыс қабілетінің төмендеуі,апатия, ЭШЖ-нің (эритроциттердің шөгу жылдамдығы) жоғарылауы, арықтау және анемизация болмайды, керісінше гемаглобин, викарин және эритроцит жоғары болады. Шеткі өкпенің қатерлі ісігінің клиникалык көрінісі айкын емес.
Өкпенің қатерлі ісігінің нақтамасы және анықталуы. Бұл аурумен көбіне орта жастан асқан ер адамдар ауырады. Сондықтан аурудың тыныс жүйесінің кез келген шағымын ескере отырып, өкпенің рентгенологиялык зерттеуін жүргізу керек. Егер патологиялық көлеңкелер табылса, науқасты фтизиатрға емес онкологка жіберу керек, себебі өкпенің катерлі ісігі егде жастағы еркектер арасында, туберкулезге қарағанда екі есе жиі кездеседі. Өкпенің қатерлі ісігінің негізгі әдісі – рентгенологиялық , рентгенография екі проекцияда, көп осьті рентгеноскопия, томография. Диагнозға күдік туса, бронхография, компьютерлік томография жасалады. Өкпенің орталық қатерлі ісігінде көлеңке ателектазға тән, ал шеткіде шеті айкын дөңгелек караңғы, бірак тегіс емес. Шеткі қатерлі ісік ыдырағанда куысты, шеті толық, бұдыр қабаттан тұратын түзіліс түзеді. Толық диагноз қоюда компьютерлік томография және радиомагнитті резонанс томографиясы көмектеседі, мұнда көлеңкенін түрі және сүлдесі анықталады. Эндоскопиялық зерттеулер ісіктің орналасқан орнын анықтауға мүмкіндік береді, биопсия алуға бронхтан жуындыны цитологиялық зерттеуге және ісіктің бетінен жағынды алуға көмектеседі. Диагностиканың соңында гистологиялык зерттеу жүргізіледі. Ол қатерлі ісіктің қай түрге жататынын анықтауға және емнің дұрыс әдісін таңдауға мүмкіндік береді. Егер осы әдістердің барлығы дұрыс нақтама коюға мүмкіндік бермесе, онда диагностикалық торокотомия жасау керек, ісік алып тасталады немесе лимфа түйінін гистологиялык зерттеу жасалады, бұл болса құрастыру тәсілімен ары карай емдеу әдісін дұрыс тандауға көмектеседі.
С.САДЫҚОВ,
М.САДЫҚОВ
Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2012(№2). – 12 бет.