"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Неврастения

Мұны астениялық невроз деп те атайды. Ол тез қажытатын және жүдететін ашушаңдық түрінде білінетін невроз түрі. Науқас тез ұйықтайды, бірақ сәл сыбдырдан оянғыш. Ашығу сезімі күшті, алайда ол тез жоғалады.

Неврастения бірқатар жағдайларда ақыл- ой жүктемесі салдарынан тым қажу нәтижесінде пайда болады. Басқа жағдайларда ұйқының үнемі қанбауынан, қатты шаршаудан, көңіл-күйдің күрт төмендеуінен және т.б. психикалық зақымдану түрлерінен де болады.

Аурудың бас кезінде науқастың жүрегі лүпілдейді, қатты терлейді, ұйқысы бұзылады және тәбеті төмендейді. Бұл құбылыстар аздаған дене жүктемесінен және көңіл-күйдің өзгеруінен де күшейе түседі. Бұдан әрі әртүрлі сыртқы факторларға сезімталдығы артады, мысалы, сәл салқынға тоңғыш, нақты әрекеттер жасауға қиналады, бірқалыпты күйде ұзақ отыра алмайды,  шыдамсыз, ашушаң, кез келген жайтқа ренжігіш, жылауык келеді.

Егер науқас ұзақ уақыт емделмесе немесе демалмаса, астениялық біліністер күшейе бастайды. Акыл-ой жұмысын орындау кезінде қиындыққа тап болады. Окыған нәрсесін ұмытып, оны қорыта алмайды, өйткені ойы баска нәрселерге тез ауып кетеді. Өзін жұмыс жасауға күштеген жағдайда басы ауырады, ашушаңдық дамиды. Таңертеңгісін ұйқыдан тұрған кезде тұла бойында әлсіздік, жалжырау сезіледі. Телефон шырылы, қатты сөйлесу, тым жарық, сықылықтап күлу – бәрі-бәрі тітіркендіреді. Адамдармен әңгімелесуге тіпті құлқы жоқ.

Ұйқысы нашарлайды, түсіне қорқынышты, үрейлі түстер енеді, ұйқысы қанбағандықтан күні бойы дұрыс жұмыс жасай алмайды. Ауру ұзаққа созылып кетсе, кейін не болса соған күмәнданады, айналадағының бәрі қараң қалғандай күй кешеді.

Ұзақ уақыт, мысалы, алкогольден улану, жұқпалы аурумен ауыру, бассүйектің жарақаттануы, гипертониялық аурулар, атеросклероз т.б. ауруларға шалдығу неврастенияға ұқсас әлсіздік, жүректің лүпілдеуі, ыстықтау, тоңу, тершеңдік, бас ауыруы сияқты белгілерді туындатады. Мұндай науқастарда бұл белгілердің көбісі ұзаққа созылады және ұдайы болады.

Емі

Психотерапия жүргізіледі, транквилизаторларды ноотропилмен қосып береді, тыныштандырғыш, жалпы нығайтқыш дәрілер тағайындалады.

Неврастенияның алғашкы кезеңінде және астениялық жағдайларда еңбек ету және демалу режимін дұрыс ұйымдастыру, серуендеу, дене шынықтырумен, спортпен айналысу, дәруменге бай тағамдарды қолдану, үйде және жұмыста жағымды жағдайлар жасау, сонымен қатар тиісті дәрі-дәрмектерді мезгілінде қабылдап отыру ауру дан тез жазылуға және жұмыс қабілетін жуық арада қалпына келтіруге жәрдемдеседі.

Кейбір адамдар ауру белгілерін түсінбей, кейде науқасқа тойтарыс әрекетін жасап, ұрыса бастайды, оны небір сөздермен сөгеді. Науқасқа мұндайда ақыл-кеңес берудің өзі ауыр тиеді. Жағдайын жасап, мезгілінде ұйықтап-тұру рефлексін калыптастыруға жәрдемдесу керек. Наукастың көпшілікті ұнатпайтындығын да ескерген жөн. Өзі қаламаса, баска адамдармен таныстырудың,  қонаққа, киноға, театрға бірге апарудың кажеті  жоқ.

Кез келген жағдайда емдеуші дәрігерден ақыл-кеңес алып отыру керек, оның тағайындаған дәрілерін мезгілінде қабылдап, баска да талаптарын орындаған дұрыс.

Қандай жағдайда да шамадан тыс дене және ақыл-ой жүктемелері жүйке жүйелеріне әсер етіп, оны неврастения сияқты басқа да жүйке жүйесінің ауруларына әкеп соғатынын естен шығармаған абзал.

 

М.С.ОРДАХАНОВА,

Алматы, терапевт дәрігер

 

Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2012(№6). – 5 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика