"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Жұмекен Нәжімеденов өлеңдері

БАҒАН

 

Анам мені тәй түрғызып о баста

сүйеп еді жуан баған-ағашқа.

Сонсоң сырттай бақылады, кетпеді,

қыпың қақты «құлап қалар» деп мені.

 

Бір алаяқ үй түрғызды — епқылды,

еп қылды ол — қолын жуып кептірді.

О да алыстан бақылады,

көкейі:

«Мен кеткеншедүламаса!...» — дептүрды.

 

Осы екі жай көкірегімде жүрді үдай —

бірдей бүлай, еске ап жүрдім, бір бүлай.

Біреу епке, біреу көпке сүйеніп, қаз-қаз түрып,

тәй-тәй басқан тірлік-ай!

 

Қаз түрғызып жыр үшырдым,

не терлеп

қара сөзбен жан қинадым бекер көп.

Кітап сайын қыпың қақтым мен-дағы

«Қайтер екен, құлап түсер ме екен»,      деп.

 

Тірілте алам сөздің өзін ең өлі,

түстің өзі сөз боп ылғи енеді.

Мезгіл-анам бақылап түр мені әлі,

баған-елім әлі сүйеп келеді.

 

 

ТАҒЫ ДА НАН ТУРАЛЫ

 

Нан көп дейсің, осы сөздің обалы

екеуміздің мойнымызда болады.

Анау кезде ашыққаның жоқ есте,

көп дегенің - масыққаның емес пе..

 

Нан көп деген сөз бола ма, досым-ау,

 көп ауызы бар халыққа осынау. 

Нанды көп деу - бір басыңа мың аиып,

жамандықты ғана көп деу лаиық.

 

Мейлің, мейлі, «ақылшы» ата, сөк мені –

көп бола ма таңның шығы шөптегі.

Көп бола ма жаңбыр жауып өткені,

күннің нүры көп бола ма көктегі..

 

Тегін татқан нанымды айтсам, ағайын,

осы менің нан таппаған бар айым.

Наным көп деп сөйлегенше шалықтап,

қолыңдағы кімнің наны — анықта.

 

Үзім нанда - тағдырлар бар, табан бар,

жан-терің бар, айналайын адамдар

тоқпыз содан. Басқаша айту маған да ар,

Нан көп дейді нанын ақтамағандар...

 

 

БІЗ ӨЗІМІЗ

Шындық деген көк аспандай тым биік

мүхит сынды әрі терең түңғиық.

Жан сендіріп жаңсақ жайлар, қате аңыз

біз де содан қателесіп жатамыз.

 

Шыңды, рас, мойындадық биік деп,

суды, рас, мойындадық сүйық деп.

Көрген шақта шын қасірет-қайғыны

аяғаннан жүрегіміз айныды.

Шашақтарын самал желге жүздірген

қызылтуды — қызыл дедік біз бірден.

Қараны, рас, қара дедік бір қарап,

адалдықты ақ атадық бір қарап;

жапырақты жасыл деген секілді,

гауһар тасты асылдеген секілді,

жақсы десе — ауруға да дарыды ас,

жаман десе көңіл қайтып арымас, —

рас, рас, бәрі-бәрі-бәрі рас.

 

Тайғанақтап із секілді мүздағы,

бірақ кейде қателестік біз-дағы:

тау мен сайдың арасына, дес бермей

төбелердің өсетінін ескермей,

байғыздың да аңсауы бар екенін,

бүлбүлдың да жемсауы бар екенін,

ақылдың да ажалы бар екенін,

бақырдың да базары бар екенін,

ұмыттық біз; әділеттен үміт қып,

әділеттің өзін кейде үмыттық.

Жақсылардан еңбек күтіп, тер күтіп,

жалқауларды алдық біраз кергітіп.

Төбелердің көңілі үшін, ғасырлық

Кейде шыңның асқақтығын жасырдық.

Жапалақты шыққаны үшін тасқа ырғып,

таққа сүйеп отырғыздық «тақсыр» ғып,

Ал, кей күні қыран құстың қанатын

қиып алып бір байғызға жапсырдық...

Таудың даңқын көтерем деп байқаған

төбе бірақ қақты бір күн қайқалаң.

Бұлбұлдардың әнін шырқап байқаған

қызыләтеш — әтеш болды қайтадан.

 

Біз керемет кең халықпыз, сөз бе еді

қателесу көтерем деп өзгені!

Жақсылығын - жақсылардың өздері,

жамандығын — жамандардың өздері дәлелдеді.

Ал, бір жақта құлан құлап құдыққа,

Құлағына ойнап жатты құрбақа...

 

 

СЫР

 

Еш кесірлік көрмесімді біліп ем

жаһан толы жақсылардың бірінен.

Мені шалса — лас аяқ шалып жүр,

мен сүрінсем — жамандарға сүрінем.

 

Тартысуға уақытым аз, аз әлім,

жырды бірақ қуатты ғып жазамын...

Жамандықты жасайды екен жамандар,

жақсылар тек тартады екен азабын.

 

Жаман ойға үйреткен жоқ мені ешкім,

сыртын көріп — сүлу жақсы деп өстім.

Жақсы сөзді жаман қалай айтады? —

нақ осыны түсіне алар емеспін.

 

Ашық сөйлер қайрат берген маған да

Ар, жағдайым жоқ жағып-бүғып амалдар.

Туып біткен жоқ қой әлі жақсылар?!

Құрып біткен жоқ қой әлі жамандар?!

 

Жамандық та ауру шығар, мен емін таба алмадым.

Әлі адасып келемін.

Мен ешкіммен күреспедім, күрессе

менің үшін күреседі Өлеңім!

 

 

ЖЕТІМ ЛАҚ

 

Ол — жетімек,

Мен — жетімек, жетімек —

екеуміз тым бауыр басып кетіп ек.

Шама аралас жуындыға қанып ап

еруші еді сылдыр-сылдыр маңырап.

 

Екі құлақ — екеуі екі шекеңде —

ал, секеңде, секеңдеші, секеңде!

Титтей аузы таппайтұғын бір тыным —

о, кішкене менің қара құлқыным!

Аяу сөзін айтыппын-ау бекер көп —

жетім лақ та ойнайды екен секеңдеп!

Лақ — жетімек, мен — жетімек,

жетімек екеуміз тым ұғынысып кетіп ек.

 

Жаутаң қағып жанарымен мөп-мөлдір,

қараушы еді көрмегендей көптен бір.

Кетті отығып әрнені бір түртіп-ақ,

түмсығынан жусан исі бүрқырап.

 

Маңырайтын кеп...

жетім аты жойылды,

жойылғаны — бір қонаққа сойылды.

Мен есейдім.

Талай ешкі үстадым:

жаз — төлдеттік,

күзде — қырқып,

қыс — бағып...

Кеше сол лақ маңырап жүрді түсімде —

ешкі-ғүмыр бара ма екен қысқарып?!

 

 

АСХАНАДА

 

Қартаң әйел қасы иілген тағадай

қимылыңды, бет-жүзіңді бағады-ай.

Есеп шоттың тасы жылпың,

тілжүмсақ —

жарылқап түр, жарылқап түр жағалай.

Біреулерге күліп қойды қас қағып,

бәзбіреуге мүңын шаға бастады.

Біреуге — май,

біреуге — ет,

ал, маған

жауырынның шеміршегін тастады.

Шеміршекті былай қойсам — тоқтығым,

тағам да көп,

аспаздар да көп бүгін.

 

Таң қалдырды мені бірақ, —

сол әйел

қайдан білді дау-шарымның жоқтығын?!

Үсақ жай ғой.

Мүны өлең демес те ек:

біздің тірлік асханада емес тек.

...Кей сыншының қисайғанда «шөміші»

сол бір әйел түрады ылғи елестеп.

 

 

ПЕТЕФИ

 

Қайда, дедім, Петефидің моласы —

Мадьяр дос таңданғаннан үқпай түк,

жыпық қаққан жанарымен бітті

айтып тарихтың бетінде жоқ бір сырды;

сонсоң маған аяй қарап күрсінді.

Тілім тістеп қалдым мен де,

ондайды

сүрақ етіп қойған кісі оңбайды.

шын ақында мола деген болмайды.

Болмайды, деп жуып-шайдым, жырда өлім,

Бүлақ сүтін ақтарғанда тау-ана

жерленді ақын таудан аққан ауаға.

Самал желге жерленді ақын дем берген,

ең бір мықты шумағына жерленді ол.

Ашқаны үшін Шындық атты көмбені

аспан өзі күн шуақпен көмді оны.

Бұл өлімге Ел, сондықтан да, сенбеді.

Мына жасыл, жапырақтар жап-жасыл

жасап түр ғой сол өмірдің жалғасын,

суық жерге тигізбей жыр жамбасын

халық, өзі аңызға орап алғасын;

ақындарда мола содан болмайды.

Мола деген немене өзі?

жай ұғым,

ет, сүйекке жасалған жай қайырым.

Тірі көзден жасыру ғой тек қана

табиғаттың «өлім» атты айыбын.

Күй — көңілден,

гүл — еріннен туады,

палуанды Ел білегімен туады,

батырын Ел тілегімен туады,

ал, ақынды — жүрегімен туады.

Шын ақында мола содан болмайды.

 

 

САЛМАҚСЫЗДЫҚ

 

Жақсылық — жас,

Жылдар жаңа, күн өзге:

ердің даңқы дарыды енді бір езге...

Алатаудың ақ бұлттары салмақсыз,

салмақсыздық келді содан мінезге.

 

Салмақсыз қыз қасы-көзін сәндейді,

сәнді қызға салмақсыздық тән — мейлі.

Алды бәрін уақыттың өзі ақтап,

космоста салмақсыздық, — заң дейді.

 

Физиктердің шөбін орып кеттің бе —

салмақсыздық, — санасыздық деп күлме.

Салмақсыздық — құлағанға қОлайлы,

сипаған боп сезіледі тепкің де.

 

Құмға да ізің түспей кетті, азаға,

жел боп жүгір, жұрттың ізін тазала.

Салмақ — қара таста қалса болғаны,

тастай салмақ қалсын өлім-қазада.

 

Қиялыңда құмар оты жансын тек —

қанатсыз-ақ үша аласың, ал, сілтет.

Қалсын салмақ жұдырықта жауды ұрар,

мықты айтылған сөзде салмақ қалсын тек.

 

 

ҚАҒАЗ ТІРЛІК

 

Жер хақында сыр күттік Айдан әлі;

Тыныштық деп газеттер майдалады.

Қағаз — бомба бұрқ етіп жүр жарылып,

жүріп жатқан сықылды майдан әлі.

 

Аңдата алса қаламның ізі нені,

соған сайып күн кештік біз үнемі.

Жұлқып жатқан ешкім жоқ жағамды ұстап,

түймем бірақ тым жиі үзіледі.

 

Ескі қару тәрізді бәрі, бәрі

бірақ неге жаңаша жарылады?

— Алып тұрған алқымнан ауыр қол жоқ,

Неге, неге тынысың тарылады?!

 

Уақыт кең дегенмен, мақсат мықты,

шаппай жатып жүйрігім ақсап бітті.

Жүрегіме бір шаншу қадалып жүр,

бір сыздауық қалыңнан қақсап шықты.

 

Құрдастар әзіл ғой деп майдалады,

құрбылар назым ғой деп аймалады.

Қағаз-танкі жапырып балаусаңды

жүріп жатыр, ал бірақ, майдан әлі.

 

Жо, жоқ, мылтық жоқ қазір аңшыда да,

Соймай іреп жіберсе — қан шыға ма.

Күңкіл кеңес көбейді, ең зор қару

сөзден өрген қағаз-сап қамшы ғана.

 

Шағыну да кей кезде мақтан сынды,

қағаз-тұзақ құрулы жатқан сынды,

Қағаз қулық, қағаз дос, қағаз айла,

«қағаз құдай» барлығын атқан сынды.

 

 

ШАҚЫРЫЛМАҒАН ҚОНАҚ

 

Суға түскен сәуледей дір-дір қағып

уақыттың алдында жыр жырладық...

Бір ымыртта есікті еппен ашып

күдік деген сайқалың кірді ұрланып.

 

Сыңқ етіп бір күлді де төрге асықты...

содан бастап жанды кір, сор басыпты.

Жүрегімді қос қолдап сығып еді ол —

жалғыз шумақ қара өлең зорға шықты.

 

Сылаң қаққан қыз-жырым ымырттағы

содан қайтып шашбауын шұбыртпады.

Сезінуші ем кеудемде көлім бар деп,

әлгі сайтан сол көлді бір ұрттады.

 

Көл құрғаса орнына өседі не —

бауырым сыз, иегім, көсе, міне.

Жасыл бағым — жабырқау күзге айналды,

басымдағым — күншілдің өсегіне.

 

Күйе жаққан кірпігін көп қадады —

күдік — жаман әйел-аудеп қаламын.

Содан бері өзімді өзім тежеп, ...

суға да бейнем түспес боп барамын.

 

 

СӨЗ ОЙЫНЫ

 

Мұрынымен мыңды жыққан мына ағаң

ірілігін ұсақтықпен құраған.

Қойдан құлап өлді ер жігіт,

ал, қорқақ,

жолбарыстың жонын қыстап жүр аман.

 

Ине орнына жүрмегенін өкпе ғып,

өтпедік деп, күрсінді ағай, өтпедік.

Жүкті пойыз жұтты біреу,

ал, біреу

майшабақтың қылқанынан кетті өліп.

 

Түсінігі түйе сынды мықты адам

бір ләм айтса — жұрт жылқыша ықтаған.

Орман құсап өртенді ойшыл,

Күлегеш

мақта боп-ақ, өрт ішінен шықты аман.

 

Гауһар іздеп дүкенінен түйменің,

майдан ашар жерде талай биледің.

Ақ алмастар майырылған көп жерден

жылпыңдығы өтіп кетті иненің.

 

Қарғыс алған жігіт жұртты қақпайлап,

айдаһардың құйрығымен жатты ойнап.

Арыстанның азуына ат байлап

күлген ерің әйеліне батпайды-ақ.

 

Уа, ойнаңдар!

қылжақ-тағдыр, ойнап қал!

Бағы барлар, бақа мініп тойға аттан!

Иегімен құдық қазып ептілер,

түйе байғұс су ішіп жүр оймақтан...

 

 

ОРМАНДА

 

Қайың — жеңге, алдыма қымыз қой да,

тал — қарындас, сызылтып сыбызғы ойна.

Орман — ана, кеңдік ет гүл-гүл аңқып,

бір билейін Шілікпен мың бұралтып.

 

Шілік - бикеш, — әр биі бір-бір алтын, —

бұзып жүрген жоқ па екен, құрғыр, антын

Айнымалы уақыт қой, айнымалы;

жастық шақ, махаббаттың қайда лаңы?

 

Оралғаным сонау бір кезден бері,

содан бері соңымнан сөз де ермеді.

Кеудем ғана шаншу мен салқын күткен,

жігіт-дәурен алмасты шал-тірлікпен.

 

Деп ем, Қайың — жеңешем сый күтпеді,

Тал — қарындас қайқайды — илікпеді.

Бойы, әнеки, бір сүйем үзын шығып,

кетті билеп Шыршамен қызыл Шілік.

 

Мұздай бауры жұқарған жылы ағын жеп,

өксіп-өксіп, мен тұрдым, жылағым кеп.

«Сорлы бар ма», — деп едім, —

менен басқа опырылып күлді-ай кеп емен қасқа...

 

 

КҮННІҢ БАТУЫ

 

Бір қария төмендеп тоқсанды өтті,

қан шықпайтын секілді соқсаң бетті: өңі құп-қу,

қураған шашы да аппақ,

бірақ ол да бір сәуле шашыратпақ.

 

Әттең, семген құр сүйек, құр сүлдері,

кейін кеткен аяғы — жүрсе ілгері.

ілініп жүр тарамыс таяққа әлгі,

таяп қалды-ау көкжиек, таяп қалды.

 

— Ғұмыр берсе Тәңірі жүзін бұзып

несі таңсық, кеткен соң қызу, қызық?!

Тірлік берші, Табиғат, бейілді ана,

бет қызылы біткенге дейін ғана...

 

Саясаттан,

құдайдан,

діннен бөлек

барып қалды батуға Күн дөңгелеп.

Жалқын нұрын жаһанға құяды әлі —

қызарады, несіне үялады?

 

Ұят па, әлде, қайғы ма, ыза ма әрі —

қызарады Күн байғұс, қызарады.

Бір өкініш өткендей өртенеді, —

 батуға әлде бұл Күнге ерте ме еді?!

 

Өкінейін,

қайғы артып, ыза алайын,

өшерде де бір мықтап қызарайын.

Мен де жанып батуды қатты аңсайым,

әрбір күнім алаулап батқан сайын.

 

 

АҚ ТҮС

 

Ақ деген не?

Қияпаттан, тепкіден

аман шыққан Ардың түсі деп білем.

Сәл кірлесе күймен жуып жанымды,

Алатауға — шыңға жайып кептірем —

ақ бұлт құсап желбіресе сонда әлгі,

жүрек аунап, жауар бұлттай толғанды.

Дария Сырда қамыс шулап,

Жайықта

аққу-толқын қанаттарын қомданды.

Ерді асырап Ар, адалдық атағы

ақ дүние мәз-мейрам боп жатады.

Ақ дастарқан,

ақ жаға,

ақ көңілдің

тек оп-оңай кірлейтіні — батады.

...Бір ақсақал ақ бата айтып қол жайды,

ақ батаны жолдас еттім жолға әйгі.

Ақ көңіл деп мадақтадым досымды,

өйткені өзім ақ ойладым ол жайлы.

Ақ тілеуім — ақ дастарқан боп шығып,

ақ нан ұстап келді маған тоқшылық.

Жырым — аппақ,

жырды жазар парақ та ақ,

көлеңкең де кейде ақ сынды... бәрі аппақ.

Аспан аппақ, ақ бұлттарын жинады,

ақ шыңдарға аппақ жаңбыр құйды, әне.

Ақ нәрсенің бәрі әдемі,

мені осы

ақтай қалған қағаз ғана қинады.

 

 

МЫСЫҚТІЛЕК

 

Дана қартқа со заманда баяғы

біреу келіп күнде қолын жаяды:

«Келер күннің бір белгісі жоқ әлі», —

айтшы, қашан топан-тасу болады?

 

Шөккен кәрі қайғы арқалап, шер теңдеп,

алдайды екен күнде әлгіні «ертең!» деп.

Жеткізбейтін қиял мініп тебінсең —

ертең, ертең! Неткен алыс едің сен!

 

Шыдамсыз жан қаусап, тозып бітті енді,

белі — сұрақ белгі құсап бүктелді.

«Қашан? — деді тағы бірде, — ал, қашан?

бауыздаймын бүгін болжай алмасаң —

 

кәрі суайт, сұрап тұрмын соңғы рет!»

Шынымен-ақ қазам осы болды деп

қарт қиналды; төгіле алмай мөлдіреп

сақалына бір тамшы жас қонды кеп:

 

«Бар жақсы адам өліп бітсе, сол күні

шаяр, — деді, — бәрін топан толқыны;

жаһанда әзір бір-ақ жақсы адам бар,

солқұрыса — жер де өмірін тәмәмдар».

 

«Ол кім екен?»

Дүңк етті қарт: «ол — сен!» деп,

«Ол — сен!» — деді, — сырт айналды кемсеңдеп.

Әлгі жауыз өзі-өзіне кектеніп, с

ол сәтінде буынды да кетті өліп.

 

Ескі әңгіме.

Ескермесең — әріжүр,

әрі жүрші, қызыл иек кәрі жыр!

Бір жақсылық жасады сол дана қарт,

ал, жауызда обал болса — маған арт!

 

 

ҚАЗАҚ

 

...Сақалды адам санасыздау жөткірді,

тілұшынан сөзі үзілмей көп тұрды.

Сеп, қасірет!

Тілін буған шешеннің,

қырғыш еткен алмастайын өткірді.

 

Жұбандырар сөз жоқ, па, әлде жан жоқ, па —

ұға алмайсың, біле алмайсың болжап та.

Жігіт ұлы мерт болыпты осы үйдің —

кебінді өлік — шымылдықта, оң жақта.

 

Күйін қинап булығады әке өксіп;

(күйік көрмей өссек біздер — қате өстік)

қазан жақтан ана даусы шықты ащы:

«сорлы бала, сорлы бол да жат өстіп!»

 

Содан соң-ақ келді жұрттың сөзге әлі,

жұбау сөздер бірте-бірте қоздады.

Әр сөз бірақ саулы інген боп ыңырсып,

жетім бота болып әр сөз боздады.

 

Мақал мініп жатты ағылып ой легі,

сөйледі-ай кеп шешен біткен, сөйледі.

Жалтылдақ сөз мысалжегіп, мыс киді;

сонсоң... «сабыр — сап-сары алтын» ғойдеді.

 

Өлген жұртты «дүниеден озған» ғып,

жылатуға жарап жатты сөз барлық.

(Бауыры бүтін жұрттың аузы алғыр ғой —

жүрек түгіл сүйегіңді қозғарлық).

 

Таңырқаман таным тұтса нені елім,

бірақ бұны таң боп айтқым келеді:

Қазалы үйдің жеті қызы бар еді,

Ешкім бірақ балаң бар-ау демеді.

 

Тасқандық па,

тасырлық па бет тілген —

ойлай-ойлай алысырақ кеттім мен.

Жаугер халқым ат мініп, ақ қылышты

кім ұстаса — соны балам деп білген.

 

 

КҮЙЕ

 

Екі бала келді маған бір күні:

От бүркеді біреуінің кірпігі,

біреуінің жанарына жас тұнған,

екеуі де асқынған.

 

Бірі — шағым,

екіншісі соқты дау:

Мынау, — деді, — күйе жақты,

Жоқ, мынау...

 

Кірпігіңді келмей ме, дос, кептіргің

құрдасыңның көз-отына? — деп күлдім

Біреуі айтты:

Ақтама, аға, ақтама,

күйе жақты, міне, қара, қап-қара.

 

Сонда аңғардым: біреуінің беті айғыз.

— Мұны, — дедім, — ұят, ұят атаймыз.

Сонсоң сүртіп әлгі күйе-бажақтың

қақ жартысын ана балаға жақтым.

 

Сонда екеуі мәз болысты. бәрі әйгі:

Күйелілер — бөліскенді қалайды.

Тазарған жоқ ешқайсының жүзі одан...

содан өзім әлі күнге қызарам.

 

 

ТІЛЕК

 

Ей, шөпбасы, шөпбасым-ай, шөпбасы,

үп еткенге елпең қақпай, тоқташы.

Жаяу-құйын, өрепкімей қоя тұр,

ен де, өкпек жел, өтірікті соқпашы!

 

Тіліп айтар тектім болсаң — топқа шық,

уа, топқа шық, алайықшы бетті ашып.

Көлеңкелер, намаздыгер шақта осы,

сен де жоғал, қараң-құраң боп қашып.

 

Доп сенде екен —

ал, ұра ғой, қақпа ашық,

командам жоқ қарсы ойнайтын жақтасып.

Күнде бүйтіп шыжғырғанша шоқ басып

бір-ақ өртеп бітіретін жаққа шық!

 

Шуақ өпкен күнгей жақтың көк тасы

сен екенсің —

бет жылтырын сатпашы.

Сақтар болсақ, жалғыз ием-жалқы елім,

мені осынау жылтырлардан сақташы...

 

 

МАҢДАЙЫН ОҚ ТЕСКЕН КАСКА ТУРАЛЫ ЖЫР

 

«Көру керек, көру керек келгесін», —

қарт күрсінді у-шу болып кеудесі.

ауыр тыныс алдым білем мен де осы.

 

Қадалатын сықылды ғой оқ түрлі,

оқ ізіне қарап біреу көп тұрды.

Тітіркендім,

шымыр етті маңдайым,

біреу менің көк желкемнен жөткірді.

 

Кім қалды екен жауған оқтың астында?!

 көзі болса батар еді тас мұңға!

Кім киді екен мынау темір телпекті?

Тағдыр оғы, ей, адамды басқа ұрма!

 

Майдан десе ораласың сен еске:

ер бейнесі, ал, елесте, елесте!

...Сол бір жылы Москваның түбінде

менің әкем киген каска емес пе?!

 

Қайықшының қолы неткен көк еді,

көк каскамен қайық суын төгеді.

Оқ ізінен су шүмектеп кетеді

Жанды үркітіп, шошындырып денені.

 

Сөз ажалы таңдайынан деп еді,

ер ажалы маңдайынан деп еді,

«...ерлікпенен қазатапты» деп еді —

көз алдыма «қара қағаз» келеді.

 

Сүйір тілге кетті бір сөз орала:

«мынауыңыз обал, дедім, обал, ә? —

Соғыс өлді, ер тірі ғой, ер тірі,

бас киіммен су төгуге бола ма!» —

 

Мас қайықшы тіл қатуға ерінді,

кіржің етті: не сыбады, не күлді?!

Сонда маған қолыңдағы қасқа емес,

бас сүйегі секілденіп көрінді.

 

Аруақты қадыр тұтқан жүрт едік,

аза салдық қара аспанды бүркеніп,

«не боп кеттік», — деп күрсіндім салмақпен...

айқай салдым — үнім шықпай қалды әттең!

 

 

 

Дереккөзі: Өлеңдер мен поэмалар/ Жұмекен Нәжімеденов. – Алматы: «Ан арыс» баспасы, 2010. – 80-96 бб.

 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика