"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Телімсіз ойық жаралы колит

Телімсіз ойық жаралы колит – тоқ ішектің созылмалы, қайталамалы сырқаты. Ол тоқ ішек шырышты қабатының ойық жарасымен және қабынуымен қатар ауыр жайылмалы зақымдануымен сипатталады.

Жаралы колиттің туындауына инфекциялық, иммунологиялық, генетикалық факторлар, сондай-ақ сыртқы ортаның әсері ықпал етеді. Аутоиммундық ауру деген де болжамдар бар.

Зақымдану әдетте тік ішектен басталады. Егер тек қана тік ішек зақымданса, ауру ойық жаралы проктит деп аталады. Патологиялық үдеріс әрдайым бүкіл тоқ ішекке таралады, сондықтан онда бір де бір сау жер қалмайды.

Крон сырқатынан ерекшелігі – ойық жаралы колит кезінде патологиялық үдеріске тек шырышты қабат пен оның астындағы қабат қана қатысады. Ойық жаралардың пішіні мен өлшемі әр түрлі, шеттері тегіс.

Жіктелуі. Орналасуы бойынша аталмыш сырқат бірнеше түрге бөлінеді: телімсіз ойық жаралы колит және проктосигмоидит, телімсіз ойық жаралы сол жақ колит, телімсіз ойық жаралы жайылмалы колит, телімсіз ойық жаралы аймақтық колит. Ағымы бойынша жіктелуі: жіті телімсіз ойық жаралы колит, созылмалы телімсіз ойық жаралы колит, қайталамалы телімсіз ойық жаралы колит. Ауырлығы бойынша жіктелуі: жеңіл, орташа және ауыр дәрежелі.

Клиникалық көріністері. Ауру біртіндеп және шұғыл басталуы мүмкін. Телімсіз ойық жаралы колиттің белгілері ішектегі қабыну үдерісіне тәуелді.

Белгілері:

•        іш өту немесе қан, ірің және шырыш аралас ботқа тәрізді нәжіс, ара-тұра үлкен дәретке отыру жалған және ауырсынумен жүреді. Жүргізіліп жатқан емге қарамастан, үлкен дәрет жиілеуі немесе сиреуі мүмкін;

•        іштің ауыруы (көбіне сол жағы ауырады);

•        қызба;

•        тәбеттің төмендеуі;

•        жүдеу;

•        әр түрлі дәрежедегі су-электролиттік бұзылыстар.

Жаралы колиттің ішектен тыс асқынулары: артриттер, спондилиттер, көз ағзаларының зақымдануы, ауыз куысының, бауырдың және өт шығару жолдарының сырқаттары, сондай-ақ тері мен теріасты клетчаткасы аурулары, тромбофлебиттер, тромбоэмболиялар, нефролитиаз.

Телімсіз ойық жаралы колиттің алғашқы белгісі – қан аралас іш өту.

Нақтамалау.

Дерттің ауырлық дәрежесіне қарай оның клиникалық көріністері қалыпты деңгейден перитонит клиникасына дейін ауытқиды. Тоқ ішекті саусақпен зерттегенде – перианальді  абсцестер, тоқ ішек жыланкөздері, анальді жолдың жарықтары, сфинктер спазмы, шырышты қабаттың кедір-бұдырлығы мен қалындауы, қанның, шырыштың, іріңнің болуы. Тоқ ішекті эндоскопиялық зерттеу жүргізіледі. Аталған сырқатты нақтамалаудағы алғашқы қадам – ректоромоноскопия. Зерттеу кезінде тоқ ішек пен сигма тәрізді ішек шырышты қабатының ісінуі, гиперемиясы байқалады; тоқ ішек шырышты қабатының қалыпты тамыр суреті жойылады; тоқ ішек гаустрациясы жоғалады. Пішіні мен көлемі әр түрлі ойық жаралар көрінеді. Жалғыз ойық жараның болуы обырға күдік тудырады. Фиброколоноскопияны қолдану телімсіз ойық жаралы колитті нақтамалауда көп жеңілдік әкеледі. Сондай-ақ қажетті жағдайларда нақтамалауда құрсақ қуысы рентгенографиясы, ирригоскопия қолданылады. Лабораториялық зерттеулерде бұл сырқаттарда қаназдық, лейкоцитоз, гипо- диспротеинемия байқалады.

Ажырата нақтамалау. Телімсіз ойық жаралы колитті Крон сырқатынан ажырата нақтамалау керек.

Емі. Телімсіз ойық жаралы колиттің қай түрінің де (тесілумен, уытты дилятациямен, проффузды қан кетумен асқынғандарын қоспағанда) емі консервативті әдістерден басталады. Ем кешеніне энтеральді жолмен тамақтану, кортикостероидтар енгізу, антибиотиктер қолдану, парентеральді жолмен тамақтану кіреді. Емнің бір бөлігі – емдәм. Емдәм жеңіл сіңетін ақуыздарға (арық ет, балық, жаңа сүзбе) бай болуы тиіс. Жемістер мен көкөністі жемеген дұрыс. Аз-аздап бөліп тамақтану, ыстық және суық тамақтан сақтану керек.

Консервативті ем нәтиже бермегенде және ауыр түрлерінде сырқат оталанады.

Қорыта келе айтарымыз: телімсіз ойық жаралы колит – тоқ ішектің шырышты қабатын зақымдайтын күрделі сырқат. Оны емдеудің консервативті әдісі – емдәм, салицилаттар, стероидты гормондар, иммунодепресанттар. Алайда қабыну үдерісі бара-бара бүкіл тоқ ішекке тараған жағдайда, оталауға тура келеді. Телімсіз ойық жаралы колиттен біржолата жазылу үшін тоқ ішек толығымен алынып тасталады.

А.Д.МҰСТАФИНА,

Терапевт

 

Дереккөзі: «Денсаулық» журналы, - 2012(№3). – 11 бет.

 

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика