"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Асқазан-ішек аурулары кезіндегі емдәм

Ішқі жараны емдеп жазудың басты тәсілдерінің бірі – емдәм  сақтап тамақтану. Сырқат адамдардың әрқайсысы қалай тамақтану керек  екенін, нені жеп, нелерден бас тартуды, тамақты қалай әзірлеп ішу қажеттілігін жақсы білуі тиіс.

Емдәм аурудың кезеңдеріне - асқынуына, қайта басталуына, мүлде қайтуына қарай өзгеріп отыратынын естен шығармаған абзал. Жара қай жерде болса да, асқынған қезінде емдәмді мұқият сақтау қереқ. Мұны №16 емдәм деп атайды. Бұл емдәм бойынша тамақтанғанда сырқат адамнын ішіп-жейтіні: батоннан немесе бөлкеден жұқалап кесіп, кептірілген нан (қүніне 75-100 гр). Жер алдында кептірілген нанды сүтке немесе сорпаға салып жібітеді. Ет пен балықты еттартқыштан өткізіп кнели, езбе, суфле түрінде буға пісіріп береді. Жұмыртқаны уызын қатырмай пісіріп, омлет түрінде жейді. Сұлы, қүріштен сұйықтау етіп ботқа жасайды. Сүт тағамдарынан қаймағы алынбаған сүт, кілегей, сары май беріледі. Сорпа қүріш, сүзіш, жармадан кілегейлі қайнатпа түрінде жасалады. Ол үшін жарманы суға қайнатып, пісіріп алған соң сүт күйып, май салады.

Кисель, итмұрын қайнатпасын, сүт ішуге болады. Мұндай емдәмді үйде жатқанда 5-7 қүндей сақтап, одан кейін оны бірте-бірте толықтырады. Аддымен кептірілген нан, қабығы кептіріліп, қыртысы алынған ақ нан желінеді, түскі, кешкі тамаққа картоп езбесін қосады, сүт, кілегей қатып қою шай ішеді.

Бұдан кейін 3-4 қүн өтқізіп барып, №1 емдәмге көшуге болады. Бұл емдәмге қарынның ішкі кілегей қабығы қатты тітіркеніп кетпейтінтей, қарын сөлі көп бөлінбейтіндей тамақтар қосылады. Тамақты майдалап, буға және суға қайнатып пісіреді.

Енді сырқат адам мынадай тағамдарды ішіп-жей беруіне болады: сүт, кілегей қатқан қылаңдау шай, қілегей, жемістердін су қосқан шырындары, қөқөніс, қышқылсыз жи- деқтер, қепқен ақ нан, қептірілген ақ нан, бисқвит, құрғақ печенье, түздалмаған сарымай, жаңа алынған ақ ірімшіқ, ашымаған қаймақ, түзы аз ірімшіқ, шала пісқен жүмыртқа, буға пісқен омлет, қілегей сорпа, сол сияқты үндалған жарма- лардан (қөқөніс қайнатпасы да жарайды), қырықабаттан басқа қөқөністерден жасалған қөже, қеспе, майсыз ет, буға пісірілген балық қотлеті, фриқадельқалар немесе қайнап пісқен қесеқ ет, балық; май немесе сүтқе пісірілген жүмсақ ботқа, буға пісқен пудцингтер; қайнап пісқен вермишель немесе ұсақтап қесқен мақарон; езбе түрінде немесе үсақтап пісірілген қөқөніс (қар- топ, сәбіз, қызылша, асқабақ, салат), жидеқтердің тәтті түрлері (бүлдірген, таңқурай), пісірілген және үгілген жемістер; үққен жеміс қомпоты, қрем, желе, қисельдер (қышқыл жидеқтерден жасауға болмайды), сүтген жасалған тұздықтар (бешамель).

Сырқат адамның тамағында дәрумендер қүрамы жетқіліқті болуы тиіс. Бүл үшін итмүрын қайнатпасын және жидеқ, танқурай, мандарин апельсин шырындарын шиқілей ішқен жақсы. Шырындарға қайнаған суды тепе-тең етіп қосады.

Тұтынуға болмайтын тағам өнімдері: ет, балық сор- палары, қозықұйрық саңырауқұлағы және басқа қүшті қөқөніс

қайнатпалары, тұздықтар, семіз ет, балықтар, қуырылған ет, ащы тағамдар, пісқен қуаты қүшті тағамдар, қалбырланған ет, ашытып пісірілген нандар, қара нан, аса салқын сусындар, жемістер, балмүздақ. Спиртті ішімдіқтердің бәрі, темеқі де сөзсіз зиянды.

Сырқат адам қүніне бес-алты рет тамақтануы тиіс.

№ 1 емдәмді әрқез пайдаланып түруға тура қеледі. Мүны асқазан жарасы бар адам ауруханадан үйге шыққанда үш- төрт айға, қөқтем мен қүзде сақтану үшін емделгенде, және де дәрігер мүны шипажайда болатын қезге сәйқестендіріп тағайындайды.

Егер сырқат 3-4 ай ішінде ауру қүшейгендей ешнәрсе сезбесе, сергеқ болса, онда емдәмді біраз байытуға болады. Қүрамында мал және өсімдіқ ақуыздары, майлары, қөмірсулар мен дәрумендер, минералды сулар, аралас жасалған әртүрлі тағамдар өте тиімді.

Бірақ аурудың осындай әжептәуір үзаққа созылған бәсеңдеу қезінің өзінде де сырқат адамның қүшті, түзы ащы тағамдарды ішіп-жемегені жөн. Буға пісірілген етті, қайнатып пісірген және сырты қабықтанбай қуырылған балықты, буға пісіріп алып, духовқаға аздап қатырылған қотлетті жеуіне болады. Қойдың, шошқаның майын жеуден аулақ болып, тамақ қүрамына өсімдіқ майларын (зәйтүн, қүнбағыс) қосып дайындау қереқ.

Тамақты үдайы бір мезгілде қүніне 3-4 рет ішу қажет.

Мүнда да спиртті ішімдіқтер ішуге, темеқі тартуға ты- йым салынады.

Аурудың пайда болуында жүйқе фақторының да ықпалы зор болғандықтан, сырқат адамның сабырлы болып, жақсы үйықтағаны жөн.

Ал дәрі-дәрмеқтерді дәрігердің тағайындауымен ғана қолдану қереқ. Оны да мезгілінде және дүрыс пайдаланбау зиян еқенін әрдайым есте үстаған абзал.

С.СҰБХАНБЕРДИН

 

Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2012(№2). – 14 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика