"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Жүктіліктің үйреншікті үзілісі

Жүктіліктің үйреншікті үзілісі ұрықтанған күннен бастап 37 аптаға дейінгі аралықта жүктіліктің өздігінен үзілуі.

Егер әйелде кем дегенде екі жүктілік өздігінен түсік тастаумен аяқталса, бүл жүктіліктің үйреншікті үзілісі деп аталады.

16 аптаға дейінгі түсік - ерте мерзімдегі өзіндік түсік; 22 аптаға дейінгі түсік - кеш мерзімдегі өзіндік түсік.

Себептері:

Әлеуметтік факторлар:

1. Жағымсыз әдеттер;

2. Жағымсыз өндірістік жағдайлар;

3. Отбасындағы жайсыздықтар;

4. Ауыр дене еңбегі;

        5. Стресс.

Медициналың факторлар:

1       Ата-анасынын кариотиптерінің генетикалық
патологиясы;

2        Эндокриндік бұзылыстар;

3        Жатырдың даму ауытқулары (жатырдың гипопла- зиясы немесе инфантилизм);

4        Инфекциялық аурулар (ішкі жыныс ағзаларының
қабыну аурулары);

5        Бұрын жасалған жасанды түсіктер;

6        Гиповитаминоздар;

7        Жарақаттар.

Белгілері:  Іштің төменгі жағында ауру сезімі, кейде жатырдың өздігінен жиырылуы. Қынаптық тексеруде цервикальды каналға 1-2 саусақ еркін өтеді. Жүктіліктің ерте мезгілде үйреншікті үзілуі (10-12 апта) көбіне эндокриндік жеткіліксіздіктен болады. Алдымен қағанак суының бөлінуі
және ұрыктың ауырсынусыз туылуы.

Алдын-алу шаралары: Әр жағдайда жүктілік алдында анамнез, функционалдық диагностика, жүйке жүйесінің жағдайы, ішкі ағзалар мен эндокриндік жүйе мұқият тексеріледі. Бірінші түсіктен кейін тез арада науқасты әйелдер кеңесіне арнайы тіркеуге алып, тексеріп, патогенетикалык емдеу жүргізу керек.

Емі: Түсіктен кейінгі алғашқы 2-3 күні іштің төменгі бөлігіне суық кою, цервикальды каналдың антибиотиктерге сезімталдығын анықтаған соң_ пенициллинді 200000 ӘБ бұлшық етке күніне 4 рет,стрептомицин 500000 ӘБ күніне 2 рет немесе сульфаниламидті заттарды (стрептоцид,сульфолимизин) 0,5-1 гр күніне 3 рет тағайындайды. 5-6 айға дейін контрацептивті заттар қолдану  керек. 2-3 айдан соң жалпы демеуші ем және жалпы улбтракүлгін сәулелендіру 1-2 рет жүргізіледі.

Әйел емдік дене шынықтырумен шұғылданып, дұрыс және уақытылы тамақтану керек. Өздігінен түсік тастайтын режимі қажет. Жұмыс уақытын  және демалысты дұрыс ұйымдастырып, кешенді гормондық ем жүргізу шарт.

 

Р.А Қадырова,

дәрігер гениколог

 

Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2012(№2). – 13 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика