"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Варикоз ауруын заманауи емдеу әдістері

Аяқтың созылмалы көктамыр жетіспеушілігі — көк тамырдагы қанның макрогемодинамикалық қайтуының бұзылуымен сипатталатын, өңірлік микроайналым жүйесі жұмысының бұзылуына әкеліп соғатын синдром. Аяқтың варикоздық сырқаты өндірісі дамыған елдер тұрғындарының арасында жиі. Соңғы онжылдықта  аталған сырқатпен ауыратындар арасында жастар көбейді.

Аталған сырқаттың пайда болуы ата-бабаларымыздың тік жүре бастауымен байланысты. Аса өзекті мәселе болғандықтан, аяқтың варикоздық ауруын нақтамалау және емдеу стандарттарын реттеу төмендегіше жіктеледі:

1)      патологиясыз көк тамырлы тастаусыз теріішілік және теріастылық сегменттік варикоз;

2)      рефлюксті үстірт немесе перфорантты көк тамырлардағы сегменттік варикоз;

3)      рефлюксті үстірт немесе перфорантты көк тамырлардағы кең таралған варикоз;

4)      Терең көк тамырларда рефлюкс болған жағдайдағы варикоздық кеңею.

Созылмалы веноздық жетіспеушілік кезеңдері:

0 – жоқ;

1 – «ауыр аяқ» синдромы, басылатын ісік;

2 – созылмалы ісік, гипер- немесе гипопигментация, липодерматосклероз, экзема;

3 – веноздық трофикалық ойық жара.

Варикоздың бастапқы кезеңінде клиникалық белгілер онша байқала қоймайды, шағым да көп айтылмайды. Жіліншіктің алдыңғы және артқы беткейінің және жіліншік пен жамбас қапталының шектеулі бөлігінде бірдей мөлшерде кеңейген жекелеген көктамыр тармақшалары түріндегі веноздық суреттің айқындала түскені байқалады. Сырқаттар тез шаршайтындықтарын, ұзақ уақыт дене еңбегімен айналысқаннан кейін балтыр бұлшық еттерінің ауырлағанын, кейде тырысып қалатындығын айтады. Көп ретте мұндай сырқаттардың варикоз ауруының дамуына тектік бейімдігі, негізінен анасы жағынан (92%) бейімдігі тіркелген.

Айқын байқалатын түйіндердің типті оқшаулану қатары бар: бұл көбіне веноздық аневризма секілді үлкен түйіндер болатын жамбас жақ, жамбастың ортаңғы және төменгі бөлігінің қиылысы, жіліншіктің жоғарғы бөлігі, белдеменің үстіңгі жағы. Сырқаттың осылайша кеңінен таралуы, дерттің барлық жастағы адамдарда кездесуі бұл науқастарға көрсетілетін мамандандырылған көмек әдістерін үнемі жетілдіріп отыру қажеттігін көрсетеді. Патогенезге қатысты тетіктер көп, олардың бірқатарына қолда бар құралдармен тиісінше әсер ету қиын, сондықтан бұл аурудың емі де күрделі. Дәрігер мен емделушіден айрықша назар, төзім мен табандылық талап етіледі, өйткені көп ретте ауру жазылмайтын сипатта болады, бір рет жүргізілген еммен шектелуге болмайды.

Өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан бастап флебологияға хирургиялық және хирургиялық емес емнің заманауи технологиялары белсенді енгізіле бастады. Әрбір сырқаттың өзіндік қайталанбас белгілері болады. Сондықтан тиімді кешенді таңдап, емдеу шараларының қаншалықты нәтижелі болатындығын физиологияны және аурудың патофизиологиясын жетік білетін дәрігер ғана айта алады.

Көптеген сырқаттар аудандық емдеу-алдын алу мекемелерінде ем қабылдайды. Өкінішке қарай, бұл ретте жекелеген қателіктерге жол беріледі. Емхана оташылары сырқаттарға көбіне «ауырғанша жүре тұруға» кеңес береді. Әдетте дәрігер науқасқа дәке таңуға (оны қалай орауды үйретпестен) немесе әсері төмен ескірген препараттарды қолдануға кеңес береді. Мұның өзі созылмалы көктамыр жетіспеушілігінің асқынуына және дерті асқынған сырқаттар санының айтарлықтай көбеюіне әкеліп соғады. 

Варикоздық ауруды емдеудің негізгі бағыттары:

·        компрессиондық ем;   

·        флебосклездік ем;       

·        хирургиялық ем мен фармокологиялық құралдарды пайдалану.     

Компрессиондық емнің емдік әсері мынадай тетіктермен айқындалады:

ü    веноздық қайтымды тездету мен патологиялық веноздық сыйымдылықты төмендету үстіңгі көктамырлар диаметрін кішірейту және бұлшық еттің веноздық өрімін компрессиялау есебінен іске асады;

ü    веноздық рефлексті жою немесе азайту;

ü    қылтамырлар желісінің веноздық бөлігіндегі интерстациалъдық сұйықтың реабсорбциялануының ұлгаюы мен артериядағы сүзгілеудің төмендеуі ісіктің  кішіреюіне әкеледі;

ü    қанның фибринолитикалық белсенділігін плазменогеннің ұлпалық белсендіргішін қарқынды шығару есебінен ұлгайту.

Соңғы кезге дейін фармакотерапияға жеткілікті назар аударылмай келді. Оның негізгі мақсаттары мынадай:

1)      ауру белгілерін (қатты ауыру, балтырда ауырлық сезіну, ісіну, тез шаршағыштық) тоқтату;

2)      асқынудың (трофикалық бұзылыстар, үстірт тромбооргебат) алдын алу;

3)      отаға дейінгі дайындық және отадан кейінгі оңалту;

4)      сырқаттың өмір сүру сапасын жақсарту;

5)      варикоздық аурудың алдын алу.

Қазіргі кезде варикоздық ауруды емдеудің хирургиялық әдістеріне басымдық беріледі. Сонымен бірге аяқ көктамырлары анатомиялық құрылысының әртүрлілігі мен клиникалық түрлерінің көптігі, варикоздық ауру дамуының кезеңділігі емдеу бағдарламасын баламасыз стандарттауға мүмкіндік бермейді.

Склероздаушы терапия хирургиялық ем болып табылады. Сондықтан варикоздық көктамырды алып тастаумен бірдей әсер ететін бұл емге сөзсіз басымдық беріледі. Бұл емді қолдануға көрсетімдерді сауатты анықтау, емдеу техникасын мұқият сақтау, үйлесімді компрессия – жақсы функционалдық және косметикалық нәтиже алу кепілі.

Талдықорған қаласының әскери госпиталінде 2007 жылдан варикоз ауруымен ауырған 48 сырқатқа ота, 18 сырқатқа склероздаушы ем жасалды. Склероздаушы терапия негізінен антибактериальды жағдайда жүргізілді. Емдеу нәтижесі қанағаттанарлық.

Бұдан шығар қорытынды – госпитальде көрсетілетін флебологиялық көмек түбегейлі өзгерді. Біз заманауи дәрі-дәрмектерді, жоғары сапалы компрессиондық құралдарды қолданып, шын мәнінде «тігіссіз» деп атауға болатын оталар жасадық.

 

М. Н. ӘБДІҚАДЫРОВ,

Әскери госпиталь хирургиялық бөлімінің бастығы, подполковник.

Талдықорған

 

Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2011(№4). – 9 бет.

 

 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика