"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Таутеке

ТАУТЕКЕ (Capra sibirica) – қуысмүйізділер тұқымдасына жататын аша тұяқты жануар. Таутекелер Гиндукуш тауы мен Бадхызда, Гиссар мен Дарбазада, Памир — Алтай жоталарында, Саян мен Моңғолияның таулы аймақтарында тараған. Қазақстанда Тянь-Шань, Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен Оңт. Алтайда құз жартастар арасында мекендейді. 1995-2006 жылдар аралығында “Алтынемел” ұүлттық табиғи саябағында таутекенің 3500-4000 басы тіршілік еткені белгілі. Текелерінің дене тұрқы 140 — 167 см, салмағы 59 — 82 кг болса, ешкілері кішірек. Түсі сұрғылт, біркелкі. Қысқа қарай ірі текелерінің жотасы мен мойнында, қапталында ақтүсті жолақ пайда болады. Текесінің семсер тәрізді, көлденең бунақты, ұз. 140 см-дей мүйізі болады, ешкісінің мүйізі 40 см-дей. Текесінде ұзын сақал бар. Топтанып жүреді. Маусым сайын таудың басынан етегіне, етегінен басына дейін ауысып, қоныс аударып отырады. Шөптесін өсімдіктермен, ағаш өркенімен қоректенеді, су ішіп, қар жалап, шөлін қандырады. Организмінде минералды заттар жетіспесе, тұзды топырақ пен ащы сорды жалайды. Қазан — қарашада күйекке түседі, 6 ай буаз болып, сәуір — маусымда жалқы, кейде егіз лақ табады. Жаңа туған лақтарының салм. 2,5 — 3 кг болады. 10 күннен кейін төлдері көк шөптің басын шалса, 1,5 айда ересектерімен бірге жайыла бастайды. Табиғаттга таутекелер 13 — 14 жылдай тіршілік етеді. Таутекелердің негізгі жауы — барыс, сілеусін, қасқыр. Таутекелерді еті, терісі үшін аулайды, мүйізінен әсемдік бұйымдар жасайды.

Б. Есжанов

 

Дереккөзі: Қазақстан. Ұлттық энциклопедия[Мәтін]: Т. 8/ред. Б.Аяған. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2006. – 283 б.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика