"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Катаракта

Көз бұршағы екі жағы дөңес линза пішініндегі мөлдір, дене түрінде болады. Көз бұршағының сындыру күші 15-20 диоптрийге тең. Ол көздің оптикалық жүйесінің күші жөнінен екінші орындағы (мөлдір қабықтан кейін) сындыру ортасы болып табылады. Көз бұршағы үздіксіз өсіп отырады.

Көз ішіндегі көз бұршағы ерекше орынға ие, өйткені оны коршаған ортадан капсуламен оқшауланған. Капсула қажетті заттарды іріктеп өткізеді, соның арқасында мөлдір көз бұршағының химиялық құрамы тұрақты.

Жас ұлғая келе көз бұршағының химиялық құрамы мен химиялық топографиясы өзгереді. Бұл патологияға алып келеді, яғни көз бұршағының күнгірттенуіне, пішіні мен орналасуының өзгеруіне соқтырады. Көз бұршағының қандай да болмасын күңгірттенуі (жартылай немесе жаппай) катаракта деп аталады.

Катаракталар пайда болу мерзіміне, күңгірттенудің орналасуына, этиологиясына қарай жіктеледі. Туындау мерзіміне қарай катаракталар жүре пайда болған және туа біткен болып бөлінеді. Әдетте, жүре пайда болған катаракталар өрши түсуге бейім, ал туа біткен түрі қалыпты.

Этиологиялық факторлар бойынша жүре пайда болған катаракталар қарттық, асқынған, жарақаттық (контузиялық және перфорациялық), сәулелік болып бөлінеді; ал жалпы аурулар кезіндегі (диабеттік, тетаникалық, миотоникалық) катаракталар уыттану (эрготиндік, нафталиндік, тринитротолуолдық, т.б.) салдарынан дамиды. Жүре пайда болған катаракталардың барлығының ортақ белгісі – үдерістің  өршімелілігі. Жүре пайда болған катарактаның кең тараған түрі – қарттық катаракта. Қабықтық катарактаның клиникалық ағымында төрт саты болады: бастапқы, пісіп-жетілмеген, пісіп-жетілген, тым жетіліп кеткен.

Ішке енбеген жұмыр заттан алған жарақат жіті кезенде де, кеш кезеңде де көз бұршағының күңгірттенуіне себеп болуы мүмкін. Контузиялық катаракта көз бұршағының бір бөлігін немесе оны түгел қамтуы мүмкін.

Асқынған катаракта увеальды жолда баяу ағымды созылмалы үдеріс болғанда, тор қабық дистрофиясы, суқараңғы, увеопатиялар кезінде дамиды.

Диабеттік катаракта диабеті бар науқастардың 2-4 пайызында кездеседі. Жас кезде диабеттің ауыр түрінде катаракта екі көзде бірдей дамиды, тез өршиді, сөйтіп ерте мүгедектікке соктырады.

Катарактаның пісіп-жетілу барысында асқынулар пайда болуы мүмкін. Олар аурудың шұғыл басталуымен, көзіші қысымының артуымен, тамыр жолының алдыңғы бөлігінін қабынуымен білінеді. Катаракта кезінде көз іші кысымының артуы жіті суқараңғыға тән барлық белгілерге ие.

Жасқа байланысты катарактаның алғашқы белгілері байқалған жағдайда, онын өршу інің алдын алу үшін консервативті ем қолданған жөн.

Емі. Негізгі ем түрі – хирургиялық. Катарактаны алып тастауға көрсетім ретінде оның пісіп-жетілу дәрежесі ғана емес, екі көз қызметінің жағдайы да қарастырылады. Отадан кейін асқынулардың алдын алу үшін науқастарды ота алдында тексеру және дайындау қажет. Атап айтқанда, катарактаның пісіп-жетілуін күтпей-ақ жоғары қан қысымын, бронхиттерді, несеп шығару жолдарының ауруларын, жүрек сырқаттарын күні бұрын емдеу керек.

Бүгінде заманауи қолайлы әдістердің бірі – ультрадыбыстық  факоэмульсификация. Бұл емшара аз жарақаттайды, отадан кейінгі астигматизм қаупі төмен, көздің көргіштігі жоғары болады, науқастың қалпына келу мерзімі де аз.

 

А.Т.Қалиева,

Астана, Көз аурулары ҚазҒЗИ филиалы

 

Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2012(№5). – 7 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика