"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Көзге арналған жаттығулар

1. Отырып, дисплейдің бір бұрышынан екінші бұрышына кезек-кезек қараймыз.

2. Отырып, терезе сыртындағы ең алыс обьектіні тауып, соған тесіліп қараймыз;

3. Көзді 2-3 секунд қатты жұмамыз, ашамыз - 2-3 секунд. Осы жаттығуды 6-8 рет қайталаймыз;

4. Кірпігімізді тез-тез 1-2 минут қағамыз;

5. Түрегеліп тұрып, басты қимылдатпай оңға-солға, солдан-оңға, жоғары-төмен,төмен-жоғары қараймыз. Бұны 10-12 рет қайталаймыз;

6. Алысқа 2-3 секунд тесіліп қараймыз, мұрынның ұшына 2-3 секунд қараймыз және бұны 6-8 рет қайталаймыз;

7. Басты қимылдатпай көзді сағат тілімен, сағат тіліне қарама-қарсы 3-5 рет айналдырамыз.

Көздің құрғақтану белгісі пайда болса, көз дәрігеріне көрініңіз.

Қазір көзге арналған арнаулы тамшылар бар. Офтагель, систейн, видисик – жасанды көз тамшылары. Дәрігерге уақытында көрінсеңіз, көз ауруы онша асқына бермейді.

 

   Л.А.ЕРМЕКБАЕВА,көз дәрігері.

 Сарыағаш ауданы

 

Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2009(№4). – 3 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика