Қан құрамын жасауға қатысатын тіннің ісік аурулары - гемобластоздар немесе лейкоздар деп аталады.
Анықталуы. Ең бірінші мақсат - жоғары мамандандырылған мекеме- лердегі гематологқа бару. Зерттеулерден толық өту: жалпы қан құрамын зерттеу,соның ішінде тромбоциттерді бірге анықтау,төстен пункция жасау, иммунофенотиптікті анықтау, цитогенетикалық зерттеу: УДЗ, КТ, т.с.с.
Емі. Емдеудің негізгі әдісі полихимиятерапия болып табылады. Лим- фоидты тіннің ісіктері (қатерлі лимфомалар). Лимфомалар қатерлі ісік және лимфоретикулярлы жасушадан туындайды. Көп жағдайда лимфа түйіндерінде шоғырланады және онымен қосарласа ұлғаяды. Негізгі екі түрін ажыратады: Ходжкин лимфомасы немесе лимфогранулематоз (АГМ) және Ходжкиндік емес лимфома.
Лимфогранулематоз (ЛГМ) - лимфоидты тіннің қатерлі ауруы болып табылады және лимфа жүйесі арқылы метастаз беретін, ішкі ағзалардың зақымдануымен жүретін ауру. Лимфагранулематозбен барлық жастағы адамдар ауыруы мүмкін.
Лимфагранулематоздың жіктелуі.
Гистологиялық түрлеріне қарай:
1. Лимфогистоцитарлы;
2. Нодулярлы (түйінді) склероз;
3. Аралас-жасушалық;
4. Лимфоидты жүдеу немесе диффузды фиброз басылуы (немесе рети- кулярлы түрінде);
Сатылары:
I сатысы - жергілікті, лимфа жүйесінің бір немесе екі аймағының зақымдалуы.
II сатысы - шеткі бір жақ диафрагмалық етінің лимфа жүйесінің екі немесе одан да көп аймағының зақымдалуы.
III сатысы - жайылған. Диафрагманың екі жағындағы лимфа түйінінің зақымдануымен және көкбауырдың бұзылысымен қоса жүретін түрі.
IV сатысы - жалпы жайылған түрде - бүкіл ішкі ағзалардың зақымдану процесімен сипатталады. Әр саты екі кіші сатыға бөлінеді: А - жалпы симптомдары жоқ; Б - бір немесе бірнеше жалпы симптомдардан тұрады.
Ходжкиндік емес лимфома - лимфоидтық тіннің әртүрлі топтарындағы қатерлі ісікпен жүреді және бір-бірінен морфологиялық түрімен ажыратылады. Олардың бәрі гематогенді және лимфогенді метастаздану арқылы таралады және біріншілік ісіктік түрімен басталады.
Жасушалардың жетілу дәрежесі |
Жасушалық компоненттердің мәні |
Төмен дәрежелі жетілген |
Ұсақ лимфоцитарлы лимфома Фолликулярлы лимфома Аралас лимфома. |
Орташа дәрежелі лимфома |
1.Фолликулярлы лимфома 2.Жайылмалы лимфома 3.Жайылмалы аралас лимфома 4. Жайылмалы улкен жасушалы лимфома |
Жоғары дәрежелі жетілген |
1.Иммунобласты үлкен жафшалы лимфома 2.Лимфобласты лимфома 3.Беркитті лимфома |
Әртүрлі |
Саңырауқұлақ тәрізді лейкоз Гистоцитоз Экстрамедулярлы плазмоцитома Жіктелмейтін және басқалар |
Ходжкиндік емес лимфомалардың түрлері:
1. нодулярлы;
2. лимфоцитарлы;
3. лимфоцитарлы;
4. пролимфоцитарлы.
Лимфоманың жалпы белгілері:
1. лимфа түйіндерінің ұлғаюы;
2. терінің қышуы;
3. тершеңдік;
4. жалпы әлсіздік;
5. кеудеаралық лимфа түйіндерінің зақымдануынан болатын жөтел;
6. құрсақ қуысындағы лимфа түйіндерінің зақымдануынан болатын іштің ауыру сезімі, т.б.
Анықталуы.
1. цитологиялық зерттеу;
2. гистологиялық зерттеу;
3. лабораториялық зерттеу;
4. иммунофенотиптік зерттеу;
5. УДЗ, КТ, кеуде қуысының рентгенографиясы және т.б.
Емдеу әдістерінің негізгі 3 түрі бар: хирургиялық, сәулелі терапия және полихимиятерапия. Ем арнайы онкологиялық мекемелерде жүргізіледі.
Сайын САДЫҚОВ,
Қазақ Ұлттьщ медицина университетінің профессоры.
Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2008(№11). – 9 бет.