"Балқаш қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Коммунальное государственное учреждение
"Централизованная библиотечная система города Балхаш"

Біздің сайтқа қош келдіңіз. Өзіңізге керекті сұрақтардың жауабын табуда осы сайттағы мәліметтердің көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Аңдатпа

Мұрағат

Опрос

Интернетте қанша уақыт өткізесіз?

Білгенге маржан


Жидебай Батыр

Жидебай Батыр (1713-1812), белгілі батыр, әрі би, әрі шешен. Көріпкелдік касиеті болған. Аты аңызға айналып, артында «Сарыарқадай жер кайда, Жидебайдай ер кайда» деген сөз қалдырған Жидебай аруақты батыр атанған. Шежіре бойынша Қаракесектен (Болатқожа) Ақша, Түйте туады, Түйтеден Майқы, Танас, Майқыдан Бөлекбай, Айтуған, Күнтуған (Сарым). Айтуғаннан Әлтеке (Айдос). Әлтекеден Алмұрат, Дос, Есболай, Өтеген. Алмұрат пен Дос, егіз еді деп айтылады. Жасанған жауға тайсалмай жалғыз шабатын Әлтеке Дос батырдан Қожаназар, одан Жидебай туады. Жидебай батырдың алғашкы үлкен жорыққа қатысуы Аңырақай соғысы делінеді. Тарихта Жидебайдың Абылай ханның ерекше шолғыншы жасағын басқарған беделді де белді батыры болғандығы белгілі. Ел аузында Абылай хан алпыстан асқан Жидебай батырды Қарақожа еліне жорыққа жұмсағаны. Балқаш көлінің Ұзынарал тұсында су астында төселген тас өткелді тауып Жидебайдың өткені. Өткел арқылы кезінде Ұлы Жібек жолының бір тармағы өткені. Үш ғасырға жуық ұмыт болған өткелді Жидебайдың ғана тапқаны. Сөйтіп, жауға тұтқиылдан тиіп, Қарақожа елін бағындырып қайтқаны. Қарақожа «Бұл жолды Жидебай ғана білсе керек еді, өткелден өткізген көзің шыққыр Жидебай екен ғой» дегені жайында аңыз сақталған. Жидебайдың тоқсаннан асқан кезінде көзі көрмей қалғанда, көңіл сұрай келгендерге: «Жасымның жүзге келгені, Алты алаштың алғысы. Қос жанардың сөнгені Қарақожаның қарғысы» деп айтқаны мұны тиянақтай түседі. Сонымен қоса, Қаз дауысты Қазыбектің: ел аузында сақталып келген «Замана өтпес болсашы-ай, Жидекем өлмес болсашы-ай» деген өлең жолдары да. Жидебай батырдың халқына қадірлі ерекше тұлға екендігін аңғартады. Жидебай батырдың асқан домбырашы, күйші болғандығы, Абылай қайтыс болғанда «Қайран елім» атты күй шығарғаны туралы да дерек қалған. Алқалы жиында билік айтып, жөн сілтегеңде ел-жұртын қаһарымен емес, ақылымен, парасатымен ұйытып, өз заманында қалың елге мәшһүр болған Жидебай батырды Ақтоғай елі де ерекше құрметтеп, оның кейінгі кезде мекендеген жерін (Киров ауылын) Жидебай ауылдық аймағына өзгертті. 1993 ж. 14 тамызда Ақтоғай ауданында Жидебай батырдың туғанына 280 жыл толу тойына арналған ас берілді. Жидебай зираты казіргі Қарағанды обл. Шет ауданынын орталығы Ақсу-Аюлы ауылының күн батысында Нұра өзенінің бойында орналасқан.

 

Дереккөзі: Қарағанды. Қарағнды облысы: Энциклопедия. – Алматы: Атамұра,2006. – 265 бет,

Рейтинг@Mail.ru

Яндекс.Метрика