"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Жүсіп Баласағұн

Жүсіп Баласағұн (XI ғ.) – аса көрнекті ақын, философ, адам жанын терең түсіне білген данышпан. Ол Карахандар мемлекетінің саяси және мәдени орталығы – Баласағүн қаласында дүниеге келген. Мұсылманша жан-жақты білім алған. Араб, парсы поэзияларының және түрік фольклорының қыры мен сырын жетік білген.

Жүсіп XI ғасырда өсіп келе жатқан түріктік өзіндік сананың және мұсылман идеологиясының негізінде тамаша тарихи-көркем шығарма – «Құтадғу біліг» («Кұтты білік») атты классикалық поэмасын жазады. Бұл дастанда көне дәуір ақыны адамгершілікті, адалдыкты тебірене жырлайды. Оқу-білімге, инабаттылыкқа шақырады. Хан мен уәзірден бастап, атшы мен емшіге дейін қоғам алдындағы міндеттерін адал орындауға меңзейді. Парасатты өмір сүру мен дұрыс заңдылықты үйлестіре білу бақыттың негізгі ұстанымы ретінде түсіндіреді.

Жүсіп – ғасырларға ұласатын поэтикалық және эпикалық дәстүрде қалыптасқан түрік сөздігінін шебері. «Құтадғу біліг» барлық түрік халықтарының тарихи әрі мәдени мұрасы, рухани өзегі болып табылады.

 

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 585 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика