"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Қан қысымының төмендеуі

Қан қысымының жоғарылауы туралы жиі сөз қозғалғанымен, оның төмендеуі жөнінде аз айтылады. Өйткені қан қысымының төмендеуі едэуір сиректеу кездеседі. Дегенмен бү_л дертті де назардан тыс калдыруға болмайды. Қан қысымының төмендеуін медицинада «гипотония» деп атайды. Егер эйел адамның қан қысымы қалыпты норма - 95/60-тан, ал ер адамдарда 100/95-тен төмендесе, бүл гипотония болып есептеледі. Қан қысымының төмендеу белгілері біртіндеп дамуы да, аяқасты үстама түрінде білінуі де мүмкін. Осыған сэйкес медицинада «жіті артериялық гипотония» жэне «созылмалы гипотония» барБұл аурудың қауіптілігі мынада: ол бас миының қанмен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілмеуіне және осының салдарынан ми мен ішкі ағзаларға оттегінің жетіспеушілігіне соқтырады. Сондықтан бұл сырқат дер кезінде емдеуді талап етеді. Гипотония ер адамдардан гөрі эйелдерде басым. Олардың 80 пайызы - біріншілік немесе нейроциркуляторлық гипотония. Оның белгілері: бастың ауырлауы, тез шаршағыштық, бастың айналуы. Кейде көңіл-күйдің төмендігі, ашушаңдык байқалады. Сырқат адам ұмытшақ, бірдеңеге ден қоюда қиналады, ал ауыр жағдайларда талып қалуы мүмкін.

 СЕБЕПТЕРІ. Бұл сырқаттың себептері әр түрлі. Олардың қатарында вегето-тамыр дистониясы, жүрек-қан тамыр жүйесінің сырқаттары, асқазан-ішек жолы аурулары бар. Сондай-ақ  ықтимал себептеріне жүрек шамасыздығын, атеросклерозды, авимаминозды, түрлі уыттануларды, сыртқы өзгерістерге организмнің қорғаныш әсерін, аллергиялық реакцияларды, денсаулықтағы басқа да ақауларды жатқызуға болады.  Гипотония   қандай   да   бір   аурудың   қоса-қабаттасқан белгісі болуы мүмкін. Бұл жағдайда негізгі   сырқатты   емдеген   соң,   гипотония деп аталады. Ал нейроциркуляторлық гипотония стрестер, психологиялык ауыртпалықтар, ақыл-ойдың шаршауы, жүйкеге салмақ түсіретін басқа да жағымсыз кұбылыстармен қатар байқалады. Бұл жағдайда ол біріншілік гипотония деп аталады.

 ЕМІ. Құрамында кофеині бар жалпы ынталандыратын дәрі-дәрмектер қолданылады. Сонымен қатар көптеген дәрілік өсімдіктер де жақсы көмектеседі. Мысалы, адамтамыр тұндырмасы. Алайда қандай дәріні болмасын, дәрігермен кеңесе отырып қабылдаған жөн. Өйткені әр адамның ағзасы, аурудың туындау себебі әр түрлі, сондықтан бір дәрі әркімге әрқалай әсер етуі мүмкін. Қан қысымының төмендеуі оның жоғарылауымен салыстырғанда көбіне ауыр зардаптарға алып келмейді. Сондықтан оны емдейтін дәрілер де көп емес. Гипотонияға шалдыққан адам өз-өзіне көмектесе білуі ләзім. Яғни денесін үнемі ширатып, шынықтыруы керек. Жүйелі түрде жэне жиі қимылдаған жөн. Алайда тамырларға артық салмақ түсіруге болмайды. Әсіресе жаяу жүру, жүзу, түрлі ойындар пайдалы. Бүл сырқаттарға ыстық жэне салқын суды кезектестіре себілге түсу, бассейн, монша, сауна, денені сылап-сипау пайдалы. Бірақ температура күрт өзгергенде абайлау керек, алдымен денені үйретіп алған жөн.   Дені сау адамдармен салыстырғанда қан қысымы төмен адамдарға үйқыға көп уақыт бөлу керек - кемінде 10-12 сағат үзіліссіз үйықтау. Кейбіреулер гипотониктерді маубас, жалқау деп ойлайды. Бұл дұрыс емес. ¥зақ ұйқы - организмнің қорғаныш реакциясы, ол сыркат адамның өзін жақсы сезінуі үшін аса қажет.  Қан қысымы төмен адамдарға қою шай, кофені қалауынша ішуге болады. Бірақ тұзды шектеген жөн. Басы айналып, құлап қалмау үшін таңертең төсектен шапшаң тұрып кетуге болмайды. Алдымен төсекте жатып қимылдап, қол-аяқты ширатып алыңыз. Әдетте гипотония адамның қалыпты өміріне аса көп зардабын тигізбейді, бірақ сыркаттың жағдайы нашарлайтын болса, міндетті түрде дәрігерге көрініп арнайы ем алуы шарт.

И. Нусипбаева, Қарасай аудандық орталық ауруханасының дәріген терапевті.

 

 Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2013(№2). – 5 бет.

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика