"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Бейімбет Майлин

Бейімбет Майлин (1894 -1938)

 

Бейімбет Майлин Қостанай уезіне қарасты Дамбар болысындағы Әйет өзені бойындағы Ақтөбе деген жерде туған. Жасынан әкесінен айырылып, анасының тәрбиесінде болған. Бай есігінде жүріп, бейнет пен жоқшылықты көп көрген. Ауыл молдасынан хат танып, Троицкідегі «Уәзифа», Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған.

Бейімбеттің шығармалары – қазақ өмірін, кедей тұрмысы мен тіршілігін, ауыл адамдарының еңбек әрекеттерін бейнелейді. Ақынның «Байдың қызы», «Рәзия қыз», «Қашқан келіншек», «Маржан» атты өлеңдері әйел теңдігін, «Кемпірдің ертегісі» – 1916 жыл оқиғасын, «Бөліс» – жер бөлісін, «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» ертегі желісі арқылы адам әлемін суреттейді.

«Шұғаның белгісі» атты прозасында достық, махаббат сезімдері және осы жолдағы күрестер көрсетіледі.

Б.Майлиннің «Ауыл мектебі», «Жасырын жиылыс», «Қос қақпан», «Амангелді», «Біздің жігіттер» және т.б. шығармаларында өмір талаптары және адамның тағдыры қызықты да көркем баяндалады. Б.Майлиннің әдеби мұрасы бай мазмұнымен, көркемде шеберлік сипаттарымен қазақ әдебиетінде ерекше орын алады.

 

Дереккөзі: «Сен  білесің бе?» энциклопедиясы / Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылов. – Алматы: Аруна, 2011. – 600 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика