"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Жүсіпбек Аймауытұлы

Жүсіпбек Аймауытұлы (1889-1931)

 

Жүсіпбек Аймауытұлы Павлодар облысының Баянауыл ауданында өмірге келді. Әкесі Аймауыт, атасы Дәндебай шаруа адамдары еді. Жүсіпбек өзі сауатты, жан-жақты өнер иесі болған. Керекудегі екі сыныптық орыс-қазақ мектебінде, Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқыған.

Жүсіпбек қоғамдық, ұлттық мәселелерге белсене араласып,  1917-1919 жылдары «Алаш» партиясының мүшесі болған.

Ж. Аймауытұлының шығармашылығы әр алуандығымен назар аудартады. «Сарыарқаның сәлемі», «Ғаскер өлеңі», «Ұран», «Нұр күйі» атты өлеңдері ұлттық сипатымен және көркемдік өрнектерімен ерекшеленеді. «Әнші», «Елес», «Жол үстінде» және т.б. прозалық еңбектерінде қазақ халқының өмірі мен салт-дәстүрі, тарихы мен адамның қилы тағдырлары көркем, қызықты баяндалады.

Жүсіпбек – аударма өнеріне де үлкен үлес қосқан атақты жазушы. Оның шығармашылығынан өмір-тұрмыс сырлары, адам орны мен еңбегі, ұлт пен ұрпақ болашағы кең көлемде көрініс табады

 

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. - 596 бет

 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика